Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бүгінгі жас жеткіншектердің қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру


Бүгінгі жас жеткіншектердің қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру

Бүгінгі жас жеткіншектердің қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру

Байбосынова К.А., ШҚО, Өскемен қаласы, № 15 орта мектебі

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», - деп ақын Қ. Мырзалиев айтқандай, біздің қазақ тілі де өте терең, әр қырлы, ұлағатты ұлы тіл екені бәрімізге мәлім. Халық арасында «Дұрыс сөйлемесе сөз қадірі кетеді, сөйлей білмесе ер қадірі кетеді», - дегендей, баланы әу бастан сөзді дұрыс, анық нақышына келтіріп сөйлеуге үйрету әр отбасының әдепті әдетіне айналса нұр үстіне нұр болар еді.

Біздің қазақ тіліміз көптеген тарихи кезеңдерді бастан өткізгенмен, өз құндылықтарын жоғалтпай ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отыруының өзі бізге баға жетпес байлығымыз болып табылмақ. Қазақ тілін қай қырынан алып қарасақ та, сөз қоры өте бай, мәдениеті өте жоғары көркем тіл екеніне ешкімнің таласы бола қоймас. Қазақтың сөз қорының кеңдігін Абай атамыздың мына бір өлең шумағынан да көруге болады

Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ,

Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.

Ауыз омыртқа шығыңқы,майда жалды,

Ой желке, үңірейген болса сағақ ..., - деп келетін өлең шумақтарында,  тек жүйрік аттың өзін ғана сипаттағанда осыншама балама сөздер керемет үйлесімін тапқандығы қайран қалдырады. Сол сияқты қыз баланың сұлулығын суреттегенде:

Қара көз, имек қас,

Қараса жан тоймас.

Ауызың бал, қызыл гүл,

Ақ тісің кір шалмас,  - деп басталуының өзі көңілге бір ерекше сезім ұялатады. Қазақтың осындай көркем тілімен сөйлеуге бүгінгі біздің ұл-қыздарымыздың қызығушылығын арттыру мақсатында әр түрлі шаралар атқарылғанымен, өкінішке орай, әлі де болса жастарымыздың арасында қазақ тілін жете меңгере алмай жүргендері бар екендігі қынжылтарлық  жайт.  Мұндай кезде Абай атамыздың мынадай бір өлең шумағы еріксіз ойға оралады.

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы ...

Осындай олқылықтың орнын толтыру мақсатында бүкіл ел болып жұмыла кірісіп, ат салысып отырған жұртшылыққа айтар алғысым шексіз екендігін жеткізе отырып, мен де өз ойымды айта кеткім келеді.

Тіл – қарым-қатынас құралы. Біз айналамыздағы адамдармен сөйлесу арқылы көптеген мәліметтер аламыз, ал оларды көріп білу, түсіну, ойға түйіп қорту түйсігіміз шексіз, міне осы ойды тілмен шебер жеткізе білу, ол өз алдына бір өнер десек те болады. Қазақ тілін үйренгенде қарым-қатынас құралы ретінде өз бетінше үйрену немесе екеуара үйрену әр түрлі қиындық әкеледі. Ауызекі сөйлесу тілін дамытуға тиімді әдістегі бағдарламаның мазмұндық бағыттары мынадай:

- оқушының тілін дамыту, тілдік, шығармашылық қабілетін жетілдіру;

- сөз мәдениетін таныту;

- пікірлесу мәдениетін жетілдіру;

 - мәтін арқылы танымдық қызығушылығын арттыру;

- оқушыларды қазақ тілінде өз бетінше сөйлеуге, жазуға дағдыландыру;

- қазақ тілінде мәдени-ресми қатынасқа дайындау;

- танымдық біліктілік, яғни қазақ халқының материалдық, рухани және тарихи байлығын қазақ тілінде жеткізе білу

Қазақ тілін  орыс тілді оқушыларға оқытқанда, грамматикалық материалды сұрыптап алу қажет, өйткені қазақ тілі грамматикасын орыс тілді оқушыға түгелдей оқыту қиындықтар туғызады. Мұндай материалдарды сұрыптағанда ғалымдар белгілі ережеге сүйенеді. Қазақ тілін оқыту үшін грамматикалық материалдарды сұрыптап алудың маңызы зор. Грамматикалық материалдарды таңдап алғанда мыналарды ескеру керек:

1) қазақша сөйлеуге қажеттілігі;

2) талапқа сәйкестігі;

3) тілді үйретуге пайдасы.

Қазақ тілінде сөйлемнің түрлері қазақ тілінің ерекшелігіне негізделіп оқытылғанымен, бірақ ортақ белгілері ескерілуі керек. Сөйлемнің әр түрін үйреткенде оны қатынаста сөйлесуде қолдануға жаттықтыруға басқа да жүргізілетін жұмыстардың маңызы бар. Осындай жұмыстардың мектептегі оқушылармен жұптық, топтық жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Мысалы, жұптық жұмыста оқушы кезекпен сөйлейді, ал топтық жұмыста сыныптағы оқушылардың жартысы сөйлейді де, қалғаны бақылап отырады. Сонда әр оқушы сабақта сөйлеуге, жауап беруге, сабақты айтып беруге, басқа оқушының жауабын тыңдауға дағдыланады. Бірақ оқушы жеке пәнді оқып түсінгенмен, ол қазақ тілін толық меңгеріп кетті деп ойлауға болмайды, өйткені тіл қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол белгілі бір ақпа-ратты жеткізу ғана емес, сонымен қоса кең ауқымда жан-жақты сөйлей білумен үндеседі. Қазақ тілін үйренуді үнемі оқып жалғастырып отыру керек, үйренуші сонда ғана белгілі бір нәтижеге қол жеткізе алады. Д.И. Писаревтің: «Мектепте оқу керек, бірақ мектептен шыққан соң, ондағыдан анағұрлым көп оқу қажет», - деп айтуы, өте орынды болар

Қазіргі таңда қазақ тілін жедел үйрету әдістері пайдаланылып отыр. Мұндай әдістер жұмыстан қол үзбей қазақ тілін үйренушілерге өте қолайлы. Мұның басты тиімділігі – қысқартылған уақыт мөлшері, мөлшерлі уақытта сөйлесуге қажетті әр түрлі оқулықтардың, басқа да құжаттардың көптігі, осыған орай, үйренушінің қызығушылығының  артуымен қоса, мұндай жағдайда үйренушінің жасырын психологиялық мүмкіндіктері ашылуы мен шексіз жұмсалуы. Қазақ тілін үйретуге арналған үйренуші үшін жасалған ықпалдың молдығы, яғни ықпал жасаушы әрекет құралдарын кешенді түрде пайдалана отырып, сабақты ерекше ұйымдастырылған түрде өткізу болып табылады. Міне, осы жағынан алғанда, қазақ тілін жедел үйрету  тиімді болмақ.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
«Қазақстан Республикасындағы тіл жөніндегі саяси мәліметтер».
Тақырыбы: «Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында тиімді әдістер мен жаттығуларды пайдалану
Қызықты қазақ тілі әлемі
Қазақ тілі сабағында 7 сынып
Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі
Қазақ тілінен Мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге(ҰБТ) дайындалуға арналған әдістемелік құрал
Тіл дамыту
Мектеп алды топтары мен сыныптарындағы балаларға мемлекеттік тілді оқытудағы проблемалар.
авторлық бағдарлама
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 1688 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз