Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сіз көшбасшы бола аласыз ба?


Сіз көшбасшы бола аласыз ба?

Сіз көшбасшы бола аласыз ба?

ТақырыбыСіз көшбасшы бола аласыз ба?

Мақсаты: Ата-аналарға «Өзін-өзі тану»пәні арқылы рухани –адамгершілік тұрғысында білім берудің мәнін ашу. «Көшбасшы»ұғымын түсіндіру.

Міндеттері:

-ата-аналарға отбасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру;

-  айнала қоршаған адамдарға тілеулес болуға ,ізгі ниеттерін дамыту.

-  жауапкершілікке,сезімталдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар,мәліметтер)  слайд,стикерлер,шарлар.

Барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі:

Тыныштық сәті (Нұрға бөлену)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын »

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер

Сынып жетекшісі: Халиуллина Нургул Хабиевна

Cыныпқа қысқаша мінездеме беру

  2. Сауалнама жүргізу.Ата-аналарға  арналған сауалнама

Мектеп психологі: Сакипкалиева Рита Алибековна

0-мүлде келіспеймін,1-келіспеймін, 2-айтуға  қиын,3-келісемін,4-сөзсіз келісемін

  1. «Ата-анамен байланыс-өзін-өзі танудың негізгі шарты»атты баяндаманы тыңдау.

Отбасы - адам бақытының негізі.Отбасы-жер бетіндегі адамзат баласы үшін үлкен маңызға ие орта болып саналады. Отбасы-салт-дәстүрлердің,үлгі-өнегелердің,рухани мол мұралардың қорғаушысы және сақтаушысы. Отбасы –оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің серіктесі.Оныңбала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз ынтымақты бірлестікте болуы шарт. Себебі, бала тәрбиесінің отбасында,мектепте, қоғамда нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.

Баланың адам болып қалыптасуы тәрбиеге байланысты болса,ал отбасы –сол тәрбиеніңбастауы.Отбасында басты мәселелелердің бірі-баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру.Бұған баланың күн реті,міндеттері,қойылатын талаптары,оның үй еңбегіне қатысуы,оқу-әрекеті,бос уақытын ұйымдастыруы т.б.жатады.Баланың осы әрекеттерін дұрысреттеуге тәрбиелеуде отбасының алар орны ерекше.Яғни,әке мен шешенің әрекеттерібала үшін үлгі өнегенің өзі болып табылады.

Сондықтан, ата-аналар сөйлейтін сөзін,істейтін ісін,бала алдындағы міндетін,анасы әкесінің, әкесі анасының алдындағыталап –міндеттерін дұрыс орындауы  тиіс.

Бала –отбасының жеміс берер гүлі,алтын тіреу діңгегі болғандықтан да, тәрбиенің негізі осы кішкентай нәресте кезінен басталуы керек.Қазақта:«Әкеден –ақыл,анадан -мейірім», «Баланың  бас ұстазы-ата-ана»деген сөздер тегін айтылмаса керек.Отбасындағы ата мен әженің,әке мен шешенің,апа-қарындас,аға-інінің бір-біріменкүнделікті өмірдегі қарым-қатынасы,бір-біріне көзқарасы,жүріс-тұрысы,мінез-құлқы-ұлттық тәрбиенің бастау бұлағы емес пе?Баланың ата-ананы,жасы үлкенді,құдайы қонақты сыйлауы,үлкенді аға тұтуы,іні-қарындастарына қамқоршы,қайырымды,бауырмал  болуы отбасындағы көрегенділікке,көрген-білгенін есте сақтап,тәлімалуына,үлгі-өнеге тұтуына байланысты болады.Ата-әжесінің балаға жұмбақ айтуы,жаңылтпаш,өлең-жыр жаттауы немесе қамшы өргізу, кесте тіктіру сияқты әртүрліөнерге баулуы бала үшін үлкен тәрбие болып табылады. Халқымыз жас ұрпақты тәрбиелеуде даналық сөздерге көп назар аударған. Соған орай «Баланы сүйсең,тәрбиесінсүй», «Баланы мақтау жетілдірмейді,тәрбиелеп баптау жетілдіреді» деген мақал-мәтелдер баланың әке-шешесінен алатын тәрбиесі қандай болса, көп жағдайда оның алатын өмірі де соған қарай құралады деген ойды аңғартады.

Жас ұрпақты қоғамымыздың саналы азаматы етіп тәрбиелеу-оқушылармен еңбекетуші мұғалімдердің және отбасының негізгі міндеті. Отбасы-қоғамдық жүйенің бір бөлігі. Отбасындағы жақсы қарым-қатынас баланы жалпы адамзаттық, құндылықтарды түсінуге жетелейді, өмірдің қыр-сырын танытады, жауапкершілікке, адалдыққа, ойшылдыққа, әдептілікке баулиды. Тәрбиелі білім-қазына, тәрбиесіз білім-қасірет екендігі баршамызға мәлім.Сондықтан кез-келгенсатыда тәрбиелі білім беру міндетіміз. Тәрбиежұмысын ұйымдастыру барысында ұлттық салт-дәстүр, рухани адамгершілік құндылықтарын дамыта тәрбиелеуді ұстанамыз. Бала тәрбиесі бір күндік немесе бір уақытта аяқталатын әрекет емес,тәрбие отбасынанбасталады,мектеппен бірге қайнасады,өмір бойы жалғасады.Тал шыбықтай жас балағабесіктен бастап берілген тәлім-тәрбие, ұстаным-тәртіп қағидалары есейгенде оның мінез-құлқының,сана-сезімнің ар-ождан намысының темірқазығына айналады.

Данышпан Абай атамыз  былай дейді: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады: біріншісі-ата-анадан,екіншісі-ұстаздан,үшіншісі -құрбысынан».Сондықтан қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де,ата-ана бала тәрбиесін ұмытпауы тиіс.

Отбасы қоғам және мектеппен үзілмес одақ болып табылады. Егер оған ғылыми педагогикалық  тұрғыдан келгенде, отбасының бала тәрбиелеудегі міндеттері:

-тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді;

-салт-дәстүрлердің жалғасуын қамтамасыз етеді;

-өз елінің патриотын,заңдарын құрметтейтін,болашақ отбасы құрушыларды дайындайды;

-баланың дұрыс мамандық таңдауын да қамтамасыз етеді;

-балаға «балалық шағын»қамтамасыз етуі қажет;

Отбасы - дені сау, рухани-адамгершілігі жоғары ,интеллектуалды тұрғыда дамығанжәне еңбек етуге дайын тұлға қалыптастыруға міндетті.

Отбасы тәрбиесінің құрамдық компоненттері:

-         физикалық-салауатты өмір салтын ұстанумен негізделеді және дұрыс күн ретінұйымдастыру,спортпен шұғылдану,организмді шыңдау және т.б.

-         рухани-адамгершілік-тұлға қалыптастырудағы қарым-қатынастың қайнар көзі.

Мәңгілік құндылықтар –ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әркет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау;

-         интеллектуалдық-ата-аналардың баланың білім алуына қызығушылық танытуы,

-         қатысуы және қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып,оның үнемі жаңаруына

  үлес қосуы;

-         эстетикалық-баланың таланты мен дарындылығын дамыту немесе жай ғана өмірдегіәсемдікті түсінуіне мүмкіндік жасау;

-         еңбектену-болашақ өмірінің негізін жинақтау.Еңбек етіп үйренбеген адамға бір ғана жол бар,ол «жеңіл»өмірді іздейтін болады.

Бала-әр жанұяның бақыты.Қай қоғамда өмір сүрейік,бала –ол біздің болашағымызжарқын күндеріміз.Сондықтан болашағымызды қазіргі сәттен жақсы тәрбиелесек,ертеңгі күнімізге сеніммен қадам басуға болады деп нық айта аламыз.Олай болса,здарымыздың мемлекетіміздің ертеңгі үлгі болар азаматы екендігін ұмытпайық!

4.     Тест  « Сіз көшбасшы бола аласыз ба?»

 Мектеп психологі: Сакипкалиева Рита Алибековна

1. Бала кезіңізде үлкеннің тілін алу мен өзгеге бағыну сіз үшін ауыр болды ма?

Иә (10 ұпай)Есімде жоқ, білмеймін (5 ұпай) Жоқ (0 ұпай)

2. «Ғылым мен мәдениеттегі жетістіктерге тек билік ете алатын жандар ғана қол жеткізе алады»деген  пікірмен келісесіз бе?

Иә, әрине (10 ұпай)Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)

3. «Нағыз ер-азамат әйел затын өз талаптары мен заңдарына бағындыра білу керек»деген ойға көзқарасыңыз?

Өте дұрыс (10 ұпай)Нақты айта алмаймын (5 ұпай)Дұрыс емес (0 ұпай)

4. Жақын жандарыңыздың асты-үстіңізге түсіп, еркелеткендігі сізге ұнайды ма?

Иә, оған еш қарсылығым жоқ (10 ұпай)Кейде-кейде (5 ұпай) Шынымды айтсам, ұнамайды (0 ұпай)

5. «Әйел заты көнбіс болу керек» деген пікірмен келісесіз бе?

Иә, әрине (10 ұпай)Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)

  1. «Мені қоршаған жандардың жағдайын жақсарту үшін мойныма көп дүниені жүктеп алдым. Алайда, мұны біреу білсе, біреу білмес». Сізге таныс жағдай ма?

Иә, дәл қазіргі менің жағдайым (10 ұпай)Таныс жағдай, тек мұны барлығы білуге тиісті емес (5 ұпай)Жоқ, мұндай жағдайға ұшыраған емеспін (0 ұпай)

  1. «Мықты адам» деген теңеуге сай келетін жан көшбасшы бола алады» деген пікірмен келісесіз бе?

Иә, әрине (10 ұпай)Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)

8.Оңтайлы нәтижені тез табу керек болатын кейбір жағдайларда шешімді тез қабылдайсыз ба?

Иә, тез табуға тырысамын (10 ұпай)Нақты айта алмаймын (5 ұпай)

Жоқ, шешімді бірден қабылдай алмаймын (0 ұпай)

9. Мен өзгелерді өзіме бағындырып, билік ете аламын

Иә, әрине (10 ұпай)Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)

Жоқ, билік ете алмаймын (0 ұпай)

10. Ешкімнің алдында ашылып сөйлеп, өзімді толық көрсеткім келмейді

Иә (10 ұпай)Білмеймін, әр кезде әр қалай (5 ұпай)Жоқ (0 ұпай)

11. Мен беймаза, тыныш өмірді армандаймын

Иә, іште жатқан сондай арманым бар (10 ұпай) Білмеймін, ол туралы ойланбаппын (5 ұпай)Менің ондай арманым жоқ (0 ұпай)

12. Бағынышты адам бастығының кез келген тапсырмасын орындай білуі керек

Иә, әрине (10 ұпай)Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)

13. Жақын жандармен тілдескен кезде, әсіресе, олардан өтініш-жәрдем сұраған іштей бір қарсылықтың тұрғанын сеземін

Иә, мұндай сезімдер менде жиі болады (10 ұпай)Білмеймін, аса мән бермеппін (5 ұпай)

Жоқ, мұндай сезімде болған емеспін (0 ұпай)

14. Менен өзгелер түсінік сұрап, ақталуымды талап етеді.

Иә, онсыз да түсінікті дүниелерді қайта сұрап жатады (10 ұпай)

Білмеймін, байқамаған екенмін (5 ұпай)Жоқ (0 ұпай)

15. Менің мінезім үйіміздің тірегі әкемнің/анамның мінезіне ұқсас

Иә (10 ұпай)Білмеймін (5 ұпай)Жоқ (0 ұпай)

Оқу-тәрбиеісініңмеңгерушісі: ҒабдығалиевБерікСабырғалиевич

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Жунусова Гулзада Тыныштыбаевна

5. Слайд көрсетіледі.

4. «Жалғыз адам не істей алады?» қойылымы

( 3 «ә» сынып оқушылары орындайды.)

Қойылымға қатысушылар сахнаға бірінің соңынан бірі шығады (сахнаны бүкіл сынып толтырады)

1-ші оқушы: Әлем сұмдық болып кетті. Адамдар мені түсінбейді. Жалғыз мен ғана жақсымын. Бірақ мен мына зұлым әрі қатігез әлемді қалай өзгерте аламын? Мен жалғыз өзім не істей аламын? Жалпы жалғыз адам не істей алады? (шеңбер бойымен жүре бастайды) Жалғыз адам не істей алады?  (хормен) Жалғыз адам не істей алады? ...

2-ші оқушы:

Айналадағылардың барлығы – өтірікші. Бар ойлары біреуді ақымақ ету. Барлығы өтірік айтады – базардағылардан бастап жоғарыда отырғандарға дейін (сұқ саусағын жоғары көрсетеді). Барып тұрған  масқара! Мен жалғыз өзім не істей аламын? (хормен) Жалғыз адам не істей алады? ...

3-ші оқушы:

Бұл әлемдегі адамдардың барлығы – өзімшіл. Әрқайсысы тек өзін ғана ойлайды. Тек қарны тоқ, жағдайы жақсы болса болды. Ешкім мұқтаж адамдарға – қарттарға, жетімдер мен мүгедектерге жәрдем бергісі келмейді. Басқалар бәрібір көмек бермейтін болса, менің біреуге көмектескенімнен не пайда?!. Мен жалғыз өзім не істей аламын? (хормен) Жалғыз адам не істей алады? ...

4-ші оқушы:

Айналадағы адамдардың барлығы жауыз. Бәрі бір-біріне айқайлап, ашуланып жатады. Бәрінің жүйкесі жұқарған. Егер, дәл осылай жалғаса берсе, мұның соңы не болмақ? Мен не үшін мұнда тұрып өзгелер үшін күйбелектеп тұрмын. Маған салса, неге бәрі бірін-бірі жұлып, жұтып қоймайды, менің ұпайым түгел. Мен жалғыз өзім не істей аламын?

(хормен) Жалғыз адам не істей алады? ...

5-ші оқушы: Масқара! Айналадағылардың барлығы ұрлық жасайды, мен де аздап ... Бұл әлемде ұрлық жасамай өмір сүру мүмкін емес. Егер сен ұрламасаң, сенен ұрлап әкетеді. Осылай жалғаса берсе ұрлайтын да ештеңе қалмайды. Ұрлауға болатын нәрсенің бәрін, ендігі жерде ұрлап болды. Мұның барлығын қалай өзгертуге болады? Мен жалғыз өзім не істей аламын? (хормен) Жалғыз адам не істей алады? ...

6-шы оқушы:

Қолынан келген адамның барлығы пара алады. Парасыз бір қадам да ілгері жасай алмайсың. Қолайлы жұмысқа орналаса алмайсың, емтихан тапсыра алмайсың, емханадан сапалы ем қабылдай алмайсың, тіпті жақсы мектепке де орналаса алмайсың. Сұмдық-ай! Енді не болады? Бұлай өмір сүруге болмайды. Бір нәрсе өзгерту керек! Мен жалғыз өзім не істей аламын? (хормен) Жалғыз адам не істей алады? ...

7-ші оқушы:

Айналадағы адамдардың барлығы – маскүнемдер мен шылым құмарлар. Ішімдік ішеді, шылым тартады. Айналадағы түтіннің кесірінен дем алу мүмкін емес. Айналада тек спирттік ішімдік пен шылымның жарнамасы. Он-он бес жылдан кейін бізге не болады? Бұл қашан өзгереді? Мен де соларға қосылып шылым тартамын ... ішімдік те ішемін ... Жалғыз өзім не істей аламын? (хормен) Жалғыз адам не істей алады? ...

8-ші оқушы:

Айналадағы адамдардың барлығы боғауыз айтады. Көшеде, қоғамдық көлікте жүру мүмкін емес. Құлағыңды тас қылып бекітіп алсаң да! Түгел боғауыз сөз, енді жақсы сөз есту мүмкін болмай қалатын шығар. Мұндай жағдайда қалай өмір сүріп, балаларға қалай тәрбие беруге болады? Жалғыз өзім не істей аламын? (хормен) Жалғыз адам не істей алады? ...

9-шы оқушы:

Айналада түгел зорлық-зомбылық! Ағалы інілі бір-бірімен, баласы әкесімен, қызы анасымен жанжалдасады. Айналады соғыс, теракт. Бұл жайт түгелімен теледидардан көрсетіліп жатады. Зорлық пен қатыгездікке үгіт-насихат жүріп жатыр. Мен теледидардағы ең төменгі адам болмасам да, жалғыз өзім не істей аламын? (хормен) Жалғыз адам не істей алады? ...

10-шы оқушы:

Қазір зейнеткерлердің жағдайы ауыр, олар жайлы ешкім бас қатырмайды. Адамдарын өздерін мүлде қартаймайтындай ойлайды. Сондай аз мөлшердегі қаражатқа қалай өмір сүруге болады. Қартайған сайын аурушаң келесің, ал дәрі-дәрмектер тым қымбат. Мен де көшедегі орындықта отырып алып, үкіметті балағаттаймын. Сайлауға да бармаймын, жалғыз ғана менің дауысым не шешеді? Жалғыз өзім не істей аламын? (хормен) Жалғыз адам не істей алады?

11-ші оқушы:

Шынымды айтайын, мен – парақормын. Егер жоғарыда отырғандар үнемі талап ететін болса не істеймін? Егер пара бермесем, жұмыстан босатыламын. Сондықтан соларға беру үшін және өзіме қалдыру үшін пара аламын. Не бопты? Отбасымды асырауым керек қой. Қызметтік лауазымым төмен болмаса да, жалақым тым төмен. Пара алудың арқасында өмір сүріп келеміз. Осының барлығы жоғарыдағылардың кесірі. Параны ала береді, ала береді. Мен не істей аламын? (хормен) Жалғыз адам не істей алады?

12-ші оқушы:

Мен де өзімнің шәкірттерімнен пара аламын. Мен де астымда «Мерседес» көлігінің болғанын қалаймын, сапалы киініп, қымбат мейрамханалардан ас ішкім келеді. Не бопты? Қазір қолымда ештеңе болмаса бекерге осыншама білім алып, диссертация қорғағаным ба? Барлығы осылай ретке қойылған, мен ештеңе істей алмаймын. Бірақ соңғы кездері менің басым қатты ауырып жүр, түнімен жаман түстер мазалайды. Жалпы алғанда, барлығы пара алады ... Мен неге өзгелерден ерекшеленуім керек? (хормен) Жалғыз адам не істей алады? ...

13-ші оқушы:

Біздің партияға дауыс беріңіздер. Біздер сіздер үшін бәрін жасаймыз. Көктегі жұлдызды қолыңызға ұстатамыз, пәтер ақысын төмендетеміз, жалақыны жоғарылатамыз, барлығын жұмыспен қамтамасыз етеміз, зейнеткерлер 1000 доллар зейнетақы алатын болады, қоғамдық көлікте жүру бағасы 10 теңге болады ... Уффф! Өтірік айтудан әбден шаршадым. Сайлау тезірек аяқталса екен. Мен не істей аламын? (хормен) Жалғыз адам не істей алады? ...

14-ші оқушы:

Жол полциясы қызметкерлерінің барлығы – парақор. Анда-санда көлік жылдамдығын асырып, аздап мас күйінде рөлге отырып, ереже бұзғанда тұрған не бар. Адамдар неге жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан асықпай өтеді, мен асығыспын ғой, жұмысым бастан асады. Жалпы, не үшін біресе анда, біресе мұнда жүре береді, үйлерінде неге отырмайды екен, сол кезде аман-сау болар еді. Егер мен ережені қатаң сақтайтын болсам да, өзгелер бәрібір бұзады ... (хормен) Жалғыз адам не істей алады?

15-ші оқушы:

Ал мен кез келген жерге қоқыс қалдыра берем. Тұрған жеріме тастай салам. Себебі айналадағылардың бәрі тастайды, керемет қаламызды ластап бітті. Үйлерін солай ластамай ма. Айналаның бәрі түкірік, балағат сөздермен жазылып тасталған. Соларға қарап мен де енді ластап жүрмін. Не істеймін енді?(хормен) Жалғыз адам не істей алады? ...

16-шы оқушы:

Мен – кәсіпкермен. Егер мен шынайы түрде салық төлеген болсам, ешқандай пайда таппас едім. Сондықтан қулық жасауға тура келеді. Ұзақ жылдар бойы кәсіпкерлікпен айналысып, салықтан жалтаруды үйрендім. Не істеймін енді? Өмір сүру керек. Бәрі осылай істейді. Сондықтан, мемлекеттің қазынасы бос, зейнеткерлерге, мұғалімдерге, дәрігерлер мен әскерлерге, жол полициясы қызметкерлеріне, кеденшілерге төлейтін қаражат жоқ. Мен не істей аламын?  (хормен) Жалғыз адам не істей алады? ...

17-ші оқушы:

Мен – шенеунікпін, халыққа қызмет етемін. Мен маңызды адаммын. Мемлекеттік органда жұмыс істеген уақытта көлік, екі қаладан пәтер алдым, енді Нью-Йорктен пәтер сатып алғым келеді. Ол үшін әлі осы жерде біраз уақыт істеуім керек. Біздің жұмысымыз оңай емес, барлығын тексереміз. Бізді барлығы балағаттайды. Себебі, қарапайым халықтың түсінігі мен сауаты төмен. Таң атқаннан кеш батқанға дейін тексерулер жүргізіп, заңсыздықтарды анықтау оңай шару деп ойлайсыздар ма? Заңсыздық бәрібір барлық жерде бар. Жалғыз өзім мұның бәрін қалай өзгертем? (хормен) Жалғыз адам не істей алады? ...

18-ші оқушы:  Газет беттерінде көбіне не жазады ... болмашы нәрселер. Өсек-аяң. Айнала астан-кестен, өте жаман, әңгімелесетін ешкім жоқ. Жалғыз өзім не істей аламын? (хормен) Жалғыз адам не істей алады? ...

19-шы оқушы: Мектепте ешкім ештеңе жасағысы келмейді. Мен ғана жоспарлар мен есеп жазамын, барлығына көмектесемін, қызмет етемін. Барлығы жұмыс істеу үшін не істеу керек? Білмеймін тіпті ... Оларға неге басшылық ештеңе айтпайды? Мен ғана жүгіре беремін. Жалғыз өзім не істей аламын? (хормен) Жалғыз адам не істей алады?

20-шы оқушы:

Тоқтаңдар! Ойланайықшы бәріміз! Осының барлығына біреу нүкте қою керек емес пе? Егер, әрбір адам өзін өзгерте бастаса қалай болады? Жұмыста, үйде, қоғамда, көшеде өзін адал әрі шыншыл ұстайтын болса. Сонда қалай болады?

21-ші оқушы:

Онда ... Онда, мүмкін, әлем өзгеретін шығар ... Ия, ия, міндетті түрде, өзгереді! Себебі, өтірік айтатын, ұрлық жасайтын, пара алатын, ішімдік ішетін, шылым тартатын, айналаны қоқыспен ластайтын, балағаттайтын, төбелесетін, жанжалдасатын, соғысатын ешкім болмайды. Адамдар бір-бірімен тату-тәтті, бейбіт өмір сүреді. Адамдар! Әлемді өзгертуге жол ашайық, әрбір адам өзінен бастасын!

Барлығы қол ұстасып бірге: «Әлем – бұл МЕН!»- деп айтады

Хор: Сөзі: С.Молдасанұлы          Ән: «Бала тілегі»

Әні: Ф.Жолдасова

Сергіту сәті «Қызыл өрік»

5.Ата-аналарға сұрақ қою арқылы өз ойларын білу.

1.Балаңыз сізбен жиі сырласа ма?

2. Балаңызда қандай жақсы қасиеттердің болғанын қалар едіңіз?

3.Балаңыздың араласатын достарын танисыз ба,олардың ата-анасы жайлы не білесіз?

4.Балаңыз жаман әдеттерге бой алдырғанын байқасаңыз қандай ақыл кеңес бересіз?

5.Сіз балаңызға күнделікті көңіл бөлесіз бе? Қанша уақыт бөлесіз?

6.Балаңыздың сізді тыңдамаған кездері болды ма,неліктен?

 

6. «Дәйексөз»мағынасын ашу

Шаңырақ сәні –сыйластық.

Халық мақалы

Мейірімділікті анадан үйрен

Халық даналығы

Ел ұлымен берік,қызымен көрік.

Халық даналығы

Ата-ананың ақылы,

Сайрап жатқан жолмен тең.

Ақылдының ақылы,

Сарқылмайтын көлмен тең

Халық мақалы

Би: «Балдырғандар »

Орындайтын: 3 ә сынып оқушылары

  1. Ата-анарға «Жан әке »әнін тыңдату.

Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған,

Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған.

Осынау дөңгеленген дүниеде,

Жан әкекім бар сендейқымбатмаған.

Қайырмасы

Пейілің егіз далам мен,

Мейірім ыстық жаныңнан.

Неліктен түстім саған мен,

Еліктей балғын шағымнан.

 

Шыңның да шырқау көңіл құша дәмін,

Шыңға да кейсәттер де түсседарын.

Сүрініпкетпекүшінәкесондада ,

Сеніңөрболмысыңнанкүшаламын

 

Көңілің көрік сыйлап гүл бағына,

Өмірдің қанықтырдың сырларына.

Мен әкеқуанамын бар жаныммен,

Өзіңнің перзентің боп туғаныма.

Алтынға балап тұлғаңды,

Артыңда қалар ізіңмін.

Қызығын көріп жүр мәңгі,

Өсірген ұл мен қызыңның.

8 Рефлексия     Не білемін? Не білдім?    « Бес саусақ »

9. Қорытынды тыныштық сәті.Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп,жүрек жылуымызды адамдарға,айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.Жақсы ой ойлайық,жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі  жиналыстан  алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет

10. Қорытындылау.  Ата –аналармен,оқушылармен  суретке түсу

Қатысушының аты-жөні

ЖунусоваГулзадаТыныштыбаевна

Жұмыс орнының толық атауы

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Лауазымы

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі

Еңбек өтілі

30 жыл

санаты

жоғары

Теректі ауданы

Подстепный   қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Ата-аналар жиналысы

Тақырыбы: Сіз көшбасшы бола аласыз ба?

(дөңгелек үстел)

(3 «ә»сыныбының ата-аналарымен бірге өткізілді)

Өткізген: Өзін-өзі тану пәнініңмұғалімі

Жунусова Гулзада Тыныштыбаевна

31.10.2014 жыл Сыныптан тыс жұмыс

Ата-аналар  жиналысы (Дөңгелек үстел)

3 «ә» сыныбы


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өнегелі отбасынан үлгілі ұрпақ өседі
Ата-ананың алақаны-балаға айдынды қоныс
Отбасы-тәрбиенің ұясы
Әсемдікке ұмтылайық.
Менің педагогикалық философиям
Менің педагогикалық философиям
Ойын «Мұнара»
Ата ананың балаға көзқарасы сауалнамасы
Қуаныш-жан шуағы
Мейірімділік асыл қасиет
Бөлім: Уроки / Өзін-өзі тану | Көрсетілім: 7093 | Қосты: Жунусова Гулзада Тыныштыбаевна | Ілмек сөздер:
avatar
• 12 ноября 2014 18:54
Гүлзада апай, қандай керемет!!! Сізге шығармашылық табыс, өмірдегі бар жақсылықты тілеймін. Жас маман ретінде сіздің жұмысыңыз маған өте керек. Рахмет!!!
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык