Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мәтінді теру ережесі.


Мәтінді теру ережесі.

Мәтінді теру ережесі.

Тақырыбы:Мәтінді  теру      ережесі.

8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді  теру      ережесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға Оқушыларға мәтіндік редакторды іске қосуды,

мәтін енгізу ережелерін, құжатты сақтауды ,жабуды үйрету.

Microsoft word 

бағдарламасымен жұмыс істеуді  қалыптастыру

Дамытушылық :

Оқушылардың өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге,

алған білімін өмірде пайдалануға үйрету, оқушының компьютерлік

 сауаттылығын дамыту арқылы шығармашылығын қалыптастыруға

және ақыл-ойын, ойлау қабілетін, ынтасын қалыптастыру,

мәтіндік редактормен жұмыс істеуге баулу

Тәрбиелік:

Оқушылардың қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру,

 қызығушылығын арттыру арқылы   жауапкершілікке,

тиянақтылыққа, ұжымшылдыққа ,

компьютерлік мәдениеттілікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту,

практикамен байланыстыру

(мұнда оқытудың негізгі принципі ретінде теория

 мен практиканың бірлікте болуы алынып отыр)

Сабақтың түрі: Практикалық

Сабақтың әдісі: а) тест әдісі;  ә) баяндау әдісі;

б) практикалық әдісі;

в) компьютермен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютерлер, мультимедиялық проектор,

кестелер, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі ,әдебиет

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар

Оқушылар білуі тиіс: Мәтіндік редакторды іске қосуды,құжат құруды

құжатты сақтауды,жабуды,ашуды

Оқушылар үйренуі тиіс: Мәтінді енгізуді ,қатесін дұрыстауды, пішімдеуді

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Алған білімдерін бекіту

(Интерактивті тақтадағы  электронды дәптермен  жұмыс)

ІІІ.Жаңа сабақ

ІУ.Компьютермен жұмыс

(Деңгейлік тапсырмалар

 

У.Сергіту сәті. .(«Кім жылдам» ойыны)

                           1.Мәтінмен жұмыс .

                           2.Сөзжұмбақ шешу

 

УІІ. «Мен нені үйрендім?»

Жаңа сабақты бекіту (Тест)

УІІІ.Қорытынды . Үйге тапсырма беру

І.Ұйымдастыру кезеңі

1)Сынып тазалығын тексеру.

2)Оқушыларды түгелдеу

3)Компьютерлерді іске қосу

ІІ.Сабақтың негізгі кезеңдері.
1.Алған білімдерін бекіту
(Интерактивті тақтамен жұмыс)

Жаңа сабақ.
Қысқаша теория

  • Мәтіндік редакторды іске қосқан соң экранда мәтіндік құжат құратын терезе ашылады.
  • Құжатқа мәтінді енгізу немесе суретті ,кестелерді және тағы басқа объектілерді  қою үшін оларды орналастыратын жолға курсорды (кірістіру нүктесін   ) әкелу қажет.  Кірістіру нүктесі жыпылықтаған вертикаль сызық І.
  • Құжаттың мәтінін термес бұрын қаріп , қаріп өлшемін,есептер тақтасындағы пернетақта индикаторын бекіту қажет.
  • Терілген мәтін жаңа жолдың оң жақ шетіне жеткенде Word автоматты түрде келесі жолға өтеді.
  • Мәтінді енгізген уақытта жолдың соңында  <Enter> пернесін басу қажет емес,<Enter> пернесін абзац соңында маркер қою үшін басу қажет.

1-ереже:Мәтін пернетақта арқылы енгізіледі.

2-ереже:Бас әріптер Shift пернесімен не Caps Lock пернесін қосу

арқылы   жазылады.

3-ереже:сөздер расындағы аралық «Пробел» пернесін басу арқылы қойылады.

4-ереже:тыныс белгілері алдына бос орын қойылмайды,ал тыныс белгісінен кейін міндетті түрде қойылады.

5-ереже:Қатені жөндеу үшін келесі  батырмаларды  пайдалануға болады. Baskspasce -курсорды сол жағындағы символды жояды. Delete -курсордың оң жағындағы   символды жояды

6-ереже:Қазақша,орысша және латынша әрітерді енгізу Shift  және ctrl  пернелерін бір уақытта басу арқылы орындалады

7-ереже:сандарды енгізу сол сандар орналасқан пернелерді басу арқылы жүзеге асырылады .пернетақтаның оң жағында орналасқан кішкене цифрлық пернетақтадағы сандар NumLock пернесін басу арқылы орындалады.

8-ереже:Пернетақтаның жоғарғы қатарында орналасқан арнаулы символдар Shift  пернесін бір уақытта басу арқылы жүзеге асырылады.

Мәтіндік  редактор  терезесі

4.Сергіту сәті.

«Кім жылдам» ойыны.

1.Мәтінмен жұмыс жасау.

1.Ақпарат

2.Пернетақта.

3.Компьютер сөздерін кірістіріп мәтін жазу

2. Сөзжұмбақ шешу

ІІІ.Бекіту. . «Мен нені үйрендім?».

            Тест тапсырмасы.Тапсырма компьютерде орындалады.

 

ІУ.Үйге тапсырма

  • Шығармашылық жұмыс.

 1.Қыс

2.Мектебім

3.Ауылым тақырыбында шығарма жазу

  • Тест құрастыру

У.Сабаққа қорытынды жасау.
Оқушылардың білімін бағалау.

Нәтижесі

  • Оқушылар топтасып,шығармашылықпен жасай отырып ,сабаққа шынайы түрде белсене қатысады.Проблемаларды бірігіп талдау,шешу жолдарын іздестіреді.
  • Сабақ оқушыларды ізденіске жетелейді.
  • Оқушы жоспар жасауға,салыстыруға,алған білімдерін практикада қолдануға дағдыланады.
  • Оқушы тек білім алып қана қоймай, ұжымдағы қарым-қатынасқа қалыптасып,өзіндік шығармашылық жұмыс жасау қабілеті дамиды.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құжаттарды құру,сақтау және ашу.Мәтін үзінділерін өшіру,форматтау .
Қарапайым мәтіндік редакторы. Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту
Word Pad мәтіндік редакторын іске қосу. Терезе құрамы. Құжат құру, мәтін енгізу, өңдеу, сақтау
Блокнот қолданбасымен танысу. Терезе құрамы Бұйрықтар мәзірін пайдаланып кірістіру және көшіру
Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс- тәсілдері
Қарапайым мәтіндік редакторы
Практикум. Мәтін үзінділерімен жұмыс
Мәтінді редакциялау және пішімдеу ашық сабақ
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі
Мәтінді пішімдеу 5 сынып
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3336 | Қосты: Бекибаева Айгуль Тажиевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык