Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Фосфор және оның қосылыстары


Фосфор және оның қосылыстары

Фосфор және оның қосылыстары

Сабырқызы Анель – Алматы облысы

“Cаркан аудандық білім бөлімінің

К.Ушинский атындағы орта мектебі,

мектепке дейінгі шағын орталығымен”

Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің химия пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Фосфор және оның қосылыстары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушыларға Vнегізгі топшаның маңызды бейметалы-фосфордың элемент және жай ретіндегі қасиеттерін .құрамын,табиғатта таралуы ,фосфордың маңызды қосылыстары туралы жалпы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың химиялық білімін одан әрі дамыту,тез ойлауға,шапшаңдыққа,өз бетімен ізденуге үйрету.

Тәрбиелік: Өздігінен талпынып,жауапкершілікті сезінетін саналы,өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,ақпараттық технология

Көрнекілігі:Периодтық жүйе,электронды оқулық

Пәнаралық байланысы:биология,физика

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу,көңіл күйлерін сұрау.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (Сұрақ-жауап)

 (Сендер мына тұжырымдамалармен келісесіңдер ме? Белгісіз элементтерді табу.)

ІІІ.Бәрін білгім келеді (Жаңа сабақ)

ІV.Есептер шығару.

V.Қорытынды

Сендер мына тұжырымдамалармен келісесіңдер ме?

  1. Азот қышқылы күшті тотықтырғыш болып саналады.(ИӘ)

2. Азот қышқылы еритін негіздермен ғана әрекеттеседі. (Жоқ)

3. Азот қышқылы жарықта ыдырайды. .(ИӘ)

4. Азот қышқылының тұздарын нитриттер деп атайды. . (Жоқ)

5. Азот қышқылы металдардың электрохимиялық қатарында сутегіне дейінгі металдармен әрекеттеседі. . (Жоқ)

6. Азот қышқылы алюминийді пассивтейді. .(ИӘ)

7. Азот  қышқылы өндірісте  аммиактан алады. .(ИӘ)

8. Азот қышқылы  металдармен әрекеттескенде  сутегі бөлінбейді. .(ИӘ)

ІІ.Бәрін білгім келеді (Жаңа сабақ)

Оқушыларды топтастыру.(Топпен жұмыс) Оқушыларға үш түрлі фигуралар беріледі,сол бойынша оқушылар сыңарын табады.(оқушылар бүгінгі сабақты өз ойларымен топпен бірлесе отырып,талдап,түсіндіру керек)

1.Анықтамасы 2. Периодтық жүйедегі орны. 3.Формуласы 4. Кездесуі.

 5. Таралуы 6. Қасиеттері 7. Қолданылуы.  8.Алынуы.9. Биологиялық маңызы10. Есептер шығару

Сергіту сәті (Қимыл-қозғалыс арқылы ой-жинақтау.)

1669ж Фосфорды неміс ғалымы Г.Бранд ашты.

Қасиеттері

Ақ фосфор-Ақ түсті кристал, қараңғыда жарқырайды, өте улы, от алғыш, су астында сақтайды

Қызыл фосфор -Аморфты, кристалды емес, қараңғыда жарқырамайды, улы емес. Түсі қоңыр қызыл.

Қара фосфор-Түсі графитке ұқсайды, улы емес, от алғыш. Жартылай өткізгіш, от алады.

Табиғаттағы фосфор

            Фосфор табиғатта химиялық белсенділігіне байланысты тек қосылыс        

       күйінде кездеседі.

             Фосфор мына заттардың құрамына енеді:

фосфорит және апатит минералы,кальций фосфатының құрамында Ca3 (PO4)2;

               Қазақстанда фосфорға өте бай ірі кен орындары бар.Олар:Ақтөбе,Оңтүстік Қазақстан,Жамбыл облыстары.

өсімдіктердің генеративті мүшелеріндегі нәруыздың құрамына кіреді;

адам және жануарлардың ағзасындағы жүйке жүйесі мен жұлында болады

Ми жасушаларында болады.

ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІ

Металдармен:

              3Ca +2 P = Са3 Р2

Бейметалдармен:

             4 P + 5O2 = 2Р2 О5

               2P + 3S = Р2 S3

Фосфордың азот қышқылымен әрекеттесу реакциясы

P(қатты.) + 5HNO3 (конц.) = 2H3PO4 + 5NO2 ↑ + H2O

Фосфордыңалынуы:Ca3 (PO4)2 + 5C + 3SiO2 = 3CaSiO3 + 2P + 5CO↑

ФОСФОРДЫҢ     ҚОЛДАНЫЛУЫ

Тыңайтқыштар .Жуғыш заттар.Улы химикаттар.Шырпы өндірісінде.

Суды жұмсартуда.Бояу өндірісінде.Жемірілуден қорғайды.Бу шығаруда

ФОСФОРДЫҢҚОСЫЛЫСТАРЫ

HPO3    метафосфор қышқылы   ГИДРОФОСФАТ  CaНPO4

H3PO4  Ортофосфор қышқылы  ФОСФАТТАРCa3(PO4)2

H4P2O7  пирофосфор қышқылы  ДИГИДРОФОСФАТCa(Н2PO4)2

Химиялыққасиеттері P2O5

 Суменәрекеттеседі:

       P2O5 + H2O      2HPO3

       P2O5 + 3H2O  t          2H3PO4

    2) Негіздік оксидтермен әрекеттеседі:

       P2O5 + 3К2O        2К3РО4

   3) Сілтілермен әрекеттеседі:

       P2O5 + 6NaOH      2Na3РО4 + 3H2O

«Ой толғау » (Бекіту тапсырмалары )

№1-есеп. Массасы 7,1г фосфор (V)оксиді  судың  артық мөлшері-мен әрекеттескенде түзілген фосфор қышқы-лының массасын  есепте.

Бер:

m (P2O5) -7,1г      P2O5+3H2O - 2H 3PO 4

т/кm (H 3PO 4)

№2-есеп. 15,5г Са3(РО4)2 ыды-рағанда түзілетін фосфор (V) оксидінің массасын есепте.

3-есеп Р → РН3 → Р2О5 → Н3РО4→ К3РО4    → Аg3РО4

Ой-түйіндеу 1669, 31, 56, 600

Бекіту сұрақтары:

1.Сенесің бе,сенбейсің бе?Фосфордың таңбасы «ПЭ» (ИӘ)

 2. Сенесің бе,сенбейсің бе?«Фосфор»сөзі  «жарық шығарушы»ұғымын білдіреді (ИӘ)

3. Сенесің бе,сенбейсің бе? Ақ фосфордан сіріңке жасайды (ЖОҚ)

4. Сенесің бе,сенбейсің бе?Р-бес аллотропиялық түр өзгерісі бар.(ЖОҚ)

5. Сенесің бе,сенбейсің бе?Р-атом масса 31,реттік нөмері 15 (ИӘ)

6. Сенесің бе,сенбейсің бе? Р-валенттілігі 2.4 (ЖОҚ)

7. Сенесің бе,сенбейсің бе? Р-ұшқыш сутек қосылысы фосфин деп аталады. (ИӘ)

8. Сенесің бе,сенбейсің бе? Ақ фосфорды қараңғыда су астында сақтайды (ИӘ)

Қорытындылау. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз.(Смайлингке өз ойларын қалдыру.)

Бағалау.

Үйге тапсырма §20. Фосфор №6.№8. 95- бет    “Адамға фосфор керек пе?”


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Азот оксидтері. Азот қышқылы. Нитраттар.
Фосфор және оның қосылыстары.
Фосфор, оның қосылыстары (фитнес сабақ)
Азот оксидтері. Азот қышқылы
Көміртектің қосылыстары
Электролиттік диссоциациялану теориясы
Азот қышқылы және оның тұздары
Химимядан бақылау жұмысы
Азот қышқылы
Қышқылдардың құрамы, алу жолдары
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 11170 | Қосты: Сабырқызы Анель | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык