Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мүбәрак Мәуліт мерекесі


Мүбәрак Мәуліт мерекесі

Мүбәрак Мәуліт мерекесі

І-Жүргізуші: Сахына тұғыры ғой сан ерлердің,                                              

Өлеңмен шығып жатса бәлен дер кім.                   

Ауызымыздан айтылған  барлық мақтау,

Раббысына  арналсын әлемдердің.

 

Хазіреті Пайғамбарғас.а.у.  салауат деп,

Сүннетті сүйгенімді дәлелдермін.

Әссәләму ьаләйкум  мұсылмандар,

Бақытын тілеп жүрген бар елдердің.

ІІ-Жүргізуші:

Айрықша жаратылған орны бөлек,

Ең қайырлы үмметке сәлем бердім.

Асыл тәж адамзатқа бұл Пайғамбар,с.а.у.

Қапаста  жол көрсеткен Нұр  Пайғамбарс.а.у.

Күнәдан әлем бықсып тұрған кезде,

Жұтқызған жұпарынан гүл  Пайғамбарс.а.у.

І-Жүргізуші:

 Қайырлы күн құрметті ұстаздар, қонақтар және ата - аналар!
Жарық дүние деп аталатын әлемде Исламның ізгілігі мен ұлы мұраттарын түсіну үшін, адамзат ұрпағы адал жолдан адаспау үшін ибалы адам, иманды қоғам құруымыз қажет.
 Қасиетті дініміз сонау Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с.) заманынан бергі он төрт ғасырға жуық ешбір өзгеріске түспей, әлем мұсылмандарына сара жол салып келе жатқаны белгілі.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Біз тегіміз – түрік, дініміз - ислам екенін ұмытпауымыз керек», - деп дінімізді берік сақтауымыз қажет екендігіне айрықша назар аударған.
Ислам он төрт ғасырдан бері барша адамзаттың наным - сеніміне, нәсілі мен тегіне қарамастан, ынтымақ пен бейбітшілікке, тазалық пен сабырлылыққа шақырып келе жатқан Аллаһ тағаланың соңғы, әрі бірегей діні.

ІІ-Жүргізуші: Исі мұсылман жұрағаты Алла Елшісі (с.а.у)-ның туылған күніне орай əрбір жылы рабиғул-аууали айының 12-жұлдызы күні  мəуліт мерекесін тойлайды. Бұл мереке Хақ Елшісіне деген ерекше сүйіспеншіліктен туындағаны белгілі. Мəуліт мерекесі Пайғамбарымыз (с.а.у)-ның дəуірінде дəстүрлі түрде тойланбағанымен, сахабалар екі дүниенің сəруары дүниеге келген күннің құрметіне ауыз бекітетін.Өйткені, оның (с.а.у) дүниеге келуімен адамзат баласының арайлы таңы атып, қараңғылықтың пердесі серпіліп, надандықтың көбесі сөгілген еді.

Сөз кезегі: Ауыл әкімі Айтжанов Асылбек ағайға, ауыл имамы Өтеген атаға және

 

Баяндама « Мұхаммед (с.а.у) өмір жолы» Баяндамашы Өтеш Мадина

І-Жүргізуші: Пайғамбар жіберу  Аллаһтың  әмірінде  болса,  оған иман  ету  –  пенденің міндеті.  Аллаһ  Тағала  адамзатқа жүз  мыңдаған  пайғамбар  жіберіп,  Өз  заңдылықтарын үйретті.   Сол   жүз   мыңдаған   пайғамбардың   соңғысы Хазіреті   Мұхаммед  (с.а.у.)  610  жылы  бүкіл  адамзат пен  жын   атаулыға  жіберілді.  Ал  632  жылы  Хазіреті Мұхаммед  (с.а.у.)   дүниеден  озған  соң,  пайғамбарлық міндет ұғымы (яғни  пайғамбар келу мәселесі) біржола тоқтады. Ақырғы елші Хазіреті Мұхаммедтен (с.а.у.) соң қияметке дейін пайғамбар  келмейді

ІІ-Жүргізуші: Ұлы Раббымыз: «Күмәнсіз Аллах және оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады. Ей мүминдер! Сендер де оған салауат айтыңдар және оған толықтай мойынсұнып, сәлем беріңдер! (Ахзаб сүресі,56 аят) дегені тағыда бір дәлел бола алады.

Салауат

«Аллаға шүкір» әні  Орындайтын Мәулен Рақымжан

І-Жүргізуші: Дәуіріміздің кемеңгер ойшылдары Пайғамбарымыздың (с.а.у) өнегелі өміріне былай деп баға береді: жүздеген данышпан адам Араб түбегіне барған болсақ, бүгінгі күннің соншама жетістіктеріне қарамастан, адамзаттың мақтан тұтар тұлғасының (с.а.у) бір жылда жасаған ісін, біз жүз жылда да жасай алмаған болар едік.

ІІ-Жүргізуші: Хазірет Пайғамбар (с.а.у) «Мен қандай да бір мақсат үшін ғана емес, тек жақсы көркем-мінез құлықты тәмәмдау үшін жіьберілдім» дей отырып, негізгі міндетінің асыл сыры мен көркем ахлақтың  мән- маңыздылығына баса назар аудартқан. Аллаһ Тағала: «Уа, Расулім! Күмәнсіз сен көркем мінез иесісің!» деп осы ақиқатты тағы бір мәрте нақтылай түскендей.

Мұхаммедкәрім: Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) үмметтеріне: «Тәңірім маған тоғыз өсиет айтып қалдырды, мен соларды сендерге жеткіземін», - деген екен. Мұсылман баласы күнделікті өмірінде осы қағидаларды берік ұстануы шарт.

  1. Өзіңе де, өзгелерге де адал бол; 

Балнұр: 1. Адалдық. Бұл адамның жүрегі мен ойларының (ниеті) тазалығын білдіреді. Адалдықтың көзі – Құдайдан қорқу. Құдайдан қорықпаған адамнан бәрін күтуге болады.

Мұхаммедкәрім:

2.Ренжісең де, қуансаң да әділ бол;

 Балнұр: 2. Әділдік. Әрқашан досыңа да, қасыңа да, бейбіт күндерде де, қиыншылықта да әділ бол. Төрт құбылаң түгел кезде әділдік жайында айту оңай, ал басыңа күн туғанда әділ қалпыңда қала аласың ба, міне, сынақ дегеніміз осы. Әділдік тек сөзбен емес, іспен дәлелденуі шарт.
Мұхаммедкәрім:3. Бай болсаң да, кедей болсаң да сабырлы қалпыңнан айныма; 

Балнұр: 3. Сабырлық. Бұл қандай жағдайда да байсалды, ұстамды, төзімді болу деген сөз.
Мұхаммедкәрім:4. Сені кеудеден итергісі келгендермен де достық қарым-қатынасыңды үзбе; 

Балнұр:4. Кез-келген мұсылманмен қарым-қатынасты үзбеу. Бұл, бірінші кезекте, отбасылық және туысқандық байланыс. Бауырлардың бірі қиналса, екіншісі оған қолұшын созуға даяр тұруы керек
Мұхаммедкәрім:5. Саған шығын келтіргендерге сен пайда жаса; 

Балнұр:5. Жомарттық. Адамдарға қиын шақта қол ұшын беру – үлкен сауап. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сараңдар жұмаққа кірмейді», - деген.

Мұхаммедкәрім:6. Саған зиян жасағандарды кешіре біл;

Балнұр: 6. Кешіре білу. Өзіңе жамандық жасаған адамды кешіру оңай емес. Дегенмен Ислам діні адамдарды кез-келген уақытта кешірімді болуға шақырады
Мұхаммедкәрім:7. Үнсіз тұрсаң да санаң ойға толы болсын;

 Балнұр:7. Ой-толғау. Көп ойланып, тек қажет кезде ғана сөйлей білу – тамаша қасиеттердің бірі. Адам үнсіз тұр- 
Мұхаммедкәрім:8. Әр сөзің Алла Тағаланы еске түсірсін; 

Балнұр:8. Зікір, яғни сөйлеген сөзімізде Алланы еске алу. Өтірік балағат, өсек, жаман сөздер секілді тілмен айтылатын көптеген күнәлар біздің Алланы ұмытуымыздан пайда болады.
Мұхаммедкәрім:9. Таным-түйсік мүмкіндігі оқу үшін беріледі.

Балнұр:9. Оқу, білім және сабақ. Әр мұсылман ойшыл болуға міндетті. Құран Кәрімнің бірінші аяты «Оқы!» деп түскенін ұмытпайық.

 Салауат

І-Жүргізуші: Рақымды Ием Пайғамбарын жіберді,
Кісі ізгісі, ел сарасы жігерлі.
Түнек түнде шамы болып халықтың,
Саған жұртқа нұрын шашты жарықтың.

 ІІ-Жүргізуші: «Алла – мінсіз, әуелден,
пайғамбар – хақ,
Мүмін болсаң үйреніп,
сен де ұқсап бақ.
Құран рас, Алланың сөзі –
дүр ол,
Тәһуәліне (шындығына)
жетерлік ғылымың шақ»,

Алла Елшісінің (с.а.у) пайғамбарлыққа тән мынандай ерекше сипаттары бар-тын:

Наргиз: Сыдық – Екі дүниенің сәруары болған Хақ Елшісі (с.а.у)-ның әрбір сөзі садақтан суырылып шыққан жебедей тура айтылатын. Ол (с.а.у) иненің жасуындай болса да жалған сөз сөйлеген емес. Өйткені, Алла Елшісі (с.а.у) туралықты ту етіп ұстаған адамзат баласының ең асылы болатын. Егер зәредей бір өтірік сөйлеген болса, оның ұлы миссиясына орасан зор нұқсан келген болар еді. Онда Алла Елшісі (с.а.у)-ға деген сенім жоғалып, дүйім жұрт оның соңынан еруден бас тартар еді.

Элмира: Аманат – Алла Елшісі (с.а.у) ешқашан аманатқа қиянат жасаған емес. Пайғамбарлыққа дейінгі ғұмырына көз жібертін болсақ, Мекке қаласында кезкелген жан сапарға шығатын болса, қимас мүлкін Мұхаммед (с.а.у)-ға аманаттайтын еді. Кейбір деректерге қарағанда арабтар Пайғамбарымызға (с.а.у)-ға әйелдерін де аманаттайтын болған. Сондықтан да, арабтар Аллаһ Елшісін «Мұхаммед-Әмин» (Сенімді Мұхаммед) деп атады.

Аружан: Фатанат – Алла Елшісі (с.а.у) ақылмен бітеқайнасып туған-тын. Оның әрбір іс-әрекеті ақылдан тұратын. Ақылға теріс оның бірде-бір сөзін немесе іс-әрекетін көре алмайсың. Өйткені, Ұлы Жаратушы өзінің сүйікті Елшісін әу баста-ақ имани ақылға малып, оның өмірі мен тағдырын ақылмен айшықтаған еді. Алла Елшісі (с.а.у) де әрбір істі ақылымен таразылап, байыпты түрде іске асыратын. Ол діннің өзегі ақыл екендігін «Ақылы жоқтың діні жоқ» деп ұқтырған болатын.

Зарина:Исмат – Алла Елшісі (с.а.у) күнәсіз-тін. Оның күнәсіз болуы, Ұлы Жаратушының оның бойына күнәсіздік ұрығын (исмат) егуінде болатын. Пайғамбарлар қате жасауы мүмкін. Бірақ, күнә жасауы мүмкін емес. Олар ең жақсыны емес, жақсыны таңдаған болса, қате жасаған болады. Пайғамбарлар қателессе де, олардың қатесі пенделіктің ауылынан алыс, яғни күнәдан пәк деп ұққанымыз жөн.

Сания:Тәблиғ – Алла Елшісі (с.а.у) тылсымнан келген илаһи жарлықты теңдессіз ғибрат тұрғысында түсіндіретін. Оның әрбір мәселенің мән-жайын терең бойлап, көзбен көріп, қолмен ұстағандай етіп ұғындыратын. Қажет кезде базбір мәселелердің шешімін көркем мінезімен меңзейтін. Оның сөйлеген сөзі мен шығарған шешімінен әсте мін табу мүмкін емес-тін.

Ән «Кешір Алла» орындайтын Әлиясқар Фариза

І-Жүргізуші: Иман- ақылдың нұры, сана- сезімнің және жүректің өзара үйлесім табуы. Бұл жалған дүниеден мәңгілік әлеміне сау- сәлеметпен барудың бірден- бір жолы- иман арқылы мүмкін болмақ.

ІІ-Жүргізуші: Жүректі пәктеудің маңызын ұғыну үшін жүректің заттық және рухани өмірдегі орнына қараудың өзі жетіп жатыр.Пайғамбарымыз жүректің өмірлік мән- мағынасын өзінің мына бір хадисімен керемет баяндаған:

«..Адамзат денесінде бір ет бөлігі бар. Ол дұрыс әрі жақсы болса, бүкіл дене жақсы болады. Ол жаман болса, бүкіл дене жаман болады. Мұхият болыңдар, ол- жүрек  деген екен.

Көрініс  «Шынай достық»

Салауат

Ақниет:Ислам тарихында ең алғаш рет Мәуліт мерекесін тойлау Алла Елшісі (с.а.у)-ның дәуірінде көрініс тапты. Ол кезеңде Мәуліт мерекесі үшін арнайы іс-шаралар қолға алынбағанымен, мұқым мұсылман жұрағаты Хақ Елшісін (с.а.у)-ды құттылық пен берекеліктің қайнар көзі санап, Мұхаммед (с.а.у)-ды ұдайы ұлықтайтын. Мұхаммед (с.а.у)-ның нұрлы ажары мен парасатты болмысы кім-кімнің болса да назарын өзіне аудартпай қоймайтын. Әсіресе, Алла Елшісі (с.а.у)-ның соңынан ерген сахабалар Хақ Елшісінің әрбір сөзі мен қылығынан терең тағылым алатын. Оларға Мұхаммед (с.а.у)-ның жылуарын сезінуден асқан бақыт жоқ еді. Тіпті, сахабалар ішкен асын жерге қойып, оның (с.а.у) өнегесін өзгелерге паш етуге асығатын. Алла Елшісі (с.а.у)-ның атын естігенде бойын түзеп, ойын жинақы ұстап, қуанғанынан Оның (с.а.у) атына ынты-шынтымен қаздай шулап салауаттар айтатын. Балнұр: Аллаһқа қалай жақындай аламыз...Құдси хадисте Аллаһ тағала:"Құлым Маған Өзімнің парыз еткен құлшылықтар арқылы ғана жақындай алады. Одан әрі құлым нәпілдерімен Маған жақындауды жалғастыра түседі. Ақырында Мен оны жақсы көремін. Мен оны жақсы көрсем бұдан кейін оның еститін құлағы, көретін көзі, ұстаған қолы, жүретін аяғы боламын*."(Имам Бухари)* Яғни, Мен оған жақсы, тамаша, игіліктерді көрсетіп, оны қашан да жамандықтардан қорғаймын. Көрер көзі боламын да, оның көргені тек қана жақсылық болады. Тұла бойына мағрипат төгіліп, жан-сарайында үнемі қарқын жүреді. Әрдайым Хақ Тағаланы ойлап, сол толғақ ойлар оның жүрегінде бейне бір жаңа келген жұпар иісті көктемдей есе бастайды. Сол кезде ол әрқашан ізгілік пен жақсылықтарды есітіп, бүйрегі дәйім жақсылыққа бұрып тұрады. Һәм оның алдына шығатын қандай да бір тосқауылдар болса, оған солардан өту жолдарын жеңілдетемін. Маған жақын болғандықтан оның жүрегінің күнәлармен кірленуін қаламаймын.

Салауат

І-Жүргізуші: Пайғамбарымыз (с.а.у) адамзат тарихында теңдессіз тұлға-тын. Өзі танып білген барлық адамдардың көңіліне қуаныш ұялатып, жүректеріне гүл екті. Тіпті, әрбір науқастың қалін сұрап, көңіл айтуды да ешқашан ұмыт қалдырған емес. Сол шақтағы күллі рухани сырқаттардың ем-шипасын жасап, артынан өзінің өкшесін басар исламдық үрдісті жалғастыратын кемелді ізбасар буынды тәрбиелеп қалдырды.

І-Жүргізуші: «Біз адам баласына ата- анасына жақсы қарауды бұйырдық. Өйткені анасы қанша қиындықтарға мойымастан, оны бағып- қағады. Алдымен маған, содан кейін ата- анаңа шүкір ет деп өсиет қылдық! деген екен. Олай болса «Ананың жалған сөзі» көрінісіне кезек береміз.

 

Ән «Алладан басқа тәңір жоқ» Әділбек Ержігіт

Азиза: Асыл адам

Адамзатқа Пайғамбар – нағыз үлгі,

Сол үлгімен орында парызыңды.

Жәннатқа апаратын жалғыз қақпа,

Дін исламға мықтап қақ қазығыңды.

Қияметте батыстан шығар күнді,

Ұмытпастан ұлықта Раббыңды.

Тура жолды көрсету үшін Расул,

Мінез-құлқын тұп-тура Құран қылды.

Пайғамбардай адал боп аманатқа,

Мінезіңмен үлгі бол жамағатқа.

Мейріміне Аллаһтың бөленесің,

Қарыныңды тойдырсаң қанағатқа.

Пайғамбардай көмек бол өтінгенге,

Пайғамбардай жебеу бер жетімдерге.

Саған тиер сауапты әр амалы,

Ертең өсіп сол жетім жетілгенде.

Мұхаммедше сабыр ет жоқшылыққа,

Мұхаммедше шүкір ет тоқшылықта.

О дүниенің ойлай бер от азабын,

Бұл өмірде төзбесең от, суыққа.

Мұхаммедше жұмсақ бол жұбайыңа,

Мұхаммедше жалбарын Құдайыңа.

Сонда ғана жаннатта қауышасың,

Аллаһтың мінсіз, кемел шырайына.

Бағытталып Аллаһқа бар игіміз,

Үлгі етеміз әр істе Нәбиді біз.

Қияметтің күнінде үмметім деп,

Шапағатшы болса екен Хабибіміз!!!

Айтмахан: Тәуба

Өмірімнің сүйреуге көшін алға,

Көңілімнің білмеймін хошы бар ма?

Уәде беріп, сөзінде тұра алмаған,

Өзгені бір, ал өзін мың алдаған

Аманатсыз пендеңмін… кешір, Алла!

Сүйресе де базарда досым арба,

«Шүкір, – дейді, – Жаратқан, осы барға!»

Денсаулықтың қадірін білмей мүлдем,

Он саулықты көргенде күндей күлген,

Қанағатсыз пендеңді… кешір, Алла!

Өлмейтін сөз айтатын есі барға,

Ақындарда өмірдің өші бар ма?

Деп алжасып, тағдырмен таласатын,

Тәкәппар боп жолыңнан адасатын,

Парасатсыз пендеңді… кешір, Алла!

Шара толып шекерге, месі балға,

Жайлауының толардай төсі малға.

Өш кісіден сәтті іздеп есе қайтар,

Дос кісінің сыртынан өсек айтар

Салауатсыз пендеңді… кешір, Алла!

Саған қарар пендеңнің беті бар ма?

Жүрген жерім ысырап – кесір ол да.

Күпірі көп сорлымын, шүкірім аз,

Пікірі көп, пендемін зікірім аз,

Жаза басқан құлыңды кешір, Алла!

Астағифируллаһ! Раббым, кешірімді ең!

Ғафур деген жайылған есімің кең!

Шынайы тәубемді Аллаһ қабыл етсін,

Хақың кетсе қайтару – әділет шын…

Бірақта, кеше алсаңдар кешіріңдер!

Менде ақысы бар бауырлар!

Мұхаммедкәрім:Кімге ересің?

Жаратқан Аллаһ: ізгі амал қылып,

Жәннәт бағыма жайнап кір, – дейді.

Әзәзіл болса, қыбладан бұрып:

Оралың барда ойнап күл, – дейді.

Естуші Аллаһ: иман келтіріп,

Раббыңды дәйім есіңе ал, – дейді.

Әзәзіл болса, зиян келтіріп:

Дүниенің ғана досы бол, – дейді.

Беруші Аллаһ нығметті төгіп:

Ризығымды жеу – адал іс, – дейді.

Әзәзіл болса үмметті бөліп:

Бидайдан болған арақ іш, – дейді.

Білуші Аллаһ: иманың үшін

Жиһадқа шықсаң қаймықпа, – дейді.

Әзәзіл болса: жиғаның – күшің,

Әлемнің мәні байлықта, – дейді.

Серіксіз Аллаһ: Раббың үшін

Намазыңды оқып, құрбан шал, – дейді.

Әзәзіл болса: күнәңнің ысын

Тазарту оңай, былғансаң, – дейді

Шайтанға басты шұлғи отырып,

Келесің, халқым, ылғи өкініп.

Ақиқат жалғыз – Алланың өзі,

Шайтанның сөзі – шылғи өтірік!

Хор  «Зікірулла»

І-Жүргізуші:

Жазалайтын кәпірді мәңгі отымен,

Қуантатын мүминді жәннәтымен,

Жаратқанға сыйынып дәргаһы кең,

Бастадым Рахман, Рахим, Алла атымен!!!

Әлемдердің Раббысы Рахман Алла,

Жалғыз өзі лайық мақтағанға.

Сәлем менен салауат  Расулуллаһ,

Саллаллаһу ъалейһи уә сәлләмға!

ІІ-Жүргізуші:

Сынақ етіп қойған соң фәниді Алла,

Адамзаттың бақыты – ар иманда.

Өмір мәні – жүрекпен сеніп тұрып,

Тілмен айтқан куәлік кәлимаңда.

«Лә илләһә иллаллаһ» тоқ етері,

Мұның мәнін ұққанға не жетеді?

Бұл – құлшылық жасауға лайықты,

Аллаһтан басқа Тәңір жоқ екені.

І-Жүргізуші:

Хаққа құлды осы сөз сыйлы етеді,

Барлық жалған тәңірді күйретеді.

«Мухаммәд расулуһу» – құлшылықты

Қалай жасау керегін үйретеді.

Жәрдем ет деп мазалап күнде аруақты,

Серік қосу – танымау мүлде Аллаһты.

Бар нәрсеге жететін құдіреті,

Түсінбеу «Лә илләһә иллаллаһты»!

ІІ-Жүргізуші:

Дегендер Мұхаммедтің үмметі едім,

Сақтауы тиіс бұзбай сүннет өңін.

Сүннетте жоқ құлшылық, бөтен амал,

Түсінбеу Мұхаммедтің үлгі екенін.

Кемшілік болмас үшін ғибадатта,

Жолама ширк пенен бидағатқа.

Аллаһ өзі бастасын тура жолға,

Жүректерді тұндырып һидаятқа!

«Мекке Мадина» әні орындайтын Тоқташ Салтанат

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Имандылық-инабаттылық белгісі
Менің сүйікті Пайғамбарым хазіреті Мұхаммед
Иманды ұл, инабатты қыз- елдің көркі
Имандылық –адамгершіліктің асыл қасиеті.
Қасиетті Құран Кәрім туралы «Адам ата»
Қазақстандағы Ислам діні, Қажылық
Ислам діні туралы білім
Ислам діні туралы не білеміз?
Қасиетті Құран Кәрім
Қасиетті Құран кәрім және Адам ата жайында
Бөлім: Уроки / Сценарий | Көрсетілім: 12761 | Қосты: Айдана Маханова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык