Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Адам байлығының ең тамашасы - білім.
Барлығы соған ұмтылады, бірақ ол өзі келмейді.
Әбу-р-Райхан әл-Бируни
Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
- Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі;
- Уақытын үнемдеуі;
- Білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
- Қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
- Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
- Экономикалық тиімділігі;
- Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әртүрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;
- Оқушының ой- өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. [1]
Біз өзімізге мынадай сұрақты жиі қоюымыз керек – мектепте не нәрсеге көп көңіл бөлеміз, қандай бағытпен келеміз – оқушы не біледі немесе ол өз мүмкіндіктерін дамытуды қалай жүзеге асырып жүр, жұмыс істеудің жаңа эвристикалық тәсілдерін игеруде не істеп жүр? Осы сұраққа анық, бүкпесіз жауап беру білім берудің жаңа құндылықтарының бізге қаншалықты жақын екенін білуге көмектеседі. Егер берер жауабымыз ойдағыдай дұрыс болса, онда оқыту процесіндегі бұрынғы көптеген мәселелерді қайта қарауымыз қажет.
Төмендегі кестеде мен жеке тұлғаға бағытталған оқыту мен пәндік негізге бағытталған оқыту түрлерін салыстыруға тырыстым:
Пәнге бағытталған оқыту түрі Жеке тұлғаға бағытталған оқыту түрі
Оқыту мақсаты
Оқу мақсаты айқын білінеді. Сабақтың білімдік, тәрбиелік және оқыту мақсаттарының шекараларын нақты бөлуге болады. Көбінесе мақсатты мұғалім қояды. Оқушылардың білімі оқыту, тәрбиелеу және пән арқылы (информатика) жетілдіруден тұрады. Формуласы: «Білім=оқыту+тәрбиелеу+жетілдіру». Мәселені қою барысында оқушы өзінің алдағы әрекетінің мақсатын іштей қабылдайды. Оқушы жаңа оқу міндетін қалыптастыруға, оны қайта анықтауға, қайшылықтарын анықтауға қатысады. Мұнда мұғалім–оқушы үшін білімнің қайнар көзі болып саналады.
Оған ынталандыру
Әрекетті сырттай ынталандыру пайдаланылады.
(«Сен істейсің, міндеттісің») Әрекетті іштей ынталандыруға сүйену («Маған бұл керек, бұған қол жеткізуге тиіспін»)
Оған жету
Педагог таңдайды. Сабақ формуласы: «Игеру=Түсіну+есте сақтау» Оқушылармен бірге таңдалады. Сабақ формуласы: «Меңгеру=игеру+біліміңді практикада қолдану»
Нәтижесі
Бастысы – білімді игеру деңгейі. Оқушы мұнда барлығына бірдей берілетін тапсырма орындайды да, нәтижесінде–дұрыс жауапқа, жақсы бағаға жетуге тырысады. Ол өз оқу жұмысын талдамайды, нәтижеге жету тәсілімен де қызықпайды, өз психологиялық жағдайын да талдамайды, өйткені оны ешкім сұрап жатқан жоқ. Бастысы –оқу процесіндегі оқушының жеке басындағы оң өзгерістер. Оқушы өз деңгейіне қарай құрастырылған тапсырмаларды амалдардың жалпы тәсілдерін анықтай отырып орындайды. Ол өзі оқу жұмысын, психологиялық қалпын ынтамен талдап, өз плюстары мен минустарын ашық көрсетеді.
Бағалау
Алынған нәтижені жалпы қабылданған үлгілермен салыстыру. Қол жеткен жеке жетістіктері эталонын пайдалану арқылы өзін өзі бағалау.
Пәндік материалдағы негізгі идеялар мен принциптерді жекелеп қарастыру үшін, сабақ мақсатын қою кезінде мен осы тақырыптың түпкі мәселелерін анықтауға тырыстым. Көбінесе мұндай сұрақтардың «дұрыс» дайын жауаптары бола қоймайды, өйткені олар: оқушыларды қызықтыруы тиіс, қарастырылатын материалға шығармашылық көзқараспен қарауды талап етеді, ауқымы кең болады, пәндер мен оқылатын объектілер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. [2]
Мысалы, «Дербес компьютерлер архитектурасы» (7сынып) тақырыбын оқығанда, нақты деректерге сүйенген, бір жауабы бар қарапайым сұрақты былай қоюға болады: «ДК негізгі құрылғыларын атап шығыңдар?», ал негізгі сұрақ: «Болашақ компьютері қалай жасалады?» немесе «Paint графикалық редакторы» (7сынып) тақырыбын оқығанда, қойылатын жай сұрақ: «Графикалық редактор аспаптарын айтып беріңдер», ал негізгі сұрақ мынадай болуы ықтимал: «Суретші мен графикалық редактор аспаптарының айырмашылығы неде?». Әрбір мұғалім өз жұмыс тәсілі мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, балалардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Мен әр түрлі әдістемелерді қарап пайдаланып келемін, солардың ішінен жеке тұлғаға бағытталған оқу түріне ең жақын тұрған зерттеу мәселелерін шешу (ЗМШ) технологиясы мен жобалар тәсілі деп санаймын.
ЗМШ технологиясы оқушылардың ойлау қабілетін күшейту мен әр түрлі салаларда күрделі проблемаларды шешуге дайындалған шығармашыл жастарды тәрбиелеу жағын қарастырады. [2]
ЗМШ технологиясының педагогикалық техникасы принциптері:
1. Таңдаудың еркіндігі принципі. Мұның маңызды бір шарты – таңдау құқығы сол таңдауға деген жауапкершілікпен қатар тұруы керек.
2. Ашықтық принципі. Тек білім беріп қана қоймай, сол білімнің қолданылу аймағын да (шекараларын да) көрсету керек. Оқушыны бұл пән аймағында шешілмейтін ашық мәселелермен де таныстырып отыру керек.
3. Әрекет ету принципі. «Алған білімін пайдалана алмайтын оқушы ішін дәмді заттармен толтырған, бірақ жүзе алмайтын балықты еске салады» (Минц).
4. Кері байланыс принципі. Оқыту процесін кері байланыс тәсілдерінің жетілдірілген жүйелері арқылы тұрақты түрде бақылап отыру керек.
5. Идеялдық принципі. Оқыту нәтижесін арттыру мен оған кететін шығынды азайту мақсатында оқушылардың өз мүмкіндіктерін, білімдерін, қызығушылығын барынша кең түрде пайдалану қажет.
Іс тәжірибемде ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шаралардың қолданудың маңызының зор екенін байқадым.
 Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану.
 Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс-әрекетін, компьютерлік ойындар және т.б.) сабақта жиі қолдану.
 Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.
 Жаңа ақпараттық технологияны, құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедия – технология) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық – техникалық базасын жетілдіру.
«Мұғалім өз тауарын өткізе алатын сатушы тәрізді болуы тиіс, ол тауарын әдемілеп көрсете білуі керек» Д.Пойа. Сабақ беру дегеніміз – әр түрлі педагогикалық тәсілдер жиыны, тұрақты шығармашылық ізденіс. [3] Информатика пәнін оқытудың бір мақсаты – оқушылардың шығармашылдық, зерттеушілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. «Информатика Қазақстан мектебінде» журналы №3(33), 2011
2. «Информатика негіздері» журналы №1, 2007
3. «Информатика» журналы №3(41), 2012
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияны қолдану
Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану.
ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІКТЕРІ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
ЖАҢА АҚПАРАТТЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ЖҮРГІЗУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабағында пайдалану тиімділігі және табысқа жету жағдаятын туғызу жолдары
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. «Адам ұрпағымен мың жасайды »дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастығымен
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 2460 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз