Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мәтіндердің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Кесте құру. Ұяшықтармен жұмыс


Мәтіндердің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Кесте құру. Ұяшықтармен жұмыс

  Мәтіндердің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Кесте құру. Ұяшықтармен жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндердің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Кесте құру. Ұяшықтармен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу, беттерді нөмірлеу, құжаттарды басу, кесте құру ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру, кестелерді жиектеу туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік:Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық:          Окушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, Ауызша сабақ – 1  картасы

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, мәтінмен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: слайд, электронды оқулық

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сергіту сәтті

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген «MS Word мәтіндік редакторы. Мәтіндік құжат құру, сақтау және ашу» тақырыбы бойынша тақырыптық сөздік қор алу – 5 минут

63 және одан жоғары жазғандар қол көтереді (ООМ матрицасына белгіленеді, ТСҚ пайызы есептелінеді). /8 оқушы 63 – тен жоғары жазса 63 пайызды құрайды/

ІІІ. Жаңа сабақ

Мәтіндік блокты көшіру үшін, ең алдымен оны белгілеңдер, содан кейін <СТRL> пернесін басып тұрып, белгіленген блокты шертіңдер де, оның орнын ауыстырыңдар. Көшіру кезінде ішінде «плюс» белгісі бар кішкене тікбұрыш пайда болуы тиіс. Ақпаратты көшіру жэне орнын ауыстыру кезінде алмасу буферін пайдалануға болады.

Правка-Копировать командасы арқылы буферге көшіргеннен кейін Правка-Вставить командасы арқылы буферден қою керек..

Үлкен көлемді құжатпен жұмыс жасау барысында қүжат беттерін нөмірлеген ыңғайлы. Ол үшін Вставка-Номера страниц командасын таңдау қажет.

1.    Положение - бөліміндегі тізімнен нөмірді орналастыратын орынды таңдау қажет.

  1. Выравнивание тізімнен тегістеуді таңдау қажет.
  2. Егер   Номер на первой странице пункітінде қосқыш қажет болса қосқышты
    орнатуға болады.

4. Ок немесе Отмена батырмасын таңдау қажет.

Формат...   диалогтық   терезесі   арқылы   Формат номера страницы бөлімі ашылады.

1. Форматномера бөілімінде нөмірлеу форматын
таңдауға болады.

2.  Включитъ номер главы бөліміндегі қосқышты қосуға
немесе ажыратуға болады.

3. Нумерация страниц бөлімінде продолжить немесе начать с басталатын немесе жалғастыратын өрісті тағайындау қажет.

Құжатты баспаға жіберместен бұрын Файл-Предеарительный просмотр командасын таңдаймыз. Файл-Печать командасын таңдаймыз.

-  Принтер бөлімінен қажетті принтерді таңдау қажет.

-  Копии бөлімінде Число нопии өрісінде кұжаттың қанша

данасы қажет екенін тағайындау қажет.

Страницы бөлімінде құжаттың қай бөлігі баспағаберілетіндігі тағайындалады. Бүкіл құжат үшін - всебелгіленген бөлік үшін Выделенный фрагмент, ағымдағы бет үшін -Текущая, нөмірлері бойынша - Номера бөлімдерін таңдау қажет.

Кесте - бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысы ұяшықты құрайды. Кестені екі түрлі әдіспен: меню жэне құралдар панелі арқылы құруға болады.

1. Таблица -Добавить - Таблицу командасын таңдау керек. Вставка таблицыдиалогтық терезесіндагі Число столбцов бөлімінде кестедегі бағандар санын, ал Число строк бөлімінде қатарлар санын тағайындау қажет.

2. Құралдар панеліндегі  батырмасын шерту қажет. Кестедегі келесі ұяшыққа Tab  немесе бағыттауыш арқылы өтуге болады.

Ұяшықшарды қосу және біріктіру, өшіру:

Ұяшықтарды біріктіру үшін қажетті ұяшытарды  белгілеп, Таблица - Объединить ячейкикомандасын таңдау қажет.Ұяшықтарды бөлу үшін қажетті ұяшықты белгілеп, Таблица Разбить ячейкикомандасын таңдау қажет.

Ұяшықтарды қосу үшін Таблица Вставить - ячейкикомандасын таңдау қажет. Қатар және          баған қосу үшін Таблица - Вставить командасын таңдау қажет.

Ұяшықтар мен қатарлар мөлшерік тағайындау және сызықтар  қосу  үшін  кестенің

 

 ұяшықтары мен бағандарының қиялысқан жеріне мауысты белгілеп жылжыту қажет. Содан кейін Таблица – Свойства  командасын   таңдау қажет         

Әр түрлі шекаралар типін таңдау және үяшыцтардың ішін бояу үшін Формат -Границы и заливка командасын таңдаймыз немесе құралдар қатарынан Таблицы и границы құралдарынан  белгісін таңдау керек.

Ұяшыктағы мәліметтерді горизонталь және вертикаль түрде орналастыру үшін Формат -Направление текста командасын таңдаймыз.

  1. Ұяшық
  2. Печать
  3. СТRL
  4. Көшірмелеу
  5. Орын ауыстыру
  6. Бетті номерлеу
  7. Есте сақтауға 30 секунд беріледі, жазуға 30 секунд.

 6 – 7 сөз жазған оқушылар қол көтереді, ООМ матрицасына белгіленеді, ЕС пайызы есептелінеді, толық жазбаған оқушылар толықтырады

3. Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқуға 6 минут уақыт беріледі. Берілген тірек сөздердің мағынасын ашады. ООМ матрицасына белгіленеді.

4. Сын тұрғысынан ойлау сұрақтары: Оқушы «Иә», «Жоқ» деп жауап береді, ООМ белгіленеді.

  1. Құжаттарды басу үшін Файл      Печать командасын орындау қажет? (Иә)
  2. Кесте дегеніміз  ұяшық? (Жоқ, баған мен жолдың қиылысы)
  3. КестеніВставка    Таблица командасын орындау арқылы құрамыз? (Иә)
  4. Мәтінді ерекшелеу үшін Shiftпернесін басамыз? (Жоқ, СТRL)

5.Беттерді номерлеуге болады? (Иә)

6.Шекаралар типін таңдау үшін Формат    Границы и заливка командасы орындаймыз? (Иә)

7. Кестедегі келесі ұяшыққа Ctrl пернесі арқылы өтеміз? (Жоқ, Tab немесе бағыттаушы пернелер)

  1. Правка-Копировать командасының көмегімен қажетті құжатты қиып аламыз? (Жоқ, көшіреміз)
  2. Вставка-Номера страниц бет номерлеуге арналған команда (Иә)
  3. Таблица - Объединить ячейки командасының көмегімен ұяшықтарды бөлеміз? (Жоқ, ұяшықтарды біріктіреміз)

ІҮ. Бекіту: Оқулықтағы 7.7 -  практикалық тапсырманы орындау

Ү. Үйге тапсырма:7.7 тақырыпты оқу

ҮІ. Бағалау:  +4 – «5»

                      +3 – «4»

   +2 – «3»

«4», «5» алған оқушыларды қосып, сынып сапасы шығарылады


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау
WORD мәтіндік процессоры. Кесте құру
Кесте және диаграмма тұрғызу
Word- тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру
Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
Компьютердегі кестелік есептеулер
Блокнот қолданбасымен танысу. Терезе құрамы Бұйрықтар мәзірін пайдаланып кірістіру және көшіру
Ұяшықтарды қосу, өшіру, біріктіру. Word редакторының графикалық мүмкіндіктері
Ms Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау. Деректерді өңдеу, орын ауыстыру және көшірмелеу
Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 2363 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык