Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰТҚАСЫ БІЗГЕ АМАНАТ


ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰТҚАСЫ БІЗГЕ АМАНАТ

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰТҚАСЫ БІЗГЕ АМАНАТ

Мақсаты:Отанын,өз жерін сүйе білуге,патриоттық сезімге тәрбиелеу.

1-жүргізуші:Арай Тәуелсіздік ......Осы бір ғана сөздің астарында қаншама қайғы-қасірет,қаншама жүрегі елім,жерім,халқым деп соққан,арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты,қырандай күшті қанатты жастарымыз бен ұрпағым деп қасықтай қаны,шырқыраған жаны қалғанша ұлтарақтай жері үшін,атамекен елі үшін жанын пида еткен ата-бабаларымыздың рухы жатыр.

2-жүргізуші:Алтынай Тәуелсіздік –бұл егеменді еліміздің ең биік тұғыры.Бұл тәуелсіздік жолында қаншама ғасырды бастан кешірдік.Туған жерімізде еркіндік орнату үшін бар жанымызды салып,болашаққа үлкен үмітпен қарадық.Азаматтық туы көкте желбіреп,бостандық қыраны көгімізде еркін самғап қалықтауы үшін өткелі қиын,бұралаң жолдардан өттік.Батырлығымыз бен жігерлігіміздің және рухымыздың  жоғарылығының арқасында аңсаған тәуелсіздікке де қол жеткіздік.

1-жүргізуші:Арай Міне бүгін тәуелсіздігіміздің арайлап атқанына 23 жыл!Осы жылдар ішінде саяси жүйесі тұрақты,экономикасы дамыған,бәсекеге қабілетті ,халықаралық беделі зор қуатты мемлекетке айналдық.Еліміздің сайын даласы Сарыарқаның төріне көрікті де қабілетті,сәулетті Бейбітшілік шахары Астана арқылы жаһандық әлемге жаңа Қазақстанды аштық.Мұндағы мақсат –Астан арқылы егеменді еліміздің қарышты даму қарқынын бүкіл әлемге паш ету.Бүгінгі Елордамыз Түркі әлемінің астанасына айналып отыр.

2-жүргізуші:Алтынай Біз тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді,дінімізді,тілімізді қайта өркендеттік.Тәуелсіздігіміздің рәмізі саналатын әнұранымызды,туымызды,елтаңбамызды және төл теңгемізді сайладық.Бірлігіміз бен бейбітшілігіміздің негізі Конституциялық  заңды бекітіп,айбарлы айбарымызды құрдық.Көптеген елдермен экономикалық қарым қатынас орнату арқылы бүкіл әлемге қайтпас қайсар қазақ деген халықтың  бар екендігін жария еттік.

Мұғалім:Биыл тәуелсіздігімізге 23 жыл.Мақсатымыз-бәсекеге барынша қабілетті дамыған елу елдің қатарына ену.

Қазақстанның болашағы жарқын.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Егемен қазақстан үшін жасаған аса маңызды жұмыстарын атап өтейік.

Ел тәуелсіздікке қол жеткізді.

Егемен Қазақстан жаңа конституциясы жасалды.

Барлық  көршілес елдермен мемлекеттік шекаралар заңдастырылады.

Ядролық полигон жабылды.

Ұлттық валюта енгізілді.

Қос палаталы Парламент құрылды.

Қазақстан Республикалық Қарулы күштері жасақталды.

Жаңа астана тұрғызылды.

Ән:  «Қазақта ел қайда»

Тәуелсізідік-ырыс ,бағы халқымның

1-оқушы:Қонанова Айсана

Тәуелсізідік-түбегейлі арманы боп қазақтың,

Толық жеңіп алу үшін еркін өмір,азат күн,

Озбыр ,қатал кезеңдерде қылышынан қан тамған,

Қайран менің халқым,көрді-ау не түрлісін азаптың!

Ұйтқи соғып дүлей,көз аштырмай шаң басты,

Жанға жайсыз осы жағдай ұзақ жылға жалғасты.

Қайран халқым,қасіретті,зұлат жайға тап болып,

Көрді небір тауқыметті,күні түнге ұласты.

2-оқушы: Есмырза Камшат

Жазықсыздан жазаланды небір текті,білікті,

Жазалаушы озбыр жүйе ұлт жағайын ұмытты.

Әділетті жарық дүние,жарқын өмір аңсаған,

Небір ерлер сұм жендеттің назарына ілікті.

Олар іздеп азат өмір,талай сағым қуыпты,

Қииын сәтте талайларды кекті ашу буыпты.

Қай кезде де талай қарғыс атқыр тегеурінді қарсылық,

Ауыз бағып аңдығандай алдарына шығыпты.

3-оқушы: Ізім Алтынай

Қанға сінген қасиетті,тұншықтырды рухты,

«Ескіліктің қалдығы» деп дәстүр,әдет ғұрыпты.

Ұлтымыздың тарихынан аулақтатып іргені,

Дінге,ділге және туған тілге салжды құрықты.

Қудалауға түсті бәрі,бұзды осылай шырықты,

Тілімізді қолданыстан шеттеуге тырысты.

Халқым өткен осыншама қиянатты жолдарда

Қаншама жан қасиетті Ана тілін ұмытты.

4-оқушы: Амандық Әділет

Айдау,ату зобалаңнан қаншама қан төгілді,

«Елім» деген қаншама жан шұңқырларға көмілді.

Тәркілеумен ашаршылық елді жоя жаздаған,

Бұл жазалар халқымызға неге қатал берілді?!

Он жетінші қазан төңкерісі алдында

Қазақ саны алты миллион болғаны анық жадымда.

Отыз тоғызыншы жылғы қорытындысы санақтың

Бір миллион тоғыз жүз мың,саны болды қазақтың.

5-оқушы: Асқаров Дастан

Кімдер көрген жан шошырлық масқараны мынадай,

Еш жазықсыз адамдарды қырғаны ма қынадай?!

Сталинге хат та жазды,болды талай толқулар,

Зиялылар және халық бұл қорлыққа шыдамай...

Желтоқсанда жас қазақтар дербестікті аңсаған,

Өктемдікке қарсы тұрып көтерілді қанша жан.

Осыдан соң КСРО-ның елдерінің көбінде

Бұлік шықты,

Бұл-жүйенің сиқы еді қаусаған.

 

6-оқушы: Елеубаева Гүлжанат

  Сілкіп тастап сол жүйені,толық жойып азапты,

Шүкір Алла,көппен бірге жарылқады қазақты.

Ел сапына ұзақ күткен аяулы да ардақты,

Арайлана нұрын төккен тәуелсіздік таңы атты.

Тәуелсіздік-баға жетпес құндылығы халқымның,

Қорғанысың дін мен тілдің ,ата-дәстүр салтымның.

Қанымыз да,жанымыз да,арымыз да бір өзің,

Біз тілейміз мәңгілігін сальтанатты қалпыңның

Би: «Қазақ биі» Есмырза Камшат

7-оқушы: Амандық Арсен

Мұхтар Шаханов «Төрт ана» өлеңі

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Әр адамды өз анасына басқа

Жебеп жүрер,демеп жүрер арқада

Болу керек құдіретті төрт ана.

Туған жері –түпи қызығы,айбыны.

Туған тілі –сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр,салт-санасы –тірегі

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы,еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Төрт анаға әнін жалғай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешкашан да бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана –тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес –күрерстердің ұлысы!

8-оқушы Кеңес Еркеназ

Мен қазақпын мың өліп мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мың тіліммен

Жылағанда жұрегім күн тұтылып

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Ән: «Желтоқсан» хор

9-оқушы Бағытова Мадина

Мен қазақпын,биікпін байтақ елмін

Қайта тудым өмірге қайта келдім

Мен мұнда бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді айта бергім!

10-оқушы Сарсенғалиева Ескендір

Мен қазақпын қаныммен,сүйегіммен,

Сән-салтанат салтымды сүйемін мен .

Ббақ орнатам басыма моламның да

Мұрагермін оған да иемін мен.

КӨРІНІС
Рөлдерде:

 Арай-Сот

Еркеназ-хатшы
Семсер – тергеуші
Асылхан– милиция
Жарасқан – милиция
Нұрберген – Қайрат рөлінде
Хатшы: Айыпталушы Қайрат Рысқұлбековты тергеуге шакырады:
Ендеше сот отырысын бастайық!
(Қайратты қарауыл әкеліп отырғызады)
Хатшы: — Тыңдаңыздар, сот келе жатыр!
— Отырыңыздар!
Сот: 1 рет балғамен үстелді тарс еткізеді.
— «Сот отырысын ашық деп жариялаймын». Сот отырысы Алматы Архитектуралық құрылыс институтының студенті Қайрат Рұсқұлбековтың үстінен түскен шағымды қарауды бастайды.

Хатшы: Қайрат Рұсқұлбеков :
1. Алматыға әдейілеп келіп, қылмыскерлермен бірігіп өзі қатарлы студенттерді үгіттеп, Үкіметтің лауазымын төмендетуге, тіл тигізуге әдейілеп дайындалған.
2. Алаңға қаруланып келіп жасақтарға қарсы шығып, офицердің денесіне әдейілеп қару сұғып жарақаттаған. Осы істерін мойындамағаны үшін тергеуге алынған.
Сот: — Сөз кезегі тергеушіге беріледі.
Тергеуші: Құрметті үкім шығарушы сот. Бүгінгі сот отырысында қаралатын мәселе өте ауыр қылмыскер туралы болып отыр. Бұл Рұсқұлбеков барып тұрған бұзақы. Оны Алматы Құрылыс институтынан қуып, қатаң жазалауыңызды сұраймын. Оның Алматыға әдейілеп келіп, өзі сияқты қылмыскерлермен бірігіп, өзі қатарлы студенттерді үгіттеп, үкіметіміздің лауазымын төмендетіп, тіл тигізгені және алаңға қаруланып келіп жасаққа қарсы шығып, балағаттап офицердің денесіне әдейілеп қару сұғып оны ауыр жарақаттағанын тексеріп растай отырып, сізден мәртебелім лайықты үкім шығаруыңызды сұраймын! Сөзімді аяқтаймын!

Сот: — Сөз кезегі қорғаушыға беріледі.
Қорғаушы: — Рахмет мәртебелі сот төрағасы.
Менің айыпталушы туралы айтарым бар. Рысқұлбековтың Алматы құрылыс институтының студенті екені рас. Бірақ оның бұзақылармен байланысы туралы мәлімет жоқ мырзам. 16 желтоқсан күні Рұсқұлбеков қатардағы студенттермен бірге институтқа оқуға барған, оқудан шығып олар көшедегі тобырға кездесіп қалған. Офицердің жарақатталуына оның қатысы жоқ көрінеді.
Тергеуші: Сот төрағасы мына қорғаушы да соның сөзін сөйлеп тұр. Бұл қылмыскер оны да өзінің айтқанына көндіріп алған. Оны тыңдамауыңызды сұраймын! Сот балғаны тарс еткізіп: — Қорғаушы мырза сіз тек шындықты ғана айтқызыңыз оған!
Сот : Сөз тергеушіге беріледі.
Тергеуші: Ия төрағам, Рұсқұловтың жатаханадағы бөлмесінен түрлі хаттар мен арнау өлеңдер деймесенімсіз айғақтар тауып алынды. Бұл оның бұзақылық жолмен айналысқанын дәлелдейді. Оқып берсем «Отаныма», «еліме» дей ме әйтеуір шимай шатақ бірдеңе. Мен болдым.
Сот: — Сот отырысы екі жақтың да дәлелін тыңдап болды.
Тергеушіге сөз беріледі.
Тергеуші: Құрметті төраға. Тергеу үстінде айыпталушы туралы жинақталған деректер мен айғақтар сізге тізіліп берілді. Ол өзінің істеген істерін мойындамай отыр. Соған байланысты оған қатаң

жаза қолдануыңызды сұраймын. Мен сөзімді аяқтаймын.
Сот: — Қорытынды сөз қорғаушыға беріледі.
Қорғаушы: Төраға мырза бұл Рұсқұлбековтың айтып отырғаны шындық. Мен сөзімді аяқтаймын.
Сот: — «Айыпталушы» — Рұсқұлбеков саған соңғы сұрақ. Осы істегендеріңді мойындайсың ба? Ақтық сөзіңді айт!
Қайрат: Кінәдан таза басым бар
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар.
Атам десең атыңдар!
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!
Сот үкімді шығарады : Сот отырысы азамат Рұсқұлбековке тергеу ісінің барлық жазаларына сай ату жазасына үкім шығарды. Үкім кесілді. Сот отырысын жабық деп жариялаймын!
Тарихшы: Кейін КСРО жоғарғы Кеңесінің Президумы оған кешірім жасап, ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айырумен
алмастырды. Қазақ елінің кезекті 21-ші басшысының зобалаңына ұшырап, 21 жасында тұтқындалып, 21 күн нақақтан шырылдап,
Семей түрмесінің 21 камерасында 1988 жылы 21 мамыр күні
қапылыста дүниеден өткен Қайрат 21 ақпан 1992 жылы ақталды. Мұғалім: Қайратқа өлім жазасы кесілді. Кеш те болса , Қайратқа кешірім жасалып, 1988 жылы сәуірдің 23-күні ату жазасын 25 жылға бас бостандығынан айыруға ауыстырды. Бірақ белгісіз себептермен Қайрат 1988ж. мамыр айының 21-күні Семей қаласының түрмесінде қаза болады.
 

11-оқушы: Мыңжасар Гауһар

Алыстан Алаш десе аттанамын

Қазақты қазақ десе мақтанамын

Болғанда әкем қазақ,шешем қазақ

Мен неге қазақтықтан сақтанамын

12-оқушы: Мұқаев Нұрбек

Арғы атам-ер түрік ,

Біз қазақ еліміз

Алаш туы астында

Куә болсын арымыз

Көркейтуге Алашты

Құрбандық біздің жанымыз.

13-оқушы Қуанышқалиева Асылхан

1991 жыл.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланды.Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

14-оқушы: Оңайбаев Ринат

1992 жыл Қазақстан Республикасы ішкі әскері құрылды.

4-маусым мемлекеттік рәміздер қабылданды.

15-оқушы:Қайрат гүлназ

1993 жыл Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 15-қарашада айналымға енгізілді.

16-оқушы: Ару Гумарова

Қалса да қайда жерін,қайда көлін

Қасқайып қақ жолынан таймап едің

Айырылып күдіз күлкі,түде ұйқыдан

Күткенің осы еді ғой қайран елім.

17-оқушы: Оразбай Дамира

Зар-мұңның әні бар ма сен айтпаған

Тағдырдың зәрі барма сен ішпеген

Тербетіп тұрса болды жер-бесігім,

Дәулетін тілеймін,көл көсірін

Көз тимей,кірбің түспей қабағыңа.

Сабира Мұхамеджанқызы туралы көрініс:
Ұстаздар бөлмесі. Сабираны жиналысқа салуда. Ұстаздар отыр, алдында Сабира т.б. оқушылар. Орындықтың біреуінде Сабираның анасы.
Ұстаз: қызыңыз көргенсіз, тентек. Ол не жасағанын білесіз бе? Кеше қызыңыз алаңға шығып шеру ұйымдастырған .Енді қызыңыз үшін осылардың бәрі оқу орнынан шығарылады.
Сабираның анасы: мүмкін емес, қызым ондайға бармайды.
Сабира: — Жоқ! Бәріне кінәлі менмін. Жазаласаңдар мені жазалаңдар. Бұлардың еш жазығы жоқ. Оларды мен алаңға үгіттеп апардым. Бұларды оқу орнынан қумаңдар. Шеруді де мен ұйымдастырғанмын.
Анасы: — О, не дегенің, қызым –ау! Ең болмаса анаңды аясаңшы! (Сабира жылап бөлмеден сыртқа қарай жүгіре жөнеледі)
Жүргізуші: — Иә, Желтоқсанда жанын шүберекке түйген Сабирадай батыр қыздың ақтық сөзі бүкіл елге аңыз болып тарап кетті…

 

18-оқушы: Ару Гумарова

Көз тойғызсыз қазағымның жері бар

Ну орманы,таулы өзен көлі бар

Қазағымның елін жерін қорғайтын

Жас жеткіншек ұланы бар елі бар.

Міне осындай егеменді еліміз

Кең жазира ұлан байтақ жеріміз

Туған елін,туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз,еріміз.

19-оқушы: Әділбекұлы Аман

Ол бізге қымбат-«Отан»  деп жүрегімізді соқтырғаны үшін елім деп елеңдетіп,жерім деп желпінтіп,барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын сүйдіргені үшін.

20-оқушы: Асқарұлы Әскер

Біз мыңғыртып мал баққан елміз

Жүйрік жаратып,желіге бие байлатқан елміз

Дәм-тұзды ақтай білген

Сыйластықты сақтай білген ,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз!

Төрімізден құт-береке қашпасын деп ,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп

Туырлыққа ту іліп,

Қынна қылыш суырып,

Көк найзаның ұшына күлтелі үкі таққан елміз!

Би: «Қара жорға» Қыздар тобы.

Мұғалім: Тәуелсіз Қазақстаннның жас ұрпағы сіздер,саплы білімдеріңізбен,саналы тәрбиелеріңізбен Елімізідің  елу елдің қатарына қосылуына өз үлестеріңізді қосыңыздар.Сіздер көк байрағы көкке самғаған,әсем әнұраны шарықтаған, бейбіт күнін нұрына бөленіп береке-бірлікпен күн кешкен,келешегі кемел,болашапғы жарқын Қазақстанның қырандарысындар. Жасай бер жайнай бер Тәуелсіз Қазақстан.

Желтоқсан бірде,
Ел тосқан түрде,
Келетін мүлде жайдарлы.
Сол жылы бірақ,
Әдеттен жырақ
Көрінді шын ақ айбарлы.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.

Жоғалтып нуын,
Жоғалтып қуын;
Арал да суын тауысты.
Қаңырап мекен,
Аңырап бөкен,
Өріске бөтен ауысты.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.

Шайқалды күйім,
Шайқалды миым -
Бомбалар жиі жарылды.
Малым да кеміп,
Әлім де кеміп,
Қинады берік жанымды.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.

Бабалар өлер,
Балалар келер,
Аналар берер тіршілік.
Гүлденер дала,
Түрленер қала,
Бұтаққа жаңа бүр шығып.
 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Желтоқсан – ерлік тарихымыз
Желтоқсан желі
Тәуелсіздік таңы атты.
Тербейін тәуелсіздік тал бесігін.
Желтоқсан желі ызғарлы.
Т.Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан.
Тәуелсіздік тірегі қайсар рухы қазақтың!
Өткен күрестер жеңісі – Тәуелсіздік жемісі
Желтоқсан желі – ызғарлы
Тәуелсіздік төрінде – 18 жыл
Бөлім: Уроки / Сценарий | Көрсетілім: 3749 | Қосты: Рахимгалиева Гульзира Турлановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык