Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
Құрметті сайт қолданушылары ұстаздар сайты домендік атауының өзгергенін хабарлайды. Сайттың жаңа домендік атауы www.u-s.kz .
Загрузка...
Загрузка...
» » Функция тарауын қайталау

1-06-2014, 19:11
Функция тарауын қайталау
загрузка...

Сабақтың тақырыбы: Функция тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты: функция тарау бойынша алған білімдерін жинақтау, бір жүйеге келтіру.
Сабақ міндеті:
а) Білімдік: Оқушының тақырып бойынша математикалық білімін,өзіндік ізденісін дамыту;
ә) Дамытушылық: Оқушының танымдық қызығушылығын, логикалық және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, тақырыпқа сәйкес білімдерін тереңдетуге күш салу;
б) Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, дәлдікке, өз жетістігін бағалай білуге, қарым-қатынас жасай білу, ұжымдық сезімді ояту сияқты рухани тәрбие негізін қалыптастыру.
Сабақ типі: Тарауды жинақтау және білімді бағалау.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.
Сабақтың әдісі: Жарыс
Сабақта қолданылатын технологиялар: оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.
Көрнекілігі: карточкалар, графиктер,  фишкалар, компьютер, интерактивті
тақта, слайдтар, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды топқа бөлу.   Оқушылар-туристер шетел елдерін аралауға  саяхатқа шығады. Оқушыларды екі топқа бөліп  І-топ және  ІІ- топ атанады. 
І.   Кеден байқау.  (І. Қызығушылығын ояту. ) 
ІІ.  Ұшаққа отыру. (Ой қозғау)
ІІІ. Сызықтық функция еліне ұшу. (Мағынаны тану)
ІV. Экскурсияға шығу. 
V.  Экскурсия. 
VI. Елге қату. (Ой толғаныс.) 
VII. Қону. Үйге тапсырма.
І. Қызығушылығын ояту. Кеден бақауы.
Тақтада Г. В. Лейбниц суреті көрсетіледі.
Бес жолды өлең (сэнквейн )
Кім? Не?-ғалым
Қандай?-Ойшыл, таланты
Не істейді?- жазады, шешеді,  ізденеді.
Сөйлем- Ғалымдардың аты тарихта қалады.
Синоним - математик.
“Функция” терминін математикаға 1694 жылы тұңғыш енгізген неміс физигі,математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц болатын. “Функция” сөзі латынның functio сөзінен шыққан,қазақша орындау,атқару дегенді білдіреді.
ІІ. Ұшаққа отыру. (Ой қозғау)
Әр топқа кезекпен сұрақтар қойылады. Егер қойылған сұраққа өз кезегінде жауап бере алмаса, жауап беру қарсы топқа беріліп, дұрыс жауап берілсе, фишканы сол топ алады.
Сызықтық функцияның формуласын жазыңдар. (у=kх+ l )
Тура пропорцианалдықтың формуласын жазыңдар. (у=kх)
К-қалай аталады ? (Бұрыштық коэффициент) 
Сызықтық функция мен тура пропорционалдықтың қандай ұқсастықтары бар? (Олардың графиктері түзу сызық) 
Сызықтық функция мен тура пропорционалдық функцияларының қандай айырмашылығы бар? (Сызықтық функцияның графигі координаталық осьтерді қияды, ал тура пропорционал функцияның графигі координаталар жүйесінің бас нүктесі арқылы өтеді) 
у= l функциясы қалай аталады? ( Тұрақты функция) 
Тұрақты функцияның графигі қалай орналасады? (ОХ-осіне параллель болады) 
Сызықтық функциялар графиктерін бір координаталық жазықтыққа салсақ, олар қалай орналасады? (Қиылысады, не параллель болады) 
Қандай жағдайда екі сызықтық функцияның графигі қиылысады? (Бұрыштық коэффициенттері әртүрлі болғанда) 
Қандай жағдайда екі сызықтық функцияның графиктері параллель болады? (Бұрыштық коэффициенттері бірдей болғанда) 
Қандай жағдайда түзулер ординаталар осінде бір ғана нүктеде қиылысады? (l-дің мәні бірдей болғанда)
ІІІ. Сызықтық функция еліне ұшу.  Мағынаны тану.
№1409
Х=3; 4; 0 мәндеріне сәйкес функцияның мәнін табыңдар:
І-топ:                             ІІ-топ:
1) f(х)=2,1х-7,5                 1) f (х)= 0,5х+2
2) f (х)=2х-1                      2) f (х)=8,6х-25,8
ІV.  Экскурсияға шығу.
І- топ:
№1414
Кестені толтырып , сызықтық функцияның графигін салыңдар:
І-топ:
у=-0,6х-3
а) х-тің 0-ге,-2-ге,3-ке тең мәндеріне сәйкес у-тің мәндерін табыңдар.
ІІ-топ:
у=х-4
а) у-тің 4-ке, -6-ға тең мәндеріне х-тің қандай мәндері сәйкес?
V. Экскурсия. 
 
№1415.   
Берілген функцияның анықталу аймағын табыңдар:
І-топ:                                                         ІІ-топ:
у=2/(х-3)                             2) у = 2х -1
 
y =  x2                               4) у=(5+х)/3
№1417
Функция графиктерінің координаталар осьтерімен (Ох; Оу) қиылысу нүктелерінің координаталарын табыңдар:
а) у=0,25х+2
 
№1417
Функция графиктерінің координаталар осьтерімен (Ох,Оу) қиылысу нүктелерінің координаталарын табыңдар:
а) у=5х-10
VІ. Елге қайту. Ой толғаныс.
Ой толғаныс әдісі бойынша “Семантикалық картаны”толтырады:
Р/с Функциялар:
Графиктері түзу сызық
Санақ басы арқылы өтеді
Координаталық
осьті қияды
Ох осіне параллель
1 у=kх+ l 
сызықтық функция + - + -
2 у=kх 
тура пропорционалдық + + - -
3 у= l 
+ - + +
Фишкаларды санау. Оқушыларды бағалау.Топ оқушыларының жинаған фишка санына байланысты жеңімпаз топ анықталады.
VII. Қону. Үйге тапсырма беру: №№1419, 1420.
Загрузка...

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ФУНКЦИЯ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФОРМУЛАМЕН БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ
"Функциялар және графиктер" қолданбалы курсының авторлық бағдарламасы
Квадраттық функция тақырыбын қайталау
Квадраттық функция графиктерін қарапайым түрлендіру.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу
Көрсеткіштік және логарифмдік функцияларды дифференциялдау
«Функция» тарауына қайталау жаттығуларын орындау.
Функция графиктерін салу 8 сынып
Функция туралы ұғым
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 1191 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Загрузка...
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык
Жаңалықтар