Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұлт бірлігі – ұлы байлық.


Ұлт бірлігі – ұлы байлық.

Ұлт  бірлігі – ұлы байлық.

Іс-шара  тақырыбы: «Ұлт  бірлігі – ұлы байлық»

Сабақтың мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Безендірілуі: «Ұлт  бірлігі – ұлы байлық» сөзі жазылған плакат, суреттер, шарлар, жалаушалар, суреттер, видеомаериал.

Іс-шараның барысы:

Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі балалар! 1мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!

Мерекелік іс – шарамызды бастамастан бұрын, алдымен амандасып алайық. Барлықтарыңыздың тұруларыңызды сұрап, түрлі халықтар қалай амандасатынымен танысып солар сияқты амандасып алайық.

Қазақтар – қол алысады

Италияда – құшақтасады

Бразилияда – бір – бірінің иығын қағады

Зимбабада – арқасымен амандасады

Македонияда – шынтақпен

Никаракуада – иықпен тіреседі

Австралияда шапалақ, секіру, бөксе түйістіреді

Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты ертеңгіл өткізіліп отыр. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған.  Біздің алдымызға бүгін 4 түрлі ұлт өкілдері келіп отыр. Олар орыстар, қазақтар, украйндер және өзбектер. Құттықтау сөзін оларға берейік.

Қазақтар:

Айдана: Сырдың бойы ежелден – ақ жайлаған

Орыс, қазақ қатар қонған бай далам,

Халықтардың достығының айғағы

Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.

Аян: Тәуелсіздік кеңдігі

Кескен халық бірлігі

Ынтамағы барша елдің

Нұрын шашқан күн бүгін

Орыстар:

Ұлан: С днем Единства поздравляем

Счастья, радости желаем!

Гүлім: Процветай наш Казахстан

Будем дружно жить мы там!

Өзбектер:

Гүлназ: Биринчи мой халықлар бирлик куни барданник қутлуә булсин!

Алтыншаш: Байрам мубарак булсин хадирли дустлар!

Украйндер:

Дияр: Щіро вітаю зі святом, любий друже, желаю щоб краще в світі жилося!

Алтынгүл: Божаю всьего найкращего!

Мұғалім: Сіздер мен біздерді құттықтауға 3 сынып ән – шашу дайындапты, қошеметпен қарсы алайық.

1 – мамыр туралы видео көру.

Ал енді балалар сендерге мынандай сұрақ сендер білесіңдер ме неліктен біздің Қазақстанда соншама көп ұлттар тұрады? Неше ұлт бар?

Әр ұлттың өзінің ұлттық тағамы, салт – дәстүрі болады. Біздің қонақтарымыз да бос қол келмепті. Олардың өнерлерін тамашалаймыз ба?!

1 – бөлім әр – ұлттың өнерін тамашалау.

Қазақтар: «Қара жорға биі»

Орыстар:  «Частушки» айту

Өзбектер: «Нозли гулим» биі

Украйндер: «Ты ж мэнэ педменула»

2 – бөлім ас – мәзірі.

Мұғалім: Сіздер барлықтарыңыз білесіздер әр ұлттың өзінің ұлттық тағамдары бар. Біздің қонақтарымыз да бос келмеген,  өздерінің ұлттық тағамдарын алып келген.

Қазақтар: бесбармақ, бауырсақ, қымыз сусыны

Орыстар: пельмен, варенники

Өзбектер: палау, лагман

Украйндер: фаршталған жеміс пен салат

3 – бөлім «Бірлік кілемшесін»  жасау.

Мұғалім:Әр ұлт өздерінің жасаған оюларын кілемшеге жабыстырып  «Бірлік кілемшесін» ортаға шығарады.

3 – сыныптың «Жирафики» атты ән  - шашуы тыңдау

4 – ші сыныптың КВН көрінісін тамашалау

Мұғалім:Қараңдаршы балалар «Бірлік кілемшесі» әдемі ме? Осылай Қазақстанның туы көкте желбірей берсін, халықтар арасындағы татулық, бірлік, ынтымақ ешқашан бұзылмасын.

Қазір сөз кезегін құрметті қонағымыз мектеп директоры Маруа Балғажанқызына және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зәуреш Забиевнаға береміз!

Ал қазір «Жеміс ағашын» толтырайық. Сіздерге қағаздар таратылады соған тілек жазып, қағазды алма ағашына ілейік.

Өзбектер:

Ән салса егер қосылып әлемдегі балалар:

Орыс, қазақ, моңғолдар,

Грек, швед, болгорлар...,

Бөгет болмай дауысқа тау мен мұхит, далалар,

Кетер еді жер беті теңіздейін тербеліп,

Ән салса егер қосылып әлемдегі балалар.

Қол созса егер барлығы бір – біріне балалар:

Орыс, қазақ, моңғолдар,

Грек, швед, болгорлар...,

Украйндер:

Кедергі оған бола алмай тау мен мұхит, далалар,

Кетер еді жер беті гүлзар баққа айналып,

Қол созса егер барлығы бір  - біріне балалар:

Күлсе бірге егер де әлемдегі балалар:

Орыс, қазақ, моңғолдар,

Грек, швед, болгорлар...,

Орыстар:

Достықты бұл бұза алмай тау мен мұхит, далалар,

Кетер еді жер беті шуағымен жылынып,

Күлсе бірге егер де әлемдегі балалар:

Орыс, қазақ, моңғолдар,

Грек, швед, болгорлар...,

Қазақтар:

Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бір – бірімен туысқан

Қол ұстасқан ел жатыр.

Қырғыз, қазақ, өзбектер,

Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,

Армян, тәжік, грузин,

Орыс пенен украйн

Терезесі тең жатыр.

Алатау, Кавказ ұласып,

Баурайы бұйрат кең жатыр

Бақыттың әні асқақтап, Құлаққа дауысы кеп жатыр...

Мұғалім: Құрметті қонақтар, балалар сіздерге шексіз алғысымызды айтамыз. Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз бірлігіміздің берекесін арттыра берсін, бейбітшілік мәңгі ажырамас серігімізге айналып, еліміз бен жеріміз, халқымыз аман болсын. Бұл мереке бізбен бірге ғасырларға ұлассын. Бейбіт аспан астында достығымыз нығайып, денсаулығымыз өркендей берсін деген игі тілекпен бүгінгі мерекемізге қатысқандарыңызға рахмет айтамыз. 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ
Ғажайып әлем елдеріне саяхат.
Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта
Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ
Достығымыз мәңгілік
Ана тілің – асыл қазынаң
Бір ел, бір тағдыр
Ұлттар достығы атты 1 мамыр – Халықтар бірлігі күніне арналған ертеңгілік
Мақтанышым - Тәуелсіз Қазақстан
мемлекеттік тілге құрмет-елге құрмет
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 8860 | Қосты: Картабаева Жанерке Жолдубековна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык