Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұшақ құрастырып үйренейік


Ұшақ құрастырып үйренейік

Сабақтың тақырыбы: Ұшақ құрастырып үйренейік

Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларға ұшақ жайлы мағлұмат беріп, оның құрылысын қағаздан жасау жолдарымен таныстыру.
Ә) тәрбиелік: Эстетикалық талғамын арттыру, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Б) дамытушылық: Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін дамыта түсу, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
Сабақтың типі: Білімді,  іскерлікті, дағдыны жетілдіру
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіірме,  сұрақ- жауап  әдісі,  ойын.
Пән аралық байланыс: Бейнелеу, ана тілі
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, ребус, ұшақ  билеті,  инсерт  стратегиясы.
Қажетті құрал –жабдықтар: Қатырма қағаз, желім, қайшы, сызғыш. 
Сабақтың барсы: І Ұйымдастыру кезеңі
А)Оқушыларды түгендеу
Ә) Сабаққа даярлықтарын байқау
Б) Зейіндерін сабаққа аудару
ІІ Жаңа сабақ
Ребус арқылы  сабақтың тақырыбын ашу.
Кез келген басқа көлік түрлеріне қарағанда,  ұшақ              әлде қайда жылдам қозғалады. Ұшақтың қанаттары оны ауаға көтереді. 1903 жылы ұшақ көкке көтерілді.  Ол тоғыз қабатты үй биіктігіне дейін көтеріліп, ұшу 12-секундқа созылды. Ұшақтар жолаушылар таситын және жүк таситын болып екіге бөлінеді. Қазіргі кезде олар он мың метрге жуық биіктікке көтеріле алады. Ең жылдам ұшатын жолаушылар ұшағы «Конкорд» деп аталады. Ол «Бойнкге» қарағанда екі есе жылдам ұшады. Ұшу мен қонуға арналған жол алаңы  бірнеше шақырымға жетеді. Әрбір ұшақ ұшар алдында дайындықтан өткізіледі. Авиатехниктер ұшақтың жабдықтарын тексереді. Арнаулы жұмысшылар оның іші-сыртын тазалап жанармай құяды. Әуежай аумағында  жолаушыларға автобустар қызмет етеді. Ұшақты командир  мен бортинженер басқарады.  Оларға компьютерлер көмектеседі. Ұшқыштар радио байланыс арқылы жермен сөйлесіп отырады. Ұшақта жолаушылар үшін сапардың ойдағыдай өтуіне барлық жағдай жасалған.
    1961 жылы 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет ғарышқа адам ұшты. Ол Юрий Алексеевич Гагарин.108 минут ішінде ол «Восток» ғарыш кемесімен Жер шарын айнала сапар  шекті және белгіленген ауданға келіп қонды. Гагариннің ұшуы адамның ғарыш әлемінде болуы және жұмыс істеу мүмкіндігі барын көрсетті.
   Сендер мектепті бітіріп, денелеріңді шынықтырып, техника негіздерін меңгергеннен кейін егер қаласаңдар, өздерің де ғарышкер бола аласыңдар.  Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров  пен Талғат Мұсабаев ағаларың сияқты еңбек сүйгіш болып өсу керек. Ең бастысы жеңіл  техникалық заттарды өздерің жасай білулерің керек. 
Еңбек сүйгіштік – сендердің армандарыңа апаратын жол. Егер өздерің жасаған ұшақтың үлгісі әуеде бірнеше секунд ұша алса, мұның өзі үлкен жетістік.
Оқушылардың ұшақ, ұшқыш туралы білетін тақпақ, жұмбақ, нақыл сөздерін тыңдау.
 
Жазира Әбутәліп Қиялындай қиыр кезген ақынның.
Ұшып бара, ұшып бара жатырмын,
«Қош!» деді де, қошеметтеп қалды жер,
Құшағында жиырмасыншы ғасырдың.
Дилназ Нышанбекова Көңіл дария, ойы аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан,
Ай, күнімен аспанның
Әзілдескен, сырласқан,
Ұшқыш болғым келеді!
Ақниет Сламбекова Мөлдір тұнық  көк аспан,
Сол аспанға жарасқан,
Сомолеттей сұңқармын.
Ұшқан құспен таласқан, 
Ұшқыш болғым келеді!
Диас Базарбай Құстай Ұшар
Қанатты тұлпар.   (ұшақ)
Жұмыс алдында қауіпсіздік ережесін ескерту. 
Қағаздан ұшақ жасату:
Сергіту сәті: «Мен күнмін» ойыны.
Сенімділікті арттыруға арналған ойын. 
Күннің суретін салып, ортасына «Мен күнмін» деп жазып, оқушылар күннің әр сәулесіне өзінің жақсы қасиеттерін, жетістіктерін, өнерін жазады. Неғұрлым күннің сәулесі көп болса, соғұрлым балалардың да шапағаты көп болғаны.
ІІІ Жаңа сабақты бекітемін: Ұшақ билеттеріне жазылған сұрақтар
1. Ұшақтың қандай түрлері болады?
2. Ұшақты кімдер басқарады?
3. Ең жылдам жолаушылар ұшағы қалай аталады?
4. Т.Әубәкіров пен Т Мұсабаев ағаларыңды білесіңдер ме? Олар кімдер?
5. Ғарышкер болу үшін не істеу  керек?
6. 1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш рет ғарышқа кім ұшты?
Бағалау: Оқушыларды жасаған еңбектеріне қарай бекіту сұрақтары арқылы бағалаймын.
Қорытындылау:
Не білдім? Нені білгім келеді? Нені үйрендім?

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақ ғарышкерлері :Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев
»Ғарышқа саяхат»
Сөйлем. Ғарышқа ұшу
Ғарыш туралы алғашқы түсінік Жұлдыз. Планета. Галактика туралы мәліметтер
Ғарышты игеру
Ұшақ құрастырып үйренейік
Ғарыш және Қазақстан
Еңбек қаласына саяхат
Ғарыш әлемі
Қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 9650 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык