Эссе
«Менің мамандығым: алғашқы қадамдар мен алар асулар!»
Жаны ауырған ата-ананың үмітіне сенім ұялатып, кемтарлықтың қазығына көгенделген баланың қоғамда емін-еркін жүріп-тұруымен қатар, қоғамда алаңсыз өмір сүруді үйрететін ол дефектолог маманы. Бұл менің мамандығым, менің сүйікті ісім. Аталмыш мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін, керісінше дұрыс шешім жасағаныма күн санап көзім жетіп келеді. Себебі, сабырлылық пен төзімділік, парасаттылық пен сыпайылық, сенімділік пен тәуекелшілдік бұл нағыз педагогтың ісі. Сондықтан дефектология педагогиканың патша саласы десем артық болмас деймін.
Дефектологияның негізгі 4 саласы бар. Біріншісі – олигофренопедагогика: зияты зақымданған (ақыл-ойы төмен) балалармен, екіншісі – тифлопедагогика: көру қабілеті зақымдалған балалармен, үшіншісі – сурдопедагогика: есту қабілеті зақымдалған балалармен, ал төртіншісі – логопедия: сөйлеу тілі бұзылған балалармен жұмыс істейді. Дефектология ғылымда жаңадан тұсауын кескен сәбидей алғашқы қадамын елімізде енді бастап келеді. Ананың денсаулығынан ба, әлде әке қанының улануы ма, ауаның ластануы шығар мүмкін жазмыш болар әйтеуір күні бүгінде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны азаймай отыр. Санаға салып сараласақ бұл біздің елімізді бей-жай қалдырмайтын үлкен мәселе. Іңгәлап, былдырлаған сәбидің тілін онсызда түсінбеген ата-ананың кемтарлықтың қыл бұғауын мойнына артқан баласының жан түршігерлік халін көргенде қандай болмақ?! Тоғыз ай, тоғыз күн құрсағы мен жүрегінің астына алған ананың бар тәттімді балапаныма беремін, алаңға шығып баламмен бірге аударыспақ ойнаймын деген әкесінің арманы сәбиінің қорқынышты бейнесін көрген кезде жанын азапқа салары хақ. Өткен ғасырдың еншісіндегі дәстүр бойынша туған баласын өлтіріп тастамасы анық, қайткенмен өз қанынан жаратылған шұбар жыланы емес пе?! Ойын ойнап, өздігінен тәттілерді жеу тұрмақ, бір орнынан қозғалуы мұң болған балаға осы кезде дефектолог маманның көмегі ауадай қажет-ақ. Арнайы маманға үлкен үміт артып, жаны сыздаған ата-ананың бетін қақпай жақын тартып, мүмкіндігі шектелген баланы ең әуелі әлеуметтік-тұрмысқа бейімдеп, өз-өзіне қызмет етуді үйреткен балаға, дефектологиялық оқыту мен тәрбиелеу жұмысы қатар жүреді. Мұғалімнің оқушы алдындағы жауапкершілігі үлкен болса, дефектологтың жауапкершілігі одан он есе зор болмақ. Өз ісіне адалдығы мен қажырлы еңбектің арқасында, зақымдалған мүшенің орнын басқа анализатор арқылы толтыру (компенсатор) дефектологтың түзете-дамыту жұмысының нәтижесі осы жерде байқалады.
Бүгінгі таңда елбасымыз мүмкіндігі шектеулі жандарды ел қатарлы қоғамда бірге оқып, бірге қоғамдық істер атқаруға үлкен үлес қосып отыр. Ол-инклюзивті білім беру жүйесі. Инклюзивті оқыту -барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға үйретеді. Сондай-ақ оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім алумен қатар өз талантын қоғамда көрсете білетін мыңдаған бала дефектологтың көмегіне зәру.
Дефектологиялық қызмет -дүние жиып, байлық қуғандардың ісі емес. Сүрінгенге сүйеу, жабырқағанның жан жарасын жеңілдететін шипалы мамандық. Үлкен еңбек пен төзімділікті талап ететін бұл мамандықтың ісі жауапкершіліпен мейірімділікке ұштасады. «Бала дамуының кемістігі неғұрлым жоғары болса, мұғалімнің білімі одан да жоғар болуы керек», деп неміс психологі П.Шуман айтқандай, өз мамандығымды қаншалықты жақсы көрсем, соншалықты еңбек етуді үйреніп келемін. Алдағы алар асуларым: Еліміздегі инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға өз үлесімді қосып, мүмкіндігі шектеулі болсада таланты тас жаратын талай баланың жарқын өмір сүруіне, сапалы білім, саналы тәрбие алуына қол ұшын беремін. Педагог К.Д.Ушинский «Мұғалім-ол өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды»,-деген. Сол үшін де мен дефектология мамандығының қ қыр-сырын жетік меңгеріп, игеру жолында тынбай еңбек етуді мақсат еттім. Оқыту мен тәрбие, түзету мен дамытушылық жұмыс барысында жаңа әдіс- тәсілдерді ұтымды, шеберлікпен пайдалана отырып, мүмкіндігі шектеулі оқушының білім деңгейін, қабілетін сараптап, әлеуметтік ортаға дұрыс бағыт-бағдар беруді, оларды егемен еліміздің қоғамындағы заманауи талабына сай жеке тұлға ретінде қалыптастыруды басты міндетім деп есептеймін.
КулбаеваГ.С.
БҚО,Бөкей Ордасы ауданы
Бисен Жаникешев атындағы ЖББОМ дефектологі
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Статьи / Эссе |
Көрсетілім: 12389 |
|
|
|
Менің мамандығым менің мақтанышым

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |