Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ОҚУ ҮРДРІСІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДІ МЕҢГЕРУ БАРЫСЫНДА, КРЕАТИВТІ БАҒАЛАУ ҮРДІСІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.


ОҚУ ҮРДРІСІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДІ МЕҢГЕРУ БАРЫСЫНДА, КРЕАТИВТІ БАҒАЛАУ ҮРДІСІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

ОҚУ ҮРДРІСІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДІ МЕҢГЕРУ БАРЫСЫНДА, КРЕАТИВТІ БАҒАЛАУ ҮРДІСІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

         Қазіргі уақыттың негзгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігіне байланысты.

         Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты – баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады. Мектеп қабырғасында оқушы білім стандартына сәйкес білім алумен қатар ғылым көкжиегіне көз жіберіп, зерттеу мен зерделеуді саралап сараптауды үйрене бастауы тиіс. Бүгінгі күні өте қабілетті, дарынды балаларды іріктеп, олардың дамуына жағдай жасау - кезек күттірмейтін іс. Бала қабілеті мен дарынын толық ашу тек бала үшін ғана емес, ең алдымен, қоғам үшін маңызды.

          Мұғалім оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін жан аямай еңбек етуі керек. Дарынды оқушыны дамыту үшін үнемі шығармашылықпен ізденісте болуы тиіс. Ол үшін оқытудың  дәстүрлі емес түрлерін, жаңа педагогикалық технология, модульдік теория, тестің әр түрлі күрделі нұсқаларын сабақта үздіксіз жүйелі түрде пайдалану керек.        

         Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, оқу процесінің тиімді болуына да пайдасы бар. Жалпы үлгерім, яғни, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға және логикасын дамытуға бағытталған тапсырмалар тек білім мен ұқыптылығына ғана әсер етіп қана қоймай, оқушылардың ойлау қабілетін дамытады. Баланың ойлау қабілетін дамыту мәселесі тек қана жоғарғы сыныпта ғана емес, орта буын сыныптар тәжірибесінде де үлкен орын алады. Оқушы қабілетіне қарай ең басты мәселені айыра біледі, күрделі шығармашылық тапсырманы орындауға тырысады.

       Педагогикалық технологиялар оқыту үрдісінің  мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Олар аз емес; мәселелік технологиялары, дебат, ойын әдістері, оқушының денсаулығын қорғайтын оқыту технолгиялары, модульдік технология және сыни тұрғыдан ойлауға дамыту технологиясы. Мен осылардың ішінде «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясын өзім үш айлық курста оқып, білімділік және практикалық тұрғыда меңгеріп келдім.

Осы оқу жылында білім берудің сапасын жақсарту мақсатында «Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын» өз сабақтарымда қолдандым. Осы  технологияның мені қызықтырғаны  баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.

Сыни тұрғысынан ойлау және оның бағдарламасы үш деңгейден тұратын оқыту мен үйрену моделі. Олар:   І. Қызығушылығын ояту кезеңі.

             ІІ. Мағынаны ажырату.   ІІІ. Ой – толғаныс кезеңі.

Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін байырғы білімін еске түсіртіп, жаңа тақырып туралы болжам жасатып және сауал қоюға үйрету қажет.

 Мағынаны ажырату кезеңінде оқушылар жаңа тақырыпты өздігімен қабылдап, өзіне пайдалысын алуы керек. Олар әр түрлі сұрақ қояды, жаңа білімді сын елегінен өткізе білуі керек, әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, білімін жетілдіреді.

Ой – толғаныс кезеңінде өзінің не үйренгенін тексеріп, сын көзбен қарап, жаңа әдіс – тәсілдер арқылы білімдерін кеңейтіп, тест құрастырып, проблемалы сұрақтарға жауап беруі тиіс.

 Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі төмендегідей нәтиже береді:

  • оқушылар басқалармен қарым – қатынас жасай біледі;
  • басқаларды тыңдап кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарайды;
  • өз ойын топ алдында ашық айтып, қорғай біледі;
  •  керек кезде өз көзқарасын өзгертуге үйретеді, дамуын қамтамасыз етеді;
  •  оқушының өз мотивациясы өзгереді;

 Жаңаша оқыту үрдісі бойынша, модульдік оқыту технологиясын да сабақтарымда қолданып жүрмін.

   Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен ғылыми-шығармашылық апталық, пәндік үйірмелер мен факультатив сабақтарының маңызы зор.

Қорыта келгенде, мұғалім оқу-тәрбие үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыра білген жағдайда ғана дарынды оқушы басқалардан өз ісіне деген сенімділігімен, қиял ұшқырлығымен, әдемілікті сезіне білуімен, өзгеше шабытымен ерекшеленетінін аңғарады. «Өз ойын жаза білу зиялылықтың бірінші белгісі. Шығармашылық адамның бақылағыштық қабілетін, қиялын, фантазиясын дамытады» – деген А. Рыбаковтың пікірі осыған дәлел.

                                       

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. С. Қарапаев. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу маңызы./ Бастауыш мектеп, №1, 2006, -24-бет.
  2. И. Бикирова. Шығармашылық-нәтижелі оқыту негізі./Бастауыш мектеп, №5, 2006,-8-бет.
  3. Қ. Нағымжанова, Н.Нұрғазиева. Сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту./Қазақстан мектебі,№6,2006,-5-8бет.
  4. Әбдібекқызы Қ. Оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту./ Алматы: Рауан, 1994.-80бет
  5. Қазақстан мектебі  /№2, 2003 ж/

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дарынды балалармен жұмыс бағыттары.
Оқытудың жаңа технологияларының білім беру сапасын көтерудегі рөлі
Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Оқытудағы жаңа тәсілдер
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту бағдарламасын пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Бастауыш кластардағы қазақ тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдары
Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3610 | Қосты: Нуралина Клара Камысбаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык