Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Аурудың алдын алу»


«Аурудың алдын алу»

«Аурудың алдын алу»

 Тақырыбы: «Аурудың алдын алу»

Мақсаты:  Балаларды  аурулардың түрлерімен  және олардың  пайда болу себептерімен  таныстыру. Суық тиіп  ауратын  аурулардың  алдын алу  жұмыстарының  маңыздылығын түсіндіру.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің барысы:

Дәрігер кіреді.

-Сәлеметсіздерме,  балалар!

Мен бүгін сіздердің деңсаулықтарынды  қалай  күтетіндеріңізді сұрап, білгелі келдім  және өзіммен бірге дәрігердің құрал  жабдықтарын ала келдім.

      Балалар, кім маған айтады, осы  қыста ауырғандарыңыз бар ма?

-Сенің қай жерің аурады?

-Ал сенің ше?

-Менің басым ауырып, жөтелдім және қызуым көтерілді.

- Осы аурулардың бәрі балалар  қыс мезгілінде  орын алады. Себебі  күн суық, аяз,ал біз жеңіл киініп, бас киімсіз немесе  қолқапсыз жүрсек, не жалаң қол қар ұстап, мұз жесек міндетті түрде суық тиеді. Қыста  сондай-ақ  вирусты аурулар  да көп болады,соның ең көп тарағаны- тұмау ауруы, ол бізге  ауадан немесе ауырған адам түшкіріп, жөтелгенде  жұғады.

Тақтадағы суретпен жұмыс.

-Мына суреттен не көріп тұрсыңдар ?

-Яғни бұл балалардың  істері дұрыс па? (балалардың жауабы)

-Мұнан қорытынды: егер біз үнемі  жуынып, шомылып,  тісімізді  тазалап жүрсек, деніміз  сау болып, ауырмаймыз.

      Көп микробтар  сумен шайылады, сабыннан қорқады. Ағзамыз  шынығу  арқылы қауіпті  вирус, микробтар мен бактерияларға  қарсы тұрады.

      Осыған байланысты  мен қазір сіздермен доп арқылы бір ойын ойнағалы тұрмын, ойынның аты  «Жақсы- жаман».

     Тәрбиеші допты  балаға қарай  лақтырады да: «тісті тазалау», «алманы жумай  жеу», «денені шынықтыру», «көкөніс, жеміс жидектерді көп жеу» т.б сондай  сияқты сөздер айтады.  Бала оларға «жақсы» немесе  «жаман»  деп жауап береді.

-Енді балалар  қазір қыс мезгілі  болғандықтан жарақат та көп болуы мүмкін, себебі  жер тайғақ, мұз, құлап, денемізді  жарақаттап  алған жағдайларымызда біз не істейміз?

(балалардың жауабы)

-Ал қасымызда  үлкен адамдар болмаған жағдайда , үй жағдайында біз жарақатты  қалай емдер едік. Білгілерің  келе ме?

- Олай болса  менің ойыма  өздерің сүйіп тыңдайтын «Қу түлкі»  ертегісі түсіп отыр.

-Түлкі алдымен кімді алдады?

-Не істеді?

-Сонан соң ше?

- Құйрығыңды  ойыққа  батырып отырсаң  балықтар өздері  келіп жармасады деді.

(Ертегі   желісі  бойынша   суреттеп көрсету)

Сергіту сәтін орындау.

- Балалар сол қу түлкіге  алданған сорлы   қасқыр бүгін бізге  көмек сұрай келіпті , міне  манадан бері бізді тыңдап, тасада отыр, жағдайы тым ауыр, ойыққа  қатқан құйрығын  әзер жұлып алған мен, қатты  жарақаттаныпты, сол жарақатын мен қазір емдеп, таңайын, ал сендар  мұқият қараңдар.

-Алдымен  жарақаттанған жерді  таза сумен және су оттегісімен жуу керек, жараны йодпен немесе жасыл ерітіндісімен  тазалау  қажет. Жараға  микробтар түсіп, іріндемеу үшін   жараны таза  дәкемен ораймыз (көрсетеді).

      Соңынан 1-2 балаға қайталатып жасатуға болады.

-Ал енді  балалар  сендердің  алдарыңда  түрлі тапсырмалар  берілген, онда қысқы киімдерді  тауып қоршау, дәрігер құралдарын, тазалық құралдарын басқа заттардың арасынан  тауып қоршау және жолда жүру ережелерін  қаншалықты білетіндеріңді  тексеруге тапсырма  тб. берілген.  Кәне іске сәт балалар. Тапсырманы  дұрыс орындайды деп сенемін.

Үстел үсті тапсырмалар.

 Тапсырма орындалып  болғаннан  кейін тексеріледі. Мадақтау.

-Енді балалар  сабағымыздың соңында өзіміз бұрыннан үйреніп  жүрген  денсаулық ережелерін  тағы да бір  қайталайық.

-Тамақты, суды ластама!

- Мезгілінде егіл!

- Ағзаңды шынықтыр!

- Әжетханаға  барғаннан соң және тамақтанғаннан кейін  қолды жу!

- Жөтелген  кезде  ауызыңды бет орамалмен бүрке!

- Тырнағыңды тістеме!

- Жеміс- жидекті көп пайдалан!

Жарайсыңдар балалар! Бүгін сендер өте көп нәрсе үйрендіңдер, үйренгендеріңді  көрсете де білдіңдер. Сондықтан да мен барлықтарына мына дәуірмендерді беремін! Дендеріңіз сау болсын!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы және әрпі
Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
«Ұқсасын тап »
«Кір қожалақпен Тазабектің бастан кешкендері»
Бақытың да, байлығың да – Денсаулық.
Табиғат-денсаулық мекені
Бақыт дегеніміз – денсаулық
Қысқы табиғатқа саяхат Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Неліктен біз тісімізді тазалап, қолымызды жуамыз?
Саңырауқұлақ саясында
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 7405 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык