Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Энергетикалық практикум


Энергетикалық практикум
Энергетикалық практикум немесе ересектер мен кішкентайлар үшін энергия үнемдеуге арналған тәжірибелер

«Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің физика пәнінің мұғалімі Бажигалиева Жайнагуль Сайлауовна







Мазмұны:

Климаттың өзгеру себептері

Тәжірибе 1. Жылыжай эффектісінің моделі -------------------------3
Тәжірибе 2. Қай жерде суығырақ?--------------------------------------4

Климаттың өзгеруін тоқтату үшін нені білу қажет

Тәжірибе 1. Жарық және жылу -----------------------------------------5
Тәжірибе 2. Тон жылыта ма? --------------------------------------------6
Тәжірибе 3. Аз-жаман емес ----------------------------------------------6-7
Тәжірибе 4. Жолақ стақан -----------------------------------------------7
Тәжірибе 5. Қардағы кемпірқосақ -------------------------------------7-8
Тәжірибе 6. Үй неден салу керек? -------------------------------------8-9
Тәжірибе 7. Айдаһар демі -----------------------------------------------9
Тәжірибе 8. Ебелек құпиясы --------------------------------------------10
Тәжірибе 9. Лимонадты суытамыз -------------------------------------10-11
Тәжірибе 10. Жел, жел, сен күштісің...--------------------------------11
Тәжірибе 11. «Күн желдеткіші» ----------------------------------------11-12
Тәжірибе 12. Су доңғалағы ----------------------------------------------12-13
Тәжірибе 13. Тұзды бассейн ---------------------------------------------13
Тәжірибе 14. Жылытқышты қайда қою керек? ----------------------14

Климаттың өзгеруін тоқтату үшін не істеу керек

Тәжірибе 1. Шаммен үнемдейміз ---------------------------------------15-16
Тәжірибе 2. Тоңазытқышты қалай «тамақтандыру» керек? -------16
Тәжірибе 3. Тәтті де, жылы да -------------------------------------------17
Тәжірибе 4. Таңертеңгілік ас әзірлейміз--------------------------------18
Тәжірибе 5. Жылытқыш ---------------------------------------------------19
Тәжірибе 6. Табиғи инкубатор--------------------------------------------19-20
Тәжірибе 7. Термос ---------------------------------------------------------20
Тәжірибе 8. Балауыз жылытқыш ----------------------------------------21
Тәжірибе 9. Күн қол шатыры ---------------------------------------------21-22
Тәжірибе 10. Күн пеші -----------------------------------------------------22-23
Тәжірибе 11. Күн көзіне қуырылған жұмыртқа-----------------------23
Тәжірибе 12. Күн тартқыш ------------------------------------------------24
Тәжірибе 13. Шөл даладағы су -------------------------------------------25

Пайдаланылған әдебиеттер -----------------------------------------------26






Біздің планетаның климаты өзгергенін естіген шығарсың: бір жерде мұздықтар еріп жатыр және су тасқыны, бір жерде құрғақшылық, құйынды жел, қатты аяз болып жатқанын. Осы климаттың өзгеруінің бір себебі жылыжай эффектісі болып табылады. Ол не және қалай пайда болады? Соны түсініп көрелік.



Керекті
құралдар:
 екі бірдей төртбұрыш мұз кесегі
 екі табақша
 өлшеуіш стақан немесе 2 мөлдір шыны стақан
 пластикалық бөтелке
Жылыжай эффектісі қалай пайда болады?
Осы сұраққа жауап табу үшін, оның моделін жасайық

1. Табақшаларға төртбұрыш
мұз кесектерін сал.
2. Пластикалық бөтелкені кес.
3. Бөтелкенің үстіңгі (саңылауы бар)
бөлігімен мұз кесегі бар бірінші
табақшаны, ал астыңғы
бөлігімен – 2 ші мұз кесегі бар табақшаны жап.
4.Табақшаларды 5 минутқа күн көзі түсетін
жерге қой.
5.Еріген суды өлшеуіш стақанға құй.
Қай стақанда су көп болды? Неге?





С е н н е н і б а й қ а д ы ң ?

Күн атмосферадан өтіп Жер бетін қыздырады. Жылу жер бетінен шағылып ауаны жылытады және жартылай ғарыштық кеңістікке кетеді.
Жылыжай газдары және шаң – тозаң бөлшектері атмосферада ғарышқа жылулық сәуле шығармайтын өзіндік «экран» түзеді. Сонымен Жердің жақын бетінде температураның көтерілуі байқалады.

3

Керекті
құралдар:

 жазғы ыстық
күн;
 шатыр;
 қалың жапырақты биік теректері бар гүлзар;
 зерттеу жүргізуге сенің құштарлығың;
 қызықты кітап.

Біз қалада өте қысқа кесілген немесе қопарылған теректерді жиі кездестіреміз. Бірақ қазір шатыры бар көше кафелері көбейіп кетті. Қала тұрғындары мен қонақтарына осы қаншалықты жайлы?
1) Өзіңнің сүйікті кітабыңды алып, кафе шатырының астында кітаптың бірнеше беттерін оқып шық.
2) Уақытты белгіле және бақыла. 20 минут ішінде шатырдың астында отырғанда өзіңді қалай сезіндің?
3) Енді осы тәжірибеңді теректер арасында отырып қайтала. Шатырдың астында және теректер арасында кітап оқығанда айырмашылығын сезіндің бе?

С е н н е н і б а й қ а д ы ң ?
Жасыл желек астында сөзсіз сен өзіңді жайлы сезіндің. Себебі,өсімдіктің салқындауы судың булануы есебінен қоршаған ортаның ішкі энергиясын шығындауға кетеді.Міне, қосымша салқынды беретін осы су буы.Жылыжай эффектісінің пайда болуына көмірқышқыл газын жұтатын теректер қатысады.Неғұрлым теректер көп болған сайын,соғұрлым климаттың өзгеруі ақырын жүреді.




4





Енді сен климаттың өзгеру себептерінкөбірек білдің. Бірақ осы процесті
төмендету үшін энергияны үнемдеуге және климатқа әсерін кемітуде денелер
мен заттардың физикалық қасиеттерінен хабардар болуымыз керек.

Тәжірибе 1
Электр энергиясын үнемдеу үшін қолданылатын электр үнемдегіш шамдар барлық тұтынатын энергияны жарыққа айналдырады.Үйреншікті қыздыру шамының көп бөлігі (80 % дейін) тұтынатын энергияны жылуға айналдырады.Солай ма? Оны дәлелдеу үшін келесі тәжірибелерді жасап көрелік.
1. Үстел шамына электр үнемдегіш шамды орнат және
10 минутқа дейін жанып тұрсын.
2. Шамнан 1 – 2 см арақашықтықта термометрді ұстап тұр және 1 минут уақыт ішінде температураны өлше. Термометрдің көрсеткішін есіңе сақта және жаз.
3. Шамды бұрап ал, осы экспериментті қыздыру шамын қолданып қайтала. Қай жағдайда температура жоғары?
Факс апппаратына арналған қағаз немесе касса лентасын термометрдің орнына қолданып осы тәжірибені қайта жасауға болады. Ыстық заттармен жанасқанда бұл қағаз түрі қараяды.
1. Қағаз қиығын 3-5 сек уақытқа шамның қызуына жақындат. Қай жағдайда қағаздың қараю жиілігі және қарайған бетінің ауданы көбірек болғанын
салыстыр.

Нені байқадың?

Қыздыру шамдары жарық өндіреді және жылуды шығарады.
Қажетті құралдар
 Электр үнемдегіш шам, 20 (21) Вт
 Қыздырғыш шам, 100 Вт
 Стандартты цоколі бар үстел шамы
 Бөлме термометрі
 Касса лентасы (немесе дүкеннен алынған фискольды чек)
 сағат
Шамның қуаты үлкен болған
сайын оның қыздыру температура
сы да көп.Электрүнемдегіш
шамдар өз «туыстарына»
қарағанда аз жылу мөлшерін
шығарады, себебі көп энергия шығындауға қолданылатын қыздыру спиралі пайдаланбайды.
Көп мөлшерде қыздыру шамдарын офистер мен үйлерде қолданғанда бөлме температурасы 1-2 градусқа артады.Сондықтан жазда желдеткіштер жиі қолданылады,
яғни көп (шам шығарған жылуды
желдету үшін) энергия жұмсайды.

5
Қуаты жоғары қыздыру шамдарын матадан немесе қағаздан жасалған көлеңкелегіш торшерге орнату қауіпті, сақ болмасаңыз жоғары температурада түтеніп жанып кету қаупін төндіреді.

Тәжірибе 2

Саған «тон сені жылытпайды» - деген уәж айтса, не не айтар едің? Ол сенімен қалжыңдасып тұрған шығар деген шешімге келерсің. Төменде ұсынылған тәжірибелерді жасап, өзіңнің қорытындыңды жаса.
Қажетті құралдар
 термометр
 тон
 мұз салынған екі пластикалық бөтелке

1. Термометр көрсеткішін белгілеп, оны тонға ора.Бір сағаттан кейін термометрге қара.Алдында қанша көрсетсе, қазірде сол температураны көрсетіп тұрғанын, яғни ¼ гадусқа да жылымағанына көзіңді жеткіз. Міне, тон жылытпайды дегеннің дәлелдемесі осы.
2. Мұз салынған екі бөтелкені ал: біреуін тонға ора, екіншісін үстелге қой. Екінші бөтелкедегі мұз еріген кезде, тонды аш: мұндағы мұздың ерімегенін көресің, яғни тон мұзды ерітудің орнына оның еруін тоқтатып, суытып жіберген сияқты.

Нені байқадың?
Тон шынымен де жылытпайды, ол тек біздің денеміздегі жылудың сыртқа шығуына кедергі жасайды, өзінің жылуын бермейді. Тонға оралған мұз өзінің төменгі температурасын ұзақ сақтайды, себебі тон жылуды нашар өткізгіш, бөлме ауасының жылуын өзіне қабылдауын төмендетеді. Мұндай материалдар жылу өткізбейтіндер деп аталады.Оларды бөлме ішін жылытуға емес, бөлме температурасын бірқалыпты ұстап тұру үшін пайдаланады.Сондықтан бөлме салқын болса, жылытқышты іске қоспай, жылы киінуге тырыс.

Тәжірибе 3

Жарық сапасы бойынша қуаты 20 Вт электр үнемдегіш шам қуаты 100 Вт қыздыру шамынан еш қалыспайтынына көз жеткізу үшін келесі тәжірибені жасауды ұсынамыз.
Қажетті құралдар
 Қуаты 20 Вт электрүнемдегіш шам
 Қуаты 100 Вт қыздыру шамы
 Цифрлі фотоаппарат
 Аспалы шам

1. Зерттеу жұмысын жүргізетін орын таңдау керек: қараңғы бөлме (жуынатын бөлме, әжетхана бөлмесі немесе қараңғы дала)
2. Үстел шамына немесе аспалы шамға электр үнемдегіш шамды бұрап, оны қос.
3. Қабырғаға жақын орналасқан, сол қабырғаны қоса кез келген кішкене заттардың фотосуретін жаса.
4. Үстел шамын немесе аспалы шамды электр көзінен ажыратып, оған қыздыру шамын бұра (егер жарық көзі жоғарыда тұрса, үлкендердің көмегіне жүгін).
5. Мейілінше бірінші суретке ұқсас екінші фотосурет жаса: бірінші сурет сияқты сол параметрлерді қолданып, сол қалпында, сол заттарды фотосуретке түсір.
6
Нені байқадың?

Екі фотосуретті бір-бірімен салыстыр.Қайсы фотосурет ашық түсті болды. Шамдардың қуаттарының айрмашылығына қарамастан екеуі де бірдей жарық береді. Фотосуреттегі көлеңкеге назар аудар: қыздыру шамы жанып тұрған кадрда көлеңке көп және анық емес, электр үнемдегіш шам қолданған фотосуретте көлеңке аз. Сапа жағынан электр үнемдегіш шамның жарығы күн сәулесінің жарығына ұқсас.
6. Енді екі шамды бірдей электр көзіне қос және оларға 1м қашықтықтан қара.
Электр үнемдегіш шамнан түскен жарық бірқалыпты және көзге жайлы екенін сездіңдер. Сондықтан электр үнемдегіш шамдардан көз аз шаршайды.

Тәжірибе 4

Тәжірибені үлкендердің
басқаруымен орында!

Қажетті құралдар
 Шыны стақан
 Ақ және қара қағаздар
 Скотч
 Тарелке
 Сіріңке
 Ермексаз немесе балауыз
 Ұсақ шегелер
Жаздыгүні қара киімде бізге неге ыстық, ал ақшыл киімде – салқын? Шынымен ақшыл бетке қарағанда қара тез ыси ма? Осы сұраққа жауап беру үшін жолақ стақанмен істелген тәжірибе бізге көмектеседі.
1. Ені бірдей ақ және қара қағаз жолақтарын жіңішке скотчпен
жұқа стақанның ішіне жапсыр.
2. Стақанның сыртынан ақ және қара жолақтардың қарсы бетіне бір шегеден бірдей биіктікте ермексазбен (балауызбен) жапсыр.
3. Тарелкенің үстіне стақанды ал стақанның ішкі ортасына балауыз шамды қой.Шеге орналасқан биіктіктен май шам фитилі азғана төменірек болуы керек.
4. Сіріңкемен шамды жақ.

Нені байқадың?

Шамды жаққаннан кейін біраздан соң алдымен қара жолақ қағазға қарсы тұрған шеге түседі, себебі мұнда шыны тез ысиды: ақ түске қарағанда қара түс түскен сәуленің энергиясын көп жұтады.

Тәжірибе 5


Үйдің іші жылы болу үшін, үйдің сыртқы қабырғасын қандай бояумен бояу керек? Басыңнан жазда күн өтпес үшін, қандай бас киім таңдау керек? Керек түстерді эксперимент жүзінде анықтайық.
7

Керекті құралдар:
 Қар немесе бірдей мұз кесектері
 Түстері әртүрлі мата қиықтары: қара, көк, сары, ақ немесе басқа түстер, бірақ өлшемдері бірдей (шамамен 10 х 10 см)
1. а) қыста: жақсы күн сәулесі түскен қар бетіне қара түстен бастап ақшыл түске дейінгі мата қиықтарын жайып қой.
ә) көктем – күз: жарық орын таңда (бөлмеңдегі үстел немесе үйдің ауласындағы ашық алаңқай болсын) және мата қиықтарын жайып қой. Әр мата қиындысына мұз кесегін қой.
2. а) 2 сағаттан кейін тексер. Мата қиындысының қай түсі қарға көбірек батты? Қайсысы қар бетінде қалды?
б) 15 – 20 минуттан кейін мұздың еріп бара жатқанын көресің. Қай мата қиындысында мұз тез ериді екен?

Нені байқадың?

Қара түсті мата жарықты көп жұтқандықтан, ол көп жылуды қабылдайды және оның астында қар тез ериді. Ақ мата күн сәулесіншағылдырады және ол жылымайды да, сондықтан неғұрлым мата қара түсті, соғұрлым ол қарға терең батады (немесе мұз соғұрлым тез ериді)
Сондықтан жазда ақ түсті бас киім киген дұрыс. Ал үйдің сыртын күн сәулесімен көбірек жылу қабылдау үшін қара түспен болған дұрыс.
Тәжірибені қыстыгүні желсіз ауа райында жаңа түскен қарда жасаған дұрыс. Жазыдыгүні тәжірибені мұздатқыш камерасына суды алдын ала қатырып, мұз кесегін пайдаланып жасауға болады.

Тәжірибе 6

Үй жылуды жақсы сақтайтын және берік болу үшін үй құрылысына қандай материал таңдау керек? Ағаш үйлер өте құрғақ және жылы, бірақ өртке әлсіз. Кірпіш үйлер де жылуды жақсы сақтайды, бірақ оларды салу жұмысы өте көп уақытты алады. Егер болаттан немесе күмістен үй салсақ қалай болады? Мұндай үй бірнеше ондаған жыл бойы тұрады, мұндай үй саған жайлы бола ма?
Эксперимент жүзінде тексерейік.

1. Стаканға абайлап ыстық су құй
2. Бірінші стаканға ағаш қасық, екінші стаканға металл қасық сал.
3. Бірнеше минуттан соң 2 стакандағы судың температурасын өлше.
4. Стакандағы қасықтарды ал
5. Стакандағы судың температуралары бірдей ме? 8
Қай қасық қатты ысыды? Неге? Сен қалай ойлайсың?

Керекті құралдар:
 Ыстық суы бар 2 стакан
 Ағаш және металл қасықтар
 Судың температурасын өлшейтін термометр
Нені байқадың?

Әр түрлі заттардың жылу өткізгіштігі әр түрлі, яғни тез жылитын және жылу беретін қабілетке ие. Кейбір заттар жылу өткізгіштігі жоғары, олар тез жылуды тез суиды. Кейбір заттар – баяу жылиды және көп уақыт жылуды сақтайды. Ағаш қасық жазымаған және стакандағы судың температурасы жоғары күйінде қалған. Екінші стаканда су температурасы төмендеді, ол металл қасық ыстық болды.
Яғни, металдар – жылуды жақсы өткізгіштер: олар өте тез ысиды және өте тез суиды. Күміс
үйде жазда өте ыстық және қыста өте суық болады.
Құрылыс материалдарын таңдауда тек бағасына, жөндеу және оны құрастыруының қарапайымдылығына ғана емес, сонымен қоса жылу өткізгіштігіне, экологиялық таза, ұзақ уақыт пайдалану жарамдылығына да назар аудару керек.

Тәжірибе 7

Керекті құралдар:
 Құрғақ ашытқы
 Қант
 Резеңке ауа шары
 Пластикалық бөтелке
 Термометр
 Жылы су
Биогоз дегеніміз не екенін естіген шығарсың? Биогоз – бұл органикалық қалдықты ашыту жолымен алынатын газ. Қант заводының қалдығы, навоз? тұрмыстық қоқыстар биогоз алудың ішкізаттары болып табылады. Адамзат биогозды қолдануды ертеден үйренген. Эльба бассейнінің батпақты жеріне қонысталған. Алеманач – халқына батпақтағы айдаһар томары көз алдына елестеген. Олар жанғыш газ – батпақтағы шұңқырда жинақтаған айдаһар демі деп ойлаған. Алемандар теріден Тенты? Тігіп үйренді, олармен батпақты жауып, тері құбыр арқылы өз үйлеріне газ жіберіп және оларды баған дсерлауда жаққан. Үй жағында «айдаһар демін» алғың келе ме?
1. Бөтелке түбіне кішкене мөлшерде қант пен ашытқыны сал және араластыр
2. Бөтелкенің жартысына дейін жылы сумен толтыр және араластыр
3. Бөтелкенің аузына резеңке ауа шарын кигіз және жанасқан жерін жіппен байла.
4. Әртүрлі температурадағы сумен экспериментті қайтала ( оған термометр көмек көрсетеді)

Нені байқадың?
Шамамен 1 сағаттан кейін шар үрлене бастайды – яғни биогаз бөліне бастайды. Әртүрлі температурадағы сумен жүргізгенде, «айдаһар демі» алу үшін қандай температураны алу керек екенін анықтай аласың. Эксперимент аяқталғаннан кейін бөтелкедегі сұйықты канализацияға абайлап төк.
Тамақ пісіру үшін биогазды пайдалансақ, көмір, мұнай және газ жақпаймыз.
9

Тәжірибе 8

Керекті құралдар:
 Жұқа папирос қағазы немесе калька (конфетті орайтын жұқа қағазы да жарайды)
 Тістазалағыш немесе ине
 Ермексаз
 қайшы
Біз биомасса, минералды ресурстың, желдің, судың, күннің энергиясын қолданамыз. Ал одан өзі энергия көзі бола ала ма? Адам және басқа да тірі жәндіктердің жылу энергиясын шығара ма? Осындай бола ма? Егер ол солай болса, оны қалай пайдалануға болатынын ойлан.
Тексеріп көрелік.
1. Калька немесе жұқа папирос қағазынан (5 х 5см) тіктөртбұрыш қиып ал.
2. Оны орта сызықтары бойынша бүкте және түзе
3. Ермексазбен тістазалағыш немесе инені ұшымен жоғары қаратып үстелге бекіт
4. Тістазалағыш немесе иненің ұшына қағаздың сызықтарының қиылысу нүктесіне қадау керек.
5. Қағаз тіктөртбұрыш ауа ағынымен аударылып кетпес үшін ақырын ғана қолыңды жақындат.
6. Құрығының жанымда қолыңды біраз уақыт ұста. Қолыңды алыстат және қайта жақындат.

Нені байқадың?

Сен мынандай қызықты құбылысты байқай аласың: тіктөртбұрыш қағаз айнала бастайды, басында ақырын, сонан кейін тез – тез айналады. Қолыңды алыстатсаң – айналмайды. Қолыңды жақындатсаң – қайта айналады. Оның себебі адам жылу энергиясын бөліп шығарады.
Күзгі суық күнде сенің пәтерің жылы болсын десең, өз достарыңды үйіңе шақыр.

Тәжірибе 9 Лимонадты суытамыз

Ыстық күнде салқын лимонадты немесе басқа салқындатынған сусынды ішкен өте жақсы! Егер барлық сусында, күн сәулесіне ысып кетсе не істейміз?
Салқындату керек, әрине! Сусыны бар ыдысты мұздың үстіне қоямыз да, салқындағанын күтеміз. Сусыны бар ыдыстың үстіне мұзды қойсақ не болады? Көрелік.
1. Стакандарға жылы су құялық
2. Екі стакандағы судың температурасын өлшейік және қорытындысын жасайық
3. Екі стаканды да қақпақпен жобамыз. Бірінші стаканды мұздың үстіне қоялық. Екінші мұзды бар дорбаны екінші стаканның үстіне қояйық
4. 5 – 10 минуттан кейін стакандағы судың температураларын қайта өлше.
5. Стакандағы судың температуралары бірдей ме? Қалай ойлайсың?
Нені байқадың?

Қақпақтың үстінде мұз жатқан стакандағы су тез суыды. Жылы су суық судан жеңіл екені белгілі, сондықтан мұзбен салқындатылған су үстіңгі қабатқа көтерілген жылу сумен ауыса отырып осылай барлық сұйықтың салқындауы болады. Мұздың үстіне қойылған стакандағы судың төменгі қабаты ғана салқындайды, сондықтан салқындау процесі өте баяу жүреді.

10

Не керек:
 2 стакан (немесе кішкентай банка) жылы сумен, қақпақтары жабылған
 Судың температурасын өлшейтін термометр
 2 полиэтилен қап үгітілген мұз кесектерімен
Ауа мен де осылай болады. Сондықтан бөлмедегі аз энергия шығындап
келсе, салқындатқыш көзі төбеде болу керек.

Тәжірибе 10


Бәрімізге кішкентай кезден айтылатын ебелек ойыншығы белгілі. Бұл ойыншықты айналуға не әсер етеді? Әрине жел. Жер бетінде табиғи энергия көзін пайдаланудың ең қарапайым түрі жел энергиясы. Ол кішкене қалаларды кешке қарай күрішті сабағынан бөліп, теңіздер арқылы кемелерді қозғалтып, көп ғасыр бойы энергиямен қамтамасыз етті. Өте арзан, тегін және ылғи күшті бар жел қазіргі заманғы энергия көзінің ішіндегі ең тартымдыларының бірі. Жел біз үшін бұл жұмысты өзі – ақ атқарғысы келіп тұрған сияқты.
Желпуіштер желдің күші мен бағытын көрсетеді. Оларды бақтарға қоюға болады және балконға орнатып қоюға, қозғалысты жылжымалы ойында қолдануға болады.
1. Суретте көрсетілген желпуіштер үлгісінің бірін таңда. Бұрышынан центріне қарай терең қиық жаса (бірнеше см центріне жеткізбей) және ұштарын центрге қарай бүк, қайырып.
2. Концеляр кнопка көмегімен немесе кішкентай шегемен ағаш таяқшаға ( қарындашқа) немесе коктейльдің пластик түтікшесіне ебелекті орнат.
Нені байқадың?
Не қажет
 2 жағы түрлі түсті немесе сыйлық пакеттерінің жұқа пластиктен жасалған қағаздар
 Қайшы
 Желім
 Канцеляр кнопка
 Қалам (ағаш қарындаш немесе коктейльге арналған түтікше
Дайын ебелек енді бір кішкентай жел соқса болды айналады. Осындай принциппен үйге берілетін электрэнергиясына өндіретін ебелектер жұмыс істейді. Ебелектер айналғанда өндірілетін желдің кинематикалық энергиясы генератор көмегімен электр энергиясына айналады.
Ебелекті тез қағаздан ғана емес, қатты фольганы, жұқа иілгіш пластик (сыйлыққа арналған пакет, папкалар) немесе жұқа резеңке. Сонда бұл ойыншықтар ұзақ қызмет етеді. Кинетикалық энергия – оның нүктелерінің қозғалыс жылдамдығына тәуелді механикалық жүйенің энергиясы

Тәжірибе 11

Желдеткіштің доңғалағының айналуына не түрткі болады? Сен бірден жел немесе электр көзі деп айтасың. Біз сенімен келісеміз, бірақ тағы да бір себептер бар сияқты.

11
Эксперимент жүргізейік
1. Әрқайсысы 2,5 х 10 см болатын фольгадан 2 жолақ қиып ал.
2. Әр жолақтың бір жағын қара маркермен немесе бояумен боя.
3. Суретте көрсетілгендей жолақтың ортасынан жартысын қи да, оларды бір –бірінің ішіне кигіз, жолақтың шетін бүкте.
4. Жіппен және скоч көмегімен жасаған желдеткішті қақпағы бар банкаға орнат.
5. Банканы күн көзіне қой.

Нені байқадың?
Қара бояуы бар жолақ ақ жылтыр жолаққа қарағанда тез ысиды. Температура айырмашылығынан ауа қысымының айырмашылығы пайда болады да желдеткіш айнала бастайды.Сонымен, электр энергиясын қолданбай-ақ, ыстық күнде «күн желдеткіші» бізге көмектесе алады.




Тәжірибе 12
Ерте заманда ұнды су көмегімен ұнтақталғаныны білетін шығарсың? Диірменнің доңғалағын су айналдыра ала ма, тексеріп көрелік.
1.Екі картон қағаз қиындысын раковинаның шетіне қой және түтікше түріне келтір, оны жабысқақ лентамен жапсыр, түтікше ішіне тоқыма шиі немесе сым еніп кететіндей болсын.
2. Картоннан/пластиктен ебелек жаса және ермексазбен сымға суреттегідей етіп жапсыр.
3. Сымда оралған жүн жіптің бір ұшын ермексазбен раковина шетіне ермексазбен жапсыр.
4. Су ағыны доңғалаққа тиіп ағатындай етіп краннан су ағыз.

Нені байқадың?

12
Не қажет
 Картон немесе сыйлыққа арналған пакеттің пластигі
 Қайшы
 Жүн жіп
 Скотч
 Пластик түтікше
 ермексаз

Су ағынымен жіп сымға оралады және диірмен айнала бастайды. Мұндай принциппен тек ұн диірмені ғана емес, генератор көмегімен су энергиясы электр энергиясына айналатын су электрстанция турбинасы да жұмыс жасайды.Су энергиясын қолданғанда атмосфераға көмір қышқыл газы шығарылмайды.



Тәжірибе 13

Біз бәріміз суға шомылғанды жақсы көреміз. Үйіңде ванна орнында бассейн болса, егер су салқындамаса, күні бойы суға шомылатын едің. Су жылы күйін ұзақ сақтайтындай жағдай жасап көрелік. Бізге ас тұзы мен күн көзі көмектеседі. Таңқалмаңыз, иә,иә, тұз !
Тұзды және тұщы су қалай жылиды? Бірдей ме, әлде әртүрлі ме? Қайсы су жылуды ұзақ сақтайды? Егер тәжірибе жасап көрсең бұл сұраққа өзің жауап бере аласың.
Не қажет

 Қара түске боялған екі пластик бөтелке
 Тұз
 термометр


1. Бөтелкенің 1/3 бөлігіне су құй. Бір бөтелкедегі суға тұз (тұзы неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы) қосып, жақсылап араластыр.
2. Бөтелкелерді күн көзіне шығарып қой.
3. 30 минуттан соң термометрмен екі бөтелкедегі су температурасын өлше. Қорытындыны жазып ал.
4. Енді екі бөтелкені де көлеңке немесе салқын жерге қой.
5. Жарты сағаттан соң тағы да бөтелкелердегі судың температурасын өлше.

Нені байқадың?

Тұщы суға қарағанда тұзды судың температурасы жоғары. Күн көзі жылытпаса да тұщы суға қакрағанда тұзды жылы болады. Сондықтан теңіз суы сияқты бассейннің суы тұзды болса, су жылуын ұзақ сақтайды. Бассейнге шомыл, денсаулығың мықты болсын!



13
Тәжірибе 14

Бөлмеңді жылытқыш жақсы жылыту үшін оны қайда қою керек деп ойлайсың? Еденге ме? Мүмкін жоғары қарай қою керек шығар. Мына қарапайым тәжірибе саған дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

Не қажет

 Балауыз шам
 сіріңке


1. Тәжірибе жасауға кіріспес бұрын барлық бөлмелердің терезелері жабық екеніне көз жеткіз.
2. Балауыз шамды жақ.
3. Бөлменің есігінен кішкене саңылау қалдырып, есікті дап.
4. Есіктің жоғарғы жағына балауыз шамды ұста. Шамның жалыны қай жаққа қарай ауытқитынын бақыла.
5. Енді шамды есіктің еденге жақын, бөлменің төменгі жағына ұста.Жалынның бағыты өзгерді ме? Бақыла.

Нені байқадың?

Шамды есіктің жоғарғы жағына апарғанда жалын бағыты дәлізге қарай, ал еденге жақын ұстағанда бөлме жаққа қарай бағытталды.
Бөлмедегі ауа ешуақытта тыныштықта болмайды. Ауа жылығанда жеңіл, суығанда –ауыр болады. Суық ауа жылыған жеңіл ауаны төбеге қарай жоғары ығыстырады, ал суық ауа ауыр болғандықтан терезе жанынан немесе суық қабырғадан төмен сырғиды, сондықтан жылытқышты еденге қоямыз, ал желдеткішті жоғары жаққа орнатамыз.



14

Сен практикалық жұмыс жасауда өткен тарауда эксперимент жүргізу барысында алған тәжірибеңді пайдалан. Осы алған біліміңді өмірде де пайдалан және басқаларды үйрет.


Тәжірибе 1 Шаммен үнемдейміз!

Керекті құралдар:
Энергияны үнемдейтін шам 20 (21) Вт;
қыздыру шамы 100Вт;
Электресептегіш;

Электр энергиясын тұтынғанда қыздыру шамына қарағанда электр үнемдегіш шамдардың басты артықшылығын білесің бе? Шамдардың көмегімен өзіміздің ақшамызды үнемдей аламыз ба? Қыздыру шамына қарағанда электр үнемдегіш шамы 5 есе электр энергиясын тұтынатыны есіңде шығар. Солай ма екен, тексерейік.
Осы тәжірибені өз отбасыңның мүшелерімен немесе достарыңмен жүргізуді ойластыр. Тоңазытқышты қолданбай, электр пешіне тамақ пісірмей, теледидар көрмей және басқа электр құралдарынан бас тартып, кешке қарай (қорқынышты, күлкілі) кеш ұйымдастырып немесе қағаздан бәрің бірге неше түрлі қиықтар, мүсіндер жасап көріп пе едің? Ешқашан мұндай кеш ұйымдастырып көрмесең, онда бұл кеш сен үшін өте маңызды, пайдалы кеш болатынына кәміл сенеміз.

1-кезең

1. Бір бөлмеге туыстарың немесе достарың жиналыңдар, сендер үшін 3 сағат бойы электр тұтыну көзі бір немесе бірнеше қыздыру шамы болады.
2. Эксперимент жасау алдында электр энергия есептегішінің көрсетуін жазып ал. Тәжірибе басында үлкен қағазға жазған мәліметтерді зерттеуге қатысып отырған туыстарыңа мен достарыңа көрінетіндей жазып, тәжірибе соңында болған өзгерісті салыстыра алуы керек.
3. 3 сағат өткеннен кейін есептеу көрсеткішін қағазға жазу керек.

2 кезең

1. Енді электр үнемдегіш шаммен экспериментті қайталау керек.Оны дәл сол күні немесе келесі күні жасау міндетті емес.Эксперименттің екінші кезеңін жасауға сенің туыстарың немесе достарың келесі аптада келуіне де болады.Тек мәліметтер жазылған қағазыңды сақтасаң болды.
2. Бірінші кезеңдегі сияқты эксперимент басында есептегіштің көрсетуін жазып алу керек.
3. Электр үнемдегіш шамды жағып, 3 сағат бойы жасалған тәжірибенің қорытындысын, яғни есептегіштің көрсетуін жазып алыңдар.
4. Тәжірибеңнің екінші кезеңінде алған есептегіш көрсеткіштерін салыстыр.

Нені байқадың ?
15
Зерттеудің екінші кезеңіндегі электр энергиясының есептегішінің көрсеткіші бір-біріне ұқсамайды, солай ғой? Ал сендер тек қана шамдарды ғана ауыстырдыңдар ғой.Егер киловатты ақшаға аударсақ, қалай болады? Туыстарыңмен, достарыңмен бірге есептеп көріңдер, электр үнемдегіш шам отбасылық бюджетіңе қанша үнемдегенін? Пәтеріңдегі шамдардың барлығын электр үнемдегіш шамдармен алмастырсақ, онда отбасылық немесе достарыңның кешіне бір ай осы шамдарды пайдаланудан түскен ақшаға тәтті бәліш сатып алуға жететін ақша үнемдеуге болар еді.
Осы тәжірибені өткізгеннен кейін барлық отбасы мүшелеріңнің немесе достарыңмен бірге өткізген бірнеше сағаттық кеш сендер үшін өте пайдалы, қызықты сабақ және оны жақсы дәстүрге айналары сөзсіз.

Тәжірибе 2

Не қажет

 Таймер
 Тоңазытқыш
 1кг мұздатылған тағам

Ас үйдегі негізгі энергияны жұтатын - тоңазытқыш. Сондықтан көп мөлшердегі энергияны үнемдеу потенциалы осыған келіп тұр. Бізден өте көп әрекет жасауды қажет етпейді, тек қана өзіміздің үйреншікті әдетімізді өзгертуіміз керек. Сайып келгенде сен электр энергиясын үнемдеп қана қоймайсың, сонымен бірге ақшаны да үнемдейсің. Бірнеше қарапайым әрекет жасай отырып, электр энергиясына сенің отбасыңның 50-80% ақша үнемдегенін көресің.
1. Мұздатқышта мұздатылған тағамның бақылауы бар ма, тексер. Бір сағат бойы тоңазытқышты қанша уақыт аралығына дейін неше рет ажыратылып, қосылғанын бақылап көр.Көрсеткішін жазып қой.
2. Мұздатылған тағамды ал және оны мұздатқыш камерадан тоңазытқышқа қой.
3. Тоңазытқыштың ажырау-үнемдеу тәртібіне қосылған уақытын өлшеуді қайтала. Тоңазытқыштың ауысу режимінің периодтылығын жазып ал.
4. Алынған нәтижені салыстыр.

Нені байқадың?

