Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » №3 Күршім гимназиясында химия пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру


№3 Күршім гимназиясында химия пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

№3 Күршім гимназиясында химия пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

«Жалпы білім беретін мектептерде химия және биологияны оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында өңіраралық семинар.

Баяндама.

«№3 Күршім гимназиясында химия пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

№3 Күршім гимназиясының химия пәнінің мұғалімі:Кизатова-Шабанова А.Е

2014 жыл.

Мазмұны:

І.Кіріспе

1.Қазақстан Республикасы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары.

2.Қоршаған ортаны танып білудің химияға тән құралдарын меңгеру.

ІІ.Негізгі бөлім.

1.Функционалдық сауаттылық.

2.Тақырыптың жаңашылдығы мен практикалық құндылығы.

3.Жұмыс жүйесінің қалыптасуы мен дамуының динамикасы.

ІІІ. Қорытынды:

Оқушылардың химия пәнінен функционалдық сауаттылығын арттыру-елімнің болашағы.

 

І. Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі: Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту арқылы танымдық белсенділіктерін, шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін, өз бетінше жұмыс жасай білу қабілетін дамыту.

Жұмыстың мақсаты: Химия сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени-этникалық, политехникалық білім берудегі өзгерістер халыққа білім беру мен тәрбие ісінің мазмұнын түбегейлі өзгертуді қажет етіп отыр. Бүгінгі өмірді жалғастырушы ұрпақ бұл қоғамнан өзінің келешегіне не алады деген сұраққа жалпы қоғам болып жауап іздестіруде.

Қазақстан Республикасының білім туралы заңында: «Білім беру-бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық,мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі»-деп жазылған.

«Біз балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауымыз керек және бұл біздің әлемге ықпалдастық жасауымызға біздің балаларымыздың ағылшын тілін, интернет тілін жақсы меңгеруіне жағдай жасайды,ал ең бастысы бұл-қазақ тілінің жаңғыртылуына серпін береді» (Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауы.)

Осыған сәйкес 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық жоспардың мақсат, міндеті нақтыланып жасалды. Ұлттық жоспарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін кешенді жоспары халыққа ұсынылды. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар, белсенділік,шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік .

Ұлттық жоспардың мақсат,міндеттерін жүзеге асыруда химия пәнінің оқытылуына ерекше назар аударылу керек.

  1. Қоршаған ортаны танып білудің химияға тән құралдарын  меңгеру.
  2. Химияның сарамандық қолдануымен таныстыра отырып,олардың ғылыми-техникалық алға басудың негізгі бағыттары  мен маңызын түсінуіне көмектесу.
  3. Логикалық ойлауы мен танымдық қабілеттерін және кеңістік туралы түсініктерін дамыту,шығармашылығын қалыптастыру.
  4. Зейіні мен байқампаздығы,ұқыптылығы мен дәйектілігін,дербестік пен жоспар түзе білуіне,еңбек ете білуіне ықпал жасау.
  5. Отансүйгіштік,интернационализм рухында тәрбиелеу.
  6. Дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.

ІІ.Негізгі бөлім.

  1. Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық дегеніміз-адамдардың әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі, заман ағымына,жасына қарамай ілесіп отыруы, үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат: жалпы білім беретін мектептерде зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

Білім алушылардың зерттеушілік мәдениеті мен танымдық ойлау белсенділігін дамыту мақсатында кіші жобаларды қорғау,шығармашылық жұмыстар байқауын өткіземін.

  1. Күршім өңірінің табиғаты және қазба байлықтары.
  2. Шірікаяқ өңіріндегі қалайы өндірудің тарихы мен болашағы.
  3. Күршім өзенінің жоғары сағасындағы алтын өндіру және оның қоспалары.
  4. Қаршыға тау-кен байыту кешені жобасы.Ақбұлақ өңірінде кездесетін қазба байлықтардың құрамын зерттеу.
  5. Егіндібұлақ ауылындағы Аққайнар суының құрамын зерттеу.
  6. Ащыбасы сор көлінің адам денсаулығына шипагерлігіне сараптама жасау.
  7. Аққилы ауылы маңындағы әлемге белгілі Қызылкеріш,Қиынкеріш тау қойнауындағы топырақтың құрамы.
  8. Өлкеміздегі көмір,мұнай,газ,мыс,алтын  қазба байлықтарының қоры,оны зерттеу жолдары.

Бұл жұмыстар:

  1. Оқушылдардың  пәнге деген қызығушылығын арттырады.
  2. Аталған жерлерге мүмкіндігіне қарай өлкетану саяхаты ұйымдастырылады.
  3. Жоба бойынша аталмыш жердің картасын сызу, фотоға түсіру, тарихын зерттеу, мұрағат құжаттарымен жұмыс жүргізіледі.

Химия сабағында алған білімдерін оқушылар күнделікті өмірмен байланыстар алуан қамтамасыз ету менің бірінші міндетім болып саналады. Химия пәні күрделі пән. Оны жаттап алу мүмкін емес, түсіну керек. Міне осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы тиіс.

Сабақ жоспарымның әр бөлімінде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын анықтап отырамын. Сабақ барысында білімді меңгеру деңгейі төрт сатыдан тұрады:

  1. Үйренушілік деңгейі«Білу»-оқушының функционалдық сауаттылығының төменгі деңгейі.
  2. Алгоритмдік деңгей «Түсіну», «Талдау»-оқушының функционалдық деңгейінің орта деңгейі.
  3. Эвристикалық деңгейі «Қолдану», «Жинақтау»-оқушының функционалдық сауаттылығының жоғары деңгейі.
  4. Шығармашылық деңгейі «Бағалау»-оқушының функционалдық сауаттылығының ілгері деңгейі.

Әр сабағымда оқушылар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, тәжірибелер жасайды. Оқушылардың оқу пирамидасын төмендегідей тұрғызуымызға болады:

Оқушының танымдық белсенділігін арттыру үшін сапалы тапсырмаларды қолданамын. Оқушының танымдық қабілеттерін арттыру үшін химия сабағында төмендегі есеп шығару әдістері тиімді.

Химия пәніндешығармашылық есептер оқушының шығармашылығын шыңдайтын есептер болып табылады. Шығармашылық есептерді пәнге деген қызығушылығы жоғары оқушылар орындағаны өте тиімді. Олимпиадаға дайындау барысында оқушының танымдық қызығушылығы артады. Оқушыларда оқу қызметінің мүддесі мен мақсатын, оларды іске асыру әдістерін қалыптастыру үшін, ең алдымен оларды қызықтыру керек. Химия сабағында сандық есептерді пайдалану осы қызметті орындауға мүмкіндік береді. Қарапайым сандық есептер – ойды, зейінді қызықтырып әкететін тартымды есептер. Әсіресе 8-сыныптарда химияны бастағанда сандық есептерді көбірек шығартса, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады. Сандық есептер оқушыларды әртүрлі ой әрекетіне: салыстыруға, жалпылауға, талдауға, синтездеуге үйретеді. Сандық есептер оқушылардың есте сақтауын қалыптастырады, танымдық мүмкіншіліктерін кеңейтеді, химиялық білім деңгейінің жоғарлауына, мектеп курсын саналы қабылдауына жетелейді.

 

3. Жұмыс жүйесінің қалыптасуы мен дамуының динамикасы:

Оқушылардың осындай танымдық белсенділігін дамыту барысында төмендегідей нақты жұмыстар атқардым: «Химия пәнінен есептер шығару әдістері» тақырыбында қолданбалы курсты жоспарлы түрде ұйымдастырып, оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында жұмыстар жүргіздім. Сабақта оқушылар қиын деңгейлі есептерді шығаруға әр түрлі әдісті қолдана отырып, тиімді, ықшамды жолмен шығаруға қалыптасты. Әр түрлі қиындықтағы тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен оқып, қосымша анықтамалық материалдарды қолдануды меңгергендіктерін байқатты. Оқу жылының басында мектеп психологы мен бірлесіп, сауалнама жүргіздік. Сауалнамаларға жауап алу арқылы химияға қабілетті оқушыларды іріктеу жүргізілді. Қарапайым тәжірибелерді жасап, ілгері тәжірибелермен салыстырып отырды. Әр тоқсанда оқушылар кішігірім зерттеу жұмыстарын орындап, сынақтан өтіп отырды. Оқушылардың танымдық белсенділігінің өсу динамикасын әрдайым бақылаудамын. Оқудағы жетістіктерін бағалаудың жалпы критерийлері төмендегідей:

ІІІ.Қорытынды:

Ұлттық жоспардың негізіндегі функционалдық сауаттылықтың үшінші механизмі-ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсене қатысуын қамтамасыз ету.  Ата-аналармен тығыз байланыс жасаймын. Ата-ана баласының ерекше қасиетін танып түсініп, қол үшін беріп, олардың қабілетін дамыту функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мұғалімдермен тығыз байланыс жасау керек. Осы нұсқауды басшылыққа ала отырып дарынды оқушымен жекелей жұмыста облыс көлемінде жақсы нәтижеге жеттім. Биылғы оқу жылында облыстық пәндік олимпиадада оқушым Асқарова Мөлдір ІІІ орынға ие болды. Химия пәнінен облыста орын алу Күршім ауданында бірінші рет  болды.

Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді. Демек,еліміздің болашағы газ, мұнай қазба байлықтарды тек шикізат түрінде өндіруге ғана емес, өз елімімізді жақсы білетін,білімді маманға тәуелді. Химия пәнінен функционалдық сауаттылықты арттыру-бүгінгі басты міндет.

  Қай елде болсын балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шындауға бет бұрды. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін, өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу – біздің басты борышымыз.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
география пәнінен есептер шығарудың жолдары
Функционалдық сауаттылық
Жеке тұлғаны оқыту, дамыту және тәрбиелеу тұтастығы
Тарих пәнін оқытуда интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
«TIMSS Халықаралық білім сапасын бағалау жөніндегі зерттеулер аясында бастауыш сынып оқушыларның функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»
12 жылдық білім беру моделін жүзеге асыру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – өмір талабы
Химмиялық есептер шығарудың тиімді тәсілдері
Химия пәнінен ҰБТ-ге дайындау
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 8970 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз