|
|
Етістік.
Сабақтың тақырыбы: Етістік.
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушылардың етістік туралы берілген ұғымды кеңейту.Сөйлем ішінен етістікті табуды,оның басқа сөзбен байланысын анықтауды,сұрақ қоюды үйрету.
Дамытушылығы: сөз таптарын ажырата білуге,оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелілігі: оқушылардың адамгершілік сезімдерін ояту, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер, бүктемелер,
Сабақты өту әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын элементтері,шығармашылық әдіс.
Пәнаралық байланыс: математика,ана тілі,дүниетану,музыка.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
а)Ән ұран айту.
Ісін жырлап ізгінің,
Жіберейін тізгінін,
Елбасымыз тұрғанда
Бақыттымыз біз бүгін,-
Осыдан,бір ай бұрын 17-қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев,,Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ,,атты,Халыққа жолдауында «Қазақстан 2050 Мәңгілік елге» жету мақсатын алға қойды. Біз сол мақсатқа жету үшін, білімді азамат болып жетілуіміз керек.
ә)Психологиялық дайындық: Бүгінгі сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр.Осы қонақтарымыздың жәнеөзіміздіңкөңілдерімізді көтеру үшін,бір-бірімізге қарап,сәттілік тілейік.
Ақ ниетті тілекпен,
Ақ көңілді жүрекпен,
Амандасып алайық
Қонақтарды ізетпен.
-Ал,балалар,осы жақсы көңіл күйімізбен сабағымызды жалғастырайық.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Бүгінгі,сабағымызды ,,Шашу,,ойыны арқылы еске түсірейік.
Бұл ойыннан бір-бірімізге деген - сыйластық,кеңпейілділік , достықты көре аламыз.
-1. Сөз таптарды қанша және біз нешеуін білеміз?
-2. Зат есім дегеніміз не?
-3. Зат сеім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
-4. Атауына қарай зат есім нешеге бөлінеді?
-5. Зат есімнің тәуелденуі дегеніміз не?
-6. ,,Халқым, сөзін тәуелдеп бер.
-7. Дыбыс дегеніміз не?
-8. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-9. Туынды зат есімге мысал келтір?
-10. Жалпы есімдерді ата?
Бәрімізге ортақ ,,Сандар сөйлейді,, ойынын ойнайық.
-Балалар,осы аталып жатқан ,сөздер,сөйлемдер,дыбыстардан,әріптерден
құралып отыратындықтан сандарды сөйлетіп көрейік.
4. Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық
Түп-түзу,боп отырып,
Көркем етіп жазайық.
Көркем жазу үлгісіне.
Ее.... . Ермек балықтарға жем шашты.
5. Оқулықпен жұмыс.
1.Суретке қарап,ауызша жаттығуды орындау.
2.Әңгімеге ат қойып,сұрақтармен тапсырманы орындады.
2-жаттығуға қарап ,түсініп алайық.ондағы іс-қимылды білдіретін сөздерді тауып,көшіріп, сұрақ қойып өз бетінше орындау.
5- жаттығуды суреттердің көмегімен ондағы заттардың төлдерін қасына жазу арқылы не үйренгендеріңді тексер.
Бие ---------. Қой -----------.
Сиыр -------. Ешкі-----------.
Ит------------. Мысық-----------.
6-жаттығу.,,Сәйкестендіру тест,, арқылы жануарлардың дыбысталуын сызба арқылы орындау. Бие мөңірейді
Түйе бақырады
Қой үреді
Сиыр боздайды
Ешкі мияулайды
Ит кісінейді
Тауық маңырайды
Мысық ақырады
Шошқа қыт-қыттайды
Есек қорсылдайды
Етістікті тауып. сұрақ қою .
6.Шығармашылық жұмыс: Бес жолдық өлең құрастыру.
------------ ------------ баламын,
-------------- ------------- аламын,
------------- ------------- саламын.
-------------- ----------- барамын,
-------------- ------------ қаламын.
7.Сабақты бекіту: «Топтастыру» стратегиясы.
«Кім жылдам?» ойыны арқылы сабақтан алған білімдерін бекіту және жеңген балаға ертегі кітаптар тарату.
Түрлері Дара,күрделі
Сұрақтары Не істеді?,қайтті? не қылды?
8.Сабақты қорыту: «Инсерт» тапсырмасы бойынша өзіңді тексер.
Өлең оқып,сызба сыздық,
Дәптерге жазу түсірдік.
Сонымен біз сабақта,
Нені талдап,нені түсіндік?
-Қане ,балалар,сабақтан нені оқып,нені үйрендік? Мына инсерт бойынша өзіңді тексеріп көр.
-Етістікті қайталап шығу
8.Үйге тапсырма:
4- жаттығу. Сөйлем құрап келу
9.Мадақтап,бағалау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |