Сабақтың тиімділігі мұғалімнің және оқушының табысының ынтасы
Сматаева Ботагоз Габдрафиковна
Ақмола облысы Ерейментау қаласы
№1орта мектебінің мұғалімі
«Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде
сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз...»
Н.Ә.Назарбаев
Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз. Ал осы мақсатқа жету үшін сабақты қалай пайдалы, қызықты етіп өткізуге болады? Мектептен шыққан оқушы бүгін алған білімнің пайдасы, жаңалығы туралы айта алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай ұйымдастыруға болады? Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып, жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек?
Осы сұрақтарды шешудің бір жолы – оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс–тәсілдерді кеңінен пайдалану. Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология.
Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген. Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін табады.
оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс–тәсілдерді кеңінен пайдалану. Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:
-оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, оқу іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;
-оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;
-оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы;
- оны үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру мүмкіндігінің болуы.
Жаңа технологияның принциптері- оқытуды ізгілендіру, өздігінен білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұлғаны қалыптастыру. Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек. Технологиялық жүйелілікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт – бағдар бере алады.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», — деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек. Жаңашыл ұстаз ғана заман ағымына ілесе алады. Жақсы ұстаз ғана оқыта алады. Қазіргі заманғы мұғалімнің басты мақсаты- оқушыны терең білім алу мен сапалы ойлауды дамытуға жетелеу болып есептеледі.
Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады . Бұл баланың ой өрісін кеңейтіп қана қоймайды, білім деңгейін көтеруге үлкен үлесін қосады. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек. Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.
1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.
2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.
3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек
4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.
5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.
Осы қағидалар негізінде сабақты жүргізу - оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі. Бірлескен топ жұмысында оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, бір-бірімен тәжірибе алмасып, алынған ақпаратты топ болып түсініп,талдап , синтездейді, салыстырып болжамдар жасай отырып ортақ шешімге келеді. Оқыту мен оқудың жаңаша әдіс-тәсілдерін ойдағыдай меңгерген мұғалім шәкіртін білім алуға қызықтыра алады және жеке іздеуге дағдыландырады. Нәтижесінде оқушы еркін, өзіндік дәлелдемелерін анық жеткізе білетін сенімді, сыни ой-пікірі мен көзқарастары дамыған болып қалыптасады . Топтық жұмыс арқылы ой қозғай отырып, өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін топ ішінде талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау екені мәлім.
Мұғалімнің шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдстемесі, оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету - ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық. Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді.
Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Білім беру үрдісінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі педагогикалық технологиялар мен әдіс – тәсілдер қолданылуда. Жаңа оқыту технологиясының түрлері көп. Кейбіреуін атап айтатын болсақ, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (оқушылардың белсенділігі жоғарылап, өздерінің күштеріне деген сенімдері арта бастайды), М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» (оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық потенциалын дамытуға бағытталған), Ж.Қараев пен Ж.Кобдикованың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» (деңгейлік тапсырмалар беру арқылы дамыта оқыту идеясы жүзеге асырылады).
Сонымен қатар, Ж.А.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясына тоқталатын болсақ, мұнда оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейі 4 түрге бөлінеді.
1.Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда оқушылар алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады.
2.Алгоритмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.
3.Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.
4.Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Әдетте сабақты жақсы оқитын, жалпы әзірлігі жеткілікті, ізденімпаз оқушылар әр сыныптың 30-40% құрайды, олар тапсырманы жүйе-жүйесімен дәйекті түрде белгіленген уақыт ішінде орындап шығады, ал үлгерімі орташа немесе төмен оқушылар қосымша тапсырмаларды ысырып қойып, әуелі негізгі элементтерді орындайды да, оларды әбден меңгерген соң барып, қосымша тапсырмаларға қайта айналып соғады. Оқушылар тапсырманың негізгі бөлігін белгіленген уақытта, яғни 15-17 минутта орындап шығуы үшін тапсырманың саны мен күрделілігін мұқият іріктеп алған дұрыс. Сабақ кезінде интерактивті тақтамен жұмыс істеуді дұрыс ұйымдастыру оқытудың әр деңгейлі әдісін қолдануға жағдай жасайды. Бұл әдіс тапсырманың мазмұны мен күрделілік дәрежесін өзгерту арқылы оқушылардың материалды игеру қарқынының мүмкіндіктерін ескере отырып, оларға әр түрлі көмек көрсетуге жол ашады.
Оқытудың кембридждік тәсіліне негізделген жаңа бағдарламаның әдістемесін меңгерген әріптестерімнің өткізген коучинг, семинарлар, ашық сабақтарына қатысқаннан кейін, мен өзімнің өткен іс – тәжірибеме талдау жасай отырып, өзгеруім керек екенін ұғындым. Осыған дейін біздің өткізген дәстүрлі сабақтарымыз оқушылардың ойлау, даму деңгейін ескермей, оқушының ой- пікірімен санаспай «орташа» оқушыға бағытталған сабақ болды. Оның мақсаттары оқушыға емес, мұғалімге арналып жазылды. Әр сабақта « Қандай нәтижеге қол жетеміз?» - деген сұрақтар туындаған жоқ. Сабақ барысында мұғалім өзі баяндаушы, өзі бақылаушы, өзі бағалаушы болды.
Қазіргі таңда енгізілген өзгерістер: сабаққа жаңа тұрғыдан мақсат қою мен оқу нәтижелерін анықтау; қойылған мақсатқа және оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін оқытудың жаңа әдістерін қолдану; оқушы және мұғалім рөлін өзгерту.
Осыған дейін тиімді деп өткізіп келген дәстүрлі сабақ берудің үлгісін, қазіргі оқып жатқан курстың негізінде құрылған сабақтың үлгісімен салыстырсам айырмашылықтары айқын көрініп отырғандығы байқалады. Дәстүрлі әдіс бойынша сабақ бойы өзім сөйлеп, өзім іс-әрекет жасап, барымды салып түсіндіріп, түсінбеген жерін бірнеше рет қайталап, суреттер, кесте арқылы көрсететін тұстарым болатын. Өзім сабақ беретін сыныптың қалай оқитындығы, қай оқушының берген білімді қандай дәрежеде қалай қабылдайтынын білгендіктен әр оқушыға берілген тапсырмалар да баланың ойлау қабілеттерін ескере отырып беруге тырысатынмын. Бұрынғы дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытып үйреніп қалған мен сияқты мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастыру үшін өзімнің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерімді дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көп көңіл бөлу керектігін түсіндім.
Аталған өзгерістерді мен 6 сынып оқушыларының оқу үдерісіне енгізе отырып, сабақтар жүргіздім.
Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы дағдысын дамыту мақсатында 6 «а» сыныбына математика пәнінен 7 модуль негізінде сабақты өткізуді жоспарладым. Жоспарлауда оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабылдау деңгейлерін, қызуғушылығын ескердім. Осы сыныпта бірнеше сабағымды жаңа әдіс-тәсілдерді, стратегияларды пайдалана отырып өткіздім. Бұрын сабаққа қатыспайтын оқушылар өзгергенін көрдім. Оқушылардан сабақ сайын кері байланыс алғанда оқушылар сабақта жұптық, топтық жұмыс істеген ұнайтындарын көрсеткен.
Сабақтарда оқушыларға сұрақ қойғанда, оқушының ойына түрткі болатындай сұрақтар да болды. Берілген тапсырмаларды орындау барысында топтық жұмыстың тиімділігі айқындалды. Топтық жұмыстарда әр топ басшылары өз топ мүшелеріне міндеттерін белгілетіп, қабілеті төмен оқушының көшбасшы оқушыға ұмтылғандығы, ілескісі келетіндігін байқадым. Осындай тапсырмалар оқушының қызығушылығын, белсенділігін арттыратыны сөзсіз. Оқушылардың сабақты талқылағаннан байқағаным, топ басшысы оқушыларға атқаратын міндеттерін бөліп, әр оқушының не нәрсеге жауапты екенін белгілеп отырды. Оқушылар өзара бір-бірімен келісіп әр топтың жұмысына түрлі бағалаулар беріп отырды. Постермен жұмыс жасағанда оқушылардың шығармашылығы артқанын аңғардым, алғашқыда бұл жұмысты білмейтін болатын, кейін бұл әдіс оқушыларға ұнағандарын айтты. Дәстүрлі сабақта, үндемей отырған оқушы, өзіне берілген жауапкершілікті сезінді. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы оянып , балалардың көп ізденетініне көзім жетті.
Сонымен қатар, топтық жұмыстардың арқасында сыныптың ішінде ынтымақтастық атмосферасы болды, оқушылар бірлестікте жұмыс жасауға және де бір-бірін тыңдауға, өз ойын білдіруге, жасаған жұмыстарына қорытынды шығара білуге үйренді. Қуанышпен айта кететін жайт, бұрын үндемей отыратын балалардың да сабаққа қызу араласуында. Жай уақытта олар өздерін бұлай көрсете қоймас еді. Сабақтарды ерекше, жаңа әдіс бағдарламасымен ұйымдастыруым оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқараспен ойлауға мүмкіншілік туғызғандай. Бұл әрине қазіргі қоғам мен мектептің басты талабы. Бұрын тәжірибемде көрініс таппаған топтық, жұптық жұмыс кезінде балалардың бір-бірімен қарым-қатынасында диалогтық әдістің тағы бір пайдалы тұсын анық көре білдім. Қорыта айтар болсам, топтық оқыту әдісін пайдаланып, сабақтарды жүргізу үшін, алдымен, бұл әдісті пайдаланудың мақсатын анықтап алу керек. Сонымен қатар бұл әдіс болсын, жалпы басқа әдістер болсын, сабақтың тиімділігін арттыру керек деп ойлаймын.
Алдағы уақытта, мүмкіндігінше, бұл жаңа әдіс-тәсілдің өзім үшін әлі де болса тың тұстарын меңгере түсіп, тәжірибеме енгізуді алдыма мақсат етіп қойдым. Елбасымыз «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деп атап көрсеткеніндей, ұстаз алдында жауапты да, қызықты да іс пен үлкен міндет тұр. Жас ұрпақты оқытуда осы айтылған инновациялық технологияларды пайдалану – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі және мұғалімнің кәсіби өсуінің тура жолы.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Статьи / Баяндама |
Көрсетілім: 8875 |
|
|
|
Сабақтың тиімділігі мұғалім және оқушы табысының ынтасы

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |