Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 1925 |
|
|
|
Мектеп алды топтары мен сыныптарындағы балаларға мемлекеттік тілді оқытудағы проблемалар.
Мектеп алды топтары мен сыныптарындағы балаларға мемлекеттік тілді оқытудағы проблемалар.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмыстарының ерекше рөлі барын баса айтады. Бүгінгі таңда ата – аналар мен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе – бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім.
Ата – ана үшін бала өмір жалғасы, көзінің нұры, үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, тәрбиеші үшін нәрлі жеміс болып табылады.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ – келешек қоғам иесі, сол келешек қоғам иелері жан жақты жетілген,ақыл парасаты мол, мәдени – ғылыми өрісі озық азамат етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы болашағымыз.
Мектепалды даярлық сыныптарында оқушыларды тілді меңгеру қабілеттерін дамыта отырып, баланың сөздік қорын молайту, тіл байлықтарын жетілдіру, еркін сөйлеуге, өзге тілге деген қызығушылықтарын арттыру мақсаты негізделінген.
Бізбің еліміздің Призиденті Н. Ә. Назарбаев « Қазақ тілін оқыту әрдайым басымдықта бола береді, - деп атап айтты. Әрбір перзентке өз ұлтының тілін ардақтау парыз.
Болашағымыздың жарық болуын ойласақ бала тәрбиесіне бүгіннен бастап бей – жай қарамауымыз қажет. Тек ата – аналармен бірлесіп ортақ күш – жігер жұмсағанда ғана тәрбиешілер балаларға зор адамдық бақыт бере алады.
Оқушының сөйлеу тілін дамытуда ата – аналардың да көмегі зор. Сондықтан баласымен сөйлесуде ата –аналардың тіл шеберлігінің болуы, бала тіліне үлкен ілтипатпен қарауы жайында ата –аналармен жұмыстар жұргіздім.
Осы құндылықтарда бала бойынасіңіру жолдарының бірі – ұлттық салт – дәстүлерді ойын арқылы балаға жеткізу. « Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Тілашар тойы», «Киіз үймен танысу», «Тұрмыстық заттарды суреттеу» сияқты қазақтың ұлттық мәдениетін тануға, отбасы құндылықтарын білуге үйретеді.жалпы ойынның мақсаты халық педагогикасы арқылы жас ұрпақ бойына рухани адамгершілік тәрбиені қалыптастыру. Ойын барысында көркем сөз де, өлең де, тақпақ та, мақал – мәтелдерде және басқа да ауызекі сөйлеу тілі де қолданылады. Ал бұл мектеп жасына дейігі балалардың қазақ халқы мәдениеті мен салт – дәстүрін таныстыруда және мемлекеттік тілді үйретуде нәтижелі жұмыстардың бірі болмақ. Атап айтсақ, «Бесікке салу» дәстүрінде әжемен бірге балалардың « бісік жырын» айтуы.
Әлди,күнім,жылама,
Көздің жасын бұлама.
Ұят болар жылаған,
Сендей ерке балаға
Әлди,әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылағаны қатты екен,
Ұйқысы да тәтті екен.
Дәстүрлі тәрбие мақсаты – ұлттық құндылықтарды көркейтіп, жалпы адамзаттың бүгіні менг келешегіне қызмет ету. Қай мемлекеттің болмасын ірге тасы, жарқын болашағы – оның ұрпағы. Елдің тілінің, туған жерінің, салт – дәстүрінің,қадір – қасиетінің артуы – жеткіншектердің сана – сезімі, түсік жетесіне байланысты.
Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында мынадай қиындықтар кездесті: Плотникова Аделина
1.Сөзік қоры тапшы бала сөйлегенде көңілінде сайрап тұрған ойын дәл білдіруге қажетті сөз таба алмай, сасқалақтап қиналып қалады.Бұл баланың сөздік қоры бір шама болғанымен,ол актив емес пассив болып есептеледі, яғни бала көптеген сөзді біліп,ұғына тұра, оны дер кезінде пайдаланып, үнемі қажетіне жарата алмай жүрді.
2. Төлеутаев Расул дыбыстарды бұзып айтушылық, «Р» орнына «Л», «С» орнына «Ш» кездесіп жатты.
3. Ойларын шашыратып, байланыссыз айту.
4. Сөзді қабылдауда тәрбиешінің нені істеу керек екені жайлы айтқанын аяғына дейін тыңдамай қолма – қол іске кірісетіні кездесті.
Оқу басталған күннен бастап жүргізілген тіл дамыту жұмыстарының түрлері – мәтін құрату, мәтінді сөйлеуге, сөзді буынға, дыбысқа талдату арқылы жүргізіп отырдым. Жаңа дыбыс пен оның таңбасын таныстырған кезде сабақты тіл дамытуға бағыттап жүргізіп отырдым.Мысалы:
Ұс-ұс-ұс қарлығаш киелі құс.
Ұр-ұр-ұр балам, орныңнан тұр.
Қоянның түсі сұр.
Ақ-ақ-ақ басыңа қонсың бақ.
Аң-аң-аң үстің болды шаң. Тағы сол сияқты.
Сөйлем құрату – оқушыларды дұрыс та нақты сөйлеуге дағдыландырудың ең тиімді жолы.оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне ерекше көңіл бөлдім.Жаңылташтар,жұмбақ айтқызып, оның шешуін табу.баланың тілін шыңдай түсіп,асықпай, еркін сөйлеуіне көмектеседі. Жаңылпаштар балаға затты аңғаруға,ой-өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді. Балаға жаңылпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілт келмейтін дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Жұмбатар шешкенде балаларды тез ойлауға, шапшаң жауап беруге, тапқырлыққа үйретеді.
Осы әдістерді дұрыс пайдаланғанның нәтижесінде Плотникова Аделина Қарағанды қаласында өткен « Маленькая принцесса» және «Маленькая страна»конкурсында қазақша «Көктем» өлеңін айтып,дипломмен марапатталды. Қазір қазақша еркін сөйлейді деп мақтанышпен айта аламын.
Аға оқытушы Дүйсенбаевтың пайымдауынша, бүгінгі қазақтың патриотизм,мына принциптерге сүйенуі тиіс:
Қазақ ұлтын,тілін,туған жерін сүю,қорғай білу;
Қазақ ұлтын әлемге танытуға;
Қазақтың тыйымдарын берік ұстауға;
Қазақтың салт – дәстүрін қастерлеуге;
Мемлекеттік рәміздерді қасиет тұту;
Потриоттық ой- санасы жетілген азамат болу; - деген.
Қорыта айтқанда, ел жандылық тәрбие беру – Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыс тағдырының ортақ бірлігінің негізі.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |