Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мектепте дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері


Мектепте дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері

Мектепте дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруінде білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты, еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отыр. Білім мен тәрбие әрқашан күн тәртібіндегі басты өзекті мәселе болып келгендігі баршамызға белгілі. Қазір заман өзгерді, талап өзгерді. Бүгінгі бала –ертеңгі ел болашағы. Олай болса, білім деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірттерді тәрбиелеу ұстаздардың басты міндеттері екендігін ұмытпауымыз қажет.
         Елімізде соңғы уақытта білім саласында жүріп жатқан реформалардың басты мақсаты-өрісі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Осыған орай, соңғы уақытта Н.Ә.Назарбаев мұғалімдерге үлкен үміт артып отыр. Мұндай бәсекеге қабілетті ұрпақ, әрине, мектеп табалдырығынан шығады. Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Мұғалім-мектептің жүргеі. Мұғалім  жұмысының нәтижесі оқушы білімі. Олай болса оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу, оны алға қарай дамыту мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне тікелей байланысты. 
          Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тану, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу-ерекше қиын іс. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіріп, оны жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет-дарындылықтың ерекшеліктерін айқындау мен анықтау.  Неғұрлым баланың таланты мен қабілетін дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс жеткілікті бағаламаса, оның «өзгелер» сияқты болып қалып қоюы мүмкін. Сондықтан дарынды оқушыларды анықтағанда мұғалімнің шеберлігі және мектеп психологының көмегіне жүгіну қажет. Дарынды баламен жұмыс жасағанда оның нәтижелі болуы мұғалімнің біліміне тікелей байланысты. Дарынды ұстаз болған жерде дарынды бала шығады. Осыған орай мұғалім жан-жақты, кәсіби дайындығы терең, өз бойына жинақтаған білімін жастарға үйрете алатын маман болуы шарт. Ол тек білімді жеткізуші ғана емес, керісінше, оқушының білімін, өмірге көзқарасын жүйелі түрде қалыптастыра алатын, ізденгіштікке баулып, танымдық қабілетін дамыта түсетін болуы керек. 
 
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
• өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;
• оқушы дарындылығының моделін білу;
• қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
• дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына көңіл бөлу;
• дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білу.
 
Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
• дарынды оқушыны анықтау әдістемесімен жұмыс жасай алуы;
• дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
• оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
• дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
• дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
• дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы шарт.
Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби «бейнесі» мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зерттеу жұмысына қабіллетттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. 
Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады». Міне, ұстаздар қауымы осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек. 
         Балаға білім мен тәрбиені жас шамасына, жаратылысына қарай беру керек. «Жас бала - жас  бір шыбық. Жас күніңде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзеймін десең, сындырып аласың. «Баланы бастан»деген сөздің мәнісі осы», - дейді Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты ғылыми публицистикалық оқулығында. Баланың білімге деген құмарлығын оятып, дарын-қабілетін дамыту үшін, ең алдымен, сабақ мазмұнды да мағыналы болып өтуі тиіс. Сабақ-мектепте оқушыларға білім мен тәрбие берудегі негізгі процесс. Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен икемділігі де осы сабақ үстіндегі жүйелі бақылауда анықталады. Дарынды баламен жұмыс жүргізудің барысында мұғалім өзі бірінші болып ізденеді. Дарын-адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Бала бойындағы дарындылықты көре білу мұғалім үшін аса қажет қасиет. Ол үшін ерінбей еңбектеніп, баланың қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады.
       Бала бойындағы дарындылықты ашуда әрбір ұстаз өз сабағында жаңаша әдіс тәсілдерге сүйеніп, сабақ өткізуде өскелең жастың өмірге нақты көзқарасын қалыптастырады. Заман жаңарған сайын оқыту жүйесінде әдіс-тәсілдер де жаңарып, түрленіп отыруы тиіс. Міне осыдан кейін оқушының дарындылығын ашуға мүмкіндік туады. 
Дарынды оқушылардың ерекшеліктері:
- шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, тез ілгерлеуі;
- әдеттен тыс қызығушылық, сауалды көп қойып, жауап іздеудегі үлкен талабы;
- кең көлемді білімді меңгеру, есте сақтау қабілетінің жоғары болуы;
- интеллектуалдық дамуда ерекше бір ілгерілеу шапшаңдығы (ойлауы, байқағыштығы, білімге, жаңалыққа құмарлығы);
- жан дүниесінің тереңдігі;
- шығармашылық жұмыстарда мәселені өз бетімен шеше алады, көбінесе өзі тың нәрсе жасайды, көркемдік-қолданбалы еңбекте заттарды өзі жасап аяқтайды.
       Н.Ожеговтың сөздігінде дарындылық «табиғаттан берілетін ерекше қабілет» деп түсіндіріледі. Ата-ана, психолог, мұғалім бала қабілетін дұрыс дамыту  үшін қандай дәрежеде қалыптасқанына зер салғаны дұрыс. Оқушы қабілетін жақсы жолға түсіру үшін неғұрлым еңбексүйгіш, ойлаған ісін ешбір ерінбей, жалықпай орындау, күшті ерік жігер, тұрақты мінез, алғыр зейін, өзіне қатты талап қоя білу сияқты сапалар қажет.  Ресей психологтары дарындылық туралы мынадай анықтама берген: «Дарындылық – психиканың жүйелі, өмір бойы дамитын қасиеті. Ол басқа адамдармен салыстырғанда іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде адамдардың ең жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайды». Атомның құрылысын жай көзбен ажырату қалай қиын болса, қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау да сондай, аса жауаптылықты қажет етеді, бұл өз жолын әлі де қарастыруда. Дарындылық белгілі бір әрекет негізінде ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі. Дарынды балаларды анықтау баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. 
Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдер қолданамыз:
• шығармашылық қабілетін анықтау;
• сауалнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу;
• баланың отбасы жағдайын зерттеу;
• ата-анасымен әңгімелесу;
• пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікірсайыс ойындарына қатыстыру; т.б.
Қорыта  айтқанда, дарынды оқушыны таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, өзара қатынасты жақсартып, ата-ана – оқушы-ұстаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылықпен жұмыс істеу қажет.
Ең бастысы, табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыру үшін аянбай еңбек ету қажет. Ал дарынды ұрпақ-ел ертеңі екенін үнемі жадымызда ұстайық.
 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мектеп директоры №5, 2010ж
2. «Биолог анықтамалығы»  журналы  2010-2013ж
3. Мектеп психологы № 6, 2011ж
4. Қазақстан тарихы әдістемелік журналы №5-6 2013 ж

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дарынды балаларды тәрбиелеу
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА БАУЛУ
Дарынды балалармен жұмыс бағыттары.
Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері
Оқытудағы Кембридж тәсілі арқылы оқушыларды дарындылық қабілеттерін анықтау
Ізденістер жолында
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫМЕН ЖҰМЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Білім сапасын арттыру жолдары
Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 12925 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык