Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Компьютерлік графика.


Компьютерлік графика.

Компьютерлік графика.

Мазмұны:

 

І. Кіріспе.......................................................................................................2-3

ІІ Негізгі бөлім.............................................................................................4

  1. Тарихқа қысқаша шолу....................................................................4-5
  2. Компьютерлік графика....................................................................6-10
  3. Растырлық графика.......................................................................11-17

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................18

Пікір...............................................................................................................19

Кіріспе

      Қазақстанның орта білім жүйесінің алдында бүкіл адамзаттың құндылық тұғырнамасында қалыптасқан, тәні және жаны  сұлу, өзіне-өзі сенімді, ғылыми – теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы,күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Соның ішінді ғылыми зеріттеу жұмысы – қазіргі заман талабына сай «жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оңтайландыру» болып отыр. Республикамыздың президенті Н.Назарбаев өзінің жолдауында әлемдегі ең озық елу елдің қатарына кірігу стратегиясын айқындаған болатын. Сонымен бірге Елбасы Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі бағытындағы басты міндеттерінің бірі- ғылым мен білім, жаңа технологиялар бәсекелестіктің шешуші факторы екендігін атап көрсетті. ХХІ ғасыр адамзат дамуының жаңа сатысы – ақпаратты қоғамға өтумен сипатталады. Сондықтан да, таза қазақ тілінде сөйлеуге тиісті салалардың бірі – информатика және компьютерлік техника.
Ақпараттардың құрылымы мен қасиеттерін білу, оны іздеп табу, ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату және күнделікті тіршілікте керегінше пайдалана білу өркениет өріне бет бұрудың          негізі.
        Қазіргі уақытта адам іс - әрекеттің барлық салаларына компьютерлік технология кеңінен қолданылатын болды және оның маңыздылығы барған сайын арта түсіп отыр. Осыған байланысты, жаңа программалардың тасқыны, көптеген адамдарға кәсіптік - ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде білу қажеттігін көрсетеді. Бұл салаға мемлекеттік тұрғыдан да барынша көңіл бөлінуде. Осы орайда жоғары және орта кәсіптік мамандар үшін информатика және компьютерлік техника пәнінің ана тілімізде оқытылуы, қазақ тілінде компьютер программаларының жасалуы бүгінгі өмірдің өзекті қажеттілігіне, сұранымына айналды.

       Демек, ғылыми зерттеу табандылықты, шыдамдылықты, көп ойлануды, сондай-ақ еңбекқорлықты талап етеді. Ғылыми зерттеу әрбір оқушыда сапалы және терең білім іскерліктің пайда болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондай-ақ өз қызығушылығымнан туындаған «Компьютерлік графика» тақырыбын зерделеу, оның қыр – сырларын ашып, ғылым негізінің бір жолына шығару мақсатым болмақ.

«Талаптыға нұр жауар» демекші, қажымас қайрат, таусылмас талап болса, зерттеулердің көптеген сырларын аша алатынымызды естен шығармауымыз керек.

 

         Зерттеудің мақсаты: Информатикада компьютерлік графиканың  қолданылуы және компьютерлік графиканың қаншалықты пайдалы екендігін анықтау;информатика сабағында қолдану әдістерімен толық танысып, оның қазіргі кездегі қолданысын зеріттеу; компьютерлік графиканың негізгі тәсілдерін оқу, кеңістік ойлау мен елестетуде қисынды қабілеттілікті дамыту, кескіндерді жазықтықтарда тұрғызу білімін қалыптастыру.

       Зерттеудің міндеті: компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бейне жасауды, өңдеуді үйретуді дайын жобалар жасауды біліп шығуым         керек.
 

       Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан білім беру жүйесінде ақпараттандыру бүгінгі күннің негізгі талабына айналып отырғандықтан, оның қыры мен сыры толық меңгере отыра, бұл бағытта өз білімімді бейімдеп, өз үлесімді қосу болып табылады.

       Зерттеудің проблемасы: Компьютерлік графиканың қолданысын зерттеу;

       Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Информатика сабағында компьютерлік графиканың мүмкіндіктерін және қолданыстарын практикада іске асыру;

       Зерттеудің болжамы: Егер информатика пәнінің графика туралы қолданысы туралы мағлұматпен толық таныссам, онда алған білімімді өмірде қолдана аламын, интеллектілігім және тәжірибелік іскерлігім дамиды.

       Зерттеудің жұмысының жаңалығы: Өскелең ұрпақтың біліктілігін қалыптастыруға бағытталған жаңа зерттеулердің негізінде білімді жетілдіру талаптарын күрделендіруге негізделген.

       Зерттеудің әдістемесі: Қазіргі өмірде әлеуметтік жағдайдың барлық салаларын жан-жақты зерттеу нәтижесінде жасөспірім ұрпақтың жан – дүниесін сол негізде тәрбиелеп, оның бойындағы оянбай жатқан қасиеттерді жандандыру – өмір талабы.

      Зерттеудің нәтижесі:

  • Білім алуды жалғастыруға қажетті компьютерлік графикалық  білімді меңгереді.
  • Интеллектіні дамытады.
  • Компьютерлік іс әрекетке тән және қоғамда толыққанды қызмет етуге қажетті ойлау сапасын қалыптастырады.

Зерттеу кезеңдері:

  • Компьютерлік графиканың қолданысын әдебиеттерден іздеу, сұрыптау;
  • Компьютерлік графика туралы мәліметтерді қосымша интернет жүйесінен іздеу, жобалау;
  • Растрлық графика туралы  мәліметтерді қосымша ізеу арқылы, жобалау;
  • Табылған мәліметтерді Power Point  арқылы суреттеу;

Тарихқа қысқаша шолу

          Компьютерлік графика – бұл ғылым. 1950 жылы (!) пайда болған компьютерлік графика бір жылдары нақты практикалық қолданылуы жоқ «таза ғылым» ретінде қолданыста болды. Компьютерлік графика барлық ғылыми және инженерлік салаларда ақпаратты қабылдау және жіберу үшін қолданылады.  Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.   Медицинада, жарнама бизнесінде, көңіл көтеру индустриясында және т. б. жерлерде қолданылады. Компьютерлік графиканың соңғы өнімі болып бейне саналады. Бұл бейне әр түрлі сферада қолданыла алады.
Компьютерлік графика – бұл құрастырушыға, жобалаушыға және зерттеушілерге арналған жаңа эффектілі техникалық әдіс. Компьтерлік графика дегенде негізінен компьютердің көмегімен дайындау процесінің автоматизациясын, өзгеру, графикалық ақпараттың сақталуы және орындалуы деп түсінеміз. Графикалық ақпарат есебінде объектілердің моделі және олардың бейнелері көрсетіледі.Информатикада бейнені жасау, өңдеу әдістерін программалық комплекстер көмегімен зерттелетін бөлігі компьютерлік графика деп аталады. Ол бейнені көрсетудің, адам қабылдай алатындай экранда немесе сыртқы тасығышта болсын, барлық формаларын қамтамасыз етеді. Компьютерлік графикасыз тек компьютерлік қана емес материалдық әлемді де көзге елестету мүмкін емес. Деректерді визуализациялау адам өмірінің барлық салаларында қолдау тапқан. Мысалы: медицинада (компьютерлік томография), маталарды және киімдерді модельдеуде, киноматографияда, ғылыми зерттеулерде (заттың кұрылымын визуализациялау)Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге  тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады. Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста  жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері  өз жұмыстарының 90 % уақытын  осы графикамен шұғылдануға  жұмсайды екен. Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған  World Wide Web қызметінің  пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай. Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және  әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады.    Компьютерлік графика – бұл ғылым. 1950 жылы (!) пайда болған компьютерлік графика бір жылдары нақты практикалық қолданылуы жоқ «таза ғылым» ретінде қолданыста болды. Компьютерлік графика барлық ғылыми және инженерлік салаларда ақпаратты қабылдау және жіберу үшін қолданылады.  Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.   Медицинада, жарнама бизнесінде, көңіл көтеру индустриясында және т. б. жерлерде қолданылады. Компьютерлік графиканың соңғы өнімі болып бейне саналады. Бұл бейне әр түрлі сферада қолданыла алады.
Компьютерлік графика – бұл құрастырушыға, жобалаушыға және зерттеушілерге арналған жаңа эффектілі техникалық әдіс. Компьтерлік графика дегенде негізінен компьютердің көмегімен дайындау процесінің автоматизациясын, өзгеру, графикалық ақпараттың сақталуы және орындалуы деп түсінеміз. Графикалық ақпарат есебінде объектілердің моделі және олардың бейнелері көрсетіледі.Информатикада бейнені жасау, өңдеу әдістерін программалық комплекстер көмегімен зерттелетін бөлігі компьютерлік графика деп аталады. Ол бейнені көрсетудің, адам қабылдай алатындай экранда немесе сыртқы тасығышта болсын, барлық формаларын қамтамасыз етеді. Компьютерлік графикасыз тек компьютерлік қана емес материалдық әлемді де көзге елестету мүмкін емес. Деректерді визуализациялау адам өмірінің барлық салаларында қолдау тапқан. Мысалы: медицинада (компьютерлік томография), маталарды және киімдерді модельдеуде, киноматографияда, ғылыми зерттеулерде (заттың кұрылымын визуализациялау)Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге  тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады. Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста  жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері  өз жұмыстарының 90 % уақытын  осы графикамен шұғылдануға  жұмсайды екен. Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған  World Wide Web қызметінің  пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай. Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және  әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады.

Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:

  Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Машинадағы алғашқы графиктерді символдық  режимде басып шығаратын. Кейін сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар – графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды.

    Қазіргі заманғы ғылыми компьютерлік графика әр түрлі есептеу тәжірибелерін жүргізіп, олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге   мүмкіндік береді.

   Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі   түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т.б.  объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.  

  Контрукторлық графика - инженер-конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР-дың(систем автоматизации проектирования- жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады.

   Суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын  қарапайым программалық жабдықтарды  графикалық редакторлар деп атайды.

  Жарнамалық графика – теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады. Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер осы мақсатта қолданылатын компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қояды. Осы графикалық пакеттердің басты ерекшелігі ретінде олардың шыншыл кескіндер мен «қозғалатын суреттерді» жасау мүмкіндігін айтуға болады. Үшөлшемді объектілерден тұратын суреттерді салу, оларды бұру, жақындату, аластату, деформациялау үлкен көлемде математикалық есептеулерді қажет етеді. Мысалға, объектінің жарықтылық деңгейін сол объектіге түсіп тұрған жарық көзін, оны қоршаған заттардың, олардың көлеңкелерін есепке ала отырып бейнелеу  үшін оптиканың заңдарын есепке алатын күрделі есептеулерді  жүргізу қажет.

  Компьютерлік анимация деп дисплей экранында қозғалатын кескіндерді жасау өнерін айтады. Суретші қозғалатын объектінің бастапқы және соңғы қалпын бейнелейтін суреттерді ғана салады, ал осы екі суреттің арасындағы барлық қозғалысты компьютер осы объектіні қозғалтуға қажетті алдын-ала белгіленген математикалық есептеулерді орындай отырып өзі суреттеп шығады. Белгілі бір жиілікпен бірінен кейін бірі пайда болатын осындай суреттердің жиынтығы экранда қозғалатын суреттерді бейнелеуге мүмкіндік береді.     

                                              Компьютерлік графиканың түрлері

Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.

 Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық графика дәл мозайка сияқты. Тек шыны немесе пластмасса кесектерінің орнына пиксель алынады. Пиксель деген монитор экранындағы кескіннің минимал элементі, әлбетте ол квадрат пішінді. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.     Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.   Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады. Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.

 Артықшылығы:  растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.

Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).

    Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады).

Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.     

      Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолданылады. Мұндай типтегі бейнелерді үлкейткен кезде оның сапасы төмендеп, бейнеге айналып кетеді. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. Векторлық графика сызба бейнелер мен безендірулерді құруға негізделген. Ең бастысы бұл графикада обьектілер графикасы болып табылады. Оны үлкейткен кезде оның формасы өзгермейді. Керісінше, векторлық бейнелерді үлкейткен кезде, олардың өлшемі өзгермейді. Векторлық графикада суреттің әр жеке элементі вектор түрінде немесе сандар массиві түрінде, дәлірек айтсақ, осы фигура жайлы информация – оның мөлшері, центірінің координаталары және түсі жайлы информацияны құрайтын қарапайым геометриялықфигуралардың (сызықтар, тіктөртбұрыштар, дөңгелектер және т.с.с.) математикалық сипаттамасы түрінде жазылады және сақталады. Мысалға, дөңгелекті сақтау үшін оның центр координаталары (x=10, y=5), радиусы (34), түсі (көк) туралы информация қажет. Сондықтан бейне масштабының өзгеруі (өсуі немесе кемуі) оның сапасына әсерін тигізбейді. WMF  форматы – бұл күрделі векторлық графика форматы, сондықтан ол Word-та оның құрамында бірге орнатылған графиктік фильтр арқылы іске асырылады.

   Кез келген графиктік редакторда сурет салып, оны WMF форматында сақтай алсақ, онда масштабты өзгерту барысында ешбір сапасын төмендетпей бейнелей аламыз.

   Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

  Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.

Кескіндердің векторлық өрнектелуі растрлықтан қатты ерекшеленеді. Егер растрлық графикада кескіндердің базалық элементі нүкте болса, ал векторлық графикада сызық болып табылады. Сызық математикада тұтас обьект болып сипатталады, сондықтан растрлық графикаға қарағанда векторлық графиканың құралдарымен обьекті өрнектеуге қолданылатын дерек көлемі әлдеқайда аз. Растрлық графика файылдары.бейненің әрбір нүктесін белгілі бір жиынның қатарласа орналасқан тізбегі ретінде қарайды. Әр нүкте туралы информацияда оның түсі жайлы да мәлімет бар. PAINT программасы – осы биттік графика бейнелерін өңдеуге арналған WINDOWS ортасының қарапайым қалыптағы программасы.  Осы биттік графика түріне жататын файлдардың негізгі кемшілігіне сурет масштабын өзгерту барысында олардың сапасының күрт төмендеуі жатады.

Растрлық графикада бейне көптеген нүктелердің жиынтығы  түрінде көрсетілетіндіктен, мысалы, салынған  шеңбер суретін біртұтас обьект түрінде өңдей алмайсыз. Мұндайда бейне құрамындағы көрсетілген жеке нүктелерді өз алдына бөлек өңдеп алу қажет болады.

Жетістіктері

1.      Әрбір пиксел бір-бірінен тәуелсіз

2.      Көркем ақпараттың енгізу автоматизациясының техникалық жүзеге асырылуы. Суреттерді енгзу үшін сыртқы құрылғылардың жетілген жүйесі бар(оларға сканерлер, видеокамералар, цифрлік фотокамералар, графикалық планшеттер жатады).

3.      Суреттердің нақтылығы (көркем эффектілерін, мысалы, тұман немесе түтінді және т.б. алуға болады)

4.      Нүктелік бейнелерді сақтау үшін арналған файл форматтары стандартты болып табылады, сондықтан суреттің қай графикалық редакторде жасалғаны ешқандай роль ойнамайды.

Кемшіліктері

1.      Нүктелік графиканың файл көлемі сурет аймағы, оның кеңейтілімі және түсінің теңдігімен анықталады. Сонымен қатар, суретте не көрсетілгені мүлдем маңызды емес: қар үстіндегі жалғыз ағашы бар пейзаж немесе қаныққан түстері бар рок-концерт сақнасы болсын. Егер үш параметр де бірдей болса, файлдар өлшемі де бірдей болады.

2.      Суретті кішкене бұрышқа бұру керек болса, мысалы, вертикалды нақты жіңішке түзулері болса, нақты түзулер нақты «сатыларға» айналады.

3.      Суреттің ұсақ детальдарын көру үшін оны үлкейту мүмкіндігі жоқ. Сурет нүктелерден тұрғандықтан, оны үлкейту нүктелердің үлкеюіне әкеледі. Сонымен қатар, растр нүктелерінің үлкеюі оның иллюстрациясын бұзады (пикселизация).

Растрлық көрініс

Суретті шығару құрылғысына жіберу үшін, сурет нүктелерге – пиксельдерге бөлінеді. Оған мысал болып монитор экранындағы суреттің көрінісі табылады. Пиксельдер жолдар бойынша орналасқан, ал ЭЛТ-дағы( электронды-сәулелік трубка)жолдар жиынтығы растрды береді. ЭЛТ-дағы растр негізіндегі кез келген суретті растрлық деп атайды. Растрлық сурет пиксельдер, яғни дұрыс торда орналасқан түсті нүктелер жынтығы болып табылады.

Мысалы, төртбұрышты ұяшықтары бар дұрыс тор шығатындай етіп, кез келген суретті қағаз бетіне тік және көлденең сызықтармен сала аламыз. Әрбір ұяшықты суреттің сол аумағына сәйкес келетіндей етіп бір түспен боямыз.Нәтижесінде мынадай суреттер аламыз.

Суреттің сапасы оны үлкейткен немесе кішірейткен кезде өзгереді.Монитор экранындағы түстер саны(К) және видеожадыға берілетін әрбір пиксельді(N) келесідей формуламен табуға болады:

 

                                                 К = 2^N ( N дәрежесіндегі 2).

 

Түстер саны = 1 пиксельдегі бит саны

2 (ақ-қара) = 1 бит

16 = 4 бит

 256 = 8 бит

 65536 (high-color) = 16 бит

16777216 (true color) = 24 бит

 

'1' – нүкте жарқырайды; '0' – нүкте жарқырамайды

Мысалы: 10х10 пиксель өлшеміндегі ақ-қара түсті растрлық бейнені қарастырайық. Бейнені кодтау үшін 100 бит видеожады қажет.

                                            Биттік карта мына түрде болады

 

                                                          0000000000

 

                                                          0001000100

 

                                                          0001001000

 

                                                          0001010000

 

                                                          0001100000

 

                                                          0001010000

 

                                                          0001001000

 

                                                          0001000100

 

                                                          0000000000

 

                                                          0000000000

 

Қызыл ®, жасыл (G) және көк (B) – негізгі түстер болып саналады. Оларды араластыру арқылы кез-келген түсті алуға болады.Әрбір түстің өз коды болады. Пиксель түсінің кодында әрбір базалық түс бөлігі жайлы ақпарат болады. Егер барлық үш құрамдылардың итенсивтілігі(ашықтығы) бідей болса, олардың бірігуінен 8 түрлі түс алуға болады(3 дәрежесіндегі 2).

Сегізтүсті палитраның екілік коды

 R G B түс

0 0 0 қара

0 0 1 көк

0 1 0 жасыл

0 1 1 көгілдір

1 0 0 қызыл

1 0 1 қызғылт

1 1 0 қоңыр

1 1 1 ақ

'1' – базалық түстің болуы

'0' – базалық түстің болмауы

16 түсті палитраны алу үшін пиксельдердің 4-разрядты кодталуы қолданылады: базалық түстің үш битіне интенсивтіліктің бір биті қосылады(ол үш түстің ашықтығын бір уақытта бақылайды).

Мысалы:

0100 – қызыл;

1100 – ашық-қызыл;

0110 – қоңыр;

1110 – ашық-қоңыр(сары).

Растрлық суреттер қайдан алынады? Біріншіден, олар арнайы программа – растрлық редактор арқылы құрыла алады. Екіншіден, растрлық мәліметтердің көзі болып, сонымен қатар, арнайы шығару құрылғылары: сканерлер, видеокамералар, цифрлік фотоаппараттар табылады.

Растрлық графиканы қолдану:

- Көркем графикада (суреттер, фотографиялар);

- Реставрациялық жұмыстарда.

 

Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру

 

Салыстыру критерийлері

Растрлық графика

Векторлық графика

Кескіндерді ұсыну әдісі

Растрлық кескін пиксельдердің жиынтығынан тұрады.

Векторлық кескіндер командалардың тізбегі түрінде бейнеленеді.

Шынайы суреттерді бейнелеу мүмкіндігі

Растрлық кескіндер шынайы суреттерді  айқын бейнелей алады. 

Векторлық графика фотосуреттегідей сапалы кескіндерді алуға мүмкіндік бермейді.

Кескіндерді өңдеу мүмкіндігі

Растрлық кескіндерді үлкейтіп-кішірейткенде немесе бұрғанда кескін өзінің бастапқы сапасын жоғалтады.

Векторлық кескіндерге сапасын жоғалтпай-ақ өзгеріс енгізуге, яғни қажет болса оларды кішірейтуге немесе үлкейтуге болады.

Кескіндердің басып шығарылу ерекшеліктері

Растрлық суреттерді принтерде оңай басып шығаруға болады.

Векторлық суреттер кейде принтерде басылмайды немесе нашар басылып шығады.

 

 Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.

 

Қорытынды

Информатика бүкіл әлемге таралған ғылым. Информатикалық әдістер, барлық ғылым салаларына еніп, зеріттеулері кеңейіп жаңа білім салаларының негізі болып табылады.

Әрбір ғылымның саласындағы қолданылатын заңдылықтар, ашылулар сол ғылымның дамуына және өз дәрежесін арттыруда жасалады. Сонымен қатар, маңызды ғылым саласындағы заңдылықтар, ашылымдартек бір ғылымда емес, көптеген ғылымдарда  орын алуда.

Компьютер жаппай қолданылатын техника ретінде адамзат өркениеттің әрбір саласына өте тез таралды, әрбір отбасы мен адамдардың күнделікті тұрмысына сіңісіп кірікті.

Бүгінгі компьютерлік техниканы арқау еткен жоғары ғылым - техника

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Е.Қ.Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Дәулетқұлов Информатикадан 30 сабақ
  2. «Арман -ПВ» баспасы 2007 жыл
  3. Журнал «Информатика негіздері» 2002 жыл
  4. Журнал «Информатика және физика»
  5. Интернеттен хабар

                                                          Пікір

Білім беру мекемесі Ж.Аймауытов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі. Жұмыс авторы 7 сынып оқушысы Абдуллина Ақжан.

Оқушының алдына қойған міндеті:

Компьютерлік графиканы  зерттеу

  • Күнделікті өмірдегі информатиканың қажеттілігін анықтау;
  • Растрлық графиканың өмірде қолданылуын көрсету;
  • «Растрлық графиканы» зерттей отырып, негізгі теориясымен танысужәне зерттеу жұмысын корректі түрде құрастыра білу;

«Растрлық графика» қолданылуы атты тақырыбында біраз уақыттан бері ізденіс жүргізуде. Бұл құрастырылған жобада информатиканың басқа саладағы қолданылу тәсілдеріне толық тоқталған.

Ғылыми жоба барысында тақырыптың әрбір пунктіне жеке көңіл бөлініп толық түсіндіріліп отырған. Осы ғылыми жоба бойынша оқушыға таныс емес көптеген мысалдар келтірілген.

Қазіргі уақытта мектеп оқушыларына осы ғылыми жобамен таныса отырып, оны меңгеру өте қажет. Мәселен, логика пәніне деген қызығушылығын арттыруға, өздерінің информатикалық білімдерін шынайы  өмірге байланысты болды.

Оқушы өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізіп ақпараттар жинаған. Жобада қолданылған әдебиеттер салып көбейтіп, ізденіс жалғастыруда.

Мектеп оқушыларына осы ғылыми жобамен толыса отырып, оны меңгеру қажет.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика түрлері. Векторлық графика
Компьютерлік графика түрлері
Графикалық ақпарат туралы түсінік
Компьютерлік графика
Графикалық редакторлар
Компьютерлік графика. Фигураларды салу, векторлық объектілермен қарапайым амалдар.
Графика әлеміне саяхат
Paint
Компьютерлік графика түрлері презентация+ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 16766 | Қосты: Ахметова Арайлым Сайлаубаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык