Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Windows операциялық жүйе


Windows операциялық жүйе

Windows операциялық жүйе

Тараудың тақырыбы: Windows операциялық жүйе

Бөлімі

Сағат саны

Мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-ші сабақ

  1. Модульге кіру
  2. Лекция: Файлдар, қапшықтар таңбашалар туралы түсінік
  3. Тірек сызбалар. Объектілерді іздеу, көшіру. Себет. Өшірілген файлдар мен қапшықтарды орнына келтіру.
  4. Ақпаратты тасымалдау. Иілгіш, компакт дискілер.
  5. Қорытынды. Үйге тапсырма

5 мин

15 мин

 

10 мин

 

 

10 мин

 

5 мин

Сөйлесу

2-ші сабақ

  1. «Өз жартыңды тап» оқыта үйрену ойыны.
  2. «Алгоритм» оқыта үйрену ойыны.
  3. Компьютермен жұмыс.
  4. Қорытынды. Үйге тапсырма.

15 мин

15 мин

10 мин

5 мин

3-ші сабақ

1.«Домино» оқыта үйрену ойыны.

2. «Даналық ағаш» оқыта үйрену     ойыны.

3.Қорытынды. Үйге тапсырма

20 мин

20 мин

5 мин

4-ші сабақ

  1. «Бренг-ринг» оқыта үйрену ойыны.
  2. Қорытынды Үйге тапсырма

40 мин

5 мин

Қорытынды

5-ші сабақ

  1. Тест.
  2. Сынақ

20 мин

25 мин

Білімділік мақсаты:Объектілермен жұмыс жасауды, объектілерді көшіруге, іздеуге, өшіруге, өшірілген қапшықтарды қалпына келтіруге, дискілермен жұмыс жасауды үйрету.

Дамытушылық мақсаты: тапсырмалар бере отырып, олардың тиянақты орындалуын ұйымдастыру, шығармашылыққа баулу, өз бетінше жұмыс жасауға, алғырлыққа баулу.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке, еңбек қорлыққа, білімділікке, шыдамдылықпен төзімділікке тәрбиелеу.

І. Оқушы не білуі керек:

- файлдар, қапшықтар деген не екенін;

- қапшықтар құрылымы;

- қапшық құру ережелері;

- таңбаша деген не екенін;

- таңбаша құру ережелерін;

ІІ. Оқушы нені меңгеруі керек:

-         Файлдар мен қапшықтарды құруды;

-         Таңбаша жасауды;

-         Объектілерді көшіруді, жылжытуды, атын өзгертіді;

-         Дискеттерді пішімдеуді;

-         Объектілерді дискіге көшіруді;

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Информатика» оқыту әдістемесі Н. Ермеков
  2. «Информатика» Н. Ермеков

VІ. Шығармашыллыққа  арналған тапсырмалар

  1. Әр оқушы жеке қапшықтарын құру.
  2. Сөзжұмбақ дайындау.

Сөйлесу бөлімі.

2-ші сабақ

І. Ұйымдастыру кезеңі.

 Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасы «өз жартыңды тап» ойыны арқылы сұралады.

Ойынның мақсаты: оқушыларды жұппен жұмыс жасауға баулу.

Ойынның шарты:

Фигуралар екіге бөлініп, қоржынға салынады.  Фигураның жартысына  екі сұрақ жазылады, екінші жартысы бос қалады. Оған жауап жазылады. Әр оқушы бір кеспе қағаздан алады. Оқушылар қолындағы фигураның жартысын тауып, бірге отырып жұмыс істейді.

  1. Объектілер нешеге  бөлінеді? Оларға тоқталып кет.
  2. Таңбашаларды қалай жасайды?
  3. Файл деген не?
  4. Таңбашаның негізгі міндеті қандай?
  5. Жұмыс қапшығы мен жүйелік қапшықтың айырмашығы неде?
  6. Таңбашаны жойғанда не болады?
  7. Жаңа  қапшық құру жолдарын көрсет.
  8. Қапшықтан таңбаша белгісінің айырмашылығы

«Алгоритм» оқыта үйрену ойыны.

Ойынның мақсатты: өзгенің жұмысын бағалауға, әділдікке дағдыландыру.

Ойынның шарты: 1 топта 4 оқушыдан бөлінеді. Алдарына 3 сұрақ тасталады. Сұрақтарды кітаптан іздеп жауабын жазады. Әр сұраққа уақыт беріледі. І-ші  сұрақты жазып болғасын дәптерін келесі оқушыға береді. Сөйтіп, әр сұраққа жауап жазғасын, шеңбер бойынша дәптерлерін ауыстырып отырады. Алдарына берілген жауап бойынша жолдастарының жауаптарын тексеріп бағалайды.

  1. Сұрақ:

Себет дегеніміз не?

Жауабы: Себет – бұл өшірілген объектілер  (қапшықтар, файлдар, таңбашалар) уақытша сақталатын арнайы қапшық.

2.Сұрақ:

Операцияны қалай болдырмауға болады?

Жауабы:

  1. Правка   Отменить (түзету орындатпау)командасын орындау арқылы.
  2. Құрал-саймандар тақтасындағы Отменить (Орындатпау) батырмасын шертіңдер.

3.Сұрақ:

Файлдың атын адам атымен салыстырып көрсет. Атаудың оң жақ және сол жақ бөлігі нені көрсетеді?

Жауабы: Адамның толық аты-жөні, атынан және тегінен тұрады. Адам атты ата-анасы өздерінің қалауы бойынша қояды. Тегі оның қандай жанұядан екенін білдіреді және оған автоматты түрде беріледі. Файлдың сол жақ бөлігі, пайдаланушы өзі берсе, оң жақ бөлігі автоматты түрде меншіктеледі.

«Сергіту сәті».

Қауіпсіздік ережесіне тоқталып кету.Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.

ІІІ. Компьютермен жұмыс:

ІІІ деңгей сұрақтары:

  1. Жұмыс үстеліне «7 А сынып» деген атпен қапшық құрыңыз.
  2. Осы қапшықтың ішіне екі  қапшық құрыңыз.
  3. Оның біреуіне өз аттыңызды беріңіз, екіншісіне «Желтоқсан» деген ат беріңіз.

ІІ деңгей

  1. Өз атарың берілген қапшыққа таңбаша жасаңыз.
  2. Ол таңбашаны жұмыс үстеліне қойыңыз.
  3.  «Желтоқсан» қапшығының атын «Астана» деп өзгертіңіз

І деңгей

  1.  «Астана»қапшығын көшірудің  үш жолымен  көшірмесін жаса.
  2. Жұмыс үстеліндегі «7 А сынып» қапшығын жой
  3. Себетті тазала.

ІV. Бағалау. Жауап берген оқушыға компьютердің және калькулятордың суреті бейнеленген фишкалар беріледі.

Сол арқылы оқушылар бағаланады.

V. Үйге тапсырма.3.4  3.5 – тақырыпты оқып келу. «Сөзжұмбақ» дайындап келу.

Бұл сабақта сыныптағы барлық оқушыларды жұмыспен қамтамасыз еттім, әрбір оқушының белсенді түрде қатысуын қадағаладым, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізді. Оқушылар жолдастарының жұмыс нәтижелерін әділ бағалай білді. Сонымен қатар тәртібі мен   мінез-құлқына әсерін тигізді. Бұл сабақта уақыт ұтымды пайдаланып, оқушылар  толық бағаланды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Файлдар мен қапшықтар
Объектілермен жұмыс істеуді үйрену
Файлдар мен қапшықтар
Объектілермен жұмыс
Файлдар мен қапшықтар. Қапшық құру. Таңбашалар
Windows типті ОЖ. Қапшық, файл, дискілермен жұмыс істеу бұйрықтары
Информатика пәнінен модульдік оқыту технологиясы бойынша жасалған авторлық бағдарлама
Файлдар, қапшықтар және таңбашалар
Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаны жою. Корзинаны қалай тазалайды.
Файлдармен жұмыс
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 2726 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык