|
|
“Алтын дала” сайысы
Мақсаты:
Балаларды қойған сұрақтарға жауап беріп үйрету. Білімдерін бекіту. Ойын үстінде олардың қазақша сөз қорларын көбейту. Қызықтыру, ынталарын арттыра түсу. Балалардың туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
Керекті құралдар: тақтайша,суреттер,эмблемалар,үнтаспа. Балалар Құрманғазының күйі “Сарыарқамен” сыныпта орналасады.
Мұғалім: - Балалар, сендер қандай ойындар білесіңдер?
(балалар атайды,мысалы: “Мысық пен тышқан”, “Тақия тастау”, т.б.)
Мұғалім: - Сендер көп ойындар біледі екенсіңдер. Ал менің ойыныма қатысқыларың келе ме?
Балалар: - Иә, қатысқымыз келеді.
Мұғалім: - Жақсы, мен сендерге бүгін жаңа ойын ойнап үйретемін. Алдынан мен сендерді екі топқа бөлемін, Орынға отырамыз. (ойын ережесімен таныстыру) Ойыншыларды бағалайтың жюри сайлау керек.(жюри сайлау)
-Енді ойынды бастауға болады. Бір бала шығып текшені лақтырады (текшенің әр жағында сурет бар: ағаш, алма, қой, бала)
№ 1 тапсырма: АЛМА. Ол туралы не айта аласыңдар?
Балалар алма туралы тақпақ айтады.
Сырым: Әне,қызыл алмалар,
Әсем бақтың жұлдызы.
Алма терген балалар,
Албырайды нұр жүзі.
Мұғалім:- балалар, алма көкөніске жатама,әлде жеміске? Алмас бір көкөніс
туралы тақпақ айтып береді.
Алмас: Теңбіл-теңбіл қарбызды,
Тентек Серік жарғызды
Сонан соң оны жеді,
жеді де былай деді:
-Сүйек болмаса,еті, неткен тәтті .
Мұғалім:- Енді балалар, тапсырма: қандай көкөністерді-жемістерді білесіңдер екенің көрсетесіңдер.Алдарында аралас жеміс- көкөністер суреттері жатыр, 1-ші топ жемістерді бөлек қойындар,ал 2-ші топ –көкөністерді.Атандар.
(қызылша, картоп, сәбіз, қияр, бұрыш, шалқан, қырыққабат), (Алма,алмұрт, жүзім,банан,өрік, апельсин,лимон)
Көрермендермен ойын “Ұйқасын тап”
Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбәт.
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты- (ЖҮЗІМ)
Сырты қандай қатты,
Дәні сондай тәтті.
Шағып қара таңдап,
Оның аты- (ЖАҢҒАҚ)
Жапырақты тасалап,
өсетін жері – бақша-бақ.
Күрен қызыл,шіркін-ай,
Оның аты- (ТАҢҚУРАЙ)
Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны ұзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты- (ШАБДАЛЫ)
(Балалар жауабын тексеру)
Мұғалім: Өте жақсы. Айтындаршы,осы жеміс-жидектер,көкөністер, астық бізге келу үшін не істеу керек? (Еңбек жасау керек) дұрыс, барлығы еңбектің арқасында болады екен. Ал, еңбек туралы қандай мақалдар білеміз?
Әмір: Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болады.
Нуржан: Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Аяна: Адам жерге нәр береді,
Жер адамға нан береді.
Мұғалім: Ойынды әрі қарай жалғастырайық. (Бала шығып текшені лақтырады.)
№ 2 тапсырма: Үй-дала жануарлары. 1-ші топ үй жануарларын топтастырып атап береді, ал 2-ші топ дала жануарларын.
- балалар тапсырманы орындап болғаншы біз көрермендермен ойын өткізіп жіберейік: “Жұмбақтарды шеш”
*Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (ТҮЙЕ)
*Ит сияқты пішіні,
Ұнатпайды ол кісіні. (ҚАСҚЫР)
*Жатып-жатып инелер,
жүгіріп жаныңа тез келер. (КІРПІ)
*Кішкентай бойы бар
Айналдырып киген тоны бар (ҚОЙ)
(Балалар жауабын тексеру)
Мұғалім: Тапсырманы өте жақсы жасадыңдар, еді балалар жануарлар туралы тақпақ айтып береді.
Дамир: Кіп-кішкене момақан
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді анам “қозым” деп
“Қошақаным - өзің” деп.
Айша: Айналайын, торпақ,
Бола берме қорқақ.
Тар болып тұр аула,
Тысқа шық та заула.
Мерей: Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Гүлім: Піл әдісті біледі,
Тұмсығымен іледі
-піл- көтергіш кран!-деп,
бала біткен күледі.
Мұғалім: Ал мал жайында қандай мақалдар білеміз?
Жания: Ел көркі-мал,
Өзен көркі – тал.
Аяна: Ат-адамның қанаты,
Ас-адамның қуаты.
Муслим: Өрісіне қарап мал өсер,
Өзеніне қарап тау өсер.
Балалармен “Бәйге” ойынды өткізу
Мұғалім: ойынды жалғастырайық. (Бала шығып текшені лақтырады.)
№ 3 тапсырма: Жыл мезгілдері. Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
1-ші топ ҚЫС,ЖАЗ мезгілдері туралы айтып береді.2-ші топ КӨКТЕ,КҮЗ туралы айтып береді.
(Балалар жауабын тексеру)
- балалар бізге жыл мезгілдері туралы тақпақ айтып береді:
Айя: Берекесін сыйлауға,
өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Аяжан: Ақ қыс келіп боранды
Аяз айтты зор енді:
Айналаның бәрі де
Ақ көрпемен оранды.
Мирас: Көктемде,көктемде,
Күн нұрын төккенде
Қар еріп,ақты су,
Жоғары тартты бу.
Даут: Жазда дала ысып тұр,
Көлеңкені паналап,
Жайнап егін пісіп тұр
Көбелектер ұшып жұр.
Наргиз: Шағала келмей-жаз болмас,
Шаңқай болмай-боз болмас (шаңқай-яркий,боз-ковыль)
Балалар мен көрермендер арасында ойын өткізу: “ҰШТЫ-ҰШТЫ”
(Бала шығып текшені лақтырады.)
№ 4 тапсырма: Ребустар шешу. Балалар жауабын тексеру.
Мұғалім: Біздің еліміз Қазақстан Республикасы - өте бай,ең құдретті ел.Қоршаған ортаны,табиғатты ,туған өлкенің байлығын біз ұқыптап қарауға, күтуге,көбейтуге білуіміз керек. Туған жер туралы дана аталарымыз айтқан көп нақыл сөздер бар.
Назира: Туған жердей – жер болмас,
Туған елдей-ел болмас.
Туған жер-алтын бесік.
Дильбара: О,алақай, туған жер!
Жақсы-ау, бақша –бауларың!
Көзге ыстық көрінер,
Сенің асқар тауларын.
“Отаным” өлеңімен жарысты аяқтау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |