Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері


Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері

Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері

Қысқа мерзімді сабақ жоспары:

Сабақтың тақырыбы:

Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері

Сілтеме:

 Күнтізбелік жоспар, слайд, геометрия оқулығы 7- сынып,

дидактикалық материалдар, тест жинағы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:  Оқушыларды теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттерімен таныстыру,  есептер  шығаруда  сол қасиеттерді пайдалануға баулу, үйрету;

 Дамытушылық: Жылдам ой қорыта білуге, тапқырлыққа, тиянақтылыққа баулу,  сөздік қорларын, ойланып шешім қабылдай білу қабілеттерін дамыту ;

Тәрбиелік: Бір-бірін тыңдау арқылы өзгенің пікірімен санаса білуге тәрбиелеу.

Оқытудың мақсаты:

 

Математика сабағында деңгейлік сұрақтар арқылы оқушыны ойлануға, салыстыруға, өзіндік бағалау дағдысын қалыптастыруға үйрету.

Міндеті:

Оқушылардың тез ойлау қабілетін дамыту,әртүрлі есептер шығару арқылы ой-өрістерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Оқыту нәтижелері:

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

 

  •  Оқушылардың жұппен еркін жұмыс жасауларына қолайлы орта туғызу.
  • Оқушылар тақырыппен таныса отырып  салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау.
  • .Шығармашылыққа баулу
  • Оқушылардың жеке, жұпта, топта жұмыс жасауын, пікір алмасу ортасын ұйымдастыру

 

  • Сабақ соңында оқушылар теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін толық түсінеді.
  •  Жеке ойларын  ортаға сала алады.
  • Топқа  ойын  еркін  жеткізе  алады.

 

Қызығушылықты ояту

  Тренинг жүргізу   

Психологиялық  көңіл-күй орнату

        Ой толғаныс        

Қадамдар:

  1. Блум таксономиясы арқылы оқушыларға теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін қолдана білуге ой салу;
  2. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы теоремаларды талдау және оларды есептер шығарғанда қолдану жолдарын білу;
  3. Тыңдайды, жазады,еске түсіреді, есте сақтайды, ойлайды,қорғайды.

Тапсырмалар:

Блум таксономиясы бойынша топқа тапсырма беру

  1. Білім. 
  2. Түсіну.
  3. Қолдану. 
  4. Талдау.
  5. Жинақтау.  
  6.  Бағалау.

Сабақтың барысы:

              Мұғалімнің іс-әрекеті:

                        Оқушының іс – әрекеті:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушыларды түгендеу;

- Сабақтың мақсатымен таныстыру.

  1. Психологиялық  көңіл-күй орнату:

3. Үй тапсырмасын пысықтау.

-Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы;

- Үшбұрыштар теңдігінің I белгісі;

- Үшбұрыштар теңдігінің II белгісі;

- Үшбұрыштардың түрлері.

  1. Тренинг жүргізу арқылы топқа  бөлу: «Адам мінезінің түстері»
    Мақсаты: оқушыларға психологиялық тұрғыдан шабуыл жасау арқылы, ойлау қабілеттерін дамыту, өздеріне деген сенімдерін қалыптастыру, өзін бағалай алуға, өзін тануға ықпал жасау. Үшбұрыштардың түрлерін ажыратуға үйрету.
    Шарты: оқушылардың алдына қызыл, жасыл, сары, көк түсті кез - келген үшбұрыштың  түлері ұсынылады. 
    Нәтиже: оқушылар дайын болғаннан кейін олардың түстері бойынша және үшбұрыш түрлері бойынша мінездемелік сипаттамалармен танысады әрі үшбұрыштың түстеріне байланысты топқа бөлінеді.

4.Блум таксономиясы бойынша топқа тапсырма беріледі:

Білім. Оқулықтан оқушылар өздері «теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері» тақырыбын әр оқушы  жеке оқып,  жұппен, топпен талдап бір-біріне түсіндіреді.

Талдау. Сұрақ-жауап арқылы теоремаларды дәлелдеп, алған білімдерін пысықтайды. 

Түсіну. Жұптасып-ойлан-бөліс

Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдық әдісі оқушылар ойланып әрқайсысы жеке жауап жазады, кейін жұптарға бөлініп ең үздік деген тапсырмаларды біріктіреді, оқушылар өздерінің жаңа жақсартылған жауаптарымен сыныппен бөліседі.

 

1)    Музыка ырғағымен жаттығулар жасайды.         

 

 

2)    Суреттер бойынша сұрақтарға жауап береді. (Слайд-1)

 

 

 

 

3)    Оқушылар өз қалаулары бойынша үшбұрышты таңдап алады.

Фигуралар әдісі бойынша топтарға бөлінеді:

 

4)Сары түстілер өз қалаулары бойынша кез келген топқа бара алады.

 1-топ қызыл түстілер;

 2-топ көк түстілер;

 3-топ жасыл түстілер.

 

 

 

5) топтық жұмысқа дағдыланады, топпен  ассоциация құра алады.

 

 

6) Оқушылар механикалық есте сақтау арқылы, сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

7) Әр топ жұмыстарын постермен қорғайды.

 

 

 

 

 

 

Тыңдайды, жазады,еске түсіреді, есте сақтайды, ойлайды,қорғайды

 

 

 Қолдану:

Оқулықтағы есептерді шешу.

 

Оқушы есепті топпен шығарады. Әр топтан бір оқушы есептің шешімін көрсетеді. Ең жақсы жазылған жазбаны анықтау.

№178 ( ауызша шығарылады)

Қабырғаларының ұзындықтары бойынша үшбұрыштың түрін анықтау.

№ 179

Үшбұрыштың периметрін табу.

№180(1)

Теңбүйірлі үшбұрыштың периметрін табу.

№180(2)

Теңбүйірлі үшбұрыштың периметрін табу.

Жинақтау. Сәйкестендіру тест жұмыстары.

Әр топ өз жауабын тақтаға жазады.

Бекіту.

Ой толғаныс

1.Қандай үшбұрыштың периметрін есептеу жеңіл?   (суреттер, сызбалар)

2.Мына фигураларда қанша үшбұрыш бар?

  1. Бос орындарды толтырыңдар. (кесте)

Бағалау:

üФормативті бағалау

 

Топтар бірін-бірі бағалайды, мұғалімнің бағалауы.

- Бір-бірімізді қолдап, аямай шапалақтайық!

 сабақ үшін, көтеріңкі көңіл-күй сыйлағанымыз үшін ризашылығымыз болсын!

Рефлексия:

 

Осы сабақ туралы көңіл күйлерін білдіреді

 

 Үйге тапсырма: 

№182,№183. п.14.(1-3) теоремалар.

Шаймерденова С.Б.

№3 Красный Яр орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы
Үшбұрыштар теңдігінің І белгісі
І ж. ж арналған 7-сынып бойынша алгебра, геометрия пәнінен ОМЖ
Үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштары
Үшбұрыштар тарауын қайталау
Үшбұрыштар тарауын қайталау
Тереңдетіп оқыту- білім сапасын арттырудың бастауы
Үшбұрыштың бұрышын табу
Үшбұрыштың орта сызығы. 8 класс
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 6356 | Қосты: Шаймерденова Сандугаш Баймолдиновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык