Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Егеменді ел қорғаны - Қарулы Күштер


Егеменді ел қорғаны - Қарулы Күштер

Тақырыбы. Егеменді ел қорғаны - Қарулы Күштер

Мақсаты: Қазақстан республикасы Қарулы Күштері мен олардың қызметтерінің Отан  үшін маңыздылығын түсіндіру.
Күтілетін нәтиже:  Оқушылар бейнебаян көру, тапсырмалар орындау арқылы ел қорғаған батырлар туралы мәлімет алады, қазақстан Қарулы Күштерінің атқаратын қызметінің маңыздылығын түсініп, өзіндік үғым қалыптастырады. 
Қолданылатын ресурстар: АКТ , «Машинка» ойыны «Миға шабуыл»,  « Кластер »,   «Венн диаграммасы»,  «РАФТ »,    «Мозайка», «Автобус аялдамасы» «Ыстық орындық» стратегиялары, даналық сөздер мен  өлең шумақтары. 
Сабақтың барысы:             
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар 
2мин Ұйымдастыру, топқа бөлу және топ ережесін еске түсіру.
 Бағалау критерийлері мен дескрипторларды белгілеу, келісу.
ҚР Қарулы Күштері суреттері бар үлестірме арқылы  бойынша үш таған, үш топқа бөлінеді.
Топ атаулары: ҚР Қарулы күштерінің Әуе қорғаныс күштері, Әскери теңіз күштері,Құрлық әскерлері күштері. Қима суреттер
 
 
6мин Үй тапсырмасын пысықтау.  «Мемлекеттік тіл»тақырыбы бойынша.
Интерактивті тақтада сәйкестендіру тестін алу.
 
Мәтін мазмұны бойынша топ аралық сұрақ-жауап сәтін жүргізу.
 
 
Тіл туралы жырлаған ақындарымыздың өлең шумақтарын мәнерлеп айтуға топ аралық сайыс жүргізу. Тест жауаптарын « Бағдаршам»белгілері бойынша көрсетеді. 
 
 
 
Топ арасында бір топ келесі топқа тақырып бойынша үш сұрақтан береді, сұраққа жауап берген оқушы дескриптор бйынша белгіленген ұпайын  алады.
 
Әр топ мүшелері ең жақсы жақсы мәнерлеп айтатын топ мүшесін өзара келісу арқылы сайысқа қатыстырады. Алынған ұпай барлық оқушыға беріледі.
Отан деген не? 
Біздің  отанымыз қалай аталады?
Біз қандай заманда өмір сүріп жатырмыз?
Бейбіт өмір мен Тәуелсіздік қалай келді деп ойлайсыңдар?
Әр заманның өз батырлары болды сол батырларды кімдер десек болады?
Біздің еліміз неше елмен шекаралас жатыр?
Біздің шекарамыз бен тыныштығымызды  кімдер қорғайды? 
Отан қорғау үшін кімдер қызмет атқарады?
Интербелсенді тақтадан суреттерді  көре отырып жауап береді. Ерлік,  батырлық туралы мақал –мәтелдер мен даналық сөздер айтады.
 Отан қорғаушылардың  әскери  адамдар екенін ұғынады. Жауап берген оқушы өз ұпайын алады. АКТ
 
6мин Бейнебаян көрсету арқылы өз топтарының атауларына байланысты түсінік қалыптастыру. ҚР Қарулы Күштері туралы бейнебаян тамашалау арқылы олардың қашан құрылғынын, олардың қызметінің маңыздылығын   біледі. Өз топтарының атауларына байланысты   түсінік қалыптастырып,  пікірлерін ортаға салады.
    АКТ
Бейнебаян «Мықты армия-мықты Қазақстан!»
2мин «Машинка» ойыны арқылы ҚР Қарулы күштерінің қолбасшылары туралы мәлімет беру. Алдын-ала барлық әріптерді  оқушыларға тарату.   Аталған әріп қайсы оқушының алдында болса, сол оқушы лар тақтаға шығып ретімен тізіліп тұрады. Терілген әріптерден ҚР тұңғыш Қорғаныс Министрі, Кеңес Одағының батыры ,армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов, қазіргі   Қорғаныс министрі Серік Ахметов сөздерін оқып, мәлімет алады, дәптерлеріне жазады.  
5мин «Мозайка»  стратегиясы   бойынша тапсырма беру. Мәтінді бөлікке бөлу, мәтіннің мазмұнын « Мозайка» стратегиясы бойынша  оқушылар өз бетінше оқып, талқылап, топ арасында түсіндіру жұмысын жүргізеді. Оқулық
8 мин Оқушыларға оқулықтағы мәліметтен басқа қосымша ақпарат беру, ой тастау, пікір қалыптастыру мақсатында батырлар туралы, Ұлы Отан соғысы оқиғаларынан  және соғысқа қатысқан Қазақстандық батырлардың ерлігі , соғыс кезінде соғысқа қатыспай-ақ ерлік көрсеткен еңбек ардагерлері туралы қысқаша бейнебаян көрсету. Батырлар суреттерін тарату.
 
. Әр топқа «Кластер» бойынша тапсырма беру.  
Қазіргі таңдағы әскерлер кімдердің ерлігі мен  әскери шеберліктерін үлгі тұтады?
Тапсырма орындауға уақытты музыкамен белгілеп отыру. Әр топ өз тапсырмасын орындап болған соң постерлерін топ арасында «Автобус аялдамасы» стратегиясы бойынша айналдырып, қалып кеткен мәліметтер ін толырады.
Оқушылар бейнебаяннан алған мәліметтерін, алған әсерлерін, алдыңғы білімдерін ұштасырып, «Кластер» арқылы суреттер жапсырып, постермен жұмыс жасайды.
 
 
Қазіргі таңдағы әскерлер кімдердің ерлігі мен  әскери шеберліктерін үлгі тұтады?
Сұраққа жауап беруде ізденіске түседі.
«Әуе қорғаныс күштері»     тобы Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандық  батырлар  және олардың ерлігі туралы мәлімет береді(Әлия, Мәншүк,Хиуаз  Бауыржан, Талғат,Қасым,Мәлік, Нүркен т.б 
 
«Әскери  теңіз күштері» тобы  әскерлер     адам  бойындағы қандай адамгершілк құндылықтарды ұстанып, бейбіт өмірдегі қандай адамдарды үлгі тұтуы мүмкін деген  тақырыпта мәлімет береді.
 
 «Құрлық әскерлері» тобы 15-18 ғасырдағы   қазақ хандары  тұсындағы  батырлары туралы мәліметтерін постермен жұмыс жүргізу арқылы береді.(Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай) 
Ватман қағазы, маркерлер, жапсыруға арналған батырлар суреттері, желім, т.б. 
2мин Сергіту сәті Сарбаздардың сапқа  тұру тәртібі бойынша қимылдар көрсетеді.
2мин «Пошта жәшігі» ойынын жүргізу арқылы Ұлы Отан соғысына қатысқан Сарыағаштық батырлар туралы мәлімет беру. Пошта жәшігінен « Сарыағаш» газетін алып, ондағы Сарыағаштық батырлар туралы мәліметті бір оқушы оқиды.
2мин
«Венн диаграммасы» стратегиясы бойынша  ҚР әскерлері мен басқа да азаматтарының Отан алдындағы борыштары мен міндеттерін салыстыру.
ҚР әскери күштері міндеттері, ҚР азаматтары және оқушылардың  Отан алдындағы ортақ міндеті мен парызын стикерлерге жазу арқыла тиісті орынға жапсырады.
 
«Отанды қорғау-оның әрбіразаматының қасиетті борышы және парызы» Әскер
               Оқушы
 
 
2 мин «Ыстық орындық»  
Сен өскенде әскерге барасың ба?
Әскерге неүшін барасың?
Әскери мамандықтар иесі болғың келеді ме?
Не үшін?
Әр топтан бір оқушы шығып сұраққа жауап береді.
2мин Арыстандай айбатты
Жолбарыстай қайратты, Қырандай күштіқанатты
Мен жастарға сенемін. 
                  М.Жұмабаев
Сабаққа қатысқандарына алғыс білдіру,  әр топ пен оқушының жинаған ұпай сандарын  жинақтау арқылы бағалау жүргізу.
Оқушылар өздері жинақтаған, топ басшылары,мұғалімніе  бағалауда берген  ұпайларын санау арқылы алдын-ала белгіленген критерийлер мен дескрипторларға сүйеніп, өздерінің қандай баға алғанын айтады. 17-18ұпай-«5» (д)
14-10 ұпай-«5»
Жұлдызшысымен
8-9 ұпай –«4»
7-5 ұпай жұлдызшасымен болса-«4»
4-3 ұпай –«3»
 
1мин Үйге тапсырма беру. « РАФТ» стратегиясы бойынша үш топ   алған әсерлері бойынша эссе, алғыс хат, өлең  шумақтарын жазады,  мәтінді оқып, батырлар, әскерлер туралы қосымша мәліметтер жинақтайды.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Егеменді ел қорғаны-Қарулы Күштер.
Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы
XVIII ғасырдағы қазақ батырлары
Ұлы жеңіске қосылған үлес
Қазақстандық батырлар. Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау
Жас ұлан әскери-патриоттық ойыны
ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Саптық адым
Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заң шығару негіздері
Ж. Жұмақанов «Әлияның ерлігі»
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4868 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык