Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Қайтпай қалған қарлығаш»


«Қайтпай қалған қарлығаш»

«Қайтпай қалған қарлығаш»

Тақырыбы: Т.Тайбазарұлы «Қайтпай қалған қарлығаш» әңгімесін оқу.

Мақсаты: Білімділік : Әңгіме мазмұнын меңгере отырып,оны айта білуге дағдыландыру. Ойын тиянақты жеткізе білуге уйрету.

Дамытушылық:Балалардың ой-өрісін кеңейту,шығармашылық қаділеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Әңгіме кейіпкерлерінің сипаты арқылы жақсы қасиеттерге баулу.

Әдіс-тәсілдер: Шаттық шеңбері,әңгімелеу,түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,ойын.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотевациялық қозғаушы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іздену-ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті коррекциялаушы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шаттық шеңбері.Балаларға «Сиқырлы таяқша» беріп,егер сен сиқыршы болсаң құстарға не істер едің? деген сұраққа жауап беру тапсырылады.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде аулада қандай құстарды көресіңдер?

-Ал қандай құстар жылы жаққа ұшып кетті?

-Ал,бүгін көркем әдебиет оқу іс-әрекетінде мен сендерге жылы жаққа ұшпай қалған қарлығаш туралы әңгіме оқып беремін,Әңгіме «Қайтпай қалған қарлығаш» деп аталады.Әңгімені оқып беру.

Түсіндіру.

Слайдтан бірнеше әңгіме мазмұнына сай суреттер көрсетіледі.

-Әңгіме мазмұнын бекіту мақсатында топтарға тапсырмалар беріледі.

І- топ тапсырмасы. Әңгіме мазмұны бойынша сөйлемдерді аяақтайды.

-Асан ертемен тұрып,....

Қорадан өзі асыраған....

Ол қарлығашты аяғына кигізілген..

Қарлығаш қанатынан.......

Асан оны........

Көктемде қарлығашты.......

Қарлығаш қораға..

Жазда қораға.....

Күзде құстар ұшып кеткенде,....

ІІ- топ тапсырмасы.Қарлығаш сөзіне сөйлем құрап айту.

ІІІ-топ тапсырмасы.

Қима сурет бөліктерінен қарлығаш суретін құрастыру.

-Сергіту сәті.

Қане,қанат жазайық,

Қарлығаш болып ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Қарлығаш боп ұшайық,

Торғай болыпқонайық.

Сауысқан болып секіріп,

Тоқылдақ боп шоқиық.

ІІ. Айналым тапсырмалары.

1.Жұмбақ шешу.

-Бұлдыр-бұлдыр балшықты,

Жинады да талшықты.

Ұқсатып қамытқа,

Үй салады жабыққа.

-Көкте ұшады тізіліп,

Біз қараймыз қызығып.

-Қонып алып жарға

қарқылдайды......

-Дуадақ құс шөлде

Аққу-қаздар....

2.Қарлығаш туралы тақпақтар айту.

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Қарлығаштың басқа дара  құстарынан айырмашылығы неде?

«Ұшты-ұшты» ойыны.

Ұшты-ұшты,қарлығаш ұшты!

Ұшты-ұшты,қарындаш ұшты.

Ұшты-ұшты қарға ұшты!

Ұшты-ұшты арба ұшты.

Қорытынды.

Әңгіме кейіпкері Асан қандай  бала? Оның іс-әрекетін қалай айтуға болады? сұрақтарына берілген жауаптарды толықтыру.

Құстар –адамға дос.Оларға қамқорлық көрсету керек.Қарлығаш  ұясын үй маңына салады.Олар адамдардан қамқорлық күтеді.

Құстың ұясын бұзуға,жұмыртқасын ұстауға болмайды.

Оқу іс-әрекеті барысында ғы балалар белсенділіктерін атап,мадақтау.

Балалар кезекпен:

«Егер мен сиқыршы болсам,құстармен сөйлесер едім», «Құс болып ұшар едім», б жауаптары.

-Қыс.

Қарға,сауысқан

Кептер,торғай,

қарлығаш,тырна,қаз,

үйрек.

 

 

 

 

 

Тыңдайды.

Мазмұнын түсінеді.

 

Қарлығашты және оған қамқорлық жасаған баланы көріп қуанады.

 

 

 

 

 

 

 

(қораға кірді)

(қарлығашты көрді)

 

(сақинадан таныды)

(жараланған екен)

(үйге әкелді,күтті,

ұшырып жіберді)

(ұя салды)

(мекендейді)

 

(қарлығаш ұясына оралды)

 

 

 

 

 

 

Балалар құстардың қимыл-қозғалыстарын жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(қарлығаш)

 

(тырна)

 

(қарға)

 

(көлде)

Әсем.

Қарлығаштар қаптап жүр.

Өз еңбегін ақтап жүр.

Ұяларын бұздырмай.

Тыныштығын сақтап жүр.

Мирас.

Адамзаттың жақыны,

Қарлығаш та ақылды.

Көгершінмен екеуі,

Жайлайды бір шатырды.

Дана.

Күн аязды,боранды,

Жер ақ қарға оранды.

Жылы жақтан келген құс,

Жылы жаққа оралды.

 Балалардың жауаптары.

 

 

Балалар құстарды атағанда қолдарын көтереді.

 

 

Балалардың жауаптары.

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қарлығаш
« Қыстап қалған құстар»
Құстар
Құстардың көктемгі тіршілігі.
Құстар қайда қыстайды?
«Қарлығаш пен дәуіт ертегісі»
Жыл құстары
«Құстар - біздің досымыз»
Құстар әлемі!
Көрікті көктем
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 4987 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык