Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Гимнастикалық қабырғада асылып тұрып тартылу және теңселу. Арқанға үш тәсілмен өрмелеу.


Гимнастикалық қабырғада асылып тұрып тартылу және теңселу. Арқанға үш тәсілмен өрмелеу.

Гимнастикалық  қабырғада  асылып  тұрып  тартылу  және  теңселу. Арқанға  үш  тәсілмен  өрмелеу.                 

Тақырыбы: Гимнастикалық  қабырғада  асылып  тұрып  тартылу  және  теңселу. Арқанға  үш  тәсілмен  өрмелеу                                                                                                                                          

Мақсаты:  гимнастикалық  қабырғада   асылу  және  арқанмен  өрмелеу  тәсілдерін  үйрету,  төзімділік,  ептілік   қабілеттерін  дамыту.                                                                                                        

Өтетін орны.  Спорт  зал                                                                                                                     

Құралдар.  Гимнастикалық  қабырға,  арқан,  төсеніш.                                                                    Сабақтың  барысы:

1.Ұйымдастыру

2 мин

Сәлемдесу. Сабаққа  дайындығын  тексеру.

2. Жүгіру  жаттығулары   

 

2 мин

Жай жүруден  бастап  жүгіруге  ұласатын  жаттығуларды  орындату. 

3Бой жазу  жаттығулары

2 мин

Жаттығулардың  дұрыс орындалуын қадағалау.

4.Гимнастикалық  қабырғада асылып  тұрып  тартылу  және  теңселу

 

 

3 мин

Гимнастикалық   жабдықтарға  өрмелеп  шығу  және  асылып  түсу  иық пен  қол  бұлщық еттерінің   күшін  молайтады  және  олар  сенімділікке, төзімділікке  батылдыққа  тәрбиелейді.    Өрмелеп  шығу  тыныс алу   аппаратының  және  жүрек – тамыр  жүйесінің  жұмысына  жайсыз  әсер  ететін, көп  күш  жұмсауға  және  зорланып  әрекет етуге  тура  келетінін  ескере  отырып, гимнастикалық  жаттығулардың  бұл  түрін  үйренген  кезде   жүйелілікті  есте  ұстаған  жөн.   

Өрмелеп  шығу  жаттығулары.

  1.  Аралас  түрде  асылу,  яғни  аяқ пен  қолдың  көмегімен  асылып  тұру.
  2. Қарапайым  түрде   асылу,  яғни бір қолмен  асылып  тұру.
  3. Бір жабдықтан екінші  жабдыққа асып  түсу.
  4. Арқанға  «байланып  тұру»,  яғни  өрмелеп  бара  жатып  тоқтау.

5. Гимнастикалық  қабырғада  жасалатын  жаттығулар  

 

 

17 мин

1.Арқаны   қабырғаға  қаратып  асылып   тұрып:  екі  аяқты  тік   бұрыш    жасағанға  дейін  кезекпен    алға  көтеру  және  бір  мезгілде  көтеру.

2.Аяқты бірінші  шабаққа  қойып, қолмен  кеуде  тұсындағы  шабақтан ұстап  тұрып:  қолды шабақтан   төмен қарай  ауыстыра  ұстау  арқылы еденге  отыру.

3.Арқаны қабырғаға қаратып  асылып тұрып: тізені  бүгіп барынша  жоғары  көтеру, маңдайға тигізуге  тырысу.

6.Арқанға  өрмелеудің  үш тәсілі.

Арқанның  ұзындығы 3метрден аспауы керек. (қыз 1,5-2 м)

 

 

 

 

17 мин

Бірінші  тәсіл- аяқты бүгіп асылып  тұрып, тізені кеудеге  жақындата арқанды не табанымен, не аяқтың   үстімен  немесе тіземен  қысып  ұстау.

Екінші  тәсіл-қолды шынтақ  буыннан  бүгіп, арқанды  аяқпен  қысып  ұстау арқылы  қолмен  бірден  жоғары  тартылу.

Үшінші тәсіл- арқанды аяқпен  ұстауды  сақтай  отырып, екі  қолды кезекпен  ауыстырып, арқанның жоғарғы  жағынан  ұстау.

7. Қорытынды

2мин

  1. сапқа тұру
  2. «Минутка» ойыны
  3. Бағалау
  4. Үй тапсырмасы

Гимнастикалық жатттығулар  жасау. Кермеге  тартылу

 

 

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Созылу, иілу қасиеттері.
Гимнастика
Арқанға үш түрлі әдіспен өрмелеуді қорытындылау.
Гимнастика
Тепе – теңдікті сақтау.
Гимнастика. Акрабатикалық жаттығулар
Орнынан ұзындыққа секіру, секірме жіппен секіру, қолды бүгіп жазу.
Баскетбол ойыны
Гимнастикалық төсеніште алға және артқа домалап, жауырынға тұру.
Гимнастика
Бөлім: Уроки / Дене шынықтыру | Көрсетілім: 8839 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык