Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

Сабақтың мақсаты:
-      XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқа саяси жағдайы жөнінде жалпы түсінік беру,
осы кезеңдегі Ресей мен Қазақ хандығы мүдделерінің жақындасу себептерін түсіндіру;
-     Құжаттардағы деректермен жұмыс істей отырып, ең бастысы неге назар аударуды анықтау, деректерді салыстыра отырып қорытынды жасау;
Өз халқынның тарихына құрметпен карауға тәрбиелеу.
Негізгі ұғымдар: дипломатиялық миссия, транзиттік сауда, Ресей саясатының әскери-отаршылдық сарыны, ойрат баскыншыларына қарсы казақ халқының азаттық  күресі, отар, империя, сепаратизм, құрылтай.
Үй тапсырмасын қайталау: үй тапсырмасын сұрау кезінде практикалық жұмыс ретінде картамен жұмыс жүргізуге және терминдер бойынша диктант алуға болады (қазақтардың саны мен орналасқан жерлері, жүздердің аумағы, т.б.).
Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:
1. XVIII ғасырдың бас кезіндегі Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты.
2. Қазақ хандығының ыдырай бастауы.
3. Қазақстан аумағына сыртқы қауіптің күшеюі және жоңғар шапқыншылығы.
4. Қазақтардың жауға тойтарыс беру әрекеттері.
5. Қазақтардың қару-жарағы мен әскери дәстүрлері. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру үшін осы
тақырыпқа байланысты 7-сыныптағы Қазақстанның орта ғасырлар тарихы курсы бойынша өткен тақырыптарынан сұрақтар қойып, естеріне түсірген жөн, бұл материалдардың жаңа тақырыпты түсіндіруге тікелей қатысы бар:
1. 1680-1715 жылдары Қазақ хандығын кім биледі?
2.Тәуке хан шығарған «Жеті жарғы» заңдар жинағының қандай тарихи маңызы бар?
3.Жоңғар хандығы қашан кұрылды? Жоңғар билеушілерінен кімдерді атай аласыңдар?
4. XVII ғасырдағы қазақ-орыс қатынастарының кандай ерекшеліктері болды?
Осыдан кейін оқушылардың жауаптарын тыңдаған мұғалім балаларға XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдағы
Ресейдің қазақ жеріне баса назар аудара бастағанын әңгімелейді. Ол, біріншіден, Ресейдің саяси және сауда  әлеуметтік-экономикалық дамуынан, екіншіден орыс мемлекетінің Орталық  Азия мемлекеттерімен экономикалық және дипломатиялық байланыс орнатуынан көрінді. Мұғалім сабақты түсіндіре отырып, оқушылардың көз қаперін арттыру үшін төмендегідей хронологиялық кесте толтыруына болады.
 
№1 тапсырма:
Осы оқиғаларға сүйене отырып, Ресей Қазақ хандығына катысты саясат жүргізгенде алдына қандай мақсат көздегенін анықтаңдар.
Осыдан соң Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайын, сондайақ Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін жоғарғы билік үшін әр жүздің билеушілері арасындағы таласты оқушылардың есіне сала отырып, келесі тапсырманы беру керек.
№2 тапсырма:
- Қазақстан тарихы хрестоматиясынан Тәуке ханның билігі кезіндегі материалдарды пайдалана отырып, Тәукенің жеке басына мінездеме беру. (Бүл тапсырма бүрынғы алған білімді жаңа сабақ аркылы толықтыруға көмектеседі. Осыдан кейін окушылардың жауаптары бойынша кесте толтыра отырып, XVIII ғасырдың 1-ширегіндегі Қазақ хандығының қызметін көрсету.
 
Қазақстан аумағына сыртқы қауіптің күшеюі мен жоңгғар шапқыншылығы төмендегі жағдайларға байланысты болды: Тәуке ханның қайтыс болуы, хандық ішіндегі саяси бытыраңқылық, Қазақ хандығына көрші мемлекеттердің басып кіруі, бір орталыққа бағынған Жоңғария мемлекетінің құрылуы және оның бұрыннан көз алартып жүрген қазақ жеріне негізгі күштерін жіберуге мүмкіндіктің пайда болуы, т.с.с. Жоңғарияға тойтарыс беру әрекеттері жөнінде айтар алдында мұғалім оқушыларға  келесі сүрақтарды қойғаны жөн: қарсы тұру козғалысы қалай ұйымдасты, осы кездегі қазақ сұлтандарының іс-әрекеттері, жауға тойтарыс беру идеясына батырлар мен халықтың көзқарасы. Қазақ-тардың қару-жарақтары мен әскери салт-дәстүрлер туралы айта отырып, қосымша «Қолданбалы өнер үлгілері», «XVIII ғ. қазақтардың қару-жарағы», т.б. еңбектерді пайдаланған дұрыс.
Жаңа тақырыпты бекіту үшін қойылатын сұрақ үлгілері:
1.  XVIII ғасырда Ресейдің Қазақстанға қызығушылығының күшеюіне не себеп болды?
2. XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі жағдайын қалай бейнелеуге болады?
3. XVIII ғасырдың 1-ширегіндегі Қазақ хандығы төңірегіндегі сыртқы хал-ахуал өте күрделі болды, осыған мысал келтір.
(Құжаттармен жұмыс, 19-бет.)
Үйге тапсырма:
1. Картамен жұмыс Ресейдің Қазақстан жерімен шектесетін аумақтарда салған әскери тірек бекеттерін картаға түсіріңдер.
2. Осы кезеңде қазақ хандары ішінен кімді жетекші болды деп есептеуге болады, себебін көрсетіңдер.
3.1635 ж., 1710 ж., 1715 ж. - Қазақ хандығы тарихындағы қандай оқиғаларға байланысты даталар.
 §3. Сабақты бекіту:
1. Жоңғарияның көрші мемлекеттерді басып алу саясатын жүргізуінін, негізгі себептерін айтыңдар.
2.  Қазақтардын, жеңілу себептері жөне қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресінің тарихи маңызы.
3.   Қазақ-жоңғар соғысы кезінде көзге түскен қазақ хандары, сұлтандары, билері мен батырлары жөнінде жазылған қандай әдеби шығармаларды білесіңдер? Отанға адалдық пен патриоттык, жөнінде, ержүректік пен қаһар-мандық, сертке адалдык. туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіндер?
Үйге тапсырма:
1. Тақырыптыоқып,мына  кестені толтырыңдар:«Жоңғар шапқыншылығына қарсы халықтың азаттық күресін ұйымдастыру».
2.  Картадан Қазақстан аумағына жоңгарлар шапқыншылығының негізгі бағытын және шайқас болған жерлер мен уақытын белгілеңдер.
3.   Халық, күресін ұйымдастырған билер мен батырлардың өмірбаяндары жөнінде мәліметтер жинаңдар (сөз жұмбақ құрастыруға болады)

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстан және Ресей
ХҮІІ ғ. соңы –ХҮІІІ ғ. бірінші ширегіндегі қазақ-жоңғар соғысы
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі
Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы
Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы. Қазақ хандығы
Қазақ мемлекетінің саяси және әлеуметтік құрылымдары
Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері. Ресейдің қол астына өткенге дейінгі қазақ елінің жағдайы
Ресей қамқорлығын қабылдау
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес
ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының қоғамдық құрлысы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 10578 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык