Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менің педагогикалық философиям


Менің педагогикалық философиям

Менің педагогикалық философиям

Химия пәнінің мұғалімі Бауржанова Ардак Жумагалийкызы

Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы

Катонқарағай ауылы

«Рыков атындағы орта мектебі» КММ

Менің педагогикалық философиям неге негізделеді? Жалпы бұл мәселе педагог болуды мақсат еткен әр бір жұмыр басты пендені алаңдатуы керек? Осы сауалға жауап беріп көрелік.

Ең алдымен, ұстаздық жолда «толық адам бола білу керек» деген философияны ұстанамын. Себебі, «адам болу» - ол ең қиын мамандық. Аражігін ажыратсақ, ол білімділік, яғни өзі беретін пәнін «бес саусағындай» меңгеру,  осы жолда талмай еңбектену, білім алуға келген әр бір оқушының тағдырына немқұрайлылықпен қарамау, жараталыстану бағытына ерекше бейімі бар баланың негізін дамыту, бейімі жоғына жоқ дегенде бұл ғылым саласының негізгі ұғымдарын меңгерту, білім беріп қана қоймай ұлттық тәрбие негізін баланың бойына сіңіре білу, пендешілікке бармау, таза жүру, Ыбырай Алтынсарин атамыз сияқты нағыз ұстаз болмасақ та, соған ұқсап бағу сияқты бірнеше ұстанымдарға негізделмек.

Бұған қоса төмендегі философиялық ұстанымдарды таратып айтпақпын. Мұғалімнің алдына түрлі деңгейдегі оқушы келеді. Ал, мұғалім ол оқушылардың әр қайсысына жеке қарым-қатынас жасап, алдындағы оқушы ертең тәуелсіз елдің болашағы болады-ау деген көзқараста болуы керек, мысалы оқушылардың бір тобы жаратылыстану бағытына ал енді бір тобының  қоғамдық-гуманитарлық ғылым салаларына бейімі болады. Бұған қоса танымдық, психо-физиологиялық ерекшеліктері бар. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, мұғалім өз сабағын ұйымдастырғанда әрбір оқушыны тұлға ретінде дамытуды, даралап, саралап оқытуды өзінің басты міндеті етіп алуы тиіс. Ең бастысы, әрбір оқушының шам-шырағын жаға білуі керек.

Сондай-ақ, қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін игерген,  психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуды қажет етеді. Ал бұл ғылым мен білім саласындағы жаңалықтан кеш қалмай, қысқа уақытта бейімделу дегенге келіп саяды. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұрақты да, қарқынды дамуына бірінші үлес қосатын ұстаздар. Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»,-деп үнемі айтып жүр. Қазір 50 елмен бәсекелестікке жарайтын қабілетті, білімі терең, іскер,  шығармашылық белсенділігі жоғары, жан-жақты дамыған болашағы зор ұрпақ дайындап беретін де сол ұстаздар қауымы. Олай болса жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанда өмір сүретін жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеу - жауапты іс. Бір сөзбен айтқанда, мұндай іске ұстаздардың психологиялық, педагогикалық, әдістемелік біліктілігі, жоғары адамгершілік қасиетімен бірге, кәсіби шеберлігі мемлекеттік білім стандартына сәйкес болуы керек.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыруда жағдай туғызу, тұлғаның өзін-өзі тануын қамсыздандыру мақсатында білім беру кеңістігін жобалау, оның өзін-өзі дамытуына жағдай туғызу тәрізді алғы шарттарды да, қамтуды ұмытпау керек. Осы жолда әрбір мұғалім өзіне есеп беріп, өзінің өткенінен сабақ алып, артықшылығын асырып, кемшілігін  түзетуде жұмыс жүргізсе, оның әрекеті, басты әрекеті сабағын қазіргі заманға сай дұрыс ұйымдастыруы, жемісті нәтиже берері анық.

Бұл міндеттерді іске асыруда сонау Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А. Байтұрсыновтардан келе жатқан бүгінгі күнде жаңа пішінге түрлене отырып ие болған әдіс-тәсіл, технологиялар, құралдар жеткілікті. Бір ескеретін жайт, сабақты ұйымдастырудағы қойылатын білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатты қою талабы өз өміршеңдігін жойған емес, оны дұрыс негізде мақсаттау  әр қашан да  басты дүние болып қала беретіндігі  еш даусыз. Жалпы әр мұғалім өз сабағына өзі қожайын. Сабақты ұйымдастырудың әдіс-амалдары жетерлік. Бірақ, оны қолдануда әр мұғалім өзіне ыңғайлай отырып, өзінің білім мен тәрбие берудегі басты міндетін есінен еш шығармағаны жөн. Оның кілтін қалай бұраса да, белгілі бір нәтижеге  жету әрқашан да ойластырылуы керек. Мұғалім бір басты дүниені түсіну керек, оған мыңдаған адамдар тағдыры аманат етілген. Міне, ол осы аманатты бар түйсігімен түйсіне білуі тиіс.

ХХІ ғасыр ақпараттандыру дәуірінде сабақтағы басты тұлға оқушы мен мұғалімге ғылымның озық жетістігі электронды технологияларды (компьютер, интерактивті тақтаны меңгеру) алға қойылып отыр. Бұл тек информатика мұғалімдеріне ғана қатысты емес, күллі ұстаздар қауымына қатысты. Жалпы мұғалімнің алға  қойған мақсаттарын асыруға жан-жақты жағдайлар жасалуда десем артық айтпаған болар едім. Тек соның дәнін тере біліп, өз керегіне жарату міндеттелген.

Педагогтік қызметті таңдап алған соң нағыз педагог, ұстаз деген дәрежеге жету кімнің де болсын арманы шығар?

Сол дәрежеге көтерілуде әр мұғалімнің ең басты міндеті - өз сабағын дұрыс ұйымдастыра білуі керек. Себебі, ол оның бар еңбегінің нәтижесін көрсетіп, бағасын берері сөзсіз. Бұған қоса оқушыны ұлттық тәрбие негіздерімен сусындату да тыс қалмауы керек. Білім негізі мектепте екендігін ескерсек, өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарымыз: тіл, діл, дініміздің қайнар бұлақтарымен сусындата білсек, ол ұрпақтың елдің ертеңгі болашағын гүлдентеріне кімнің таласы бар? Егер біз бар мүмкіндікті іске асыра алмасақ, сонау қылышынан қан тамған шақта елі үшін өз өмірін құрбан еткен бір туар ұлыларымыздың әруағын сыйламағандық болар деп санаймын. Сондықтан, мен тәуелсіз елдің тәуелсіз, сауатты ұрпағын тәрбиелеудегі басты негіз әрбір мұғалім, менің әріптестерім, әсіресе жас ұстаздар өздерімен үнемі жұмыс жүргізу керек деп ойлаймын. Әрбір мұғалімнің сабағын өз деңгейінде ұйымдастыра білуі  – үздіксіз еңбектің жемісі. Осы жолда аянбай еңбек етуге барлық әріптестерімді шақырамын!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Білімді оқушыларды қалыптастырудың негізгі шарты біліктілік
Эссе
Мен және менің мамандығым
Ұлттық білім беру моделіне менің көзқарасым.
Қоғамдық пәндерді оқытуда құзыреттілікті қалыптастыру
Мектепте дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері
Менің педагогикалық философиям
Менің педагогикалық философиям
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 2360 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз