Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жеңіл ақыл- ойы зақымдалған оқушыларға геометриялық фигураларды меңгертудің ерекшеліктері


Жеңіл ақыл- ойы зақымдалған оқушыларға геометриялық фигураларды меңгертудің ерекшеліктері

Жеңіл ақыл- ойы зақымдалған оқушыларға

геометриялық  фигураларды меңгертудің

ерекшеліктері

Әдетте 3-4 жас тағы мектепке дейінгі балалар геометриялық фигураларды ойыншық ретінде қолданады. Мысалы: циллиндр-стакан; үшбұрыш-үйдің төбесі; квадрат-жастықша, паралеллепид-кірпіш т.б сияқты. Кейіннен оларды салыстырып қана қоймай, фигураларды ажырата алатындай дәрежеге жетеді. Көмекші мектепте геометриялық фигураларға дайындық сыныптарында жалпылама түсінік береді. Ал, 1 сыныптан бастап оларды ажыратуға, атауға тапсырмалар беріледі. Сөйтіп сынып жоғарылаған сайын геометриялық фигураларды атап, ажыратып,  сызғышпен сызып, үйреніп қана қоймай есептер шығарып үйренеді және олардың кеңістікте орналасуын бақылайды. Жалпы білім беретін мектептегі арнайы сыныптың   (көмекші мектеп бағдарламасы бойынша)  бастауыш сатысында  оқитын оқушыларға математика пәнінен алған білімдерін қолданып, жаңа білімді игерту барысында көптеген көрнекіліктер мен дидактикалық ойын жаттығуларны қолдануға болады. Ақыл –ойында түрлі бұзылыстарына байланысты даму мүмкіндігі шектеулі балаға геометриялық фигуралады бірден меңгеріп кетуі қиын-ақ. Сондықтан жоғарыда атап кеткендей, фигураларды алдымен бір нәрсемен салыстырып , сол нәрсеге ұқсатып меңгертуге болады. Сыныптан сыныпқа көшкен кезде төменгі сыныпта үйренген білімдерін пайдалана отырып, білімін одан әрі жетілдіріп отырады. Ол фигураның көлемін, пішінін, қабырғаларын есептету арқылы жеңіл есептер шығаруға әбден машықтанады. Мысалы: «Барлық қабырғалары  2 см-ге тең үшбұрыштың көлемін қалай табуға болады?» деп берілген есепті оқушыларға фигураның 3 қабырғасын 2-ге көбейтіп немесе төменгі сыныптарға қосу амалдары арқылы шығартамыз. 3*2=6 немесе 2+(2+2) =6  деп өрнектеуге де болады. Есептеу барысында мұғалім баланың мүмкіндігі мен даму ерекшелігін ескеруі қажет.Алдымен қай фигура жайлы, неше қабырғадан тұратынын сұрауды жіті назарға алған жөн. Көбіне  аталған оқушыларда зейіні мен есте сақтауы төмен боп келгендіктен есептер шығаруда қателіктер жібереді.Сондай-ақ геометриялық фигуралрды басқа сабақтарда танып білуга болады.

Әсіресе жоғары сыныпта геометриялық фигураларды негізінен сынып  еңбек сабағында жасатуға әбден болады. Ал бастауыш сынып оқушыларына қатырма қағаздан жасату арқылы оқушылардың икемділігін қалыптастырамыз. Белгілі бір фигураны жасау барысында өлшеп, сызып, пішу арқылы үйретеміз. Фигураларды ағаштан жасайтындықтан жұмыс барысы тікелей мұғалімнің көмегімен  жүруі тиіс. Сонымен қатар  қауіпсіздік ережелері мен нұсқаулықты басшылыққа ала отыру керек. Геометриялық фигуралардың қатырма қағаздан жасалған үлгісін қолданып, ағаш түрін жасауға қажетті құрал-жабдықтарды дайындау, сондай-ақ материал түрін анықтау қажет. Сонымен қатар дәнекерлеуші желімді таңдаудыда ұмытпаған жөн. Қажетті заттардың барлығы дайын болғаннан кейін, оқушылардың математикалық білімдеріне сүйеніп, ағашты өлшеп, кесіп, керекті дәнекерлеуші затпен біріктіріледі. Дайын болған фигураның қалай жасалғандығы туралы оқушылардың түсінік алуды да ұмытпау керек  және қауіпсіздік ережелерінде оқушылардан сұраған жөн.Мәселен, желімді, шегені ауызға салмау, шегені ағаш түріне байланысты, ал балғаны шегенің көлеміне сай таңдау керектігі ескерілуі қажет. Сондай-ақ көмекші мектеп бағдарламасында ӘТБ(әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау) пәні жүреді. Ол пән де, тұрмыстық заттарды баладан сұрап отырған кезде геометриялық фигураларды тез ажыартуға үйретуге болады. Үтікпен жұмыс кезінде үтіктің құрылысымен оның пішінін жөнінде әңгіме болған кезде міндетті түрде үшбұрышқа ұқсату, орындықтың беті ның ағашы барлық қабырғалары тең квадрат, шәй ішетін кесенің беті, дөңгелек немесе шеңбер, тоңазытқыштың түрі паралелепидке ұқсас деп үнемі айтып отырса, бала геометриялық фигураларды тез, әрі оңай ұғынады. Міне, зияты жеңіл түрде бұзылған оқушаларға сабақ берілген кезде пәндер арасында тығыз байланыс болу нәтижесінде бір тақырыпты түрлендіріп, оқыту арқылы ұғындыру жеңіл әрі тиімді болады.

Циллиндр

үшбұрыш

                                                     

 

паралеллепид

 БҚО, Бөкей Ордасы ауданы, Бисен ауылы

Бисен Жаникешев атындағы ЖББОМ дефектологі

Кулбаева Гульжан Сериковна

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Бұрыш, тікбұрыш, тіктөртбұрыш».
Интеллектуалды сабақ "Тапқырлар"
“ К і м к ө п б і л е д і ? ”
8 санын қосу және азайту
Шаршы
Сызықтардың түрлері
Фигураларды бөліктерге бөлу және құрастыру
Фигуралар
Геометриялық фигуралар
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың формулаларын пайдаланып есептер шығару
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 2836 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз