|
|
Етістікті қайталау.
Сабақтың тақырыбы: Етістікті қайталау.
Сабақтың мақсаты: 1. Етістік туралы алған білімдерін, білік дағдыларын бекіту,өз ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру. Дарынды оқушыларды анықтау.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Әдісі: Диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлік оқыту, бағалау.
Көрнекі құралдар: күннің суреті, интерактивті тақта.
Күтілетін нәтиже: Етістік туралы білімдері тиянақталып бекітіледі. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрену, дарынды балалар қабілеттерін анықтау.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. (3 мин.)
Психологиялық ахуал.
- Қазір кімнің көңіл-күйі өте тамаша, қол көтерсін!
- Кімнің досы осы сыныпта отыр, қол шапалақтасын!
- Кім өз-өзіне сенімді, қол көтерсін!
- Бүгін біздер сабақта не істейтінімізді білетін бала, қол шапалақтасын!
- Қазір не істейтінімізді білмейтін бала, қол көтерсін!
Үй тапсырмасын тексеру. «Автор орындығы» (3 мин)
ІІ. Ой шақыру. (5 мин)
Стикер арқылы топқа бөліну. Қызыл гүлдер 1-топ. Сары лимон 2-топ.Қызыл гүлдер артында (жүгірді, отырды, жазды), сары лимон артында (күлді, секірді, оқыды) сөздер жазылған. Тапсырма сол сөздерді қимылмен бір топ көрсетеді. Ал келесі топ сол сөзді тауып атайды.
- Ал енді осы сөздерге сұрақ қоямыз?
- Сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?
Мағынаны тану. (12мин)
«Етістік» деген сызба дөңгелектің артында бір сурет жасырылған. 1-слайд.
- Ненің суреті деп ойлайсыңдар?
Оқушылар бірнеше ойларын айтады. Жасырылынған сурет күн болып шығады. Күн тапсырмасын орындау. 2 слайд.
- Егер сағат 10-да мен жарқырап тұрсам. 24 сағаттан кейін жарқырап тұруым мүмкін бе? (Иә, мүмкін, себебі 24 сағат бұл 1 тәулік)
- Бүгінгі тақырыппен күнді қалай байланыстыруға болады?
Күнге байланысты бірнеше етістіктер айтуға болады. Мысалы: жылытады, шығады, батады, күлімдейді, шашады.
- Шығармашылық жұмыс. Осы етістіктерді пайдаланып, «Мен күнмін» тақырыбына 1-топ өлең құрастыру.
2-топ әңгіме құрастыру.
Сергіту сәті. (2 мин)
Ойын. Мақсаты: түрлі-түсті стикерлерге жазылған әрекетті қимылмен жеткізу.
Шашыңды тара, тісіңді тазала, бетіңді сүрт, қолыңды жу, бетіңді жу, қолыңды сүрт, құлақпен естиді, ауызбен тамақтану.
Деңгейлік тапсырмалар. (10 мин) 3 слайд.
1 деңгей. Көп нүктенің орнына етістікті қойып жаз.
Оқушылар аулаға гүл ......... . Балалар гүлге су........ . Гүл тез ........ . Гүлге көбелек ......... .
2 деңгей.
Дара етістіктіктерді күрделі етістікке айналдырып жаз.
Көрді, келді, оқыды, салды, лақтырды.
3деңгей.
Жалғасын тап.
Өнерлі өрге ........ .
Досы көпті жау ........ .
Сын түзелмей, мін .................... .
4 деңгей.
Шығармашылық жұмыс.
Жаңбыр жауады қалай?
Нелер? жүр ебелеп.
Гүлдерге не? қонады.
Көрінбей лезде не істейді?
Сабақ қорыту. (3 мин)
Жылдам жауап.
1-топ. Кез келген сөз таптарына қатысты сөз айтады
2-топ. Сол айтылған сөзге жылдам сұрақ қояды.
Рефлексия. (3 мин)
- Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай?
Алған әсерлерін жазып, күннің шуағына жабыстыру.
- Міне, күнімізде жарқырап шыға келді.
Бағалау. Әр топ басшысы бағалайды. (2мин)
Үйге тапсырма: 4-жаттығу Сөйлемдерді аяқтау. Тиісті етістікті орнына қойып жазу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |