Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдар


Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдар

Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдар

Сабақтың тақырыбы: Екілік сандармен орындалатын арифметикалық Амалдар

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдар бойынша меңгерген білімдерін қорытындылау арқылы білімін жүйелеу

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдарды қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдары туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті және дағдыны жетілдіру сабағы

Әдіс тәсілдері: Тест  тапсырмалары, ойға шабуыл, тапсырмалар

Қолданылатын көрнекіліктекр: Интерактивті тақта, оқулық

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

  1. Санау жүйесі дегеніміз  не?
  2. Екілік сан дегеніміз не?
  3. Разряд дегеніміз не?
  4. Бит  деген не?
  5. Ондық санау жүйесіне қандай  цифрлар жатады?
  6. Сегіздік санау жүйесіне қандай цифрлар жатады?
  7. Оналтылық  санау жүйесіне қандай цифрлар  жатады?

Тест  тапсырмалары:

  1. Сандардың атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағын не деп атайды?

А) Бит         Ә) Байт   Б) Санау жүйесі       В) Разряд

  1. Санның цифрына бөлінетін позицияны не деп  атайды?

А) Бит            Ә) Байт           Б) Санау жүйесі       В) Разряд

3. Екілік санның әрбір разрядын не деп атайды?

А) Бит           Ә) Байт           Б) Санау жүйесі       В) Разряд

4. Екілік жүйеде кез келген сан 0 мен 1 цифрларының көмегімен жазылады да ...

А) Ондық      Ә) Екілік         Б) Сегіздік      В) Он алтылық

5. Сегіздік  санау жүйесінде қандай цифрлар көрсетіледі?

А)  1,2,3,4,5,6,7,8   Ә) 0,1,2,3,4,5,6,7   Б) 0,1,2,3,4,5,6,7,8

6. Ондық  санау жүйесінде қандай цифрлар көрсетіледі?

А)  0,1,2,3,4,5,6,7,8,9         Ә) 1,2,3,4,5,6,7,8,9         

Б) 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

7. Ондық санды  сегіздік  санау жүйесіне ауыстырыңдар:22310             

 А) 3378      Ә) 4568    Б) 1598       

8. Ондық санды  оналтылық  санау жүйесіне ауыстырыңдар:22910     

А) Е516      Ә) В616    Б) С816           

 9. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар: 11000111010 

А) 3978      Ә) 6168    Б) 3598                            

10.  Екілік санды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар: 10000011101110              

  А) Е716    Ә) 5В316    Б) 83В16

ІІІ.  Ойға шабуыл

Қосу

Азайту

 Көбейту

Бөлу

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

Екілік санау жүйесіне арифметикалық амалдар ондық жүйедегі ережелер бойынша орындалады, айырмашылығы­ –санау жүйесінің негізі екіге тең және тек екі цифр ғана пайдаланылады.

Қосу

0+0=1

1+0=1

0+1=1

1+1=10  бір көрші (үлкен) разрядқа тасмалданады.

Мысалы:           

                    1010

                   -

                      101

                    _____

                      101    алдық.

   Көбейту              

  0*0=0

  1*0=0

  0*1=0

  1*1=1

Мысалы :1012мен 1102  екілік Сандарының көбейтіндісін табыңдар.Сандарды көбейтуді кіші разрядтан бастап бағанда орындайық:

       101                                         Тексеру:1012=1*22+0*21+1*20=5

     * 110                                                        1102=1*22+1*21+0*20=6

        000

      101

    101  

    11110

                   111102=1*24+1*23+1*22+1*11+0*20=16+8+4+2+0=3010

Тапсырмалар:

  1. Қосуды орындаңдар:

А)  0110+0110=?

Ә)  10001+11011 =?

2. Азайтуды орындаңдар:

А)  1101-0110 =?

Ә)  1010-0101 =?

3. Көбейтуді  орындаңдар:

101*101 =?

011*110 =?

V. Үйге тапсырма:

1. Қосуды орындаңдар: а)1011110+010101

   ә)0111011+1010111

2. Азайтуды орындаңдар: а) 100110-01100

  ә)100011-00011

3. Көбейтуді орындаңдар:   а) 0101*111

 ә) 1101*011 

VІ.  Бекіту кезеңі:

  1. Айналадағы дүние туралы анықталмағанды анықтайтын  мәліметтер
  2.  Санның цифрына бөлінетін позицияны не деп атайды?
  3.  Екілік санның әрбір разрядын не деп атайды?
  4. Бағдарламалар мәліметтер немесе         олардың бөліктері не деп  аталады?
  5. Ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы
  6. 0 мен 1 цифрларының көмегімен жазылады 
  7. Ақпараттың 8 биттен тұратыны не?
  8. Ақпараттық  процестерді зерттейтін ғылым
  9. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал
  10.  Екілік сандарды жазуды қысқарту үшін негізі 16 санау жүйесін қолданады

VІІ. Сабақты қорытындылау:

Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше  қиын іс

Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу.

VІІІ. Бағалау:Үй тапсырмасына жақсы дайындалып келген, жаңа сабаққа белсене араласқан және қосымша сұрақтарға тиянақты жауап берген оқушыларды білімдеріне қарай бағалап, бағаларын журнал мен күнделіктерінің бетіне түсіру


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Электронды жұмыс дәптері
Санау жүйелері. Сандарды позициялық санау жүйелерінде көшіру
Логика және логикалық операциялар. Ақиқат кестесі
Мәтіндік ақпаратты енгізу
Сандық өрнектермен жұмыс жасау, бір санау жүйесінен екіншісіне ауысу
8 сыныпқа арналған «Ақпаратты кодтау» топтамасына арналған қысқа мерзімді жоспарлар
Математикалық сандықша
Екілік сандармен орындалатын арифметикалық
Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 11716 | Қосты: Айменова Меруерт | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык