Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады


Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады
Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ ауылы
№ 10 орта мектебінде Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Манапова Улан Наурызбекқызы

Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады
Жалпы, әдептің басы амандасудан басталады дейді қазекем. Біліп айтады да, білмесе несін айтады. Айтпақшы, амансыз ба оқырман?!
Сізге өтірік, маған шын, бірақ әдеп бойынша бірінші болып амандасудың төмендегідей реті қалыптасқан екен-мыс.
Ер адам әйел адамға, ал жігіттер қыздарға бірінші болып амандасады;
Жасы кіші жасы үлкенге бірінші болып амандасады;
Өтіп бара жатқан кісі тұрған кісіге;
Сырттан кірген кісі іштегі кісілерге;
Екі жаяудың жай жүріп келе жатқанын қуып жеткені бірінші болып амандасады;
Көлікте отырған адам көшеде жаяу кетіп бара жатқан кісімен (немесе аттылы адам жаяу жүргіншіге бірінші болып амандасады);
Егер жасы мен дәрежесі бірдей адамдар кездесіп қалса, қайсысы әдептірек болса, сол бірінші болып амандасады.
Тізе берсек ұшы-қиыры жоқ қағидалар болып көрінгенімен, ой жігірткен естіге бір гәптің бары сезіледі.
Кім әдептірек болса демекші, ертеректе бір оқымысты ғұлама шәкірттерімен көше бойлап келе жатса, алдынан оқымаған бір бейбақ жолығып, әлгі данышпанға басын иіп сәлем береді. Осыған жауап ретінде данышпанымыз басы жерге тигенше иіліп бейбақтың сәлемін алған екен. Бұған аң-таң болған шәкірттерінің: -«Қайдағы бір оқымаған қайыршыға ғұлама басыңызбен сонша иіліп сәлем бергеніңіз қалай?», деген сұрағына данышпан: - «Оқымаған адам маған иіліп сәлем бергенде, басым жерге тигенше иіліп сәлемін алмасам менің оқығандығым қайсы?» - деп жауап берген екен. Ұлық болсаң кішік бол деп осыны айт!
Әңгіменің төркіні сол тәрбиеден бастау алып отырған соң айта кетейік, басқаның жолына шырақ ұстаған соқыр іспетті, ұлағатты ұстаздың алдын көрмеген ұстаз да түзу тәрбие бере алмасы анық. Әлқисса, адам баласының тәрбиелі болмағы ең алдымен отбасына, екінші өскен ортасына, содан кейін ғана шыққан тегіне (геніне) байланысты дейді ғалымдар. Сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды дегендей, отбасындағы кикілжің, берекесі қашқан тұрмыс барлығы жинала келе, біртіндеп бала бойында да көрініс табады, одан соң әрине қоғамда.. Ал, қариясы сыйлы уйден, өнегелі ортадан таза бұлақтай сусындаған шәкірттің рухын лайлауға ең бұзақы, көргенсіз ортаның өзі қауқарсыз.
Осы орайда, бала тәрбиесінде мән беруге тұрарлық мәселенің бірі отбасында бір-бірімен өз ана тілінде сөйлесу. Себебі, әр ұлттың ана тілінде мың жылдар бойы сақталған ұлттың мәдениетін, дүниетанымын, ділін, өнері мен ғылымын дамытатын қуат көздері, яғни кодтар болады екен. Сол кодтар арқылы бала бойына қазақылық, қарапайымдылық, дарқандық дарымақ.
Баланы еңбек пен кітап оқуға баулу да бүгінгі таңда ескерерлік дүние. Әлемдік көрсеткіш бойынша жапондықтар айына орта есеппен 12 кітап, еуропалықтар бір кітап, ал азиялықтар жылына бір кітап оқиды екен. Кітап оқу адамның тұрмыс деңгейінің төмен я жоғары болуына тікелей әсер етеді . Ал сананы тұрмыс билейтіні хақ. Сондықтан, ел үмітін ақтар саналы, еңбекқор, ұлтшыл азаматтарды тәрбиелеу үшін жоғарыдағы мәселелерді ескерсек құба-құп болар еді.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Қазіргі заман мұғалімі" тақырыбындағы эссе
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні
Мен әдепті баламын.
Сөз анасы – сәлем
Мен әдіпті баламын
Адамгершілік -асыл қасиет
Сәлем – сөздің анасы
Кітап – білім бұлағы
Көркем әдебиеттің қоғамдағы рөлі мен маңызы
Көркем әдебиеттің қоғамдағы рөлі мен маңызы
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 1696 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз