Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оқушының «Жұмыс портфолиосын» жасақтау арқылы шығармашылыққа баулу


Оқушының «Жұмыс портфолиосын» жасақтау арқылы шығармашылыққа баулу

Ғұмарова Ағзия Зұлхарнайқызы

Атырау облысы

Исатай ауданы

Исатай орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі

Оқушының «Жұмыс портфолиосын»  жасақтау арқылы шығармашылыққа баулу

Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.Сондықтан оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту үшін не істеуге болады деген сұрақ туатыны сөзсіз.Психологтар жүргізген арнайы зерттеу көрсеткендей, оқушылардың оқудағы үлгермеушілігінің басты себептерінің бірі өзінің оқу әрекетінің нәтижелерін саралап, сыни тұрғыда бағалай білмеуінен болып отыр. Сондықтан мұғалім мен оқушы әрекетін бағалауды ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін іздестіру қажеттілігі туындайды.

Д.Карнеги  былай деген екен: «Адамға ең қажеттісі – атын шығару, өз ортасында беделді болу». Қарадүрсіндеу айтылса да,  өте дұрыс айтылған сөз. Себебі кім -кім де істеген ісінің нәтижесін көріп, бағасын алғанды тәуір көреді. Педагог-психологтардың пікіріне сүйенсек, тіпті терезе мен есікке, парта мен тақтаға атын жазып қалдырудың өзі осындай  ниеттен туындаса керек.

Әр баланың көкірегінде бір арман бар. Ал кішкене ғана жүректің үміт отын  үрлеп, бағыт-бағдар беріп, еңбегін елеп, мақтау сөз айтып, оның одан әрі шабыттануына қолдау қөрсету – ұстаз міндеті. Осы бағытта оқушы шығармашылығына жол беріп, оның өзіндік мүмкіндіктері мен жеке ерекшеліктерін көрсетудің бір жолы – оқушының «Жұмыс портфолиосын» жасақтау.

«Портфолио»  термині педагогикаға саясат пен бизнестен келген. Портфолио – оқушының белгілі бір оқу кезеңіндегі жеке жетістіктері мен табыстарын жинақтау тәсілі. Бұл тек бағалау үрдісі ғана емес, сонымен қатар, оқушының өзін –өзі бағалап, бақылап отыруының құралы да.

Т.Г.Новикова  портфолионың қызметін былайша түсіндіреді:

1.Портфолио – оқушының белгілі бір уақыт аралығында оқудағы жеке жетістіктерінің жинағы мен бағасын тіркеу тәсілі.

2.Портфолио – оқушының түрлі салалар бойынша қажыр-қайраты мен жетістіктерін көрсететін оқу нәтижелерінің жинағы.

3.Портфолио – оқушының білім, білік, дағдыларына мониторинг жасауға арналған жүйелі, арнайы жинақталған дәлелдемелер жинағы.

4.Портфолио – оқушының жеке жетістіктері мен тәжірибесін рәсімдеп көрсететін сан алуан ақпараттарды жинақтаған жұмыс папкасы.

5.Портфолио – оқушының жеке өсуін қадағалау болып табылатын өзіндік көрме жұмыстары

Жоғарыда келтірілген түсініктемелерді жинақтай келгенде Портфолио технологиясы дәстүрлі бақылау-бағалау құралын мейлінше толықтырып тұратындығы байқалады. Оның дәстүрлі жүйеден айырмашылығы – оқушының оқу, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативті қызмет түрлеріндегі нәтижелерін ескеруге мүмкіндік береді, баланың жеке құзыреттілігін айқындайды. Портфолионың міндеті:

  • оқу, іздену, жетілу  мақсаттарын қолдау;
  • белгілі бір уақыт аралығында оқушының өзгерісі мен өсуіне өзінің және өзгенің көзін жеткізу;
  • оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың қатынасын нығайту;
  • оқу үрдісінің сабақтастығын қамтамасыз ету;
  • өздігінен оқуды қолдау;
  • анықталған нәтижелерге орай дамуын, қабілетін  айқындау;
  • оқушылардың  өз оқуларын еркін бағалай алып, өз-өзіне сенімін қамтамасыз ету;

Алдымен сынып оқушыларының қазақ тілі мен әдебиетіне қаншалықты қызығушылығын анықтау мақсатында тест парақшасын толтыртамын.

 Оқушының қазақ тілі мен әдебиетіне қызығушылығын анықтау тестісі

Оқушының аты-жөні_

Сыныбы  _

Мерзімі

Проза жанры

Поэзия

Шығарма жазу

Эссе жазу

Ойтолғау жазу

Рецензия жазу

Аннотация жазу

ТОШ

Жыл басында

 

 

 

 

 

 

 

 

Жыл аяғында

 

 

 

 

 

 

 

 

-өте жақсы көремін                           - ұнатпаймын                 - онша ұнатпаймын

Оқушы жазылған басылымдар тізімі___________________________________

Оқушы оқыған кітаптар тізімі ________________________________________

Оқушы сүйіп оқитын тақырыптар_____________________________________

Үй кітапханасындағы кітаптар тізімі ___________________________________

Мұғалім пікірі______________________________________________________

Төменгі сыныптарда әдебиетке қызықпайтын бала кем де кем. Жоғарыда көрсетілген шығармашылық жұмыстарға ат салысуға бәрі де дайын.

Педагогика ғылымының кандидаты В.С.Шубинскийдің  пікіріне сүйенсек, шығармашылық үрдіс мынадай үш сатыны қамтиды.

1-сатысы – шығармашылық жағдайдың туу кезеңі: өзгеше, тың дүниені сезінуі, танымдық қызығушылығының артуы, шығармашылық көңіл- күйдің қалыптасуы.Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының Қызығушылықты ояту кезеңінде «Миға шабуыл», «Топтастыру», Түртіп алу», «Болжау», «Жобалау» әдіс- тәсілдері арқылы  оқушылардың белсенділігін арттырып, зейін, ынтасын бір бағытқа қарай топтастырамын. Мысалы, күнделікті сабағымды «Оқушылар, бүгінгі күннің ауа райы сендерге қалай әсер етті?» -деп сұрай отырып, қар болса , «Қардың  қандай түрі болады?», жел болса, «Желдің  қандай түрі болады?», бұлтты  болса, «Қандай бұлттың түрлерін білесіңдер?» деп, топтастыру жасай отырып, өз көңіл күйлеріңді қайсысына теңер едіңдер, неге деген сұрақтар көлемінде шағын, ауызша  ойтолғау айтқызып, үйге барған соң қағаз бетіне түсіруді тапсырамын.  Мысалы Жансая шығармасында: «Мектеп ауласына кіріп келемін.Өз көзіме өзім сенбегендеймін. Кеше ғана жапырағынан айырлып, арса-арсасы шығып, сидыйып сұрқы қашқан тал біткен ақ қыраудан  алқа тағып, сәнденіп шыға келіпті. Қатар түзеп, сызылып тұр. Жерге қырбық қар түсіпті. Менің де көңіл күйім сол аппақ қиыршық қырбық қардай тазарып сала берді...» десе, Райхан: «Мектеп ауласындағы өзгерісті тек мен ғана байқадым ба десем, балалардың бәре де байқаған екен. Мұғалім қардың омбы қар, жабысқақ қар, сіре қар, көбік қар  т.б. түрлері бар екенін түсіндірді.Әркім көңіл күйін әр түрлі қарға теңеп жатыр.Бір кезде Дастан «Менің көңіл күйім көбік қарға ұқсайды» дегенде біріміз ду күлдік...»

Әр оқушының шығармашылық жұмыстарын қарай отырып, қандай түзететін жақтары, қандай артықшылықтары бар екенін айтып, қайта қарап шығуға немесе газет-журналға жолдауына, портфолиосына жинақтауға кеңес беремін.

 2-сатысы – эврестикалық саты. Әдемілікті, сөз әсерін сезе білуі, ой, қиял ұшқырлығы, оқушыны шығармашылыққа деген ішкі құлшынысқа алып келу. Сабақ үрдісінің екінші кезеңі Мағынаны тану бөлімінде бар ынта-жігері сабаққа ауған оқушыларды одан әрі қызықтырып, кейбір үлгерімі төмен оқушыларды да  «мен сабақ білмеймін» деген өзін-өзі шектеу аймағынан шығарып алып кету тәжірибелі ұстазға қиынға соқпайды.

С.Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесін оқыту барысында «Ең бастысы» оқыта үйрету ойыны арқылы осы мәтінді сипаттайтын бір ғана сөз таңдап алып, артынан бір құпиясын, онсыз баяндалған оқиғаның мағынасыз болатынын дәлелдеп беру тапсырғанда, оқушылардың пікірінің сан алуан болғанына риза болып, өзім де таңырқап қалдым. Бір ғана мысал-  Ақтотынының пікірі: «Шығарма мазмұнын ашатын сөз – «Соғыс зардабы». Себебі оның құпиясы: соғыс қасірет, жетімдік, бақытсыздық дегенді білдіреді. Аян басындағы барлық бақытсыздықтың бастауы – соғыс. Ата-анадан, ағасынан, әжесінен  айырылу, өзге ауылға қоныс аудару, таяқ жеп, қорлық көруі, балалар үйіне ауысуы – бәрі-бәрі соғыстың зардабы», десе, Данияр: «Менің ойымша, шығарманың мазмұнын  ашатын сөз – «Жусан иісі». Себебі шығарманың басты құпиясы, автордың айтайын деген ойы – туған жер. Жусан –туған жердің символы . «...Шынында да бұл күнде Аян қайда екен? Тірі ме екен? Тірі болса, Жусандытөбеге бір оралмауы мүмкін емес қой! »деп бітетіндігі сондықтан».

    3-саты –дәлелдеме сатысы. Өзіндік сын, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, өзіндік ой- пікірін көркем, әдеби тілмен, логикалық қисынды түрде жеткізе білуі.Әрине барлық оқушының қабілеті мен дарыны бірдей емес. Таза шығармашылық сатыға әдебиетке жаны жақын, ізденіп, сүйіп оқитын, табиғи таланты бар оқушылар ғана көтеріле алады.

     Дарынды дамыту, қабілетті ұштау, «жанам деген жүрекке от беру, ұшам деген талантқа қанат бітіру»  – әдебиет пәні мұғалімінің айнымас парызы, бұлжымас міндеті.

      Осы бағытта әдебиетке қабілетті оқушыларға арнап «Жұлдызым менің жоғары» әдеби шығармашылық тапсырмалар топтамасын құрастырып, электрондық нұсқасын электронды пошта арқылы бақылап, ақыл- кеңес, бағыт-бағдар беріп отырамын. Оқушылардың шығармашылық портфолиосын толықтыруын бақылап, жақсы деп танылғандарын мектепішілік «Күміс қоңырау» газетіне жариялап, одан жақсы баға алғандарын аудандық, облыстық, республикалық басылым беттеріне жолдауларына кеңес беремін.  «Жұлдызым менің жоғары» тапсырмалар топтамасында ана тілі, туған жер, ел рәміздері, отбасы,т.б. тақырыптарда шығарма, мақала жазу, «Қоян мен ақ аюдың достығы», «Ара адамды неге шағады?», «Сүмбілшаш гүлі туралы ертегі», «Шырылдауық шегіртке» т.б. тақырыптағы әңгімелерге, өлеңдерге сахналық көрініс сценарийлерін жазу, «Қой кезекте», «Бұзауқан», «Біздің сыныптың бір күні» тақырыбында  әңгіме, санамақ құрау, сөзтізбек, мазақтама өлеңдер шығару , бата , оның түрлерін жазу тағы басқа тапсырмалар берілген. Орындалған әр тапсырма оқушы портфолиосын толықтыра береді.

   Оқушыларым шығармалар сайысынан орын алып келеді.Қадіржанова Жансая ”Тілі тұғырлы елдің болашағы  ғұмырлы”  2010 жылы - ІІ орын,

Жұмалиева Назерке “Қазақ тілі - ана тілім, ардағым” 2010 жылы - Алғыс хат,

Қадіржанова Жансая  “Қазақстанның мемлекеттік  рәміздері – тәуелсіздіктің қасиетті нышандары” 2011 жылы - ІІ орын, Жұмалиева Назерке  - 2011 жылы – ІІ орын, Алдебекова Альбина “Тілге құрмет – елге құрмет” 2012 жылы      ІІІ орын, Қайыржанова Асылай -  2012 жылы - ІІ орынға ие болды.

     2013 жылдың қаңтарынан бастап мектепішілік «Күміс қоңырау» үнпарағын шығаруды қолға алдық. Ай сайын үнпарақтың кезекті саны  шыққаннан бері мектеп ішіне «қан жүгіріп», оқушылардың шығармашылыққа деген көзқарасы мен ынтасы өсіп келе жатқаны мені қатты қуантады. Үзіліс кезінде  артымнан іздеп келіп, шығармасын көрсетіп, ақыл-кеңес сұраған оқушыларымды көргенде өзім де шабыттана түсемін.  «Күміс қоңыраудың» тұрақты «Мектеп тынысы», «Айтыс- сөз барымтасы» (жазба ақындар айтысы), «Бес минуттық толғаныс», «Поэзия минуты», «Білгенге маржан», «Ана тілі-жүрек үні», «Сынып мақтанышы», «Таным бұрышы», «Шәкірт лебізі» айдарлары бар.

     Ұстаз бен шәкірттің шығармашылыққа құрылған жұбы – табысқа жетудің кепілі дер едім. Сабақ барысында оқушыларға берілген жекелей тапсырмалар, өздері орындаған тест тапсырмалары мен талдау жұмыстары портфолиоға салынып отырады. Сонымен бірге зерттеу материалдары, ақын – жазушылардың шығармашылықтарының да  портфолиода тұрғаны дұрыс. Оқушыларым барлық материалдарды портфолиоға жинақтап отырады .Жыл соңында портфолионың презентациясы өткізіледі. Презентацияда әр оқушы өзінің мақсатын айтып, оған жету үшін істеген істері мен жыл бойғы жетістіктерін айтады. Презентация соңынан «Үздік портфолио»  анықталып, номинациялар беріледі.

     Оқушы портфолиосын ақылдастар алқасы сарапқа салап, төмендегі бағалау өлшемдерімен бағалаймыз.

  • Міндетті айдаршалардың болуы-2 ұпай.
  • Қосымша жеке айдаршалардың болуы-4 ұпай.
  • Мектепішілік жариялануы -2 үпай.
  • Аудан көлемінде жариялануы -3 ұпай.
  • Облыс көлемінде жариялануы - 4 ұпай.
  • Республика көлемінде жарық көруі -5 ұпай.
  • Портфолионың безендірілуі - 2 ұпай
  • Әріптестері мен ұстаздардың пікірі - 3 ұпай.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қ. Әбдібекқызы Оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту. Алматы, «Рауан» баспасы, 1994, 19-бет.

2. Қ.Әбдезұлы, С.Ч.Тұрсынғалиева Қазақ әдебиеті . Әдістемелік нұсқау Арман ПВ, 2012, 108-бет

  1. Психолого-педагогические стратегии развития субъектности современного подростка. (Интернет, Магистрская работа, 2004)

4. Оқушылардың қызмет нәтижесін бағалау  (Интернет,bilimdiler.kz.)

Аннотация

«Оқушының «Жұмыс портфолиосын»  жасақтау арқылы шығармашылыққа баулу» мақаласында  әдебиетке жақын, ізденгіш, қабілетті де талантты , талапты оқушыларды шығармашылыққа баулып, қол жеткен жетістіктерімен марапаттап, қаламын ұштаудың жолдары  көрсетілген. Оқушының «Шығармашылық портфолиосы» оқушы жетістігін бағалаудың тиімді де нәтижелі әдісі екені жан-жақты баяндалады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жаңашылдық - заман талабы
Дарынды балаларды тәрбиелеу
Дарынды балалармен жұмыс бағыттары.
ОҚУ ҮРДРІСІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДІ МЕҢГЕРУ БАРЫСЫНДА, КРЕАТИВТІ БАҒАЛАУ ҮРДІСІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
Білім сапасын арттыруда жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану
Деңгейлеп оқыту технологиясы
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Технология пәнін оқытуда саралау әдісін қолдану
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 4771 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз