Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
Құрметті сайт қолданушылары ұстаздар сайты домендік атауының өзгергенін хабарлайды. Сайттың жаңа домендік атауы www.u-s.kz .
Загрузка...
Загрузка...
» » Синонимдер

4-06-2014, 21:10
Синонимдер
загрузка...

Сабақтың тақырыбы Синонимдер

Сабақтың мақсаты :
а)Мағыналары бір-біріне жақын сөздер,яғни синонимсөздер туралы толық мәлімет беру ;
ә)  Оқушылардың өз бетінше іздніспен топта жұмыс істеу қабілеттерін дамыту,басқаларды тыңдау,өз көзқарасын  дәлелдеп қорғай білу қабілетін,сонымен бірге қазақ тілінің лексика тарауынан алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білу дағдыларын арттыру;
б) Сұхбаттасыу мәдениетін қалыптастыру,тиянақты тұжырым жасауға баулу,оқушыларды адамгершілік,қайрымдылық,бірлік,достық,бауырластық рухында тәрбиелеу.
Мазмұнға байланысты міндеттері :  синоним сөздердің мол әрі орынды қолданылуы сөйлеушінің тіл байлығы мол екендігін ғана емес,сонымен бірге оның қолданылуындағы талғампаздығын да танытатындығының сырын ашу.
СТО – ға байланысты міндеттері : болжау жасау,мәтінді талау,салыстыру арқылы оқушы қиялын дамыту.
Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеттері : бірлесе жұмыс істеу,өз пікірін білдіруге,дәлелдеуге үйрету.
Сабақтың көркемділігі : синоним сөздерге арналған сызба,кеспе қағаз,буклет,бағалау парағы,синонимдер сөздігі.
Сабақтың түрі :танымдық әрі жарыс сабақ.
Сабақтың өту әдісі : сұрақ-жауап,жарыс, «Топтастыру»  стратегиялары, «Идеялар тақтасы», «Жиг СО-1».
                                              Сабақтың барысы.
  Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларын ұйымдастырып,сабаққа бейімдеу.
  Негізгі кезең.
  Қызығушылықты ояту сатысы.Ой қозғау.
  Мағыналары мәндес,яғни бір-біріне жақын сөздерді білесіңдер ме?
  Оқушылардың келтірген мысалдарын «Идеялар тақтасына» жазамыз.
  Мағынаны ажырату.
  Әр топтың оқушыларына тапсырма беріледі.
  1-тапсырма. Мағыналары бір-біріне жақын,бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады.Синонимдер мынадай блгілеріне қарай топтастырылады : 1) сөздің дыбысталуында өзгешелік болу керек ; 2) сөздер бір ғана ұғымды білдіреді ; 3) сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы тиіс.
  2-тапсырма. Бұған қосымша синонимдер мәтінді бірін- бірі  алмастырған жағдайда ғана сөйлем мүшесінің ( не толықтауыштың,не анықтауыштың,не пысықтауыштың,не баяндауыштың,не бастауыштың ) қызметін атқарады.
  Мысалы : ас,тамақ,дәм,тағам,ауқат дегендер бір-біріне синонимдес сөздер.Бұлар дыбысталуы,жазылуы жағынан әр түрлі.Бірақ бәрінің беретін ұғымы – адам баласының жейтін қоректік заты.Бесеуі де сөз табы жағынан зат есім болады.Қонақтарға арналған ас өте дәмді болды  деген сөйлемдегі ас сөзінің орнына қайсысын қойсақ та,бұлар бір ғана не деген сұраққа жауап беріп,сөйлемде бастауыш қызметін атқарады.
  3-тапсырма. Қазақ тілі – синонимге бай тіл.Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында кездеседі.Зат есімдерден болған синонимдер : өң,түр,түс, келбет,пішін,ажар,көрік,әлпет,кескін,рең,дидар,шырай. Сын есімдерден болған синонимдер : салмақты,сабырлы,байыпты,ұстамды. Етістіктерден болған синонимдер : амандасу,сәлемдесу,есендесу. Үстеулерден болған синонимдер : тез,жылдам,шапшаң,лезде.
  4-тапсырма синоним сөздердің мол әрі орынды қолданылуы сөйлеушінің тіл байлығы мол екендігін ғана емес,сонымен бірге оның сөз қолдануындағы талғампаздығын да танытады.Синонимдерді көп білу бір сөзді қайталай беруден де арылтады.
  5-тапсырма Синонимдік қатарға енетін сөздердің бәрі бірдей бірінің орнына бірі жұмсала бермейді.Өйткені кейбіреулерінің басқа сөздермен тіркесу қабілеті шектеулі болады. Мысалы,биік пен бойшаң өзара синоним сөздер болғанымен,тау сөзімен тіркескенде бірінің орнына бірі қолданылмайды :биік тау деп айтылғанымен,бойшаң тау деп айтылмайды Кәрі,қарт  деген синонимдердің кәрі сөзі адамға да,малға да қатысты сөздермен тіркесе береді де, ал қарт сөзі адамға қатысты сөздермен ғана байланысқа түседі : қарт адам деп айтуға болса,қарт жылқы деп ешқащан да айтылмайды.
  «Отбасы» тобында осы тақырыпта оқып талдайды.
  «Жұмысшы» тобына топтасады.Мұнда мәтін рет-ретімен түсіндіріледі,талданады.Қайтадан «Отбасы» тобына топтасып,мәтінді тағы талдайды.Сосын жалпы ортақ ойды параққа түсіреді.Жасалған жобаны тақта алдында қорғайды.
    Міне,осы «ЖИГ СО - 1» тәсілі арқылы оқушылар жаңа сабақты меңгереді.
    Жаттығумен жұмыс.
Зат  есімнен болған
синонимдер Етістіктен болған
синонимдер
Сабақты қорытындылау.  
Мағыеалары
Бір-біріне
жақын Бір ғана сөз табына
қатысты болады Әр түрлі дыбысталып
айтылады Синонмді білу
Тілді байытады Синоним сөздер
Талғампаз.
Үйге тапсырма : Синонимдер сөздігінен өзіне таныс емес синонимдер қатарын теріп жазу.   
Бағалау.Мадақтау.Қоштасу
Загрузка...

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Абай жолындағы" авторлық баяндау тіліндегі синонимдердің қызметі
Синонимдер
Тұрақты сөз тіркестер. Синоним. Антоним
Синонимдер
Антоним, синоним, омоним
Синонимдер
Синонимдер
Синонимнің жасалу жолдары
Синонимдік сөздікпен жұмыс
Синонимдер ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2769 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Загрузка...
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык
Жаңалықтар