Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалдық деңгейін арттыруда жаңа технологиялық сабақтардың тиімділігі


Бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалдық деңгейін арттыруда жаңа технологиялық сабақтардың тиімділігі
Бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалдық деңгейін арттыруда жаңа технологиялық сабақтардың тиімділігі

XXI ғасыр ғылым мен техниканың қарыштап дамып жатқан кезеңі.Әлемде болып жатқан жиһандық өзгерістер білім саласына да өзгерістер енгізуде.Қазіргі таңда мектеп окушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе болып отырғаны анық.Еліміздің дамуына өзіндік үлес қоса алатын,сыни тұрғыдан ой-пікірі жан-жақты дамыған,білімді де,білікті тұлғаны тәрбиелеу ұстаздық қызметіміздің алдындағы үлкен міндет болып отыр.Себебі ,ел тұтқасын жан-жақты,білімді ұрпақ ұстаған шақта ғана өркениетті елдердің қатарынан көрінеріміз анық.
Жан-жақты, білімді, жоғары мәдениеті, шығармашылықпен
ой-толғай білетін, оқу арқылы өзінің ой -өрісін, шығармашылық қабілетін
дамыта алатын жеке тұлға еліміздің дамуы үшін ауадай қажет. Сондықтан жаңа технологиямен оқытып, саналы да, сапалы және де нәтижелі білім беру біздің міндетіміз. Қазіргі таңдағы біздің проблемамыз: оқушылардың компьютерленген заманда аңсары компьютерлердегі түрлі ойын бағдарламасына ауып енжарлыққа салынып, оқуға деген қызығушылығының жойылуы. Бұл проблемалардан шығу жолдары жаңа технологиялардың ықпалымен оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып, өмірге деген көз қарасын қалыптастырып, патриоттық сезімге баули аламыз.
Оқушылардың сын тұрығысынан о йлауын дамытуда, олардың тақырып бойынша тапсырмаларды орындауда танымдылық қызығушылықтары мен белсендіктері артады.Мағынаны ашуда, яғни жаңа тақырыпты жоспарлауда ой шақыру , миға шабуыл әдістерін тиімді пайдалану керек. Сабақ соңыңда алған білімдерін өмірмен байланыстырып, қорытынды нәтиже шығара білуді, өз ойларын білдіру , кластар құрып, әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелерді толтырып үйренеді. Сыни тұрғыдан өз ойларын білдіріп, тапсырмаларды жұпта, топта талдау барысында бір –бірінің пікірін мұқият тыңдауға және бірін-бірі оқытуды үйренеді. Бірнеше сабақ бойы оқушылардың іс –әрекеті арқылы мынадай нәтижеге қол жеткіземіз:
1. Оқушылар бірінен –бірі қалғысы келмей, тапсырмаларды қызығушылықысы орындайды.
2. Белсенділігі төмен оқушылар жақсы оқитын оқушылардың көмегімен өз ойларын айтуға мүмкіндік алады.
3. Жақсы оқитын оқушылар дарынды оқушы мен көшбасшы деңгейіне көтеріледі.
4. Өз бетімен, жұптық, топтық жұмыс кезеңінде берілген тапсырмаларды орындауда бір –біріне көмектесе отырып, бірін-бірі оқыту дағдылары қалыптасады.
5. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.
6. Оқыту мен оқудың сапасы жақсарады.
Ж.Қараевтың “УӘЖ” технологиясы бойынша оқушыларды деңгейлеп оқытып, нәтижелі білім беруге болады.
Н.А.Оразахынованың “Сатылай кешенді талдай оқыту” технологиясының да маңызы өте зор. Сатылай кешенді талдау–ұлттық құндылықтарымызды бағалай білуге ,оның білім көкжиегінде кең таралуына ықпал етіп, күнделікті өмірде қолдану аясын жақсартуға бағытталған оқыту.
Сатылай кешенді талдау дегеніміз –оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшілігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, комплексті меңгертіп, ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту. Сатылай кешенді талдау оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады.
Сатылай кешенді талдау технологиясының басты қағидаларының бірі-жоғары қиындықта оқыту.Сатылай кешенді талдау- тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастыру мен ғана шектелмейтін, сонымен қатар, баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа танымдық – психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған оқытудың түрі.
Сатылай кешенді талдау– оқушылардың тіл білімі салалары бойынша меңгерген теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан талдап, саралап меңгертудің ең қажетті құралы. Материалды сатылай кешенді талдауда мынадай екі түрлі жолмен жүргізіледі:
1.Дыбыстарды математикалық тәсілмен мінездеме беру.
2. Сөзге фонологиялық талдау жасау.
Тілдік материалдарды сатылай кешенді талдай меңгерту арқылы оқушылар:
1) - тілдің әр саласы бойынша теориялық материалды ғылыми түрде терең меңгереді;
2)- әр сала бойынша сатылай кешенді талдаудың жүйесін басшылыққа ала отырып ауызша және жазбаша баяндау дағдысы қалыптасады;
3)-тілдік тұлғалардың атқаратын қызметін, беретін грамматикалық мағыналарын саналы түрде , толық ажырата алады.
4) -тілдік талдау жүргізу барысында қажетті білімді еске түсіре отырып, пәнішілік байланысты жүзеге асырады;
5)- талдау объектісіне қажетті материал жинау үшін көркем шығармалардан мысалдар жинап, оны сұрыптауға дағдыланады ;
6) -жазба жұмыстарын сауатты жазуға, сөйлемдерді стильдік тұрғыдан дұрыс әрі көркем жазуға машықтанады.
Қорытындылай келгенде, оқу –тәрбие үдерісіне оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізу жеке тұлғаның шығармашылығына жол ашады. Оқушылармен жаңаша әдіс- тәсілдерді қолдана отырып жұыс жасау үшін, мұғалімнің көп ізденіп, үнемі еңбектенуін, сабақ берудің амал – тәсілдерін жетілдіруде қажет етеді. Себебі, өмір талабы өзі үздіксіз өзгеруде сондықтан оқушы талғамы да өсуде. Осыған байланысты әр мұғалім шәкірт жүрегіне жолтабарлық, пәніне қызықтырарлық ең тиімді әдістері іздейді. Өйткені оқушыдан терең білімділікті, ұтымдылық ізденімпаздылықты талап ету үшін мұғалімнің өзі сол қасиеттердің үлгісі боларлық дәрежеде болуы тиіс деп санаймын.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте №12 желтоқсан 2013жыл.
2. Н.А.Оразахынова Тілдік материалдарды бастауыш сыныптарда сатылай кешенді талдай оқыту
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Практикалық жұмыс 5 сынып
Ахтанов, Күй аңызы
Дауысты дыбыстар
Практикалық қазақ тілі
Іскерлік ойын. «Талаптыға – нұр жауар»
Тіл дамыту бағдарламасының күнтізбелік тақырыптық жоспары
«Қазақ тілінің грамматикасы» таңдау курсының бағдарламасы
Ұлттық ойындар
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
Сан есімнің емлесі
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 2400 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз