Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сөздердің байланысу түрлері


Сөздердің байланысу түрлері

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың сөздердің байланысу түрлері туралы алған білімдерін нығайту,бір жүйеге келтіріп қорыту,теориялық білімін бағалау.                     
Дамытушылық: ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды туған тілі-қазақ тілін қүрметтеуге, дамытуға, адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,тірек сөздер,тірек сызбалар,кесте.
Сабақтың  барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Үйге берілген тапсырманы сұрау.
3. Жаңа сабақ.
4. Жаңа сабақ бойынша жаттығу.
5. Сабақты пысықтау.
6. Бағалау.
7. Үйге тапсырма.
 
Үй тапсырмасын сұрау.
 
1.Сұрақтар:
1.Сөздердің байланысу тәсілдері қандай?
 2.Сөздердің жалғау арқылы байланысу тәсіліне он сөз тіркесін жаз(2 мин.)
1. Шылаулар арқылы байланысқан сөз тіркестерін жаз.
2. Орын тәртібі  арқылы байланысқан он сөз тіркесін жаз.
3. Интонация арқылы байланысқан сөздер. 
 
 
2. Көркем шығармадан жазып келген сөйлемдердегі сөздердің байланысу тәсілін талдау.Мысалы: Аймен аталас емеспіз,күнмен баталас емеспіз,бұлтпен туысқанымыз жоқ,сол күні жауған жаңбырмен жуысқанымыз жоқ.
 
                Сөз тіркесі Байланысу тәсілі
Аймен аталас                                     Ай+мен көмектес септік жалғауы  
Күнмен баталас                                 Күн+мен  көмектес септік жалғауы
Бұлтпен туысқанымыз жоқ              Туыс-қан-ымыз т.ж 1 жағы
Жаңбырмен жуысқанымыз жоқ       жаңбыр+мен көмектес септік жалғауы
Сол күні жауған         орын тәртібі арқылы.                 
Аталас емеспіз                    орын тәртібі арқылы  
Жаңа сабақ:   Сөздердің байланысу түрлері
(1) Қиыса байланысқан
сөз тіркестері.
қиысу
2.Матаса байланысқан  сөз тіркестері.
матасу
3.Меңгере байланысқан сөз тіркестері.
меңгеру 4.Қабыса байланысқан сөз тіркестері.
қабысу 5.Жанаса байланысқан сөз тіркестері.
жанасу
Баяндауыштың
бастауышпен жақ жағынан үйлесе байланысқан түрі. Біріншісі зат есім немесе затталған  сөз ілік септік жалғауында, екінші сөз
тәуелдік жалғауында келу арқылы байланысу. Барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары мен септеулік шылаулар арқылы байланысқан түрі. Орын тәртібі жағынан іргелес тұру арқылы байланысқан түрі. Орын тәртібі жағынан іргелес тұрып та, алшақ тұрып та байланысуы.
Санжар өлеңді жақсы айтқанмен, өзін көрсете алмай жүр. Ана тілі-бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Экологияны сақтайық, соған ат салысайық. Мәліктің талдырмаш жас денесі баяғы сол арықтау қалпында. Шақырылған қонақтар кештете келді.
Санжар көрсете алмай жүр
Тапсырмалар:
1 –тапсырмасы.  
1.Мәтіннің мағынасын түсініп оқы.
  Мәтін ішінен сөз тіркестерін жасап,байланысу түрін анықта.
 
   Естілген сөзді ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі-көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші-сол нәрсені көргенде, я естігенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұншығып, ынтамен ұғу керек. Үшінші-сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек. Төртінші-ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.
                                                                             А. Құнанбайұлы.
                                                                             Отыз бірінші сөз.
2) Сөздердің байланысу түрін сызба түрінде көрсетіп түсіндір.
3-тапсырмасы
1) Бүгінгі сабақ барысы туралы ой толғау  жазу.
2) Шығарма тақырыбы:
1. Адал достық.
2. Табиғат аясында.
3. Басты байлық - денсаулық.
1. Суретте.  Өз досының бейнесі.
2. Салыстыр. Сөздердің байланысу тәсілдерін салыстыр.
3. Суретте. Табиғат көрінісі.
4. Салыстыр. Сөздердің байланысу түрлерін салыстыр.
 
«ТОПТАУ» СТРАТЕГИЯСЫ:
ТЕСТПЕН    ЖҰМЫС
 
1. Матасуды табыңыз.
   А.  Он күн.                                           Д. Жылы сөз.
   В.  Көкке қарады.                                Е.  Қаланың іші.
   С.  Ұзын бойлы.   
2.  Есімді қабысу.
    А. Қара шашты                                  Д. Дауыстап сөйледі
    В. Жоғары шықты.                            Е.  Жақсы оқиды.
    С. бырт-бырт үзді                              
3. Меңгеруді белгіле.
   А. Жас-кәрінің тілегі                          Д.  Ертелі - кеш дайындалды.
   В. Ұлжан да күлді.                              Е.  Бақытты болашақ.
   С.  Бөжейді жоқтады.
4.  Қиыса байланысқан сөз тіркесі.
   А. Бағдарлап қарады.                           Д. Бірге дайындалды.
   В. Отанға оралу.                                   Е.  Сәбит дайындалды.
   С. Жіп-жіңішке темір.                                         
5.  Жанасуды  тап.
   А. Күз аспаны.                                      Д. Қалың кітап.
   В. Үй іші.                                              Е.  Сіз барасыз.
   С.  асығып-үсігіп киінді.
6. Орын тәртібі арқылы байланысқан сөз тіркесі.
   А. Хат арқылы жеткізді.                       Д. Туған жерге.
   В. Ұстазымнан үйрендім.                     Е.  Абайды оқыдым.
   С.  Марат-студент.
7. Жалғау арқылы байланысқан сөз тіркесі.
   А. Қаз-қатар тізілді.                              Д. Сен үшін келдім.
   В. Сіздің арқаңызда.                             Е.  Кеңесіп пішкен тон
   С. Екпінді жел.                                          
8. Интонация арқылы байланысқан сөз тіркесі.
   А.  Тарс-түрс дауыс.                             Д. Бұл - жігіт.
   В.  Қып - қызыл көйлек.                       Е.  Қара торы.
   С.  Оспан кіріп келді.
9. Сөздердің байланысу түрлері қанша?
   А.  5                                                        Д.  6 
   В.  4                                                        Е.  2
   С.  3
 10. Ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің тіркесуі.
   А.  Матасу                                              Д.  Жанасу
   В.  Меңгеру                                            Е.  Қиысу
   С.  Қабысу
5. Сабақты пысықтау.
6. Оқушыларды бағалау.
7. Үйге тапсырма:
Көркем шығармалардан  сөйлем  жазып, сөздердің
байланысу түрін ажырату.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Матасу
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдеріне қарай құрылысына, олардың түрлеріне жаттығу жұмысы.
Матасу
Синтаксис тарауы бойынша қайталау сабағы
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сөздердің байланысу түрлеріне жаттығулар
Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері тақырыптары бойынша
Сөздердің байланысу түрлері
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сөздердің байланысу тәсілдері
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 15379 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык