|
|
Ғұндар
Сабақ тақырыбы: Ғұндар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ғұн тарихына тоқтала отырып, мемлекеттік құрылымы мен олардың жаулап алу соғыстары кезіндегі Мөде мен Аттиланың ерлігі, қаhармандығы, ақылдылығы мен алғырлығы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Сабақта оқушыларме өздік жұмыстар жүргізе отырып, қорытынды жасай білуге үйрету және ойларын дамыту.
Тәрбиелік: Ғұндардың және олардың патшасы Аттиланың ерлігін баяндай отырып, оқушылардың елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ. Көрнекілік құралдары: Карта.кесте
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
1.Қанат қақты. Әр топқа сұрақтар беру арқылы оқушылардың білімдерін тексеру І-қатар 1.Қаңлы мемлекеті қай ғасырда құрылды? /Б.з.б.ІІІ ғасыр/ 2.Қаңлы тайпаларында билік қандай жолдармен қалдырылды?/Мұрагерлік жолмен/ 3.Қаңлылардың археологиялық ескерткіштерінің арасындағы ерекше орын алатын қорымды ата? /Көк мардан/ ІІ-қатар 1.Қаңлылардың халқының саны қанша? /600 мың адам/ 2.Қаңлылар қандай елдермен сауда байланыс жасады? /Қытай, Парфия; Рим,Кавказ/ 3.Қаңлылар мен үйсіндер арасындағы соғыс қай ғасырда болды? /б.з.б І ғ. ортасы/ ІІІ-қатар. 1.Қаңлылардың астанасы қалай аталды? /Битянь/ 2.Мүлік теңсіздігінің шығу себебі неде? /Әлеуметтік жіктелу/ 3.Қаңлылар қандай күштерге сыйынды? /Табиғат күштеріне және ата-баба рухына/
2.Самғау Сөзжұмбақтармен жұмыс. 1-қатар
|
Қ |
|
|
|
|
|
||
|
|
А |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ң |
|
|
|
|
|
|
|
|
Л |
|
||||
|
|
|
Ы |
|
|
|
|
|
1.Сыма Цянь қай елдің тарихшысы? 2.Қаңлылардың археологиялық мәдениеттерінің бірі? 3.Жетіасар мәдениеті қай өзен аңғарында орналасқан? 4.Қаңлы тайпасы айналысқан шаруашылықтың бірі? 5.Қаңлылардың 16 гектар жерді алып жатқан қала жұртын ата.
2 -қатар
|
Қ |
|
|
|
|
|
|
|||||
|
|
А |
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
Ң |
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
|
Л |
|
|
|
||||||
|
|
|
Ы |
|
|
|
|
|
|
|||
1.Саз балшықтан жасалған ыдыс түрі? 2.Қауыншы археологиялық мәдениеті табылған аймақ? 3.Қосымша айналысқан кәсіптерінің бірі? 4.Мал шаруашылығында ең көп өсірілген малдың түрі? 5.Қаңлылар қазіргі қай өзен бойында өмір сүрді?.
3-қатар
|
Қ |
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
А |
|
|
|
|
|
||||
|
|
Ң |
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
Л |
|
|
|
|
|
||||
|
|
Ы |
|
|
|
|
|
||||
1.Пұшық-Мардан қаласы маңында зерттелген қоныс? 2.Қаңлылар байланыс жасаған елдердің бірі? 3. Жетіасар мәдениеті таралған аймақ? 4.Қаңлылар табынған аспан денелерінің бірі? 5.Оң жағалауында Зах каналы қазылған өзен?.
3.Шарықтау. Берілген тапсырмалар бойынша әр топтағы оқушылар бірін-бірі жалғастырып ойды толықтыруы керек. 1. Қаңлылардың қоғамдық құрылысы. 2.Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы 3.Мәдениеті және діни-нанымдары. 4.Өткел ІІІ. Жаңа тақырыпқа өту кезеңі /Оқушыларға аңыз айтылады, осы арқылы жаңа тақырыпқа көшеміз/
ІV: Жаңа сабақ.
1.Ғұндардың тарихы. 2. Ғұндардың қоғамдық құрылысы. 3.Шаруашылығы мен тұрмысы.
1. Б.з.б І мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігінен Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның кең-байтақ кеңістігін әртүрлі тайпалар мекендеген. Қытай деректерінде , «ғұн» атауы б.з.б 3 ғасырдың аяғында пайда болған. «Ғұн» сөзі «гун, хунну» т.б атаулармен берілген. Ғұндар- ежелгі замандағы еліміздің далалық өңіріндегі көшпелі тайпалардың бірі.Ғұндар Қазақстан жеріне Орталық Азиядан б.з.б І ғасырдың соңы мен б.з І ғасырында келген. Дәл осы кезеңде Еуразияның ұлан-байтақ даласында , соның ішінде Қазақстан жерінде де, «Халықтардың ұлы қоныс аударуы » болды. Бес ғасырға жуық уақыт ғұндар кең далаға билік жүргізді. Ғұндардың тарихы Қазақстан жерімен тығыз байланысты. Қазақстан жерінен табылған археологиялық қазбалардан және қытай деректерінен ғұндар туралы көп мәліметтер алуға болады. Б.з.б 55 жылы ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар Хань империясына бағынды, ал солтүстіктегі ғұндар Монғолияның солтүстік батысындағы Қырғызнұр көлінің маңына орналасты.
2. Ғұндар 24 руға бөлінген. Әр руды ақсақалдар басқарған. Халық жиналысы, ақсақалдар кеңесі болған. Жиналыста ақсақалдар мемлекеттік істі талқылаған. Ғұндарда жеке отбасылық және мал мен жерге жеке меншік болған. Тұтқынға түскендерден, ішінара қол астындағы тайпалардан әкелінген еріксіздерден құлдар құралды. Құлдар негізінен үй қызметшісі, бақташы, жер жыртушы ретінде пайдаланылды. Мемлекеттің басында шексіз дара билік иесі шаньюй тұрды. Оған түменбасылар бағынды. Түменбасылар – бегзадалар көбінесе шаньюйдің балалары, інілері, жақын туыстары болды. Әрқайсысының тиесілі жерлері болды. Сонымен қатар олар мыңбасыларды,жүзбасыларды, онбасыларды тағайындады. Лауазым мен шен ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырды.
Қоғамдық құрылысы
Қоғамдық құрылысы
Түменбасылар /балалары, Інілері,жақындары/ |
Жүзбасылар |
Мыңбасылар |
онбасылар |
Шаньюй |
3.Мал шаруашылығы жақсы дамыды. Сонымен қатар егін шаруашылығы да маңызды рол атқарды. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ғұндардың негізгі баспанасы киіз үй болды.
V.Сабақты бекіту.
1.Кестемен жұмыс.
Сұрақ |
Жауап |
Ғұндарда қанша ру болды? |
24 ру |
Мемлекет басында кім болды? |
Шаньюй |
Құлдар қандай жұмыстарға пайдаланылды? |
Үй қызметшісі, бақташы, қолөнерші, жер жыртушы ретінде пайдаланылды. |
Кімдер түменбасы бола алатын еді? |
Балалары, інілері, жақын туыстары болды. |
Түменбасылар кімдерді тағайындады? |
Мыңбасыларды, жүзбасыларды, онбасыларды |
Ғұндарда лауазым мен шен қалай беріліп отырды? |
Ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырды |
2.Картамен жұмыс
1. Ғұндар және онымен көршілес тұрған тайпаларды картаға сызып көрсет. 2.Б.з. 93ж. Ғұндардың қоныс аударуы жолдарын көрсет. 3.Үйсін ,қаңлы ғұн тайпалары мекендеген қазіргі өзендерді картада көрсет.
3.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мәтінді толықтыр.
Ғұндар негізінен __________________тұрды. __________________________төсек және күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаған.Киіз үйдің төріне___________________________________________ т.б. іліп қоятын болған.Ғұн әйелдері құлағына_________________________________, саусақтарына________________________, шашына _______________________________________________________________ таққан.
4.Кестені толтырындар.
Қашан? |
Қайда? |
Қандай оқиға болды? |
Б.з.б 4 және 3 ғасырларда |
Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықта |
Ғұн тайпаларының бірлестігі құрылған. |
Б.з.б 55 жылы |
Ғұн мемлекетінде |
Ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. |
Б.з.б 3 ғасырдың аяғында |
Цинь патшалығы |
Ұлы Қытай қорғанын салды? |
Б.з.б. І ғ.соңы мен б.з.І ғ. |
Қазақстан жеріне |
Ғұндар Орталық Азиядан келген. |
Үйге тапсырма. §20-22 Оқушыларды бағалау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |