Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өзіңе сен өзіңді алып шығар


Өзіңе сен өзіңді алып шығар

Өзіңе сен өзіңді алып шығар

 

Тақырып атауы: «Өзіңе сен өзіңді алып шығар»

 

Мақсаты:Оқушыларға адамның алға қойған мақсаты мен оған жету жолындағы ізденістерін саралап, нәтижелі іс жасау керектігіне назар аударту.

Ұйымдастыру кезеңі:  

Оқушылармен сәлемдесу.

Көңіл-күйлерін сұрау.

Тренинг  ережесі

  • бір-бірін тыңдау
  • уақыт үнемдеу
  • белсенділік таныту
  • достық қарым-қатынас
  • жағымды эмоция тудыру
  • өз ойларын ашық жеткізу

 

Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады

 

І.Ұйымдастыру кезеңі: Әр оқушы өз атын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.

Мысалы: - «Өмірдің ағымынан қалмау»

  • «Ешқашанда білмеймін демеу»
  • «Қасымдағыларға көмектесу, қуаныш сыйлау»
  • «Биік шыңға ұмтылу»

ІІ. Кіріспе бөлім:

Мұғалім: Адам өмірінің көп жағдайы  өмірдің бағытына байланысты екеін ескерсек, Әр адам өз өмірінің бағытын анықтауға тиісті екенін ұғынамыз. Ол үшін мына ережелерді басшылыққа  алсаңдар дұрыс болады:
•    Өмірде қандай жақсылық болса, соны көре білдіңдер;
•    Өмірде кездесетін ұсақтыққа назар аудармаңдар;
•    Өмірдің ең  құнды жақтарын алуға тырысыңдар;
•    Адамның әлсіздігіне шыдамдылқпен қараңыз, ондай жағдай сіздің де өміріңізде кездесуі мүмкін;
•    Өмірде жақсылық та, жамандық та болады, сондықтан оның жақсылығына рақаттаныңыз,  ал жамандығына ренжімеңіз.

Айтмахан:Өз жолым бар, сонан соң өз үнім бар,
Тағдырым бар сыр тұнған сезімде әр.
Ұмтыламын мен саған, ұмтыламын,
Құпиямен сен менің төзімімді ал.

Болса-дағы мұратым шалғай тарап,
Қоясың сен қандай сын, қандай талап?
Құлатсаң да құзыңнан тұрғызбастай,
Осы әнімді айтамын сан қайталап.

Өз арнамнан  әйтеуір, аспай бақтым,
Бір арманға жасымнан тастай  қаттым.
Күнді бетке ап тартып бара жатқан,
Жыр көшіне ілескен  жас тайлақпын.

Ойланайық, Пікірлесейік.

1.«Өз жолым бар, сонан соң өз үнім бар» деген  ойды қалай түсінесіздер?

1- оқушы(Жансая)

Әркімнің өз бигі бар шығатын,

Әркімнің өз билігі бар ұғатын

Әркімнің өз әлсіздігі бар әсте

 Көңілінде жасырынып тұратын

Әркімнің бір мақстаы бар көздеген

Өзіңе ыстық өз жүрегенің, өз денең.

Басқаларды жұбата алмас ешқашан

Өз бақытын өз қайғысын сезбеген деп Т. Молдағалиев жырлағандай, әркімнің алдына қойған өз мақсаты бар, сол мақсатқа жету үшін ұмтыламыз

2- оқушы(Нүркен)

Өз алдын біреудің ұлылығы,

Өз алдына біреудің жылылығы.

Егер оны өзіңнен таба алмасаң,

Ұят болып жүреді түбі күні- дегендей Өзімнің ойым ақылым бар, сол ойды тиімді пайдаланып жетістікке жетемін

Мұғалім:Абай атамыз

Сенбе жұртқа тұрсада қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығарғ

Еңбегің мен ақылың екі жақтап. Балалар әрқашан өз еңбектеріңізге сеніңіздер.

  2.  Өз арманына жету үшін не істеуге болады деп  ойлайсыздар?

1-Оқушы:( Айбек) Белгілі педагог Ущинский айтқандай «ӨЗ бетінше жұмыс- жетістікке жеткізудің бірден бір жолы»яғни өз бетімше ізденіп, арман, мақсаттарыма қол жеткіземін.

2-Оқушы(Айман) Белгілі тұлға Павлов « Мақсатқа ұмтылған, бір мақсаттан соң, екінші мақсат қойып отырған адамның өмірі қызықты өтеді, және әрқашан мақсатына жету үшін талпынып, өмірлік ізденісте болады.» деген. Менде әрқашан өмірлік ізденісте болғым келеді.

Мұғалім: Білімге 3-жол алып барады.

  1. ойлау, оқу жолы- бұл ең парасатты жол.
  2. Еліктеу, ұқсау жолы- бұл ең оңай жолы.
  3. Басы тасқа тиіп, тағдырдан сабақ алу жолы- бұл ең ащы жол. Оқушылар Еңбек етіңдер мақсаттарыңа міндетті түрде жетесіңдер.

3.  Сіз өз жолыңызды қалай таңдар едіңіз?

1- оқушы:(Набира) Мен адалдық деген жолды таңдасам, жетістікке жетеріме сенемін

Сенім

Еңбек етсем ертеңгі

Бақытыма сенемін!

Мақсатыма жеткізер

Уақытыма сенемін

Достық іспен қасты да

Жеңеріме сенемін!

Ақыл, сана, біліммен

Өнеріме сенемін!

Арым- таза, ақ көңіл

Адалдыққа сенемін!

Абыройлы ақ ниет

Адамдыққа сенемін

2-оқушы (Зуфар) Адамгершіл кісілер өз өмірін сақтап қалу үшін адамзатқа зиян келтірмейді, тек соңына дейін адамгершіл болу үшін өмірін қия алады деген ұлы философ конфуций. Менде өмірлік жолымды ешкімге зиянымды тигізбей мақсатыма жетсем деп армандаймын.

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар әрқашан биіктен көрініңдер.

ІІІ. Негізгі бөлім

  1. Ситуациялық сұрақтар.

1. Қалаған үш елге тегін барып қыдырып келуге мүмкіндік болса, қай елге барған болар едіңіз?

2. Егер уақыт машинасы болса, қай жылға саяхаттап, қандай оқиғаны түзер едіңіз?

 3. "Аяқ астынан бір ғана сәтке періштенің қанатындай қанат пайда бола кетсе, ілезде кімнің қасына ұшып бауға тырысар ең?" 

4. Егер алтын балық келіп үш тілегіңді айт десе, қандай тілек айтар едіңіз?

5. 10 жылдан кейін өміріңізді қалай елестетесіз?

6. Жұлдыз жорамалға сенесіз ба?            

2. Оқушылар шығармашылығы:( ән,өлең, күй, би)

Шығармашылық деген күрделі рухани қажеттілік.Белгілі педагог Сухамлинский                «Шығармашылық арқылы тұлғаның рухани байлығы қалыптасады, шығармашылық адамды адамға тартатын магнитпен тең.» деген екен. Олай болса оқушыларымыздың шығармашылық жұмыстарына кезек берейік

  1. Жас қаламгер. Оқушыларымыздың шығарған өлеңдерін қабыл алыңыздар
  2. Нағыз қазақ қазақ емес нағыз қазақ домбыра демекші келесі кезек күйде
  3. Біздің сыныбымызда мың бұрала билейтін бишілерде бар,олай болса
  4. Әсем ән жанды жадыратады демей ме әнге де кезек келді

Оқушыларымыздың өнерлерін тамашалағандарыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз!

3.Ой толғау. “ Тоғыз жауың тағы бар”

Мұғалім: Сабақтың барысын  Б. Әлжақсыұлы жинастырған «Тоғыз жауың тағы бар…» атты адам өміріне кері әсерін тигізіп, адамгершілік қасиеттердің құнын түсіретін төмендегідей жаман әдеттерді еске сақтау тапсырылады.

Азиза: Басты жауың-жалқаулық, сорлататын жаныңды;
Осалдығың-аңқаулық, соқтыратын саныңды;
Жасқаншақ болсаң-ұрылар алып қояр малыңды;
Жалатқызбас жасықтық аузыңдағы балыңды;
Өтірік айтсаң өңмендеп, жоғалтарсың арыңды;
Өсек  терсең телмеңдеп, суға кірер салыңды;
Көпірме босқа мақтан ғып түкке тұрмас барыңды;
Көрінгенге  жалтақтап бола алмайсың жағымды;
Біреуді алдап, арбаумен аша алмайсың бағыңды.


Мұғалім: Бұл өлеңді кім қалай түсінді

  1. Оқушы(Нұрбол)  Ұлы Абай атамыз айтқандай:

Ғылым таппай мақтанба

Орын таппай баптанба

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге

Бес нәрседен қашық бол

Бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеңіз

Тілеуің, өмірің алдыңда

Оған қайғы жесеңіз

Өсек өтірік, мақтаншақ

Еріншек бекер мал шашпақ-

Бес дұшпанды білсеңіз

Талап еңбек терең ой

Қанағат, рақым ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз.

  1. Оқушы( Гүлназ) Ұлы Қытай философы Конфуци ілімінде де 4 нәрседен бойымызды аулақ салу ескертілген. 1. Өнбес ойға берілу.2. үзілді кесілді болу, 3. Айтқанынан қайтпайи\тын қыңырлық, 4. Жеке басын ғана ойлау Мұның барлығын ескерсек қай елдің ойшылы болмасын келер ұрпақты ойлап қалдырған. Біз сенімдерін ақтап жаман әдеттерден аулақ боламыз

4.Сергіту сәті. “ Сілкіп таста”.

Мақсаты: Жағымсыз, қажет емес, кедергі жақтардан құтылу, сенімділікті орнату

  • Нұсқау: Мен сіздерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің  жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз.
  • Мысалы: Ойымызға! Тағы да жолым болмай қалды. “Жақсы тапсыра алмаймын, көп қате жіберіп, екі аламын” деген  сияқты.

Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер, иығыңызды сілкіңіздер. Әр оқушы бойындағы бір жағымсыз қасиеттерді айтып шықсын
Осы сәтте өзіңізді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңіздер. Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер, беттеріңізді сілкіңіздер. Сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек, көңілді болудасыз немесе көңілді - күй жағдайдасыз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз:

Мен ақылдымын.

Менің жаным тыныш

Мен қиындықтан қорықпаймын.

Мен жаспын, қандай әдемімін.

Менің қолымнан, көптеген жақсылық келеді, бәрі келеді.

Маған сенімділік күш береді.

Менбәріне де дайынмын.

5.Тынығу сәті. “ Табиғат аясында”

Мұғалім: Оқушылар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұты, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббатпен тыныштыққа толы, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезінесіңдер. Ал, енді көздеріңді ашып тақтаға қараңдар.

Мұғалім: Алған әсерлеріңіз қандай?

1-оқушы ( Марал)

Әр адамға барлау жасап күнімен
Ой шарлайды, оймен бірге жүгірем.
Әр адамның өмірі бір хикая,
Әр адамның жүрегіне үңілем.
Бар  мейірін бүкпей тура қараған,
Маған түрлі ой салады әр адам.
Гүл тәрізді  күнге бойлап өсетін,
Әр адамның көзінен нұр, нәр алам.

Әр адамнан байқаймын  мен бір ізді
Қай із болсын, өзінше ол маңызды.
Жақсысы – үлгі, жаманы сақ жүргізер,
Әр адам маған бір-бір мектеп тәрізді.

2-оқушы (Гүлзат)

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.

Достар әнін шырқауға рұқсат


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қарым-қатынас мәдениеті
Мақтаншақ бұлақ
Тәрбиенің ең тамаша мектебі –отбасы
Өзіңді тану-өмірді тану
Сен де бір кірпіш дүниеге
Өнер - өмір өрнегі
Мақсат жетістік желкені
Адам туралы жалпы түсінік
Көмектесе білейік
Адалдық пен әділдік
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 7009 | Қосты: Маханова Айдана Рысбекқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык