Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Білімнің өре бәйгесі


Білімнің өре бәйгесі

Сынып сағаты: «Білімнің өре бәйгесі»


Мақсаты: сабақта алған білімдерін жинақтап жүйелеу, танымдылықтарын, әр сабаққа деген қызығушылығын арттыру, әр пәндер бойышша білім қабілеттерін тексеру;
    Өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуге, өзгені тыңдай білуге тәрбиелеу.  
    Көрнекі құралдар: плакаттар, кестелер.
    Барысы:
     І кезең: 1) Таныстыру;  2) Бәйге (тест).  
    ІІ кезең.

1 – жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
          Бәріңе жар салайық.
          Бүгінгі кеш төрінде,
          Математика елінде.
          Есеп шешіп жарысып,
         Жұмбақ шешіп аңдысып,
         Шабыттасып шалұысып,
         Көңілді кеш жасайық.
         Мұнда қызық табылар,
         Әр сабақтан бәрі бар.
         Ал, сайыскер балалар,
         Білімдеріңді сынайық.

2 – жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, 6 А сынып оқушылары  арасындағы сайысымызға қош келдіңіздер!

1 - жүргізуші:
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
         Біреуінің арқалап жүрген жүгі бар.
         Бәрінен де ең бастысы – барлығының,
          Қатты істейтін миы бар! – демекші, енді ортаға сайыскерлерімізді шақырайық және таныстырайық.
       Ғылымның сырын ұғына,
       Шығыңдар білім шыңына.
       Ұқыптылық пен зеректік,
       Жеткізер сіздей өренді.
       Әр сабақтың сырына.
       Қадамдарың оң болсын!
       Сәт –сапар енді тілейік! (Сахнаға оқушылар шығып, өздерін таныстырып өтеді)
     2 – жүргізуші: Ойнымыз 5 турдан тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 5 ұпайдан беріледі.
     2 – турдан кейін ұпайы төмен оқушылар шығып отырады. 4 – турдан кейін тағы ұпайы аз оұушы шығады. Ең соңында бір оқушы, яғни көшбасшы қалу керек.  
    1 – тур. «Бәйге». (Тест сұрақтарына екі тілде жауап береді)
2 – тур. «Тіл – өнер» сайысы.

Р/с       Сұрағы     Жауабы
1    Аттан тай озады, аттан кім озады?     Бала – ребенок
2    Денсаулық зор ...    Байлық – богатство
3    Не оттан да ыстық?     Отан – Родина
4    Сөзі дана, үйі жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ    Кітап – книга
5    Не қымбат, білу қиын?     Білім – знание
6    Қимылдаса қос шебер,
Қыруар – қыруар іс өнер     Қол – рука
7    Ашу дұшпан болса, ақыл не?     Дос – друг
8    Жесең, ащы, көзіңнен шығарар жасты     Пияз – лук
9    Еңбексіз өмір – сөнген ...    Көмір – уголь
10    Қанаты бар ұшпайды, су астында қыстайды    Балық – рыба
11    Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар     Киіз үй – юрта
12    Қалқиып екі құлағы, елеңдеп қорқып тұрады    Қоян – заяц
13    Болса да көкте мекені,
Кездеспейді екеуі      Ай, күн – луна, солнце
14    Бір қорапқа қамалғандар , жану үшін жаралғандар     Сіріңке – спички
15    Адамға ең қымбат жан     АНА – МАТЬ

2 – турдан кейін ұпайы төмен 3 оқушы сайыстан шығады.
     3 – тур. «Тамаша бесік»  (Оқушылар плакаттағы бірден беске дейінгі сандардың біреуін таңдайды. Әр сандардың астында пән атаулары жазылып тұрады. 5 сұрақтан беріледі)
    4 – тур «Ғажайып үштік»
20    30    40
20    30    40
20    30    40
    Білім. Өнер. Спорт.
(4 – турдан кейін ұпайы төмен 3 оқушы ойыннан шығады)
    5 – тур. «Жорға»:
Қыс айларын ата. (Желтоқсан, қаңтар, ақпан)
Жасың нешеде? (Өз жасын айтады)
Сабақ арасындағы бос уақыт? (Үзіліс)
Аптаның бірінші күні? (Дүйсенбі)
Күзде жапырақтар қайтеді? (Сарғайады)
Халықаралық әйелдер күні. (8 наурыз)
Біз сабақта тақтаға немен жазамыз? (Бормен)
4+4+4 неше болады? (12)
Әліппедегі ең бірінші тұрған әріп? (А)
 Түнде аспанда не көрінеді? (Жұлдыз)
 Дәптерге немен жазады? (Қаламмен)
 Сенің атаң әкеңе кім? (Әке)
 Төрт түлік малдарды ата? (Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі)
 Біз қандай баспа оқулығымен оқимыз? (Атамұра)
 Баға қоятын кітап. (Сынып журналы)
 Бір тәулікте неше сағат бар? (24)
 7 саны неше таңбалы сан? (1таңбалы)
 Кесіндіні не арқылы өлшейміз? (Сызғыш)
 Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз (Ұзындығын еніне көбейтеміз)
 22наурыз қандай мейрам? (Наурыз)    

Қорытынды, марапаттау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Әр бала - болашақ данышпан"
Математика көшбасшысы
«Математик – кәсіпкер» ойыны
«Бақытымның бастауы- Тәуелсіздік»
Білімпаздар бәйгесі
Қызықты математика
Білімді мыңды жығар
Білімді мыңды жығар
Менің жұлдызды сәтім ойыны
Наурыз - думан
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2631 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык