Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Табиғаттың сыры.


Табиғаттың сыры.

Табиғаттың  сыры.

Сабақтың  тақырыбы: табиғаттың  сыры.

Мақсаты: балалар табиғатты қорғай білуге , табиғат сырын ұғуға, бір- бірімен жақсы қарым – қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге  үйрету. Қол , саусақ маторикаларын дамыту.Құм терапиясы арқылы табиғи дүниені өз алақандарымен сезіне білуге  және бала тілін дамытып ойын арқылы  дыбыстырын жетілдіру.

Балалар музыкамен ішке кіреді.

Психолог: Балалар бізге бүгін қонақтар келіп отыр, қане қонақтармен амандасайық.

  -Сәлеметсіздерма?

-Енді осы жақсы көңіл-күйімізді бір- бірімізге қарап күлімдеп шын жүрегімізбен сыйлайық. ( Бір- біріне қарап күлімсіреп көңіл-күй сыйлау)

Сол жақсы көңіл- күйімізді енді қонақтарға сыйлайық.

 

Енді балалар  біздер табиғатқа  саяхат жасайық.

Табиғат дегеніміз- бізді қоршаған орта. Тау, тас, өсімдік, ауа, ағаш т.б.

Балалар біз  табиғаттың ,өлі табиғат, тірі табиғат болып  бөлінетіін білеміз.

   -Қане ендеше кім айтады тірі табиғатқа нелер жатады?

                                           Өлі табиғатқа нелер жатады? ( балалардың жауабы)

-Балалар қараңдаршы мына жерде бір кітап тұр.  Кітапты қарайық.

   « Табиғаттың сыры»- кітап.

 1-бет: Шырша . 2-бет:Табиғаттың көрнісі ағаштар, шыршалар өсіп тұр.

Шырша сөйлейді: Мені адамдар кесіп алады. Адамдардың жаңа- жыл мейрамы тіпті жаман. Себебі мені кесіп алып үйлеріне апарып, ойыншықтар, неше түрлі шамдар жағып мәз болады. Ал мен болсам азайып барамын, кесіп алғаннан соң шырша көп тұрмайды өліп қалады.

  • Қане, балалар шыршаға көмектесеміз бе?
  • Көмектесеміз.
  • Балалар шырша салқын жерде, шыршалы ормандарда өседі.
  • Ал, ендеше балалар біз сиқыршымыз деп ойлайық. Сендер қазір жолға шығасыздар, адам аяғы баспаған жерге саяхатқа шығамыз. Ондай жер тек шөл дала. Себебі , сулы, нулы жерлерде адамдар  өмір сүреді. Ал  адам аяғы баспаған жер шөл дала- құмды.  Сол айнала құмды , шөл даланы  сендер  сиқырлап гүл егіп, жол салып,  үй салып  ғажайып ертегіге айналдырасыңдар .  

Ендеше жолға шығайық. (құрсаудың ішімен жүріп отырғышқа отыру)    Қане біз алдымыздағы құмға шырша отырғызайық. Дайын қиылып тұрған шыршаны құмға отырғызу. Тақтаға бір- екі баланы шығарып кітаптың бетіндегі шыршаның қасына шырша отырғызу.                       

         Жұмбақ  

Тікен, тікен тік пісте,

Қысы жазы бір түсте. (шырша)

Ойын « дауыстап, қимылмен сал »       

Балалар музыкаға билейді, музыка тоқтаған кезде бір нәрсенің суретін көрсету. Бала көрген затын қимылмен дауыстап салу.

  1. Ара. З-З-З- ұшу (қолын екі жаққа қағып бір -бірінің артынан жүру) 
  2. Ұшақ . Р-Р-Р
  3. поезд . ш-ш-ш

Кітаптың екінші бетін ашу. Балық тұр мұңайып. Судың бетінде қоқыстар.

Балық  сен неге мұңайып тұрсың?

Балық : Адамдар суды ластады, завод, фабрикалардың қалған қалдықтарын төкті  адамдар судың жағасына демалуға келіп  тамақтың қалдықтарын жинамай лақтырып кетеді.

  • Қане балалар суды тазартып балыққа көмектесейік. Судың бетіндегі қоқыстарды тазартып алып тастау.

Ойын: «теңіз толқиды 1,2,3,»

Балалар тәрбиешінің командасын  тыңдайды.

Тәрбиеші: теңіз толқиды 1, теңіз толқиды 2, теңіз толқиды 3   теңіз денелері қатып қал – деген командасын естіген кезде  теңіз денелерін салып қимылдамай  тұрып қалады. 2-3 рет ойнату.

 Кітаптың үшінші бетін ашу. Гүлдің суреті .

  • Балалар жылдың қай мезгілі?
  • Жаз
  • Оны қайдан білдіңдер?
  • Себебі көбелек ұшып жүр.

Гүл сөйлейді:  Мен де  азайып барамын, мерекелерде адамдар мені жұлып алып бір- біріне сыйлайды.Су құйып мені баптамайды.     

  • Балалар біз гүлге көмектесейік. (орындарына отырып пласталиннен гүл жасап алдарындағы құмға отырғызу)

 Гүлді үзбе.

Кешкілік пе ,күндіз бе?

Өсіп тұрған гүлді үзбе.

Туған жерді далаға,

Тастағалы  жүрміз бе?

Үзіп алсаң сен бір гүл,

Үзіп алсам мен бір гүл.

Не қалады сиқынан,

Қызыл- жасыл жердің бұл.

Табиғат туралы тиым сөздер.   

Гүлді үзбе.

Көкті жұлма,

Суды төкпе.

Суға түкірме.

Ұяны бұзба.

Құмырсқаның илеуін бұзба.

   Табиғат туралы тақпақтар.

Табиғатты қорғау үшін бәріміз,

Күресейік, бір-бір ағаш егейік.

Текке отырмай, жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

 

Сүйейік табиғатты аялайық,

Біз одан  жақсылықты аямайық.

Анадай табиғаттың аясында ,

Жадырап жас балаша дем алайық!

Қолында бір табақ құмы бар ата келеді.

  • Уа, балаларым амансыңдарма?
  • Сәламатсыз ба, ата.

 Ата: ШӨл даланы гүлдендірген  шырша егіп бағындырған болашақ елдің батырлары. Адам космосты ойлап тауып, ғарышқа ұшып аспан әлемін өзіне бағындырған. Болашақта табиғатты бүлдірмей қорғап, гүлдендіретін сендерсіңдер.

Қазақстанымыздың көркейіп, ауамыз таза, табиғатымыз сұлу болуы үшін осындай  ұландар өсіп келеді. Бәріңде жақсы бала екенсіңдер менің сендерге сыйлығым да бар.

-Қане сендермен бір ойын ойнап жіберейін.

 Ойын. «Құмда не тығылған?»

          Ойынымызды  біз бастайық,

           Қане, қане бері кел.

          Ой, қандай балалар,

          Тамаша сендер ерсіңдер.

1 демалдық, 2 демалдық,

алақанды соғамыз.

Ал енді жерге отырып,

Шақырамыз ойнауға.

Табақта толтырылып салынған құм, ішінде геометриялық денелер тығылған.  Ортаға шыққан бала көзін жұмып тұрып қолын құмға салып , құмнан тауып алған геометриялық денені сылап сыйпап  қандай дене екенін айту.

Ата құмның  түбіне тығып қойған сыйлығын балаларға  таратып береді.

 Балалар атаға  рахметін айтып қоштасады.

Тәрбиеші, балаларды мадақтап сабақты қортындылау. Балалар туннель арқылы кері шығу.

roksa.ch
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Табиғаттың сыры көп.
Табиғатты аялайық!
«Әлемнің сиқырлы кітабы»
Табиғатқа саяхат.
Табиғат-денсаулық мекені
Табиғат - досымыз
Кішкентай гномдар
Адам және табиғат
Қысқы табиғатқа саяхат Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Шырша жыры
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 3973 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык