Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сиқырлы сандықша ойыны


Сиқырлы сандықша ойыны

Сиқырлы сандықша ойыны

Ойынның мақсаты:  Білім деңгейін пысықтау
Ойынның  шарты:  Мұғалім үлестірме материалдарын даярлайды: 5 балл, 4 балл және 1 балл көрсетілген карточкалар. 
«Сиқырлы сандықша» сұрақтармен (билеттермен) толтырылады, олардың саны оқушы санынан артық болады. Әрбір оқушы кезегімен сұрақ алып, дауыстап оқып, жауап береді де, 1-5 баллдық жүйе 
бойынша тиісті бағасын алады (берілген ақпараттың мәнділігіне қарай).
Ойынды аяқтай келе, мұғалім әрбір оқушының ойын барысында алған жалпы ұпайын есептеп, соған сәйкес І, ІІ, ІІІ орындарды анықтайды.  
 «Сиқырлы сандықшаның» сұрақтары:
1 ұпайлық сұрақтар
1. Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі?
2. Қандай оқиғадан кейін Бумын Түрік қағанатының билеушісі болды?
3. “Теле сөзінің мағынасы?
4. “Түрік” этнонимі бірінші рет деректерде қашан кездесті?
5. Бумын елді қай кезеңде басқарды?
6. Түрік қағанатының екіге бөлінген уақыты?
7. Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы?
8. Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп,оларға “селиф”деген атақ берген қаған?
9. Батыс Түрік қағанатында яғбу,шад,елтебер атағы кімдерге берілген?
10. Батыс Түрік қағанатында “Қара бұдындар”деп кімдерді атаған?
11. Батыс Түрік қағанатында сот істерін атқарушылар?
12. Түркеш қағанатының мерзімі?
13. Түркеш қағанаты бөлінген аймақ саны?
14. Арабтар “Сүзеген” деп атаған қаған?
15. Атлах шайқасынан кейін 756жылы Түркеш қағандығын құлатып,билікті өз қолына алған тайпа?
16. Түркештердің Күнгет қаласы қай жерде орналасқан?
17. Түркеш мемлекетінің негізін қалаған қаған?
18. Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты деп айтқан зерттеуші?
19. 1Х ғасырдың басында қарлұқтар жеңілген ел?
20. Оғыз мемлекетінің өмір сүрген уақыты?
21. Жабғудың “Инал” атты мұрагерін тәрбиелеуші?
22. 965ж.  оғыздар хазарларға қарсы әскери одақ құрды?
23. Оғыз мемлекетінің күшеюіне үлес қосқан? 
24. Жабғудың кеңесшілерін қалай атаған?
25. Оғыздардағы тайпалар саны?
26. Қимақтар құрамында болған ең ірі және күшті тайпа?
27. Х ғасырда Қимақтарда тараған дін?
28. VII ғасырлардың басында Қимақтар мекендеген аймақ? 
29. Қимақтардың екінші астанасы орналасқан көлдің жағасы?
30. Х ғасырдың 2-ші жартысында қимақтардың жеріне шабуыл жасаған мемлекет?
4  ұпайлық сұрақтар
1. Түрік қағанатының алып жатқан аумағын картадан көрсет
2. Түрік қағанатының ыдырауына не себеп болды?
3. Батыс Түрік қағанатының жерін картадан көрсетіп, қай елдермен шектесетіні туралы айтып бер
4. Қағанаттың әлсіреуіне не себеп болды?
5. Түркеш қағанатының жерін, орталығын картадан көрсет.
6. Түркеш қағандығы сыртқы саясатында қандай бағыттар ұстанды?
7. Оғыз мемлекеті өзінің сыртқы саясатында қандай елдермен жақсы қарым- қатынаста болды?
8. Қимақ қағанатының сыртқы саясаты туралы айт
5 ұпайлық сұрақтар
1. Түрік қағанаты аумағы үлкен болса да күшті мемлекет бола алмау себебі неде?
2. Түрік қағанатының Батыс, Шығыс бағыттағы жорықтары туралы айтып бер.Қағанаттың әлеуметтік жағдайына қатысты өз түсінігіңді айт.
3. Соғдылардың Жетісуға қоныстануының қандай себептері болды.
4. Қарлұқтардың арабтармен соғысы кезеңдерін сипатта.
 
“Қатені тап” ойыны
Ойынның мақсаты:  Білім деңгейін пысықтау
Ойынның  шарты:  Сынып топтарға бөлінеді, әрбір топ тапсырма алады:
1) бір сурет салып, онда 1-2 қате жіберу керек (нені бейнелейтіні оқу материалының тақырыбына байланысты);
    2) мәтін құрастырып, онда бірнеше сөз тастап кету немесе алмастыру, мүмкін, тіпті мәтін бойына таратып шашу керек. 
Жұмыс 15-20 минутқа созылады.     
Қорытындылау. Үйге тапсырма: § 1-9 оқып, дайындалып келу

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
7 сыныпқа орта ғасырлардағы Қазақстан тарихынан тест тапсырмасы.
Түрік қағанаты (552-603жж.)
Қимақтар қағанаты (ІХ ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың басы)
Тарих- ғасырлар куәсі
Қимақ қағанаты (ІХғ.аяғы – ХІ ғ басы)
Қарахан мемлекеті (942-1212 жж)
Қимақ қағанаты
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер.
Аукцион ойыны
Түркеш қағанаты
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 3259 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык