Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
Құрметті сайт қолданушылары ұстаздар сайты домендік атауының өзгергенін хабарлайды. Сайттың жаңа домендік атауы www.u-s.kz .
Загрузка...
Загрузка...
» » Көкөністер дүкенінде

31-01-2015, 08:58
Көкөністер дүкенінде
загрузка...

Қазақ тілі. 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Көкөністер дүкенінде
Сабақтың мақсаты: «Азық-түліктер» тақырыбы бойынша оқушылардың білімін бекіту.
Міндеттері:
Білімділігі: 1. Мәтіндегі сөздерді түсініп,дұрыс қатесіз оқу дағдыларын бойынша жұмысты жалғастыру.
2.Көптік жалғаулар қолданып грамматикалық тақырыпты бекіту.
Тәрбиелік: Көкөністерді, жемістердің адам өміріне келтіретін пайдасы туралы тәрбиелік әңгіме айту.
Дамытушылық: дамыту.Сауатты жазуға үйрету.Сөздік қорын байыту арқылы сөйлеу дағдысын күшейту.
Көрнекіліктер:оқу құралы, суреттер,сызбалар, үлестірмелі дидактикалық материалдар, тақта.

Сабақтың түрі: Оқушылардың білім - білік дағдыларын тексеру сабағы.
Әдіс- тәсілдері:Әңгімелесу,сөйлесу,сұрақ-жауап, ойландыру,түсіндіру, жаздыру,ойын ойнау.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. а/Сәлемдесу,түгендеу,сабаққа дайындықты тексеру. Қызығушылықты ояту үшін психологиялық дайындық жасап 3-ке дейін санаймыз. а/ Фонетикалық ойын.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.
1-2 топ мысал келтіреді,3-топ дұрыс атайды.
ә/ Тіл дамыту сұрақтары:
- Сенің атың кім?
- Фамилияң кім?
- Нешінші сыныпта оқисың?
- Сен неше жастасың?
в/ Ортапедиялық отыру тәртібін еске салу.
I.
II. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Көкөністер дүкенінде».Дүкенге себетпен барады. Сондықтан әрқайсыңа себет таратамын. Себетке дұрыс жауап берген бала қызанақ жинайды.Сол себепті жауап беруге тырысайық.
Бүгін бізде ерекше сабақ. Тостағанда асықтар бар. Соларды санайық. Кәне неше асық бар? 7 саны қасиетті сан.Кезекпен алайық. Әр асықта тапсырма бар. Кәне кім бірінші асықты алады.
III. Логикалық ойын «Төртінші артық» Камила,Амина,Саша жалпы атауына да айтады ал Сайд, Марина артығын табады.

IV. Сөздікпен жұмыс. Қоржыннан көкөністер мен жемістерді алу, атау
/Деңгейіне қарай толық, не жартылай жауап беру/
- Мынау не? - Мынау пияз,сәбіз, қияр, картоп,қызанақ, қызылша, орамжапырақ.
-Мынау не? -Мынау алма, алмұрт, шие, алхоры, анар, шабдалы, жүзім,өрік.
- Мынау не? - Мынау нан, май, шай, сүт, айран,қант, шұжық,ірімшік.

V. Сөйлесу «Көкөністер дүкенінде»
2-деңгей 3- деңгей
- Сәлеметсіз бе! - Сәлеметсіз бе!
- Не аласыз? - Не аласыз?
- Картоп беріңізші - Картоп
- Алыңыз. Картоп қандай? - Рахмет.
- Картоп үлкен, домалақ, қоңыр.
- Рахмет. Дұрыс. Алыңыз
- Сіз не аласыз?
- Алма беріңізші.
- Алыңыз Алма. қандай?
- Алма қызыл, тәтті.
- Қызанақ беріңізші.
- Қызанақ сары, дәмді.
- Рахмет. Дұрыс. Алыңыз

VI Мәтінмен жұмыс:
1.Үнтаспада мәтін тыңдалады.Оқушылар мәтіннен қарап,отыруы тиіс.
2.Оқушыларға оқыту.
3.Әрбір сөйлем аударылады.
4.Сұрақ қойылады. Бұл не? Дүкен қайда? Дүкенде не бар? Мен не сатып алдым?
Сұраққа 2-деңгей жауап береді
VII. Тақтамен жұмыс: Көпше түрінде жазыл жемістердің жекеше атын дәптерге жаз.
Алмалар – алма Шиелер – шие
Алмұрттар - алмұрт Өріктер- өрік
Қарбыздар – қарбыз Сәбіздер – сәбіз
Сергіту сәті «Не деу керек?»
VIII. Жеке карточкамен жұмыс..Сөйлемді жазу /Саша 1сөйлем/
IX. Бекіту. «Сөз бен зат» ойыны
X. Қортындылау. Бағалау Үйге:100 бет,4-тапсырма
- Бүгінгі сабақ ұнады ма? Олай болса мына белгілер б/ша бағалайық
- өте жақсы; – жақсы; – орташа;

Загрузка...

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Аңдар мектебінде.Емес болымысыздық шылауы
Жемістердің түрлері.
Бақша өсімдіктері Көкөністер
Шырынды және құрғақ жемістермен танысу
Жемістер
Жемістер
Азық- түліктер
Әлібек, бұл-көкөністер
Дүкендер
Жемістер. Көкөністер
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 1479 | Қосты: Тоқтасынова Нұргүл Алдабергенқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Загрузка...
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык
Жаңалықтар