Біршама энергияны үнемдеу тоңазытқыштың жұмыс істеу режиміне және оны қолдану ережесін сақтауға да байланысты. Оны дәлелдеу үшін төмендегі қызықты мәліметтермен келтірейік:
• 1кг мұздатылған еттен шыққан суық 1 сағат бойы электр көзін тұтынғанмен тең.
• Термореттегішті 10С температураға арттыру жағына ауыстырсақ, орташа есеппен 8%-ға дейін энергия шығынын кемітуге болады.
• Тоңазытқыштың есігін 3 рет ашқанда энергия шығыны 1%-ға артады.Тоңазытқыштың есігін ашық қалдырып және ыстық тамақты қойсаңыз, онда сіз электр энергиясын және ақшаңызды шығындайсыз, сонымен бірге тоңазытқыштың жұмыс істеуін төмендетесіз.

16

Тәжірибе 3
Қыста пәтерімізді жылыту үшін көп энергия шығындаймыз. Жылыту жүйесінің температурасы неғұрлым жоғары болған сайын, ол қабырғаны соғұрлым жақсы қыздырады.Қымбат жылу сыртқа шығып кетеді.Үйде жылуды қалай ұстай аламыз? Бірге ойланып көрелік? Мерекелерден кейін кәмпиттің жылтыр қағаздары көп қалады, оларды тастауға асықпа, ол саған керек болады.
Қажетті құралдар:
тұрмыстық техниканың қорабы
(гофрленген қабатты картон болғаны дұрыс);
алюминий фольга немесе кәмпиттің жылтыр қағазы;
термометр;
ПВА желімі;
Екі жақты скотч (автомобильге арналған)

1. Жылыту жүйесінен 15-20 см қашықтықта ауа температурасын өлше.
2. Жылу жүйесінен мөлшері 7-10 см артық болатын қораптан тік төртбұрыш кесіп ал.
3. Оның бір жағына фольганы араларында саңылау қалдырмай, бір-біріне жақындатып желімде.Жылу шағылдырғыш экран жасадың.
4. Жылу шағылдырғыш экранды жылтыр жағымен бөлме жаққа қаратып орнат.Экранның периметрі бойынша екі жақты скотчтың бөліктерімен (2см) жапсыр. Экранды жылыту жүйесінің артына орналастырғаннан кейін скотчтың қорғаныс қабатын алып таста.Бұл оңай емес, бірақ сенің қолыңнан бәрі келеді.
5. 30 минуттан соң жылыту жүйесінен 15-20 см қашықтықтағы температураны өлше.

Нені байқадың?
Сен жылу жүйесінің артына жылтыр экран қойғаннан кейін температураның артқанын байқадың, себебі фольга жарық сәулесін ғана емес, сонымен бірге жылуды да шағылдырады.Жылыту жүйесінің жылуы фольгадан шағылып, қайта бөлмеге тарайды. Ал жылыту жүйесінен шыққан жылуды картон қағазқабырғаға және далаға жібермейді. Осындай қарапайым тәсілмен тәтті кәмпитте жейсің, үйіңді де жылытасың.Олай болса, жылыту жүйесінің арқы жағына шағылдырғыш экран орнатып, үйдегі жылуды сақтаймыз, энергияны үнемдейміз.

17
Тәжірибе 4

Тәжірибені үлкендердің
көмегімен жаса!

Саған таңертеңгілік асқа екі шұжықша пісіру керек болды делік. Сенің алдыңда түбінің диаметрі әртүрлі бірі кіші, екіншісі үлкен екі кастрөл тұр. Екеуінің қайсысында шұжықша тез піседі? Неге? Тәжірибе жасап көз жеткізейік.
Не қажет

 Сым
 Мыс қиығы немесе қаңылтыр
 Балауыз шам
 сіріңке

1. Сымнан аша мүйізді шанышқы жаса. Оның ұштарын бірдей сақина жасап иіп, горизонталь жазықтықта бекіт.
2. Диаметрі 2,5 және 1,5 см болатындай қаңылтырдан (мыс дөңгелектер болса тіпті жақсы) дөңгелек кесіп ал немесе кесуге ата-анаңның көмектесуін сұра. Қаңылтыр орнына әртүрлі диаметрдегі тиындарды (теңгені) қолдансаң, тиындардың қалыңдығы бірдейжәне бірдей металдан жасалған болса эксперимент сәтті шығады.
3. Дөңгелектердің ортасына балауыздан тамыз және оған сіріңкені орнат.
4. Сіріңкенің басын төмен қаратып, ашаның сақинасына дөңгелектерді қой.
5. Шам жалынына сымның айқасқан бөлігін қыздыр.

Нені байқадың?

Кішкене дөңгелектегі сіріңке тез түседі, себебі оның массасы кішкене және тез ол тез жылиды, аз энергия шығындалады.
Шұжықшаны пісіру үшін қандай кастрөлді таңдайсың? Әрине, кішкентайын, солай ғой! Кастрөлдің қақпағын жабу керек пе? Шұжықшаны қақпағы жабық немесе қақпақсыз кастрөлде қайнатсақ та, арасында үлкен айырмашылық жоқ сияқты. Солай ма? Тексеріп көрейік.
Қажетті құралдар:
бірдей екі кастрөл;
қақпақ;
шұжықша;
1. Екі кастрөлге бірдей мөлшерде су құй. Екеуіне де бір-бірден шұжықша сал.
2. Кастрөлдерді электр пешіне қой, пешті қос.Бір кастрөлдің қақпағын жап, екіншісін ашық қалдыр.
3. Қай кастрөлде шұжықша тез піседі? Неге?

Нені байқадың?
Су жылығанда су деңгейі жоғары көтеріледі.Қақпақсыз кастрөлде жылы су суық ауамен жанасып, суиды. Қақпағы жабық кастрөлге қарағанда қақпақсыз кастрөлдегі судың қайнауына көп уақыт кетеді.

18
Тәжірибе 5

Үйде біреу ауырса, резеңке жылытқышқа ыстық су толтырып, оны ауырған жерің басасың. Серуенге шыққанда қолда бар бұйымдардан жылытқыш жасауға болады. Ол кәдімгі тас немесе өзен құмы болуы мүмкін.
Не қажет

 Кішкентай жалпақ тас немесе бірнееше ұсақ тастар
 Мата қиығы немесе шұлық

1. Тасты күн көзіне жылыт.
2. Тасты матамен ора немесе шұлыққа құмды сал.
3. Ауырып тұрған жерің басып, жылыт.Жылуды ұзақ сақтау үшін ауырған адамды киіммен қымтап жауып қой.

Нені байқадың?
Мұндай жылытқыш таңертеңге дейін жылуын сақтайды. Күн көзіне қызған тас жылуын ұзақ сақтайды.



Тәжірибе 6

Не қажет

 Су құятын 5 литрлік пластик канистр;
 Әртүрлі органикалық қоқыс (қағаз, жеміс және көкөністердің қалдығы
 Құм, топырақ
 Су
 термометр
Инкубатордың не екенін білесің бе? Инкубатор – жұмыртқадан балапандарды шығаратын құрылғы. Ол электр көзінің көмегімен әкесіз-шешесіз жұмыртқадан шыққан балапандарды өсіру үшін бірқалыпты температураны сақтап тұрады.Табиғаттың да өз инкубаторы бар, онда табиғи жылу энергиясын қолданады. Мысалы, кейбір тауықтар ұя салмайды, оның орнына әтеш көп топырақ, құм, жапырақтар үйіндісін жинайды.Үйіндінің құрамы шірігенде оның температурасы артады.
Табиғи инкубатордың моделін құрастырып көрелік.
1. Су құятын 5л пластик канистрдің жоғарғы бөлігін кес.
2. Канистрдің жартысына дейін әртүрлі ас қалдықтары мен картоп, сарымсақ, күнбағыс қабықтарымен толтыр.
3. Қоспаға аздап су құй.
4. Бір апта бойы ыдыстың ішіндегі температураны термометрмен өлше.

Нені байқадың?
Қоқыс шірігенде жылу бөлетіндіктен, ыдыстың ішінде температура артады. Егер қоспаға (биомассаға) құм сеуіп қойсақ, оның температурасы өзгере ме? Тексер! Топырақтың немесе биомассаның бір бөлігін алып тастайық? 19
Тәжірибеден кейін ыдыстағы биомассаны лақтырма, оған топырақ сал, сарымсақ, ақ желкен отырғыз.Жылу мен ылғал тұқымның өнуін қамтамасыз етеді және терезеңнің алдында шағын жасыл бақша болады. Егер бақша болғанын қаламасаң – ыдыстағы биомассаны жақын жердегі теректің түбіне төге сал.
Тұқымның тез өнуі үшін жылыжай мен жылытқыштарда шірік энергиясын пайдалануға болады.

Тәжірибе 7

Термос – суық компот, ыстық шай немесе оған құйылған басқа тамақтың температурасын ұзақ сақтайтын өте қарапайым және өте қажет ыдыс. Ал сенің үйіңде термос бар ма? Жоқ? Қала сыртына немесе серуенде пайдаланылатын қолдан жасалған термосты жасап көрелік.
Не қажет:
 пластик канистр
 (мүмкіндігінше тіктөртбұрышты формада);
 қалыңдығы 15-30 мм пенопласт;
 Картон қорап (тұрмыстық техниканың қорабы жарайды);
 поролон;
 алюминий фольга;
 скотч;
 қайшы;
 полиэтилен дорба.

1. Пенопластты (канистр қабырғасының мөлшерімен) алдын ала өлшеп, сызықпен белгіле, сол сызық бойымен ақырындап пышақпен кес
2. Пенопластты канистрдің айналасына скотчпен бекіт.
3. Оның сыртынан алюминий фольгамен орап, скотчпен бекіт.
4. Пенопласт – өте жұмсақ материал болғандықтан, оны бүлдіріп алмас үшін құрылғының барлық бетін картонмен қапта.
5. Бөтелкенің мойнын шығарып,бүкіл құрылғының сыртын поролонмен жап.
6. Жұмыс соңында бүкіл құрылғыны полиэтилен дорбаға сал.

Нені байқадың?
Дайындайтын ыдысымыз бар - жоғы 30г, өте жеңіл.Оны саяжайда қолданған қолайлы. Оған ыстық су құюға болмайды, әйтпесе пластик майысып қалады.Су температурасы 50-60 0С-дан аспау керек. Мұндай термоста су ұзақ уақыт ыстық болып тұрады, оны қайта-қайта ысытып керегі жоқ. Сондықтан электр энергиясын аз қолдануға болады.
Мұндай құрылғыны бастаудың суық суын сақтау үшін де қолдануға болады.

20

Тәжірибе 8

Не қажет:
 Диаметрі әртүрлі 3 керамикадан жасалған гүл құмыралары
 Ұзын бұранда немесе металл сым
 Гайка
 Металл бұрыштама
 Гүл қойғыш
 Шам
 Сіріңке
Жарық сөніп қалғанда балауыз шамды қолданған кезіміз болды ғой. Балауыз шам бізге жарықпен қоса жылу да беретінін сен ойландың ба? Шамның жылу энергиясын тұрмыстық жағдайға пайдалануға бола ма? Шамның жылуы жұмыртқаны қуыруға жете ме?
Мұны Калифорниялық Дойл-Досс тексеріп, «балауыз жылытқыш» ойлап тапты. Осындай құрылғыны жасап көргің келе ме?



1. Диаметрі әртүрлі болатын керамикадан жасалған гүл құмыраларын ал. Оларды бір-бірінің ішіне сал. Ұзын бұранда мен гайка арқылы бекіт.
2. Металл кесектерінен құмыраларды қоятын қойғыш жаса, оған құмыраларды бекіт (суретте қара).
3. Гүл құмырасын қойғышқа металл немесе шыны стаканға балауыз шамды орнат, әйтпесе ол тез еріп кетеді (суретті қара).
4. Осы құрылғының үстіне табадан қойып, жұмыртқаны қуырып көр.

Нені байқадың?

Кәдімгі балауыз шам бөлмеде жанғанда өте аз жылу бөлетін сияқты болып көрінеді. Шын мәнінде оның ыстық «жалыны» жоғары қарай көтеріледі және желдеткіш оны тез ұшырып жібереді. Керамикалық «матрешка» өте қатты қызғанда (ортасындағы өзекше өте қатты қызады), оттың энергиясын жинайды және оны сақтайды. Сонан кейін бұл жылу ақырындап құрылғының барлық бетіндегі ауаға беріледі. Жиналған жылу жұмыртқаны қуыруға және аз мөлшердегі тамақты, кішкентай бөлмені жылытуға жетеді.
Осы құрылғының жұмыс істеу принципін саяхатшылар бұрыннан (ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап) қолданады. Саяхатшылар гүл құмыраларының орнына кәдімгі әртүрлі диаметрлі шелектерді бірінің ішіне бірін салып, олардың ортасына ұсақ тастарды төсеген.

Тәжірибе 9

Табиғат аясында серуендеуді ұнатасың ба? Өте жақсы серуендеу үшін ауа райы қандай болуы керек? Бұл сұраққа бірден «күн ашық болуы керек», деп жауап бересің. Жаздың ашық күнінде табиғат аясына серуендеуге жиналып жатырмын деп ойла. Қол шатыр алуды ұмытпа! Жоқ, жауын жаумайды! Қол шатыр саған хот-дог даярлау үшін керек. Қалай екенін білмесең, мен үйретемін.
21
Не қажет:
 Қол шатыр
 Фольга
 Скотч
 Сым
 Тоқаш
 шұжықша
21

1. Қол шатырды ашып, ішкі бетіне фольга жапсыр.
2. Қол шатырдың жылтыр жағына күн көзі көп түсетіндей етіп қой.
3. Тоқашты кесіп, оның ортасына шұжықша қой.
4. Дайындалған хот-догқа абайлап сымды өткіз.
5. Сымды қол шатырдың ең ыстық жеріне бекіт.
6. Бірер минуттан соң сенің хот-догың дайын. Асың дәмді болсын.

Нені байқадың?
Күн сәулесі ойыс беттен шағылып, фокус деп аталатын бір нүктеде шоғырланады. Аз мөлшердегі тамақты осы нүктедегі жоғарғы температурада даярлауға болады. Ең бастысы- от жағып әуре болмайсың!

Тәжірибе 10

Не қажет:
 Газет қиындылары
 Қатты картон
 Жабысқақ алюминий фольга
 Скотч
 Ұзын сызғыш
 Қарындаш
 Қайшы
 Термометр
 Қара түсті екі кішкентай кастрөл
 1л су
Күннің көзін қолданып көрелік. Біздің ас үйге күн көзін жұмыс істеуге шақырайық. Қарапайым құралдардың көмегімен жемісті немесе саңырауқұлақты кептіретін, тамақ пісіретін күн пешінің құрылысын дайындауға шынымен де болады.
1-кезең: Күн пешін дайындаймыз.

1. Түсқағаздарына немесе газет қиындыларына сызба параметрлерін қолданып, шаблон жаса.
2. Шаблон бойынша картоннан құрастырма жиынтығын кес. Барлық құрастырма бір картонға сыймаса, оны бірнеше бөліктерге бөл, олардың әрбіреуін бөлек қағаздан кес.Сонан кейін кесілген бөліктерді скотчпен жапсыр.
3. Шаблон бойыншафольганы бүктейтін сызықтан 2 см артық кес.
22
4. Картонның бір жақ бетіне фольганы жапсыр және шетін қайырып бүкте.
5. Құрастырманы қолданып, пешті жина.

2-кезең: Күн пешін сынақтан өткізейік.
1. Күннің көзі ашық болған күні күн пешіне күн сәулесі тура түсетіндей етіп қой.
2. Еік кастрөлге (1-2 стақан) суық су құй. Кастрөлдегі судың температурасын өлше.
3. Күн пешіне бір кастрөлді, ал екіншісін оның жанына қой.
4. 15 минуттан соң екі кастрөлдегі судың температурасын өлше. Қай кастрөлде су тез ысыды?

Нені байқадың?

Күн пешін құрастыру оңай. Күн пеші суды 15-20 минут ішінде ысытады. Күн пешінде 1,5 сағатта ботқа пісіруге болады және жемістерді ашық ауада кептіргеннен гөрі пеште тез кебеді.

Тәжірибе 11

Пешсіз жұмыртқа қуыруға бола ма? Тексерейік. Ол үшін бізге жаздың ыстық күні керек. Пештің орнына біз күнге қатты қызған асфальтталған қара жолды немесе жолдың шетін пайдаланамыз.
Не қажет:
 3 жұмыртқа
 Тұз
 Түбі жұқа екі қара табадан
 Табадан мөлшеріндей шыны

1. Екі табаданды асфальтқа қой және әрқайсысына 1 жұмыртқадан жарып сал.
2. Бір табаданның бетін шынымен жап.
3. Үшінші жұмыртқаны тура асфальттың үстіне жар (оның асфальт жырықтарына ағып кетпеуін қадағала).

Нені байқадың?
Алдымен асфальтта жұмыртқа тез қуырылады, себебі оның жылуы табаданды ысытуға кетпейді (бірақ бұл жұмыртканы жеуге болмайды). Келесі кезекте шынымен жабылған табадандағы жұмыртқа қуырылады, себебі шыны астында жылу жиналады және сақталады. Ең соңында ашық табадандағы жұмыртқа қуырылады.

23
23

Тәжірибе 12

Не қажет:
 Қара бояу
 Қыл қалам немесе валик
 Қалыңдығы 5-8 см болатын пенопласт
 Ағаш қадалар
 Шегелер
 Полиэтилен қабық
Егер отбасыңның саяжайы болса, онда жазғы су сепкіш немесе суды қыздыру/сақтау ыдысы бар шығар. Оларды өз керегімізге жарату үшін кішкене одан әрі жетілдіріп көрелік.
1. Су сепкіштің багын қара түске боя.
2. Бактың астына пенопласт тақтасын қой.
3. Ағаш қадалардан бактың жан-жағына каркас жаса. Осы ағаш қадаларының үстінен және жанынан полиэтилен қаппен қапта (немесе шыны орнат).

Нені байқадың?

Су сепкіштегі су тез ысиды және жылуын ұзақ сақтайды. Қара бояу түскен күн сәулесінің қызуын күшейтіп, беттің жұту коэффициентін арттырады. Мөлдір полиэтиленнен жасалған құрылғы «жылыжай эффектісін» жасайды, ал пенопласт жылу оқшаулағыш болады.

Саяжайшыларға бірнеше кеңес:
Кәдімгі автомобиль камерасын бактың орнына су құятын ыдыс ретінде пайдалануға болады. Қара түсті резеңке күн жылуын жұтады және баллонда тұрған суды жақсы жылытады. Саяжайда «күн шарбағын» жасауға болады. Ол үшін көлеңке түспейтін жерде арасы 0,5-1 м болатындай қадалар қақ. Ұзындығы 100-150 м болатын қара резеңке шлангты қадалар арасына өр.
Су шланг бойымен қозғалғанша су жылиды.Мұндай өрім бассейндегі және бала ваннасындағы суды жылыту үшін, жылуды жақсы көретін өсімдіктерді суару үшін керек.

24

Тәжірибе 13

Су мен тамақты суыту үшін біз жаз айларында көп энергия шығындаймыз. Электр көзі қажет етпейтін «тоңазытқыш» жасап көрелік.
1. Қыштан жасалған және кез келген ыдысқа бірдей мөлшерде суық су құй (пластик бөтелке, шыны банка және т.б.).

24
Не қажет:
 Қыш құмыра
 Суда сақтайтын кезкелген ыдыс (құмыра көлеміне тең: банка, кастрөл және т.б)
 термометр
2. Екі ыдыстағы судың бастапқы температурасын өлше.
3. Ыдыстарды күн көзіне қой. 20 минуттан соң судың температурасын өлше.

Нені байқадың?
Басқа ыдыстағыға қарағанда қыш құмырада су суық болады, себебі қыш құмыраның қабырғасындағы түтіктерден су буланып, құмыраның бетін суытады. Сондықтан жаздың ыстық күнінде су суық болсын десең, оны қыш ыдыста сақта!

25
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Перельман Я.И. Занимательная физика. Книга 1. – Москва: Наука, 1983.-224с.
2. Перельман Я.И. Занимательная физика. Книга1. – Москва: Наука, 1979.-224с
3. Перельман Я.И. Занимательная физика. Книга 2. – Москва: Наука, 1979. -272с
4. Методика построения солнечных установок. Экологическое движение «Биом». – Бишкек: ОсОО «Издательский Дом «Салам», 2006. – 23с
5. Элективный курс «Энергетика и окружающая среда» (физика, экология). 11 класс. Составитель М.И. Аркуша – Волгоград: ИТД «Корифей», 2006. – 112с
6. Мои первые научные опыты. Издательская группа «Контэнт», 2003.-130с
7. Энергетический практикум или опыты по энергоэффективности для больших и маленьких. Общественное обьединение «Экообраз», 2010

26
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тәжірибе жасау
«Ішкі энергия» тарауын қайталау
Денелердің элекрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
Қайнау. Меншікті булану жылуы
электр үтігі, шаңсорғыш) микротолқынды пеш, электр шаңсорғыш) (практика)
Тұрмыстық электр құралдарды жөндеу технологиясы
Пластикалық түтіктерді утюг құралы арқылы бір-біріне қосу және біріктіру жұмыстары
Ыстық және суық су түтіктерін жөндеу
Балалармен бірге танымдық тәжірибе жұмыстары
№2 Зертханалық жұмыс. «Мұздың меншікті балқу жылуын анықтау.»
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 5409 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз