Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Шырша



Шырша

Шырша ( лат. Pіcea) – қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты, мәңгі жасыл ағаш. Шырша – қарағай тұқымдасына жататын биіктігі 30-50 м, баяу өсетін қылқанжапырақты ағаш. 15-20 жылға дейін өте жай, кейін жылына 30 см-ге дейін өсетін болады.
Мәңгіжасыл өсімдік болғанымен, 6-12 жылда қылқандарын кезекпен түсіріп, жаңарып отырады. Өсе келе жан-жағына жайыла түсетіндіктен, олардың бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кемінде 6 м болғаны дұрыс. Осы себепті де оны тар аулалардан гөрі, арнайы бақтарға, кең ауласы бар балабақша, мектеп алаңқайларына еккен жөн. Шыршаны ауа тазартатын ерекше қасиетіне қарай, аурухана,шипажайлардың маңына көптеп еккен дұрыс. Шыршаның түрі өте көп. Оның ішінде қылқанының түсі көк, қызғылт, сарғыш және ашық жасыл түрлері көгалдандыруда үлкен қолданыста. Шығыс шыршасының қылқаны сары немесе алтын түстес, ине қылқанды шыршаныкі көк, көкшіл, кәдуілгі немесе еуропалық шыршаның қылқаны қою жасыл, балқандық шыршаныкі күміс түсті немесе сұр болады. Дүние жүзінде 50-ге жуық түрі бар. Түрлеріне қарай 50-150 жыл аралығында өмір сүреді. Қазақстанның таулы аймақтарында бірнеше шыршадан құралған ормандар бар, ал көгалдандыруда он шақты түрі қолданылады. Олардың арасында бойы бір метрден аспайтындары да бар. Тіпті соңғы уақытта жерге жайылып өсетін түрлері де елімізде жерсіндіріліп жатыр. Ботаника бағында олардың орны ерекше. Сондықтан сұрыпты, қылқаны көк немесе ашық жасыл түрлерін отырғызған абзал. Шыршаның ағашы жұмсақ, жеңіл және мықты емес. Сондықтан құрылыста, ағашты қайта өңдеуде қолданылады. Шыршадан жасалған музыкалық аспаптардың дауысы керемет болады. Шырша өнімінен қағаз және қатты қатырма қағаздар алады. Шыршаны жол жиектеріне жел ұстағыш ретінде егеді. Тұқымы, яғни бүрі орман құстары мен кеміргіштеріне тамақ ретінде қызмет етеді. Діңінің қабығы тері илеуде қолданылады. Көптеген елдерде жаңа жыл ағашы ретінде танымал.
Күтімі:
Шыршаның барлық түрі күн көзін жақсы көреді. Сұрыпты түрлері жеңіл топырақты, ық жерлерде жақсы өседі. Жыл сайын сынған, майысқан бұтақтарын кесіп, реттеп отыру керек.
Көбейтілуі:
Тұқымы және қалемшелеу арқылы көбейтіледі. Мектеп ауласын көгалдандыру үшін биіктігі 0,7-1 м деңгейіндегі дайын көшетін сатып алып отырғызған дұрыс.
Шырша туралы тақпақ:
Қыста да, жазда, күзде де
Тұрады жасыл түске еніп.
Шипасы мол шыршаның,
Тыңайтар бізге күш беріп.
Сипаттамасы:
Тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдейді, тұқымы тамыз – қыркүйекте піседі. Жемісі – дәнек. Көлеңке сүйгіш ағаш, 300 – 500 жыл жасайды. 
 
 
Жаңа жылдық шырша
Жаңа жылдық шырша - қыста тойланатын Жаңа жыл мейрамының негізгі нышаны. Мерекені шаршасыз елестету мүмкін емес. Қазіргі күні жасанды шыршалардын да түрі көп. Бір күндік мерекеге табиғи шыршаны кесіп акеліп безендіргеннен біздің ұтарымыз жоқ. Сол себептен жасанды шаршаларды пайдаланғанымыз жақсы болар. Балалардың көбі жаңа жылдық шыршаның жасанды не табиғи екеніне мән бермейді. Сондықтан табиғатқа зиян келтірмей, жасанды шыршамен де мерекені өткізуге болады.
Пайданалынған әдебиеттер
1. Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.Қылқанжапырақтылар: Дидактикалық материал - Алматы, 2010 - 14 бISBN 978-601-7237-07-3
2. Интернет материалдар
 
Мазмұны
• 1 Өсімдік туралы
• 2 Күтімі
• 3 Көбейтілуі
• 4 Шырша туралы тақпақ
• 5 Сипаттамасы
• 6 Пайдаланылған әдебиеттер

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құтты болсын, жаңа жыл!
Жаңа жыл –жаңа жыр
Баланың логикалық ойлауын дамыту.
Табиғат зоналары
Жоғалған қыс атты жаңа жылдық экологиялық ертегі
Кішкентай гномдар
Шырша ойыншықтарын құрастыру
Қатты материалдан жасалатын үй жиһазын жобалау ерекшелігі
Ашық тұқымды өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын қорытындылау
Шырша жыры
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 19490 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык