Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Киіз үй



Сабақтың тақырыбы: Киіз үй

Сабақтың мақсаты:   1.  Мәтін  мазмұнын, берілген тапсырмаларды игерту 
арқылы сөздік қорды кеңейту, сөйлеу тілдерін 
қалыптастыру ,септіктерді  қайталау.
2. Ауызекі сөйлеу  тілдерін жетілдіру, 
дүниетанымдарын кеңейту, топпен жұмыс, жеке жұмыс түрлеріне дағдыландыру. Пәнге  қызығушылықтарын арттыру.
3. Қазақ халқының  салт – дәстүрлерін, қол - өнерін  дәріптей отырып, елжандылыққа тәрбиелеу.  Эстетикалық талғам  қалыптастыру.
Сабақтың түрі:  Аралас сабақ.
Сабақтың  әдіс-тәсілдері:  сұрақ- жауап, көрнекілік, деңгейлік тапсырмалар-
мен  жұмыс
 
Сабақтың  көрнекілігі:  киіз үй макеті,  слайдтар
 
Сабақтың барысы: 
І.  Ұйымдастыру кезеңі.
1. Ой шақыру  жұмбақ шешу
ІІ.  Грамматикалық  жаттығу.
Киіз  үй
 
1 -қатар 2 -қатар 3 -қатар
фонетикалық талдау септеу көптеу
 
ІІІ.  Жаңа сабақ.
1.  Миға шабуыл
• Киіз  үйге кіріп, болмаса құруға  көмектескендерің  бар ма, балалар?
• Киіз үйдің  құрылысы жайлы білеміз бе?
• Киіз үйдің  қандай түрлері болған?
 
2. Слайдтарды  қарау.
3. Мәтінмен  жұмыс.
Киіз  үй.
Киіз  үй -  қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп -  қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы. Жазда  ауасы  таза  әрі  салқын.  Қыста қазақтар  киіз  үйдің  сыртқы киіздерін  қабаттап  жауып, қыстап шыға берген. Киіз  үй ұйытқып қатты соққан дауылдан жығылмайды, нөсерлеп жауған жаңбырдың суын өткізбейді.
Халқымыз  ХУІІІ ғасырдың  екінші  жартысында ғана балшықтан, шымнан қыстық үй (қыстау) сала бастағанымен, киіз үй  осы  күнге  дейін бірге жасасып  келе жатыр.
Қазақтың киіз  үйі ішкі  қаңқасы (ағашы) мен сыртқы  жамылғысына  (киізі) қарай төрт қанат, алты қанат, сегіз қанат, он екі қанат болып бөлінеді.
 
4.  Сөздік  жұмысы
Киіз – кошма қатты соғу – сильный
Көшіп қонғанға – к переезду жығылмайды – не падает
Шапшаң – быстро нөсер -  сильный дождь
Тігу – собрать (юрту) балшық – глина
Ыңғайлы – удобный шым – дерп
Қытап шыға беру – зимовать жамылғы – покровь
Ұйытқу – трепать қанат – здесь: часть кереге
Сөз Аудармасы Сөз тіркесі Синонимдік  қатар Сөйлем құру
 
ІУ      Бекіту.
1.  Деңгейлік  тапсырмалар орындау
ІІІ  деңігей   1.  Мәтіннен  септік  жалғауы бар сөздерді  теріп жазып,
жалғаулардың  астын сыз.
2. Мәтін бойынша шағын сөйлесу құра (жұптық жұмыс)
ІІ деңгей      1.   Мына төрт  бағанға  мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп 
жазыңдар.
Ілік септік Барыс септік Жатыс септік Көмектес септік
2. Мәтінді  аударыңдар.
І деңгей    1.  Мәтінді  мазмұнда
2. қосымша  әдебиетті   пайдаланып, «Киіз үй» деген тақырыпта реферат дайындаңдар.
3.  «Дұрыс пен бұрыс!»
р/с Сөйлемдер дұрыс бұрыс
1 Киіз үй – қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы.
2 Киіз үй – тез жиналмайды, құрылуы да қиын.
3 Киіз үй дауыл соқса да жығылмайды.
4 Қазақтар киіз үйде қыстаған.
V. Ой қорыту. Сұрақ – жауап.
1 қатар 2 қатар 3 қатар                      
  УІ. Үй тапсырмасы.  1. Сөздік жаттау.Киіз үй туралы толық мәлімет жинау.  УІІ.Бағалау.
УІІІ. Қорытындылау.
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Киіз үй –көшпелілердің баспанасы
Киіз үй –көшпелілердің баспанасы
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Киіз үй
Үй жиһаздарының негізгі бөліктерін, жиһазды құрастырғанда қолданылатын біріктірушілерді дайындау
Киіз үй бөлшектерін құрастырып бекітудің әдіс-тәсілдері
Өзара кері есептер
Өзара кері есептер
Киіз үй жиһаздары
Киелі киіз үй.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6803 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык