Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Күнделікті сабақта тест жұмыстарын тиімді пайдалану


Күнделікті сабақта тест жұмыстарын тиімді пайдалану

Күнделікті сабақта тест жұмыстарын тиімді пайдалану.

Тест – 3 немесе 5 нұсқалы, оның ішінде 1-2 нұсқасы ғана сұрақтың дұрыс жауабы болып келетін сұрақтар тізбегі. Тесттің сұрақтан айырмашылығы, сұрақта оқушы өзі жауап айтса, ал тестте 3-5 нұсқаның ішінен оқушы дрыс нұсқасын таңдауында. Тест құрылымы да оқушының білім деңгейіне қарай жеңіл, орташа, күрделі болуы мүмкін. Кейде тестте 1 жауап дұрыс болса, күрделі құрастырылған тесттердің 2 немесе 3 дұрыс жауабы болуы мүмкін.

Тест жұмысарын күнделікті сабақта қолдану өте тиімді деп айта аламын. Ол оқушының үй тапсырмасын терең меңгеруіне көмектеседі. Әсіресе даталарды, сандарды бір-бірімен шатыстырып алмауда балаға көмегі мол. Мысалы:
-Палеолит кезеңінің хронологиясын тап?
А) Б.з.б. 2,5 млн жыл- б.з.б. 12 мың жыл
Ә)Б.з.б. 12 мың жыл- б.з.б. 5 мың жыл
Б) Б.з.б. 5мың жыл- б.з.б. 3 мың жыл - деген тестте оқушы тек палеолит кезеңінің жауабын тауып қоймай қалған екі нұсқаның да қай кезеңге сәйкес келетінін еске түсіреді. Осылайша оқушы алған білімін нақтылап әрі қайталап отыратын болады.
Тестті күнделікті тақырыпқа арнап та немесе тарауды қайталауға арнап та құрастыруға болады. Кейде сабақты бекіту кезеңінде де тестті пайдаланған тиімді. Тест жұмысын орындап болғаннан кейін оқушы орындаған тестті мұғаліммен бірлесе талдаса есте ұзақ сақталады. 6-сыныптардың Ежелгі Қазақстан тарихы пәнінде күнделікті сабақта тестті қолдану арқылы, тарауды қайталау сабағында күнделікті сабақта қолданған тест жұмыстары оқушыға берілсе оқушыға оңайға түседі. Өйткені күніге ауызша сабақ айтып жүріп, қайталау сабағы кезінде сол тарау бойынша жасалған 30 сұраққа оқушы қинала жауап беріп, шатасуы мүмкін. Сыныпта отырған 25-30 баланың біреуінің есту арқылы есте сақтау қабілеті мықты болса, ал екіншісі күнделікті көріп әрі есту арқылы білімді есте сақтай біледі.
Күнделікті сабақта тест жұмыстарын қолдану мұғалімге де тиімді. Сыныптағы барлық баланың үй тапсырмасын қалай меңгергендігін оқушы өз тест жұмысында айқындап береді. Ол үшін мұғалімге тест жұмысын дұрыс құрастыра білуі керек және тестті орындау барысында қатаң тәртіппен алынуы керек. Тест тексеріліп болған соң оқушыға тек бағасын ғана айтып қоймай, жіберген қатесін көрсетіп сол сұрақтарды қайта талдауы керек. Бір сөзбен айтқанда оқушы өзі қателескен сұрақты біліп, қатемен жұмыс жасауы керек. Сонда ғана ол оқушының бұл пәннен білім сапасы артар еді.
Оқушының деңгейіне қарай А,В,С деңгейлі тест құрастыруға да болады. А деңгейлі тест 3 нұсқадан тұрса, В деңгейлі тест 5-6 нұсқадан құастыруға болады және 2-3 дұрыс жауаптан да тұруы мүмкін. Соңғы күндері С деңгейлі тест жұмыстарын мынадай түрде де құрастыруға болады.
01_01_Қазақстан тарихы қаз

Сәйкестендір. Ежелгі Қосөзен бойында өмір сүрген мемлекеттер:

1 Шуммер
2 Аккад
3 Вавилон

A) Құдіретті патшасы Лугал-заггиси болды және астанасын Урук пен Ур қақпасы деп жариялады.

Б.з.б. II мыңжылдықта Табарна атты билеуші Кіші Азияның көптеген жерін бағындырып, мемлекет күшейді. Астанасы- Хаттуса қаласы болды.
C) Ең алғаш біріктіруші Менес перғауын, астанасы –Мемфис қаласы
D) Шуруккин есімді патшасы Шумер жерін құрамына қосты. Орталығы –Аккад қаласы болды.
E) Б.з.б. 604-562 жылы билік еткен Навуходоносор патшаның кезінде көркейе түсті. ОРталық қаласы, аккад тілінен аударғанда «құдайға барар қақпа» деген мағынаны білдірді.
F) Евтидем атты билеушінің тұсында күшейе түсті, патшаларын «мың қала елінің билеушілері» деп атаған.
{Этап}=03
{Количество вопросов}=5
{Количество ответов}=8
{Лево}=Мемлекеттер
{Право}=Билеушісі, астанасы
{Правильный ответ}=1-А,2-D,3-E
{Трудность}=C
{Учебник}= Т.Төлебаев, Р. Құсайынова, М. Дәкенов Ежелгі дүние тарихы.
6 сынып. Алматы «Атамура» 2006
{Тема}=01, 02
{Подтема}=01,02


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
POWER POINT ЖӘНЕ EXCEL БАҒДАРЛАМАЛАРЫНДА ТЕСТ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚҰРАСТЫРУ
Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары
Ежелгі Вавилон
Шумер және Аккад
Шумер және Аккад
Ежелгі Вавилон
Тест
Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНАН ОҚУШЫЛАРДЫ ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 2724 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз