Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Сөзмерген» танымдық ойыны


«Сөзмерген» танымдық ойыны

 «Сөзмерген» танымдық ойыны

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін, ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге шақыру. Оқушыларды адамгершілікке, ана тілін сүюге, білімдерін көрсете білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта
Ойын барысы:
Мұғалімнің сөзі: – Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! «Тілдер күніне» арналған 7- сыныптар арасында өткелі отырған «Сөзмерген» танымдық ойынына қош келдіңіздер!
«Сөзмерген» сайысы басталады,
Білгірлерді жұртшылық қарсы алады.
Көшбасшысы тілдердің – қазақ тілі,
Тағы басқа тілдермен достасайық! – дей отырып, ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.
7 «Г» сынып оқушылары
7 «В» сынып оқушылары
Мұғалімнің сөзі: --- сайыскерлеріміздің білімін, зеректіктерін байқап, бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Сарапшылар тобы:

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Бүгінгі «Сөзмерген» танымдық ойыны 5 бөлімнен тұрады, олар:
1. «Зымыран сұрақтар»
2. Тапқыр болсаң, тауып көр
3. Ойлы болсаң, озып көр
4. Мәнерлеп оқу сайысы /топ басшылары/

5. Сөз ойла, тез ойла
6. Көрініс /Шешендік өнерге байланысты/
 

Ойынымыздың бірінші бөлімі - «Зымыран сұрақтар». Бұл бөлімде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен және логикалық сұрақтар берілген. Осы сұрақтарға тез, әрі шапшаң жауап беру керек.

1.     Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? /10/

2.     Қазақ тілінде буынның неше түрі бар? /3/

3.     Қазақ тілінде неше септік бар? /7/

4.     Мақалды аяқтандар. Мектеп - кеме, білім - .... /теңіз/

5.     «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім? /Ы.Алтынсарин/

6.     Қазақстанның елордасы . /Астана/

7.     Қазақстанның мемлекеттік тілі. /қазақ тілі/

8.     Астана қай өзеннің бойында орналасқан? /Есіл/

9.     «Мен, сен, ол» есімдіктің қай түріне жатады? /жіктеу/

10.                       Етістіктің шақтары нешеу? /3/

11.                       Жіктік жалғаудың неше жағы бар? /3/

12.                       Қазақ халқының жаңа жылы /22 наурыз/

13.                       Қыста ауа райы қандай болады? /суық/

14.                        Жылқы, түйе, сиыр, қой-ешкі бір сөзбен қалай аталады? /төрт түлік/

15.                       Бие сүтінен не әзірлейді? /қымыз/

16.                       Түйе сүтінен не әзірлейді? /шұбат/ 

17.                       Айранды ненің сүтінен әзірлейді? /сиыр/ 

18.                       «Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында? /Ш.Айманов/

19.                       «Көксерек» әңгімесіндегі басты кейіпкер кім? /Құрмаш/ 

20.                       Бір жылда неше жыл мезгілі бар? /4/ 

21.                       Бір жылда неше күн бар? /365/

22.                        «Мұғалім» сөзінің синонимі /¥стаз/ 

23.                       «Үлкен» сөзінің антонимі /кішкентай/

24.                       Абай Құнанбайұлының шын есімі? /Ибраһим/
 


Екінші бөлім – «Тапқыр болсаң, тауып көр »

Шарты: Тұрақты сөз тіркестердің мағынасын табу

Ит өлген жер – алыс

Қас пен көздің арасында – тез

Төбесі көкке жетті – қуанды

Беті бүлк етпеді – ұялмау

Ит терісін басына қаптады – ұрысты

Қол ұшын берді – көмектесті

Ұшан-теңіз – көп

Жүрек жұтқан – батыр

 Жүрегі аузына тығылды – қорықты

 Көзді ашып-жұмғанша – тез, жылдам
 

Үшінші бөлім – «Ойлы болсаң, озып көр »
Шарты: Жұмбақтың жауабын тауып, орыс және ағылшын тілдеріне аудару қажет.
1. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух)
2. Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - )
3. Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын.
Биіктеп қайта түскенде
Өңі кірер даланың (Жаңбыр – дождь - )
4. Көк көйлекті жеңешем көлбең-көлбең етеді, Жер түбіне жетеді. (түтін-дым- )
5. Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.
Адамзат, жан-жануар арасында
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.
(жер-земля- )
6. Балдан тәтті не?
(тіл-язык - )
7. Бір арба келіншек,
Әрбір келіншектің басында бір-бір түйіншек
(сіріңке – спички - )


Төртінші бөлім – «Мәнерлеп оқу» сайысы
Шарты: Топ басшылары мәнерлеп өлең оқулары тиіс.


Бесінші бөлім – «Сөз ойла, тез ойла»
Шарты: Ұяшықтарды таңдап, шыққан сөздерден мақал-мәтел құраңдар.
1 ұяшық «білім»
2 ұяшық «кітап»
3 ұяшық «сөз»
4 ұяшық «жер, ел»
5 ұяшық «дос»
6 ұяшық «табиғат»

 

Алтыншы бөлім «Көріністер сайысы»

Шарты: Би - шешендердің сөздерінен көрініс көрсету керек

Мұғалімнің сөзі:
Көп ұлтты Қазақстанда
Жүзден астам тілдер бар.
Мәртебелі, маңызды
Қазақ тілін танып ал!

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! – дей келе бүгінгі «Сөзмерген» танымдық ойынын аяқтаймыз.  Келесі кездескенше  сау болыңыздар! Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Ойын соңында жеңімпаз анықталып, «Сөзмерген» атағы беріліп марапатталады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тіл сайысы
"Қазақшаңыз қалай?" танымдық ойыны
Тапқыр болсаң,талас жоқ.
Тапқыр болсаң,талас жоқ
Мен және менің тілім
Қазақ тілі Білім сайысы
ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК, МЫҢНАН ТҰЛПАР САЙЫСЫ
«Тіл талапкері» атты сыныптан тыс жұмыс
"Қызықты калейдоскоп" танымдық ойын- сайыс
Интелектуалдық ойын-2015
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4632 | Қосты: Нурпеисова Казима Бексултановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык