Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Атомдардағы электрондардың қозғалысы.


Атомдардағы электрондардың қозғалысы.

Атомдардағы электрондардың қозғалысы.

Сабақ тақырыбы: Атомдардағы электрондардың қозғалысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заңның мәнін одан әрі аша түсу, негізгі топшадағы химиялық элементтердің атом құрылысы мен оның қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру.

Дамытушылық: Период, топ бойынша элемент атомындағы электронның орналасу тәртібі мен заңдылығын және элемент қасиетінің өзгеру себебін түсіндіру, білімдерін дамыта түсу.

Тәрбиелік: Химия пәні талап ететін ұқыптыллыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, әр тапсырмаға мұқият болуға, өзіндік талдау жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақ әдісі : аралас, сұрақ – жауап

Сабақ жоспары:1. Ұйымдастыру

2. Өткен тақырыпқа пысықтау сұрақтары

3. Жаңа сабақ

5. Жаңа тақырыпты бекіту

6. Бағалау

7. Үй тапсырмасы

Өткен тақырыптарға пысықтау сұрақтары:

Изотоптар дегеніміз не?

Химиялық элемент дегеніміз не?

Фтор атомындағы электрондардың энергетикалық деңгейлерге орналасуын көрсет. (протон, нейтрон санын анықта)

Жаңа сабақ:

Атом өте кішкене бөлшек болғанымен, оның құрылысы өте күрделі. Электронның қозғалыс траекториясы жоқ. Оның ядро маңындағы кеңістікте болу мүмкіндігі туралы ғана сөз етуге болады.

Атом моделінің электрон бұлтының құрылысы
Электрон бұлты оның ядро маңында көбірек болатын орнын, яғни кеңістігін  сипаттайды. Электрон бұлты болатын кеңістікті орбиталь деп атаймыз.  

Электрондық қауыз:

Атомның барлық электрондары жиналып электрондық қауызын құрайды.

Өзара энергиясы жуық электрондар атомның электрондық қабатын түзеді.

Электрондық қабаттар рет нөміріне қарай 1,2,3,4… деп белгіленеді.

Әр қабаттағы орбитальдардың өзіндік энергиясы мен пішіндері болады.

Шар тәрізді электрон бұлтын s-электрондар деп, ал орбитальдарды s-орбиталь д.а.

         Кейбір электрондар ядро маңында гантель тәрізді бұлт түзіп қозғалады, ондай электрондар p – орбитальдарын береді. Кеңістікте координаттардың 3 осі (x,y,z) бойынша орналасатындықтан рx,рy,рz орбитальдары деп бөлінеді 

Көптеген атомдардағы бірінші электрондық деңгейінің орбитальды диаграммасы жоғарыда көрсетілген.

Электрондық бұлттарды толтыру ережесі келесі:

1. Ең алдымен элемент атомында қанша электрон бар екендігін анықтап алу. Ол үшін сол элементтің ядро зарядын білсек болғаны, ол Д.И. Менделеевтің периодтық жүйедегі элементтің реттік нөміріне тең. Реттік нөмірі (ядродағы протон саны) барлық атомдағы электрон санына тең.

2. Бар электронмен 1s – орбитальдан бастап ұяшықтарды толтырамыз. Әрбір ұяшықта 1 не 2 электрон бола алады. Бір ұяшықта орналасқан екі электронды қарама – қарсы бағдаршамен белгілілейді.

3. Элементтің электрондық формуласын жазамыз.

Ұяшықтарды толтыру тізбегі:
1s 2s 2p 3s 3p 4s 3d 4p 5s 4d 5p 6s 4f 5d 6p 7s 5f 6d 7p

Жаңа тақырыпты бекіту:

  1. Орбиталь ұғымын қалай түсінесіңдер?
  2. Электронның ядроға тартылу энергиясы нені сипаттайды?
  3. Электрондық құрылым формуласы 1s2 2s2 2p6 3s2 3pболатын элементті табыңдар?
  4. «Электрондық» деңгейшелер деп нені айтады?
  5. С, Р элементтерінің электрондық құрылым формуласын жазыңдар.

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 57 Атомдардағы электрондардың қозғалысы.

Есептер жинағы: 104-105 бет 5-56, 5-57, 5-67, 5-68 жаттығуларды орындау              

 

                                  Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Нұрахметов Н., Сарманова К., Жексембина К. Химия: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулык. - Алматы, «Мектеп» баспасы. 2012ж-224б.
  2. Нұрахметов Н., Сарманова К., Жексембина К. Химия: Жалпы білім беретін мектептің 8-сынып мұгалімдеріне арналға кұрал. - Алматы, «Мектеп» баспасы. 2008
  3.  Темірболатова Ә. Хими: Есептер мен жаттығулар жинағы. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналган оқу құралы. - Алматы, «Мектеп» баспасы, 2012ж.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Атом құрылысы. Атом ядросының құрылысы. Изотоптар
Коваленттік байланыс
Коваленттік байланыс, полюсті және полюссіз байланыстар.
2 тарау бойынша қайталау сабағы
№2 бақылау жұмысы
Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымын негіздеу
Атом құрылысы. Атом ядросының құрамы.
Атом құрылысы. Атом ядросының құрылысы. Изотоптар
Менделеевтің периодтық заңының және химиялық элементтердің периодтық жүйесінің маңызы
Д. И. Менделеевтің периодтық заңының және химиялық элементтердің периодтық жүйесінің маңызы
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 14553 | Қосты: Чарибаева Алия Кенесовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык