Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ақпарат әлемінде


Ақпарат әлемінде

 

Ақпарат әлемінде

Тақырыбы: «Ақпарат әлемінде»

Мақсаты: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, пәнге деген қызығушылығын тудыру, олардың ой- өрісін, тіл байлығын, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту

Көрнекілігі:  Интерактивті тақта (бейнебаян, ұялы телефон, ғаламтор)

Жоспары:

1. Ұйымдастыру .

2. Қызықты айғақтар мен мәліметтер

3. Топтарға сұрақтар мен видеороликтер

3. Қорытынды

        Жүргізуші:  Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіз бен біз «Ақпарат әлемінде» атты ток-шоу өткізгелі отырмыз. Бұл ток-шоуды ұйымдастырудағы мақсатымыз оқушылардың дүниетанымын кеңейту, пәнге деген қызығушылығын тудыру, олардың ой- өрісін, тіл байлығын, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту.

Бәрімізге белгілі қазіргі уақыт ақпарат заманы. Біз күнде толассыз ақпарат ағынын қабылдаймыз. Оны БАҚ яғни бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аламыз. Оған:

      Теледидар

      Радио

      Газет

      Журнал

      Хат

      Интернет

      Ұялы телефон

      Агент  және т.б. жатады.

         Міне, осы ақпарат құралдарының ішінде біздің көп қолданатын құралымыз интернет, ұялы телефон және әлеуметтік желілер.

Заманауи жастар қазір уақыттың көп бөлігін осы интернет, ұялы телефон,  әлеуметтік желіде  өткізеді. Оның қаншалықты пайдалы, зиянды екендігін бүгінгі ток-шоуға қатысушы қонақтар айтатын болады. Ендеше қарсы алайық.

Әлеуметтік желінің  пайдасы мен зиянын терең зерттеп келген қонақтарымыз 9 «а»   сыныбы

        Ұялы телефонды тек сөйлеу үшін ғана емес, басқа да пайдасын білеміз, үйретеміз деп келген қонақтарымыз    9 «ә»  сыныбы

            «Интернетке тәуелдімін» деген жастардың ойын өзгерткелі келіп  отырған қонақтарымыз 9 «б» сыныбы

Енді осы топтардың пікірін тыңдап, әділ бағасын беретін   сарапшылармен таныссақ:

  1. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі- Құланбаева Баян
  2. Информатика пәнінің мұғалімі- Төлендиева Алма
  3. Педагог- психолог- Ақылбекова  Лаура
  4. Физика пәнінің мұғалімі - Бейсенбиева Хадиша

      Әр топқа өз тақырыптары берілген сол төңіректе әңгіме қозғаймыз. Ток-шоуды видеороликті көруден бастайық. (видео көрсетіледі)

    Ал енді әр топ өз тақырыптарын осы видеокөрініспен байланыстыра отырып жалғастырады.

9 «а»  сыныбы  «Әлеуметтік желі қажет, бірақ  зиянды жақтарын ескеруіміз қажет» деп жатырсыздар. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.   

  1. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі ауырады және қимыл-қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады. Ендеше осылардан сақтану үшін не істеу керек?
  2. Әлеуметтік желілердегі әрбір екінші адам өзі жайында өтірік мәлімет жазатын көрінеді. Тарқатып айтсақ, олардың 29 пайызы есімі мен жасын, 23 пайызы отбасылық жағдайын, 22 пайызы түр-әлпеті және қызығушылықтары туралы, 17 пайызы білімі мен жұмысына қатысты жалған ақпар беретін болып шыққан. Сіздер осыны қаншалықты дұрыс және қаншалықты бұрыс деп ойлайсыздар?
  3. Видеоролик . Ойларыңызды жеткізсеңіздер.
     

Келесі сөз кезегін 9 «ә» сыныбына  береміз.

1. Ұялы телефонның адам денсаулығына тигізетін зияны бар.  Оны дененің кез-келген жеріне  болмайды екен. Белдікке тақсаң бүйрекке зиянды әсері бар дейді, төс қалтаға салсаң жүрекке зиянды дейді. Тіпті,  ұялы телефонның зиянды әсерінен мидың қатерлі ісігінен қайтыс болған адамдар да бар. Бірақ, ұялы телефонсыз жүру мүмкін емес, бар шаруаңды телефонмен бітіресің. Сонда не істеуіміз керек?

2. Әлеуметтік желі біреуге ермек, ал біреуге –шын мәнінде  керек дейді. Осыған не айтар едіңіздер, қандай тәжірибе көрсетер едіңіздер.

3. Видео ролик. Осы видео бойынша ойларыңыз.

Келесі сөз кезегін 9 «б» сыныбына береміз.

1. Біз  интернетке тәуелді емеспіз деп отырсыздар . Мектеп оқушыларының интернетке тәуелділігі туралы не айтасыздар?

2. Ал компьютерлік ойындарға, интернетке деген аса қызығушылық, одан туындайтын тәуелділік материалдық шығындарды айтпағанның өзінде, басқа да орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Осы жағдай туралы ой пікірлеріңізді айтсаңыздар
3. Видео ролик көрсетіледі. Осы жолға түспеу үшін не істер едіңіздер?

      Ендеше, әр нәрсені өз орнымен қолданып, шегін білейік, олар пайдалы болғанымен, оларға тәуелді болмайық.

Қорытынды.

Ендігі сөзді  әділ қазыларға береміз. Өз ойларын дәлелдеп, нақты айғақтар келтіріп айтқан  топты марапаттау. 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ақпараттық сауаттылық – бүгінгі заман талабы
«Тапқыр достар» сайысы
Интернеттің пайдасы мен зияны
Мектеп оқушыларына ұялы телефон қажет пе ?
Қауіпсіз ғаламтор
Интернет және оның пайдасы мен зияны
Қалта телефоны туралы ақпарат-жарнамалар
Интернет желісін сабақ процесінде қолдану
Интернет маған не үшін керек?
ТЕЛЕДИДАР
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 2616 | Қосты: Керімбаева Меруерт Хамзақызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык