Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » "Абыралы көтерілісі" тақырыбына арналған мақала


"Абыралы көтерілісі" тақырыбына арналған мақала
Абыралы көтерілісі.
Кеңес заманындағы күштеп ұжымдастыру саясаты Қазақ халқына орасан апат әкелегенін білеміз. 2013 жылы жарық көрген 9 сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығына, авторлары Б.Ғ.Аяған, М.Ж.Шаймерденованың , Алматы «Атамұра» баспанасынан шыққан , осы ұжымдастырумен қатар бір мезгілде астық, ет, жүн дайындау науқаны қатар жүргені айтылып жазылған. Өз заманында шындығы айтылмаған мәселе Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылығын күштеп құртуы. Қазан төңкерісінен кейін –ақ Кеңестік жүйенің Қазақ халқына, оның таихына, шаруашылығынан, дәстүріне үстіртін қарап және мән беруді қажет деп таппаған дүниесі – мал шаруашылығы. Қазақстан жеріндегі мал және жер мәселесін тотаритарлық қоғам өз көзқарасымен шешті. Әсіресе, драмалық деңгейге жетуі, ел басына партияның тапсыруымен Ф.И.Голощекин келген кезі 1925-1939 жылдар. Кеңес еліндегі болып өткен революциядан кейін 8 жыл өткесін келген ол, өздеіңіз білетін « Кіші Октярьін» жариялады. Өз сөзінің бірінде ол егер қажет болса «қаннан қорықпай» құрбандыққа да бару керек деп атап өтті. Осыдан кейін-ақ Қазақ жеріндегі жүгенсіздік жаппай етек алды. Осы күштеу шараларына қарсы ашу-ызаға булыққан халық ашық қарсылықтар жасай бастады, тіпті қажет болған уақытта қолға қару алды. 1992 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің президумының шешімі мен қорытындысы бойынша 1921-1931 жылдары елімізде 372 көтеріліс болды, оған 80 мыңдай адам қатысты делінді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі көрнекті ғалым, доктор Талас Омарбеков осы саяси науқанға байланысты ел аумағында 671-ке жуық ірілі-ұсақты көтеріліс болғанын айтады.
Мен сіздерге көтерілістердің санын айтуды мақсат етіп отырған жоқпын, тек тарихшы болғандықтан оның өздеріңіздің кейбірулеріңізге қажетті болар деп келтіріп кеттім.
Осы көтерілістердің ішінде ақыры ауыр жағдаймен аяқталған көтерілістердің біразының атын атап кетеді. Олар Созақ, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау т.б. Ал, ҰБТ сұрақтары ішінде «Көтерісшілері жаппай қырылған аудандар» деген сұраққа Абыралы, Шұбартау, Шыңғыстау – деген жауап дұрыс деп көрсетілген.

Мен сіздерге бүгін айтайын деп отырғанм-солардың бірі Абыралы көтерілісі. Бала күнімізде «Абыралы көтерілісі», «Қамбарлар көтерілісі» деген
сөздермен қатар «Ақсайдың бандысы» дегенді де естіп жүретінбіз. Әкемнің кейбір жолдастары бізге « Ақсайдың бандасының ұрпақтары»- деп, бұлар біздің жауларымыз түгел көздерін құртқызу керек-деп айтып күлетіндерін сан естідік. Бала болсақта бандалар туралы Кеңестік кинолардан Орта Азияда банды-басмасшыларды жауыз ғып көрсетіп, оларды қалай жеңгендігі дәріптелгенін көріп өскен біздер «банды» дегенге кәдімгідей ренжіп, бандының ұрпағы болғымыз келмей бірақ-жоқ, деп те жауап бере алмайтынбыз. Тек, бірде әкемнен сұрағаным бар, папа олар неге бізді олай айтады дегенімде әкем,»Мына Қайнар жақта «Ақсай» деген сай бар сонда үлкен көтеріліс болған, негізінен мына Сүлекең ақсақалдың аталары Қамардың ішіндегі « олжастар» деп айтқан соң,е, біздің аталарымыз емес екен ғой-деп ойлап бөлектене қалып едік және сол әңгімені әкеміз жайлап жеткізген соң іштей ғана біліп жүрдік. Тек 1990-1991 жылдары менің курстасым, сол кезде Қазақстан тарихы кафедрасында жұмыс жасап жүрген Смайылов Жұман, бір сол университетте кездескесіп, жөн сұрасып отырғанда, осы сендер жақта «Ақсай» деген жерде көтеріліс болғанын білесіңбе, естідің бе?- деп сұрағанда, мен , білем, «Ақсайдың бандасы» дегенді естіп өстік ғой – деп күліп едім.Жұман, жоқ сен олай айтпа, олар «банда» емес, көрерсің олар әлі ақталады деген сөзі есімде еді.
Міне қазір ол шындыққа айналды. «Абыралы көтерілісі» туралы жазылып жатыр, әлі де көп зерттеуді қажеттігі де айтылып жатыр.
Енді, кейбіреулеріңізге осы көтеріліс таныс болса, кейбіреулеріңізге беймәлім болып отырған көтеріліс туралы қысқаша айтсақ......
Абыралы көтерілісі туралы интернетте мынадай қысқаша мағлұмат келтірілген: Абыралы көтерілісі (1931 жылы ақпан-наурыз) –қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абыралы ауданы шаруаларының Кеңеңс өкіметінің күшпен ұжымдастыру, мемлекетке мал тапсыру саясатына қарсы бас көтеруі. 1931 жылы қаңтар айында БК (б) П ОК мен өлкелік комитетінің, Қазақ АКСР-ы үкіметінің шешіміне сәйкес бүкіл республикасы бойынша өкіметке мал тапсыру жоспарының 70 % -і сол жылдың 1-тоқсанында орындалуы талап етілді.

Жоспар бойынша Абыралы ауданының шаруалары әуелі 8745 тонна, кейін түзелтетін халқының қолындағы малды түгел өткізгуге тиісті болды. Бірақ бүкіл ауданы халқының қолындағы малды түгел өткізген күнде де шаруалар бұл жоспарды орындай алмайтын еді. Олардың басы артық малы осыған дейін-ақ ортаға және өкіметке тартып алынған болатын. Соған қарамастан ауданы мекемелер бұл науқанды іске асыруға қызу кірісіп кетті. Осының нәтижесінде 1931 жылы 12 ақпанда аудандағы барлық ауылдарда қарсылық әрекеттері басталды. Ауданның шығыс жағындағы 2,3,5,7,12 және 14 адардың Қосқан Бітебаев, Түскей Смағұлов т.б бастаған 700 – дей адамы аудан орталығы-Қайнарға шабыул жасады. Қайнарды қорғап тұрған қарулы отряд оған тойтарыс берген соң, олар ауыылдарға тарап, ұсақ топтарға бөлініп, маусым айына дейін қарсылық әрекетін тоқтатқан жоқ.1931 жылы маусымда ОГПУ әскерлерінің күшімен олардың бәрі тұтқындалып, жауапқа тартылды. Ауданның солтүстік-батыс жағындағы 4-6 ауылда Ысқақ Кемпірбаев бастаған 300-ден астам шаруалар (қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы аудан «Бақты», «Еңбек» , «Прогресс» ауылдарының жерінде) қарсылығы тегеруінді сипатта өтіп, кеңестің әскерге бір айға дейін берілмеді. Ауданнан шыққан коммунарлар отрядын ( адам) тұтқынға алып, үкіметке зорлық-зомбылық саясатын тоқтату жөнінде талап қойған олар елден тартып алынған мал мен астықты халыққа қайтартып бергізді. Бірақ Қарқаралыдан, Семейден клген ОГПУ-дың тұрақты әскери бөлімдеріне төтеп бере алмай жеңіліске ұшыраған көтерілісшілердің көпшілігі қаза тапты. Көтеріліс басшысы Ы.Кемпірбаев және басқалары тұтқынға алында. 1931 жылы күзде Абыралы көтерілісіне қатысқан 500-ден астам адам жауапқа тартылды. Тек Кемпірбаевтың жасағында болғандардан 274 адам сотталып, 85 адам атылды.
Ал,Дәулетқали Асауовтың дерегінде Астана 12 қаңтар. Ваd.kz- тарихта “Абыралы көтерілісі» деген атаумен қалған оқиғаны былайғы жұрт кейде Қамбарлар көтерілісі деп те атай береді. Өйткені, ол өлке халқының 90 пайызын Арғын-Қаракесек ішіндегі Қамбар рулары құрап тұрған. Көтерілістің басты күші болған да осы атаның балалары,-деп атап өткен.
1931 жылы ақпанда басталған Абыралы көтерілісі бұрынғы Семей облысы, Абыралы ауданында болған. Көрші жатқан Шыңғыстау, Шұбартау, Қарқаралы, Қу аудандарындағы өздеріне ниеттес азаматтармен байланысқа шығып, оларды көтеріп, күресті бірге өрбітуге талпынған.

Көтеріліс алғашқыда Ұзынбұлақ,Тайлан, Ақбұлақ, Бөрілі, Мыржық, дегелең аудандарында басталып, кейін іркес-тіркес барлық ауыл қостаған. Жалпы, 3500-ге тарта адам атқа қонып, қарулықақтығыстарға қатысты. Жазалаушы отрядтар мен болған шайқастар кезінде 60 адам оққа ұшып, 171 адам үштік соттың шешімімен атылған. 183 адам он жылдан астам уақытқа сотталып, Сібірге айдалды. Мыңдаған адам қуғын-сүргінге ұшырап, шет ел мен еліміздің әр тарабына босып кетті. Одан кейін елімізді жаппай жайлаған аштыққа ұшырап, халықтың үштен бірі ғанақалған. 1937-9138 жылдардағы халық жауларынан тазарту мен екінші дүниежүзлік соғыстың зобалаңы келіп, елде мүлде тұралатып тастады.Ел енді есін жия бергенде,1949 жылы КСРО-да ең алғаш рет сутегі атом бомбасы осы аудандағы Дегелең тауында сынақтан өткізілген. 1954 жылы халқы жан-жаққа көшіріліп, Абылары ауданы біржола таратылды. Жері сынақ полигонына айналды- деп келтірілген мұндағы деректерде жер-су аттары мен келтірілген адамдар санында алшақтық жатқанын байқалады.
«Абыралы көтерілісі» туралы қалам тартқандар саны күнен –күнге артып келеді. Бүгінгі күні осы көтеріліс туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде сақталған архивтік істермен танысқан және соған қол жеткізген Абыралы тумасы экономика ғылымдарының кандидаты, Семейдің Шәкәрім атындағы университетінің құрметті профессоры, менің әкемнің сыныптасы Болатбек Нәсенов.
Ол өзінің 9 том 14 кітабын «Абыралы көтерілісі» деп атап, онда көтерілісшілерді большевик жендеттері қанға бояды,171 адам атылған, 183 адам 10 жылға дейін сотталған, 1000 астам адам соттан босатылып кейінненәртүрлі жолмен жойылды делінген.
Дәулет Сейсенұлының «Абыралы ақтаңдақтары» мақаласында Ысқақ Кемпірбаев бастаған 300-ден астам шаруалар қарсылығы тегеурінді сипатта өтіп, кеңестік әскерге бір айға дейін берілмеді -деп жазылған. «Қамбарлар көтерілісінің» жетекшісі саналған Ысқақа Кемпірбаев – деген кім деген сұраққа, әркімдерден сұрастырып, мынадай жауап алдым, Руы қамбар, оның ішінде олжас. Кеңес үкіметінде жұмыс істеген, «Живсырья» – деп аталған конторада , сонда тері-терсек, сүйек, жүн жинайтын агент болды.

Негізінен кедей шаруа, көтерлістің алғашқы кезіндеде, одан бұрын да Кеңестер жағында болды. Тек,ағасы Бөкенді қызылдар атып өлтіргеннен кейін ғана көтеріліске белсене кіріскен дейді. Бұл сөзді өзінің тергеушілерге берген жауабында да айтады. ОЛ Б.Нәсеновтің архивтен алған құжаттарында жазылған. Б.Нәсеновтың кітабындада тіпті Қызылдар атып жатқанда да көтерілістің басшысы ретінде оларға оқ атқызбай, келіссөз жүргізеді, тіпті өзі мерген бола тұра аттарын ғана атқанды туралы айтылады. Ендеше, Кеңес үкіметі кіналағандай өзі бастап арнайы көтеріліс жасап маңындағыларды қырылуға итермелемеген, тіпті барлығы шешелген ақырғы сәтте де көтерілісшілерді қызылдардың қырып тастауына жол бермеуге тырысып, үйлеріне қайтуын сұрап бірнеше рет ескерткен, сөйтіп біраз адамда көтерілістен бас тартып қайтып кетуіне мүмкіндік берген, тіпті жеңіліске ұшыраған уақытта да, көтерілісшілердің біразының қашып кетуіне жағдай туғызған, тегеурінді күшпен келе жатқан әскер қолына өзі ғана қолға түсуге бекінген.Бұдан оның ақыл-парасаттылығын, халықтың қырылмауын ойлаған адам екенін көре отырып көтерілістің қалай шешілетінін ерте түсінген адам екенін біле отырып, көтеріліске халықты ұйымдастырды дегенге сену қиын.Тек штаб бастығы ретінде де жанындағылардың сұрауымен көтеріліс басшысы болғанын білуге болады.
Сондықтан архив деректеріндегі көтерілісті ұйымдастырушы – деп отырған қызыл жендеттерінің барлық архив деректері шындықпен жазылғанына сену қиын. Ал «Ақсай қырғыны» болған жоқ,- деген архив деректеріне сүйеніп ,шындық тек архивте дегенге сенуге асықпай,осы уақытқа дейін мен тілдескен адамдардың қырғын болды ,-деген сөзін жоққа шығаруға асықпау керек деп ойлаймын.
Әкем әкемнен естідім, өз ауызынан деп, айтқан мына дерекке сүйене отырып, та осы ой мазалай берді. Егер, көтерілісшілер алғашқысында ашынып мылтықты ерте пайдаланып мемлекетке бағынбай жатса, мемлекет уәкіл емес алғашқы кезден бастап, қарулы отряд жіберген болар еді деген ой келді. Б.Нәсенов кітабындағы келтірген архив деректерінде көтеріліс басталған алғашқы уақытта мемлекет уәкіл жіберді делінген Бұл әңгіме былай болды деп айтады-Көтерілістің жағдайы не болып жатқанын білуге Қарқаралыдан бір уәкіл келді. Сартақтай деген жерде Коммуна құрылып жатады, сонда келіп көтеріліс болып жатқан жерге бартындығын айтқанда, атамның ағасы інісін (менің атамды) жол бастап апар деп, артынан мінгестіріп жібереді. Түнге қарай Шабындық ауылына жақындағанда мылтық атылды, сонда уәкіл
-әй бала, артыма тығыла бер деп, мені көлегейледі. Біраздан соң, мылтық үні тоқтады. Осы оқиғадан соң әлгі уәкіл әрі қарай өзім барып білермін, сен осында қал деп атамды тастап, әрі кетті дейді. Кері қайтатын шығар деп,екі-үш күн тостым, келмеген соң ауылға қайтып кеттім ,- деп,отырғанын білемін .
Егер көтерілісшілер уәкілдерді де, ешкімді аямай жауыздық жасап жатса ,ағасы інісін өлімге жібере салмас еді,- деп ойлаймын. Сондықтан ,көтеріліс Кеңес үкіметінің арандатуынан туған деп ойлаймын.
Осындай қарама-қарсылықтарға кездесе отырып, көтеріліс тарихи тұрғыдан толық зерттелмей өз орнын ала алмай отыр және оның өзіндік қиындығы да бар деп ойлаймын.
• Оның түрлі себептері бар: - көтеріліс өз заманында Кеңестер қалай бұрмалады, солай жазылды,
• Ал, қазіргі қиындығы көтеріліс туралы толық білетіндер, нақты айта алатындар қазір арамызда уақыттың өтіп кетуіне байланысты жоқ.
• Ал, олардың ұрпақтары аштықтан қырылып қалды немесе шындықты айтуға әліде бата алмайды ,тіпті кейбірі өзі шыққан тегін білмеуі де мүмкін.
• Көтерілісшілердің ұрпақтары мен отбасыларының қуғыннан аман қалғандары бұл өңірден кетіп қалған
Мен біраз деректерді ақтарып және біраз көтеріліс туралы білетіндердеген сұрау барысында «Ақсай қырғыны» аңыз алып-қашпа сөз дегенге сенгім келмейді.
• Біріншіден, архивтегі құжаттар Кеңес билігінің қолымен тек шындықты жазды дегенге сенгім келмейді.
• Екіншіден, бұл көтеріліс туралы өз заманында ашық айта алмаған халық бір-біріне немесе кейінгілерге аңыз айтатындай халде болмады. Ол туралы айтуға тиым салынған нәрсені бұрмаламақ түгілі жай айтуға қорыққан халық оны ойдан шығарып айтты деуде қисынға келмейді.
• Үшіншіден, әкемнің тағы бір жолдасы, жерлесіміз, инженер, жазушы Медеу Сәрсекеев өзінің «Айшықты мезет» атты повесінде осы көтеріліс туралы әдеби тілмен хикая етіп жазады. Автор алғысөзінде ешқандай боямасыз, жалған қоспаларсыз, тарих еншісіне енген шын оқиғаға сүйендім,- дейді. Енді романның шыққан уақытына көңіл бөлейік, «Жазушы» баспасы, Алматы-1969 жыл. Ендеше сол бір көтеріліс туралы нақты білетіндер, әлі де халық арасында бар уақыт. Міне, сол кітаптағы айтылған оқиғалар қазір айтып отырған халықтың айтқанына көбірек жақын. Бірақ ,архив құжаттарындағы деректер де бізге көтеріліс тарихын жазуда,зерттеуде үлкен құжат екенін жоққа шығаруға болмайды.
Сонымен ,Кеңестерге қарсы шыққан басқа да көтерілістер сияқты «Абыралы көтерілісі» де жеңіліске ұшырады. Алайда, бұл көтеріліс те, халықтың санасын оятып, қазіргі тәуелсіздігіміздің жемісі ретіндегі тарих жолындағы алғашқы қадамдардың бірі еді.
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бүркітті ауылы, №20 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Муканова Корлан
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Орта мектеп оқушыларына арналған «Абыралы көтерілісі» курсы
ХІХ ғасырдың 50- 70 жылдарындағы және ХХ ғасырдың басындағы ұлт- азаттық көтеріліс
1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі
Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
ХІХ ғ. І жартысы ұлт- азаттық көтерілістер
1930 жылдардағы аштық, шаруалар көтерілістері
XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес жылдары
Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жж. көтерілісі
«1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс»
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 2900 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз